Суханберлиева жансая амангельдиевна



бет1/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#26779
түріДиссертация
  1   2   3   4
ӘОЖ 372.8:37.01:004.9 Қолжазба құқығында

СУХАНБЕРЛИЕВА ЖАНСАЯ АМАНГЕЛЬДИЕВНА

Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық

технологияны пайдалану

6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

«Педагогика» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор Ж.І.Асанов


Ресми оппонент: Халықаралық қазақ-түрік университеті

Шымкент институты

«Педагогика» кафедрасының

п.ғ.д, профессор

Г.Ғ. Еркебаева

Қорғау өткізілді:
Диссертация 20___________жылы «__________» сағат_______________

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалды

(120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, ауд__________)

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

Университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: «Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады» - деп көрсеткен.

Қайта құру кезеңіндегі өзгерістер,тәуелсіздік алынғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырады. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анықтай байқалды.

Қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев оқушылардың танымдық қызметін оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалана отырып белсендіру мәселесін зерттеді, ал Д.М.Жүсібалиева қашықтықтан оқыту кезінде студенттердің мәдениетін қалыптастыру мәселесін, М.С.Мәлібекова оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы дербес компьютерді қолданудың теориялык негізін қарастырды.

С.С.Үсенов «Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуға арналған электрондық ресурстарды қолдану және оның сапасын бақылаудың теориялық-әдістемелік негіздері», Б.А.Досжанов «Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері» қарастырылды.

К.М.Беркімбаев болашақ экология мамандарын кәсіби даярлаудағы информатикалық пәндерді оқыту үдерісінің педагогикалык жүйесі, А.Т.Аймұқатов политехникалык колледжде информатиканы оқыту әдістемесі, Л.П.Әбішова компьютер көмегімен оқыту іс-әрекетін дараландыруды, Г.К.Ізтілеуова қашықтықтан оқыту әдістемесі, К.З.Халықова оқушыны компьютер көмегімен дербес оқытудың педагогикалық мүмкіндіктерін, С.А.Омарова информатиканы оқытудағы жаттығулар мен есептер қолдануды, А.Л.Муховиков интернеттің қазақстандық сегментін пайдалана отырып ақпарат мазмұнымен жұмыс істеу әдістемесі қарастырған.

Г.Е.Санай мектепте инновациялық білім беру технологияларын жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындығын қалыптастыруды теориялық негіздесе, М.М.Көккөз рейтингтік оқыту арқылы қашықтықтан оқыту барысында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды, Е.Ы.Бидайбеков білім беруді ақпараттандыруды, М.В.Семенова ЖОО-да болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын, В.А.Криворучко информатика мұғалімдерін қайта дайындаудың инновациялық технологияларын, А.З.Тұрсынбаев оқушылардың жемісті еңбек етуі үшін болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияларды қолдануға дайындығын қалыптастыру ерекшеліктерін, С.М.Кеңесбаев жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздерін, М.Б.Есбосынов орта мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын, Н.Е.Исабек студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауды, А.К.Илеуова оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану жағдайында жалпы орта білім беру жүйесін басқарудағы педагогикалық| мониторингті қарастырды.

Тәуелсіз мемлекеттің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты міндеті. Қазақстанға әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін білім жүйесінің жаңа үлгісін жасау қажет. Білім беру философиясындағы түбегейлі өзгерістер адамның әлемдегі орны, болмысының мәні мен білімнің әлеуметтік роліне байланысты білім беру орны мен ұстаз өміріне көптеген жаңалықтар әкелуде. Бүгінгі білімді әлемдік стандарттар деңгейінде көру үшін педагогтардың сапалық құрамын барынша жақсарту көзделуде. Сондықтан да болашақ мұғалім мәртебесі мен оның білім берудегі қызметі түбегейлі өзгеруде. Ал білім беру функциялары өзгерген жағдайда мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптар да өзгерді.

Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі - білім ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, мәдениетті және ақпараттық құзырлылығы дамыған тұлға болуы қажет.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес мұғалім тұлғасын дамытудың орны ерекше. Сондықтан, оны қалыптастырып, дамыту үшін жоғары оқу орны білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын іздестіру бүгінгі күні «өзекті мәселе ретінде қарастырылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу, дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы мұғалім тұлғасын дамыту және білім сапасын көтеру міндеттері қойылып отыр.

Қазіргі еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үдерісіне ақпаратты-қатынастық технологиялардың жетістістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпаратты инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.

Еуропалық білім беру кеңістігін жасау жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасын өзектейді. Осы қажеттілікті сипаттайтын Болон декларациясының негізгі қағидаларының бірі - бірегей және үйлесімді дәрежелерді дамыту. Болонья процесінің аумағында 2004 жылы құрылған TUNING («Еуропада білім құрылымдарын сәйкестендіруге бағыттау») жобасында айтылғандай, егер дәрежелердің орындауға қабілетті нәрселерді салыстыру мүмкін болса және сонымен бірге, сол иегерлердің академиялық және кәсіби бейіндерін де салыстыруға болатын жағдайда дәрежелерді салыстырмалы және үйлесімді түрлерге ажыратуға болады .

Еуропаның жоғары оқу орындары 1988 жылы Болоньеде қабылданған «Magna Сһагtа Universittatum» университеттік партиясында айтылған фундаментальды қағидаттарды басшылыққа ала отырып үндеу қабылдап, Еуропалық жоғары білім аймағын құруда басты рөл атқара бастады. Бұның, өз кезегінде маңызы зор, өйткені университеттердің тәуелсіздігі мен автономиясы жоғары білім қажеттіліктері мен ғылыми білімді дамыту керек екендігіне ұдайы бейімделіп тұратынына сенімділік береді. Болон процесі шеңберіндегі құрылымдық реформаларды ескере отырып, Қазақстан жоғары білімді интернационалдандыру жолында елеулі қадамдар жасады.

Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына жедел кіруге бағдарланған Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең мемлекет пен оның білім жүйесінің алдына әлемде болып жатқан өзгерістерге кірігіп, бұл өзгерістерде жауапты, жаңашылдық және шығармашылық рөл атқару міндетін қойып отыр.

Президентіміз айтқандай, білім реформасы «біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы тиісті білім мен біліктілік алған соң әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман бола алатын» деңгейге жетуге тиіс.

Сондықтан Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің стратегиясындағы 30 маңызды бағыттың бірі «білім жүйесінің, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесінің әлемдік стандарттарға жақындауы» болып табылады.

Жоғары оқу орны студенттеріне қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласына жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Яғни, оқу үдерісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен ендіру болып отыр. Ақпараттық технология оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді.

Ақпаратты-қатынастық технологияны экономиканың, білім мен ғылымның, жалпы адамзаттың барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр.



Қазіргі таңдағы ақпаратты-қатынастық технологияның құралдарын ЖОО студенттері әлі де пайдалануына дайын еместігі және педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологияда қолданылатын әдістер арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Аталған қайшылық ақпаратты қатынастық технология педагогикалық пәндерді оқытуда қалай, қандай жағдайда қолдануға болады деген мәселе төңірегінде ғылыми проблема түрінде көрініс береді. Осы қайшылықтарды шешудегі жолдарын көрсету зерттеу тақырыбының проблемасын анықтады. Бұл студенттердің кәсіби даярлығын білім мазмұнына сай жетілдіру үшін педагогикалық пәндер сабақтарында ақпараттық оқыту технология қолданудың педагогикалық шарттарын іздеу болды. Қарастырып отырған проблеманың өзектілігі, оның теория мен практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі және зерттеу проблемасын шешу мақсатында тақырыпты «Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалану» деп алуа негіз болды.

Зерттеу нысаны: Болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби даярлық үдерісі.

Зерттеу пәні: Болашақ мұғалімдерді даярлауда қолданылатын ақпаратты-қатынастық технология

Зерттеу мақсаты: Ақпаратты-қатынастық технология негізінде педагогикалық пәндерді оқыту арқылы кәсіби дайындауда теориялық-әдіснамалық және ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу, оның әдістемесін жетілдіріп, тәжірибелік-экспериментті өткізу және ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын беру.

Зерттеу міндеттері:

  • жоғары оқу орындарында студенттерге педагогикалық пәндерді оқытуда ақпараттық-қатынастық технологиясының ғылыми-әдістемелік жақтарын көрсету;

  • жоғары оқу орын студенттеріне ақпараттық-қатынастық технологиясы арқылы педагогикалық пәндерді оқытудың моделін құрастыру;

  • педагогикалық пәндерді оқытуда ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтау және практикалық негіздеу;

  • педагогикалық пәндерді оқыту үшін ақпараттық-қатынастық технологияны пайдаланудың тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеу болжамы: Егер, жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда оқу үдерісіне сәйкес ақпаратты-қатынастық технологиясын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі жасалса, онда бүгінгі қоғамға қажетті білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандарын даярлау қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын болады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Қазіргі заманғы даму процесіне сай қоғамның талабы мен сұраныстарын қанағаттандыруын болашақ мұғалімдерді даярлау үшін ақпаратты-қатынастық технологияны пайдаланудың дидактикалық шарттар жүйесі орындалуы керек. Ол оқыту технологиясына өзгеріс енгізуді, апап айтсақ педагогикалық пәндер мазмұнына толықтырулар енгізуді, белсенді технологиялар көмегімен қолдануды қажет етеді. Болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларға негізделген арнайы курстар жүргізуді қажет, оқытудың жаңашыл ақпаратты-қатынастық технологиясы жалпы білімдік, базалық педагогикалық пәндерді оқыту толығымен қамтуы тиіс. Ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдану арқылы болашақ мұғалімдері дайындаумен қатар, мұғалімдердің болашақ кәсіби қызметінде ақпаратты-қатынастық технологияларды еркін қолдана алатын дәрежеге жеткізуге болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Зерттеу мәселесіне қатысты қазақстандық және шетелдік педагогтардың ғылыми еңбектері. Таным теориясы, жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекет теориялары, интерактивтің оқыту технологиялар теориясы, студенттердің өзіндік жұмыстарына байланысты психологиялық-педагогикалық және ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың сатылық теориясы, ғылым мен практиканы интерпретациялау теориясы, жоғары оқу орындарының тұтас үдеріс теориясы.

Зерттеу көздері: Білім беру аумағындағы ресми құжаттар мен нормативтік материалдар, зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетел (философ, педагог, психолог) ғалымдарының, студенттердің өзіндік-жұмыстары мен ақпаратты-қатынастық саласындағы диссертациялық зерттеу еңбектері, жоғары оқу орындарының мемлекеттік білім беру стандарты,типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары, компьютерлік оқыту бағдарламалары, педагогикалық және әдістемелік пәндердің оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылардың қазіргі ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдалана отырып жинақтаған озық тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: Жұмыстың зерттелу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық ғылыми әдебиеттерге талдау, жаңа педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және зерттеу, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау, бақылау, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістерін математикалық статистика сияқты әдістер пайдаланылады.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезең: (2010-2011 жж) – зерттеудің теориялық негізін анықтау, ақпаратты–қатынастық технологияға байланысты психологиялық – педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, теориялық тұрғыда талдау, зерттеудің ғылыми аппаратын анықтау жүзеге асырылады.

Екінші кезең: (2011-2012 ж) – оқу жоспарлары, бағдарламалары, педагогикалық, оқу әдістемелік құралдар талданды, зерттелініп отырған проблема сұрақтары нақтылады, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс мазмұны негізделді. «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты арнайы курсы құрастырылды.Ұсынылып отырған ақпаратты-қатынастық технологиялар негізінде болашақ мұғалім даярлаудың дидактикалық шарттарының тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибе-эксперименттік жұмыс жүргізіліп, нәтижелері қорытындалды.

Зерттеу базасы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті алынды. Экспериментке «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын 80 студент қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі.

Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық оқыту технологияларының ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды, студенттерге педагогикалық пәндерді оқытудағы ақпаратты-қатынастық технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттары нақтыланып, тексеруден өткізілді.

Жоғары оқу орны студенттеріне ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалану

барысындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының құрылымдық мазмұндық моделі

құрастырылды.

«Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технология» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, оқу процесіне енгізіліп, эксперимент өтті.



Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеу жұмысы нәтижесінде жоғары оқу орыны студенттеріне педагогикалық пәндерді меңгертуге ақпаратты-қатынастық оқыту технологиясын қолдануға байланысты жинақталған ғылыми-әдістемелік материалдарды педагогикалық үдерісте пайдалануға болады. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді ақпаратты-қатынастық технологиялар негізінде даярлау мақсатында:

  • «Педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдану» атты оқытушыларға арналған семинар;

  • «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты арнайы курс;

  • Ақпаратты-қатынастық технологиялар жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары анықталады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологиясының ғылыми педагогикалық негіздері. Білікті маман жеке тұлғасының қалыптасуы тұжырымдамасы.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін. Оларды студенттерге үйрету мақсатында арнайы курс ұйымдастырылып,онда оқулықтармен қамтамасыз етіліп, сол арқылы аудиторияға, аудиториядан тыс кезеңде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдалануға мүмкіндік жасауы қажет.

Педагогикалық пәндерді оқытуда ақпаратты-қатынастық технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістері.

Пәндердің ақпаратты-дидактикалық кешендегі, компьютерлік оқыту бағдарлама курстан толық белгілі бір тақырыбын қамтып, студент жұмысын даралауға ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зертеудің логикасымен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылғанымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, олардың тиімділігін эксперимент жүзінде бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытындылануымен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру.

Зерттеу нәтижелері бойынша 3 ғылыми мақала жарияланды. 1.Ж.Суханберлиева.Магистранттарды дарлауда біздің жаңа бағытымыз.// «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (2011 жыл 27 мамыр),- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011

2.Ж.Суханберлиева. Қызылорда мемлекеттік университетінің 75-жылдығына арналған конференция жинағына басылымға берілді.-2 мақала

Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми аппараты: зерттеу проблемасы, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар айқындалып, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен практикаға ендіру туралы мәліметтер берілді.

«Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың ғылыми–теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде ақпаратты - қатынастық технология ұғымы айқындалды, болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары жасалып, теориялық тұрғыда негізделді.

«Оқыту үдерісіндегі ақпаратты-қатынастық технологияны пайдаланудың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде педагогика психология мамандығы студенттерінің ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалануын сауалнама жүргізу, тестілеу арқылы анықталып, оны жақсарту жолдары ұсынылды: болашақ мұғалімдерді даярлаудағы ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдану мазмұны арнайы курстар арқылы ашылды. Эксперименталды және бақылау топтарының нәтижелері, тәжірибелік- эксперименттік жұмыс қорытындылары талданды.

Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері келтіріліп, болашақ мұғалімдерді даярлауда ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттарының тиімділігі көрсетілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында қарастырылған философиялық педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер қамтылды.

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысына жалпылай сипаттама беріледі, тақырыптың көкейкестілігі дәлелденіп, зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негізі анықталды; оның ғылыми болжамы мен жаңалығы, теориялық және тәжірибелік мәнділігі ғылыми тұрғыда негізделеді; қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, нәтижелердің дәлдігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

«Педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде ақпаратты-қатынастық технологияларды пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде қазіргі жоғары оқу орындарындағы білім берудің Қазақстандағы және әлемдік тәжірибедегі даму беталыстарына тарихи-педагогикалық талдау жасалып, студенттердің өзіндік жұмыстарындағы құзіреттілік-іс-әрекеттік теориялары жан-жақты қарастырылып, теориялық-әдіснамалық түрде дәлелденді; зерттеудің проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында қазіргі ғылыми білімдегі «студенттердің өзіндік жұмысын қазіргі жаңа ақпаратты-қатынастық технология негізінде ұйымдастыру» ұғымдарына берілетін анықтамаға талдау жасалынып, оның педагогикалық мәні мен маңызы нақтыланды.



«Жаңа ақпаратты-қатынастық технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы тәжірибелік-эксперимент» атты екінші бөлімде екі жыл қатарынан (2010–2012 жж.) студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа тұрғыдан қойылған зерттеу мәселесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны мен шарттарын тәжірибеден өткізу мақсатында студенттермен және оқытушылармен педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалана отырып, дәріс, семинар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізу, студенттердің өзіндік жұмыстарында интерактивтік оқыту әдістері мен компьютерлік оқыту бағдарламаларын, автоматты оқыту жүйелерін, жаңа ақпаратты технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандардың дербестік және құзіреттілік-іс-әрекеттік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктері мен қолданылатын әдістемелер сарапқа салынды; жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері (педагогикалық пәндерді оқыту жүйесін негізге ала отырып) тәжірибелік-эксперимент кезеңдері, оның нәтижелерінің толық мазмұны көрініс тапты
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «...осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сондықтан да еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділік пен дербестік қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпаратты технологияларды қолдану, оның әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда. Осы орайда ЖОО оқу процесіндегі студенттердің өзіндік жұмысының орны, мәні мен мағынасын жаңа тұрғыдан ашу үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдауды талап етеді. Осы орайда, біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік оқу іс-әрекет теориялары алынды.

Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесі бұл мәселені тарихи тұрғыдан қарастырғанда XX ғасырдың 50-ші жылдарында Б.П. Есипов жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қатысты өзіндік жұмыстарға: «адамның өз көзқарасы мен өз пікірінің болуы, өз бетімен ойлай, дұрыс шешім қабылдай білуі, өз көзқарасын дәлелдей білуі» деген анықтама берген. Сонымен бірге педагог ғалымдар оқушының өз бетімен белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін (И.Я. Лернер, Р.Г. Лемберг және т.б.), білім беру жүйесін басқару әдістерін (Т.М. Шамова және т.б.) өз еңбектерінде қарастырғандарын анықтадық.

ХХ ғасырдың 30–70-ші жылдардарындағы бірқатар психолог ғалымдардың (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, К.А. Абульханова-Славская және т.б.) осы проблема бойынша әрекеттің психология негіздері, психика мен әрекет туралы (С.Л. Рубинштейн), студенттің мінез-құлқы, рухани зияткерлігі, қарым-қатынас этикасы, ойлау қабілеті, көзқарасы, ынтасы, танымдық деңгейі және де басқа тұлғалық қасиеттері (Б.Г. Ананьев және т.б.) зерттеулерінде талдау тапқан «жоғары оқу орны тұлғаның психикасына, оның тұлға болып қалыптасуы мен жетілуіне қатты әсер етеді» деген тұжырымдамаларын қолдаймыз. Өйткені, тұлғаның бейімделуі ортаға байланысты, демек тұлға сол ортаға бейім болуы үшін, өзінің құзіреттілік қабілеттерін жетілдіріп, өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Оқушының өзіндік жұмыс түсінігіне берілген әртүрлі көзқарастар және осы түсініктердің (Захарова Е.В.): мотив, шығармашылық бастауы, басшылық, белгілі бір әрекетті орындау құралы, оны ұйымдастыру түрлері тұлғаның өзіне байланысты болады, яғни, бір жағынан, өзіндік жұмыстың сыртқы сипаты (педагогикалық басқару, оқу тапсырмалар жүйесі, дидактикалық құрал және т.б.), екінші жағынан алғанда, өзіндік ізденіс барысындағы субъектінің ішкі (мотив, шығармашылық сипат, іс-әрекет тәсілі мен мазмұны, өзін-өзі басқару) сипаты көрінініс табатындығында. Сондықтан зерттеуімізде студенттердің өзіндік жұмыстары оқу процесін жаңа ақпаратты-қатынастық технология қолдану негізінде оқытушымен басқарылатын студенттің мақсатты бағытталған субъективтік әрекетінің жиынтығы ретінде дербестік әрекетте сипатталады. Дербестік – ол тұлғаның өзіндік жұмыстарды рефлексивтік қабілетін қалыптастыру негізінде орындау мүмкіндігін анықтайтын интегралды қасиеті.

Біз зерттеуімізде тұлғаның дербестік рефлексивтік жетілуіне бағытталған өзіндік жұмыстардың сыртқы мәнін қарастыру барысында тұлғалық-бағдарлы, құзіреттілік-іс-әрекеттік теорияларына, сонымен бірге басқа да теориялар мен жекеленген оқыту технологияларымен тығыз байланыстығына сүйендік. Ол біздің зертеу проблемамыздағы студенттің дербес оқу әрекетінің ішкі мәнінің толықтығын жаңа тұрғыдан көрсетеді. Бұл жерде біз әсіресе құзіреттілік-іс-әрекеттік тәсілге (А.В. Хуторской, В.В. Сериков, В.А. Болотов және т.б.) мән бергеніміз жөн.

XX ғасырдың 80-ші жылдарында тұлғалық бағдар мен педагогикалық технологияларды жетілдіру (И.С. Якиманская, Т.Б. Сериков және т.б.), білім беру технологиясындағы ғылым мен практиканың алатын орны (В.В. Гузеев және т.б.), іс-әрекеттік, қарым-қатынас ерекшеліктері (А.В. Хуторской, Б.С. Гершунский, В.В. Давыдов, П.М. Эрдниев, С.В. Кульневич және т.б.) мәселелеріне көптеген ғалымдардың зерттеулері арналған. Сол сияқты, компьютерлік технология мен коммуникация өмірді танудың күшті құралы болып табылатындығын жоғарыда аталған бірқатар ғалымдар дәлелдеген. Ендеше бүгінгі күні осы теорияларға сүйене отырып, студенттердің өзіндік жұмысын жаңа сипатта ұйымдастыруды және компьютерлік технология мен коммуникацияны біздің еліміздің оқу орындарының практикасына енгізуді (Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар және т.б.) талап етіп жатқанын байқадық. Өйткені олардың бүгінгі күнде ЖОО-да студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда өте маңызды рөл атқаратындығына көзіміз жетті. Тұлғалық-бағдарлық, құзіреттілік-іс-әрекеттік тәсілдер студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында өз бетімен білім алуға, өзіндік жетілуге жағдай жасауды ұсынады. Осыдан келіп, біз студенттердің өзіндік жұмыстарын танымдық әрекеттің ерекше түрі деп қарастырамыз. Осы орайда құзіреттіліктің дәстүрлі білім түрінен айырмасы неде десек, ол практикалық-бағдарлық, теориялық білімін өмірдегі тәжірибеге, қалай тез жүзеге асыратындығында, іс-әрекеттік сипатта болатындығында. Сондықтан олар теориялық және қолданбалы білім жүйесінен басқа, когнитивтік, рефлексивтік және операциялық-технологиялық компоненттерден тұрады. Біздің ойымызша, құзіреттілік–іс-әрекеттік білім жүйесінің жиынтығы, оның құрылымына эмоциялық және мотивациялық компоненттер кіреді. Сонымен бірге оқыту процесінде студенттің жеке психологиялық сипаттамаларын (мотивация, бейімделу, қабілеттілік, коммуникативтік, когнитивтік стиль және т.б.) арнайы ұйымдастыруды қажет етеді.

Осыған орай зерттеу мақсатымызға байланысты психологикалық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде студенттерге күнделікті өмірге қажетті қазіргі студент-тұлғаға тән төмендегідей педагогикалық қасиеттердің жиынтығы керек екенін айқындадық: білім, икемдік, дағды, ой-әрекет тәсілі, тұлғаның өзін-өзі басқару механизмі, эмоциялық-әдептілік ортасы. Қазіргі ақпаратты қоғам және педагогикалық жүйе жағдайында дербестік проблемасы жаңа деңгейден көрінеді. Біздің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығының 3,4 курс студенттеріне жүргізілген анықтау эксперименті, студенттердің өзіндік жұмыстары олардың 14%-нің ұғыну түсініктерін есте сақтауларына, 64% − материалды немқұрайды ұғынуға, 12% − СӨЖ-ге деген талпыныстарының жоқтығын анықтадық.

Сонымен осы қасиеттерге байланысты студенттердің өздігінен жұмыс істеу мүмкіндіктерін анықтап, оларды дамытуға ықпал ету, құзіретілікке, эвристикалық мәселелерді шешуге үйрету, қоғамдық белсенді, біліми тұрғыда жетілген тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті ЖОО алдына қойылған. Өйткені бүгінгі күні ақпаратты технологиялардың көптігі мен студенттердің оны қабылдауға дайын еместіктері студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) ұйымдастыру проблемасына жаңа тұрғыда қарау қажеттігі туындайды. Демек, студеттердің өзіндік жұмыстарының сапалығы оны ұйымдастыруға, білімнің мазмұны мен сипатына ғана емес, оның жаңа технологияларды жылдам қабылдау икемдігіне, оны орындау нәтижесіне тікелей байланысты.

Осы орайда СӨЖ бір жағынан, оқу процесіндегі студенттің дербес әрекетін басқару және ұйымдастырудың педагогикалық құралы ретінде көрініс тапса, екінші жағынан, оқу және ғылыми танымның ерекше түрін білдіреді.

Осыған орай СӨЖ туралы жазған ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, өзіндік жұмыстың мәні толық ашылмай, нәтижесінде субъектілік әрекет көрініс таппайтыны байқалды. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «студенттердің өзіндік жұмыстарын қазіргі жаңа ақпаратты-қатынастық технология негізінде ұйымдастыру» ұғымы туралы біз өзіміздің анықтамамызды ұсынамыз: бүгінгі күні студенттердің өзіндік жұмысы - ол тұлғаның бүкіл өмір бойына үздіксіз және өз бетімен білім алу барысындағы икемдік, дағды, белсенділік және құзыреттілік қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін, өмір ағынына сай өзгерістерге бейімділігін қалыптастыратын іс-әрекет. Осы ұғымымыздың мазмұны - ол студенттердің жаңа ақпаратты-қатынастық технология жағдайындағы құзіреттлігін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру.

Жоғарыда айтылған теориялық материалды негізге алып, біз студенттердің өзіндік жұмыстарын жүйе ретінде қарастырып, оны ақпаратты-қатынастық технология жағдайында ұйымдастырудың жүйесін құрастыру мақсатында, біз, алдымен ақпаратты-қатынастық технология жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. (1 кесте).


1-кесте. Ақпаратты-қатынастық технологияны пайдалану барысындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының құрылымдық мазмұндық моделі.




Компоненттер:

педагогикалық-ұйымдастырушылық шарты

технологиялық-процессуалдық шарт

дидактикалық-құзіреттілік шарты

Критерилері:


ЖАТ қолдану меңгеруге деген қызығушылығы

Ақпаратты технология

лардан білім тірегінің болуы



ЖАТ-тан

практикалык икемдік пен дағдының болуы



Көрсеткіштері:

- кәсіби әрекетіндегі ЖАТ мәнін, таңдап алған мамандығының әлеуметтік-қоғамдық маңызын тусінуі

- ЖАТ қолдану мен меңгеруге деген ынтасы,

- ЖАТ әсіби әрекетінде қолдану проблемасына деген қызығушылығы;

- ЖАТ арқылы білімін үнемі жетілдіріп отыруға деген талпынысы;

- бугінгі күні ЖАТ қажеттілігін түсінуі;

- шығармашылық потен

циалын ЖАТ арқылы жүзеге асыруға деген ниеті;


- ЖАТ жөнінде негізгі білімінің болуы;

- кәсіби әрекетте ЖАТ қолданудың әдіс-тәсілдерін,

мүмкіндіктерін білуі;

- ақпаратты материалдарды өңдеу тәсілдерін білуі;

- ЖА Т шығармашылық кажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолдана білу;


-ЖА Т қолдана отырып әртүрлі ақпаратты өндеу және керек ақпаратты таңдап ала білу;

- ЖАТ арқылы алынған ақпаратты оқу әрекетінде қолдана білу;

- болашақ кәсбіи жетілуінде ЖАТ қоллану арқылы табысты жетістіктерге жету.


Деңгейлері:


Төмен: студенттің өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы белсенділік қәбілеттері төмен;

өз бетімен жұмыс ісгеу жақтарын білмейді; жаңа ақпаратты технологиялар туралы білімі таяз; оны оқу және кәсіби әрекетінде қолдану дағдысы жоқ, өзі туралы көзқарасы қалыптаспаған. Бұл деңгейдің көрсеткіштері барлық тапсырманы үстіртін орындау, шешім қабылдау барысында ең оңай тәсілді тандау, шығармашылық қабылетін көрсете білмеу.

Орта: тұлғалық-белсенділік, құзіреттілік-іс -әрекетік қасиеттері бар болғанымен өзіндік жұмыстарды ЖАТ жағдайында сырттан көмек күтеді, танымдық іс-әрекет пен өз бетімен жұмыс істеу дағдысын және жаңа ақпаратты қабылдай білу мен меңгеру керектігін түсінеді, бірақ жоғары нәтижесінде емес. Студенттің ЖАТ туралы түсінігі бар болғанымен, оны оқу әрекетінде қолдана алмайды. Көрсеткіштері: студенттің тапсырманы оқу-кәсіби әрекетінде алынған білім, икемдік пен дағдыны пайдалана отырып ЖАТ арқылы өз бетімен орындауға талпыныс.

Жоғары: тұлғалық-белсенділік, құзіреттілік-іс-әрекеттік қасиеттері жоғары; ЖАТ арқылы өз бетімен жұмыс істеудің жағымды жақтары қалыптасқан; құзіреттілік қасиеттердің пайдасы мен мәнін ұғынып, өзіндік жұмыстарын орындау барысында қолдана біледі, белсенді –қабілетті жеке тұлға. Көрсеткіштері: студенттің барлық шығармашылық әрекетке белсенді қатысуы, іс-әрекеті барысында дербестік қабілеті, жаңа білімді іздеуге, өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысы анық байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет