Қоғамды ақпараттандыру жағдайында студенттердің біліктілігін ақпаратты-қатынастық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – студенттерді ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Студенттердің ақпаратты мәдениетін қалыптастыруда студенттердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім студенттердің ақпаратты-қатынастық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын педагогикалық пәндерді оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін студенттердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін студенттер үшін түрлі арнайы курс өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі студенттер категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламасы жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған арнайы курс бағдарламасы жасақталды. «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар».
Арнайы курс бағдарламасы.
«Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар».
ТҮСІНІК ХАТ
Курстың мақсаты: Бұл курстың мақсаты студенттерді қазіргі заманға сай ақпаратты қатынастық технологиялармен, тұлғааралық қарым-қатынастардың негіздерімен таныстыру, ақпаратты-қатынастық технология құралдарын білім саласында заманауи жағдайда қолданысын қарастыру. Электронды құрылғыларды сабақты жүргізу әдісі ретінде қолданылуымен таныстыру. Студенттерде психологиялық-педагогикалық творчествалық ойлау, коммуникативті хабардарлықтың дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіруге басымдылығын қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
Оқыту барысында студенттер негізгі білімдерді меңгеріп, келесі маңызды іскерліктер мен дағдыларды иеленуі қажет:
басқа ғылымдар жүйесінде ақпаратты қатынастық технологияның рөлі мен мәнін көрсету, оның объектісін, пәнін, негізгі түсініктері мен әдіснамалық позициясын анықтау;
өте қажетті және терең зерттелмеген білім саласының тарихи даму жолын талдау;
студенттерді заманауи оқу мекемелерінің автоматизациялық басқару жүйесінің ерекшелігін кәсіби тәжірибесінде пайдалануға ынталандыру;
мультимедия және байланыс технологияларын белсенді оқыту әдісін жүзеге асыру қолданысының аспектілерін білуі керек;
логикалық және ақпаратты ойлау қабiлеттерiн дамыту
Пререквизиттер: информатика, жалпы педагогика; дидактика, педагогиканы оқыту әдістемесі.
Постреквизиттер: тәрбие теориясы, этнопедагогика, педагогика тарихы, педагогикалық менеджмент және мектеп басқару.
Аталмыш пәнді оқу барысында тындаушының төмендегілерді білуі тиістігі анықталды:
педагогикалық салыстыру және талдау амалдары мен дағдыларын;
педагогикалық жобалау мен ретроспективті талдау әдістерін;
кәсіби іс-әрекет үрдісінде білімді жаңарту жүйелерін.
Аталмыш пәнді оқу барысында тыңдаушының төмендегілерді игеруі көзделді:
жоғары мектепте ақапараттық-қатынастық технологияны әлемдік педагогика тарихынан алатын орнын айқындауды;
Ақпаратты қатынастық технологияың дамып, қалыптасуы мен тұжырымдамалық мәселелерін түсіндіру және жобалауды.
оқу-тәрбие жұмыстарында отандық және шетелдік ғалымдардың ақапараттық-қатынастық технологияны туралы ойлары мен жетістіктерін жүзеге асыруды;
жоғары мектепте ақапараттық-қатынастық технологияны қазіргі тұтас педагогикалық үрдіске ұтымды кіріктіруді.
Курсты барысында тыңдаушы бойында келесі дағдылардың қалыптасуы көзделді:
білім беру ұйымдарындағы ақапараттық-қатынастық технологияны педагогикалық технологияларын салыстырып талдау, өзіндік ерекшелігі мен үндестігін анықтау;
ақапараттық-қатынастық технологияны кәсіби әрекетінде өз деңгейіне сәйкес кіріктіріп пайдалана білу;
аталған мәселелер бойынша материалды қисынды (ауызша және жазбаша) ұсына білу және өзіндік тұжырым, болжам жасай білу.
Курс 1 кредитке есептелген. Оның 10 сағаты дәріске, 5 сағаты семинар сабақтарға, ал 8 сағаты СОӨЖ-ге берілді.
Сабақтардың барлығы дерлік кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың белсенді әдістерімен (интерактивті) өткізілуі көзделді.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 дәріс. «Білім беру саласындағы ақпаратты қатынастық технологияны қолданудың қазіргі тандағы жағдайы» (2сағ.)
Ақпаратты қатынастық технологияларының білім саласында қолданылу мақсаттары мен міндеттері
Оқу үдерісінде ақпаратты қатынастық технологияларын қолдану тәжірбиесі.
Ақпаратты қатынастық білімдердің пәнаралық саласы
2 дәріс. Электронды құрылғыларды пайдалана отырып сабақты жүргізу әдісі (2сағ.)
Педагогикалық пәндердің міндеттерін мен мақсаттарын айқындау
Электронды құрылғылардың талаптарын, мазмұнын, әдістік талаптарын қарастыру
Нақты пән бойынша оқушының электронды құрылғылармен жұмыс жасау қарқыны
4. Сабақтың әдістемелік жоспарының үлгісі
3 дәріс. Мектепті басқарудың автоматизациялық жүйесі (2сағ.)
1. Оқу мекемелеріндегі қызмет істейтін қызметкерлердің жергілікті және жаһанды тордағы ақпаратты өзара әрекеттесу
2. Білім саласындағы қызметкерлердің ақпараттандырылған жұмыс орындары
4 дәріс. Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіретін ақпаратты қатынастық технологиялар (2сағ.)
Мультимедия технологиясын қолдана отырып оқушылардың танымдық іс әрекетінінің белсенділігін арттыру.
Оқу жобалары оқушылардың танымдық іс әрекетінінің белсенділігін арттыру құралы ретінде.
Оқушылардың ғылыми жобаларының түрлері
Оқу жобаларын жүргізудегі мазмұны және кезендерін зерттеу
5 дәріс. Ақпаратты қатынастық технологиялар құралдарын қолданудағы тұлғаға бағытталған оқытудың мүмкіндігін жүзеге асыру (2сағ.)
1. Білім алушының танымның белсенді субъектісі ретінде анықтау принципі
2. Білім алушыны өздігінен білім алуға, өзін өзі дамытуға бағыттау принципі
3. Білім алушының әлеуметтену принципі
4. Тұлғаның коммуникативтік қабілетін дамыту принципі.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1 – практикалық сабақ;
Білім берудегі ақпаратты технологиялар
Ақпаратты мәдениет
Ақпараттандыру жағдайында білім беру ұйымдары
Басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы
2 – практикалық сабақ;
Педагогикалық қосымшаларды дайындауда ақпаратты бағдарламалық құралдардың мүмкіншілігін көрсету
Сабақта қолданылатын бағдарламалық құралдардың әдістемелік және функционалдық міндеті
Педагогика пәнінен өзара байланыстырылған слайдтарды дайындау.
3 – практикалық сабақ;
1.Тесттілік және басқарушылық бағдарламалармен танысу.
2. Оқытуға бағытталған бағдарламалық құралдардың сапасын бағалау.
3.Педагогикалық ситуацияларды дайындап оларды электронды иллюстрациялар (суреттер, сызба -нұсқалар мен слайдтар) арқылы көрсету.
4.Педагогика тарихынын кезендерін иллюстрация мен анимация арқылы көрсету.
4 – практикалық сабақ;
1. Ақпаратты мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойында
қалыптастыру
2. Ақпаратты құзыреттілік.
3.Қатынастық технологияны оқу-тәрбие мақсатта пайдалану
4.Интернет желісінде семинар және дөңгелек столды өткізу
5 – практикалық сабақ;
1.Педагогика пәнінен панорамалық сабақтың жоспарын интерактивті тақта арқылы көрсету.
2.Интернет желісінде педагогикалық ақпаратты іздеу.
3.Педагогика пәнінен ақпаратты қатынастық технология арқылы портфолио дайындау
Әдебиеттер тізімі:
Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб.
М.В Лебедева, О.Н.Шилова. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; №3; 96-100 бб.
В.А.Каймин. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.
А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер. Повышение квалификаций работников образования в области информационно-коммуникационных технологии. Информатика и образование; 2004; №12; 1-4 бб.
Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
Жубаева, Ж. О., Жаһандану жағдайында болашақ мамандардың ақпаратты технологияларды қолдану мәселелері / Ж.О Жубаева // Бастауыш мектеп . - 2011. - № 5-6. - . 13-16.
Мұратбекова, А. Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру / А. Мұратбекова // Білім - Образование . - 2008.-№3. - . 19-21
Нұрғалиева, А. Ақпаратты-қатынастық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелсінің зерттелу жағдайы / А. Нұрғалиева, Ғ. Б. Саржанова // Қазақстан педагогикалық хабаршысы - Педагогический вестник Казахстана. - 2011. - №1. - . 99 - 101.
Сыздықбаева, А. Пәндерді оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану / А. Сыздықбаева // Мектеп директорының орынбасары. - 2006.-№6. - . 4
Саметеева, Ж. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда компьютердің мүмкіншілігін пайдалану / Ж. Саметеева // Педагогикалық кеңес. - 2007.-№5. - . 5-8
Қараева, Қ. Педагогикалық жаңа технологиялар тиімділігі / Қ. Қараева // Қазақстан мектебі. - 2010. -№ 12. - . 9 - 13.
3 кесте- Дәрістік, практикалық және зертханалық сабақтарының
күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ аптасы
|
№ Тақырып
|
Аралық бақылау және тақырып атауы
|
Аралық бақылау бойынша сағат саны
|
Ескерту
|
Лек
|
Прк.
|
Лаб
|
БАОӨЖп
|
БАӨЖ
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
1
|
№1. Аралық бақылау:
«Білім беру саласындағы ақпаратты қатынастық технологияны қолданудың қазіргі тандағы жағдайы»
|
2
|
|
|
1
|
|
|
|
2
|
Электронды құрылғыларды пайдалана отырып сабақты жүргізу
|
2
|
|
|
1
|
|
|
|
3
|
Мектепті басқарудың автоматизациялық жүйесі
|
2
|
|
|
1
|
|
|
|
4
|
Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіретін ақпаратты қатынастық технологиялар
|
2
|
|
|
1
|
|
|
|
5
|
Ақпаратты қатынастық технологиялар құралдарын қолданудағы тұлғаға бағытталған оқытудың мүмкіндігін жүзеге асыру
|
2
|
|
|
1
|
|
|
|
6
|
Білім берудегі ақпаратты технологиялар,Ақпаратты мәдениет
|
|
1
|
|
1
|
|
|
|
7
|
№2 Аралық бақылау:
Педагогикалық қосымшаларды дайындауда ақпаратты бағдарламалық құралдардың мүмкіншілігін көрсету
|
|
1
|
|
1
|
|
|
|
8
|
Педагогикалық ситуацияларды дайындап оларды электронды иллюстрациялар (суреттер, сызба -нұсқалар мен слайдтар) арқылы көрсету
|
|
1
|
|
1
|
|
|
|
9
|
Қатынастық технологияны оқу-тәрбие мақсатта пайдалану
|
|
1
|
|
|
|
|
|
10
|
Педагогика пәнінен ақпаратты қатынастық технология арқылы портфолио дайындау
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
10
|
5
|
|
8
|
|
|
Тәжірибелік жұмысымыздың барысының олардың өткізілген курсты игеруіне қалай әсер еткенін айқындауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 23 тындаушы қатысты.
Сауалнама:
Сенің пікіріңше, ақапараттық-қатынастық технологияны білу қаншалықты маңызды?
Оқыту үрдісінде ақпаратты құралдарды игеру қаншалықты қажетті?
«Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты курсты меңгеруден қандай әсер алдыңыз?
Аталған курс бойынша алған біліміңді өмірде қалай қолданамын деп ойлайсыз?
Жоғары мектепте ақапараттық-қатынастық технологияны оқып игеруге кеткен уақытыңды кәсіби мамандығыңды игеруге жұмсаған ұтымды деп ойламайсыз ба?
Аталған курсты жүргізу барысында қандай формалар мен әдістер ұтымды болды деп ойлайсыз? Деген сұрақтарға жауап алып, нәтижесін қорытындыладық. Енді сол нәтижесіне зер салайық:
Сенің пікіріңше, ақапараттық-қатынастық технологияны білу қаншалықты маңызды?
68% - аса маңызды
23 % - ол қажеттілік
9% - білуге міндеттіміз
Оқыту үрдісінде ақпаратты құралдарды игеру қаншалықты қажетті?
57% - ақпараттық технологияға қатысты мағлұмат алудың пайдасы болмаса зияны жоқ
29% - қазіргі таңда жан-жақты болған жөн
14% - ақпараттық технологияларды білу заман талабына сай
Студенттердің өзіндік жұмыстарын «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс негізінде ұйымдастырудың бағдарламалық оқыту технологиясынан ерекшелігі оның ыңғайлылығы: теориялық оқу мен практикалық регламенттік байланыстардың жоқтығы; жеке білім алу траекториясын құру; өзіндік моделін жасау; құралдарды таңдап алу және топпен немесе жекелеген түрдегі танымдық әрекет сияқты басқа да мүмкіндіктер бар. Бұл шақ кәсіби маманның дербес әрекетіндегі маңызды кезең болып саналады, себебі ол студенттің тұлға ретіндегі белсенділік, құзіреттілік, әлеуметтік есеюіне себеп болады. Осы мәліметтер негізінде біз студенттердің өзіндік жұмысын жаңа ақпаратты технологияларды қолдана отырып, ұйымдастыру жұмысының жүйесін құрастырдық.
Бұл жүйе жоғары оқу орындарындағы педагогикалық процесте студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында көрсетілген компоненттерді (мақсаты, міндеттері, әдіснаманың негіздері, педагогикалық ұстанымдары, мазмұны, педагогикалық шарттары, түрлері мен тәсілдері, жолдары) тұтастық бірлігінде қолдануды қажет етеді. Оның нәтижесінде инженерлік тұрғыдағы арнайы компьютерлік бағдарламаларды және кешенді есеп шығару тәсілдерін, әртүрлі пәндер жобасын, интерактивті білім мен оларды қолдана білу қабілеттерінің жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылды. Біздің тәжірибемізде бұл қойылған мақсат студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа тұрғыдан ұйымдастыруда, әсіресе практикалық және семинар сабақтары жаңа ақпаратты технология жағдайында студент пен оқытушы-тьютордың әріптестік қатынасын жасауға себеп болды, оның бір мысалы оқытушы студенттердің есеп беру шараларын электрондық пошта арқылы электрондық конспект түрінде де қабылдап отырылды. Осы әрекет арқылы тұлғаның дербестігін, құзіреттілігін, белсенділігін, икемдігін және дағдысын шыңдауға болатыны байқалды.
Диагностика жүргізу барысында бастапқы кезеңде екі топтың да студенттеріне тапсырма жеке-жеке берілді. Содан кейінгі кезеңдерде жаңа ақпаратты-қатынастық технология студенттерге тигізетін тиімді әсерін, пән бойынша бүкіл оқу материалын толық меңгеру нәтижесіне қарай анықтадық. Берілген тапсырмалардың күрделілігі мен бастапқы кездегі екі топтың да білімдері салыстырмалы түрде бірдей деңгейде болды. Сонымен бірге, эксперимент барысында өзіндік жұмыстарға тест сұрақтары арқылы жүйелі бақылау жүргізіліп отырды. Әр тапсырма орындалып біткен бойда оқу материалының теориялық және практикалық ұғыну коэффициентін анықтау үшін тест алынды және оның салыстырмалы кестесі жасалды. Нәтижесінде, педагогика пәнінен СӨЖ Electronics Workbench жүйесін қолдану арқылы ұйымдастыру студенттердің оқу материалын меңгеру сапасын жоғарылатқанын байқатты. Тестің күрделігіне байланысты берілген жауаптардың дұрыстығына қарай төмен немесе жоғары балл қойылды.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі бойынша, ағымдағы үлгерімнің нәтижесі – 40%, ал қалған 60% сынақтан жинауы керек, яғни пәннен жиналатын қорытынды баға пайызбен есептегенде мына формула бойынша анықталды:
Достарыңызбен бөлісу: |