Ойын: Жарнамалық доп
Тәрбиеші: - Фанта барда өмір жай
Ішсең шөлің қанадай.
1-бала: Көп фанта ішсең егер,
Іш құрлысың зиян шегер.
Тәрбиеші: Бұл әлемде тәтті
Жақсы көрем шоколадты.
2-бала: Шоколад ол тәтті
Дәруменге бай,
Жемістер ғой дәмді.
Тәрбиеші: Мен алдым балмұздақ
Жеп оны рахаттансақ.
3-бала: Балмұздақтты көп жесең
Боласың ангин сен.
Тәрбиеші: Сникерсті жақсы,
Көп-көп жей берем.
4-бала: Сникерсті қоймай жесең
Ауырады ойбай тісің.
Тәрбиеші: Чипс деген немене
Жей берем сүйсіне.
5-бала Чипсті көп жеме,
Іш құрылысты бүлдірме.
Тәрбиеші: Пепси кола мақтанышым,
Әрдайым алып ішем.
6-бала: Пепси кола әлі бар
Алдамшы дәмі бар.
Әрдайым сүт іш,
Дәрумені бар.
Тәрбиеші: Сатып алдым тәтті торт
Кел сенде дәмін тат .
7-бала: Торт жерсің шамалап,
Көкөністер жемістер
Ағзаға ол пайдалы-ақ,
Аурудан қорғайды
Денсаулықты қолдайды.
Тәрбиеші:
- Балалар өте жақсы, сендер тағамдардың пайдалы пайдасыз жақтары туралы білесіңдер екен. Енді балалар мына суреттерден пайдалы тағамдарды қызыл түспен, қоршап сызамыз. Балалар тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті:
Сау болсын десең,
Он екі мүшең.
Ерте тұр!
Құлақ түр!
Тыңда сыр,
Жапырақтар сыбдырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт!
Бойыңа құт!
Жүгір, желмен жарысып,
Нұрға сылан,
Болып қыран
Өс ұлан!
Тәрбиеші:
- Балалар енді дене мүшелеріне байланысты «Ғажайып түс» ертегісін сахналайық. Балалар ертегіні сахналайды.
Тәрбиеші:
- Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға керегі қай мүшесі?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Көзге арналған жаттығу.
(Слайдтан күннің көзге арналған жаттығуын қарап, тәрбиешімен қайталау.)
Тәрбиеші:
- Балалар денсаулықты нығайту үшін бізге тағы не қажет?
Балалар:
- Күшіміз көп, шымыр болуымыз керек.
Тәрбиеші:
- Балалар денсаулыққа пайдалы дене шынықтыру, дәруменді тағам, тазалық жөнінде әңгімеледік. Енді балалар шапшаңдығымызды күшімізді байкап, ойындар ойнайық.
Қ/ойын: «Бос орын»
Т.а ж «Үлкен бол»
Қорытынды:
- Бүгін қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Денсаулықты қалай күтуіміз қажет?
- Денсаулығымыз мықты болу үшін қандай тағамдар пайдаланамыз?
- «Жарнамалық доп» ойынында қандай тағамдар туралы айттық?
- Дене мүшелерін кім атайды?
- Олар қандай қызмет атқарады?
- Дене мүшелерімізді қалай күтуіміз керек?
Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әректіне жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау.
Денсаулықты күтейік,
Жақсылықты тілейік.
Көріскенше күн жақсы,
Аман есен жүрейік!
Достарыңызбен бөлісу: |