Суханберлиева жансая амангельдиевна



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#26779
түріДиссертация
1   2   3   4

Кестеде көрсетілгендей бұл модель төмендегідей үш құрылымнан тұрады. Әр компонент студенттердің тек білімі мен икемдігін ғана емес, сонымен қатар дағдысы мен оның тұлғалық қасиеттерінің белгілі бір деңгейін айқындайды. Оларды жаңа ақпаратты-қатынастық технологиялармен байланыста қарастырамыз. Құрастырылған моделді негізге ала отырып, педагогикалық процестердің біз көрсетіп кеткен заңдылықтарын ескеріп, СӨЖ ұйымдастырудың мынадай үш түрлі шарттарын анықтадық: педагогикалық-ұйымдастырушылық, дидактикалық-құзіреттілік және технологиялық-процессуалдық. Көрсетілген шарттарды ашып қарастырайық.



Бірінші – педагогикалық-ұйымдастырушылық шарты. Біз зерттеу жұмысымыздың негізінде байқағанымыз, мамандықтың бағытына сай студенттердің өзіндік жұмыстарының нормативтік моделдері құрастырылып, қолданыс табуда. Алайда, күнделікті практикада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру шарттары педагогикалық тұрғыда көбіне дұрыс құрастырылмай, нәтижесі тиімді бола бермейтіндіктен, ұйымдастыруды педагогикалық шарттан бастаймыз. Ол үшін ең алдымен, жаңа ақпаратты-қатынастық технология негізінде өзіндік жұмыстарды педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастыруға кедергі келтіретін себептерді анықтадық. Оларға: өзіндік жұмыс тапсырмаларының нақты еместігі; семестр бойындағы оқу жүктемесі көлемінің біркелкі болмауы; бақылаудың уақтылы өткізілмейтіндігі; кеңес берудің жүйесіздігі; жеке берілген және үй тапсырмаларын уақытында орындамау; кейбір кафедра оқытушыларының бағалау әрекетіне сай ортақ қағидаларының жоқтығы, студенттерді материалдық-техникалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етудің нашарлығы т.б. жатқызылады. Осыған орай студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа ақпаратты-қатынастық технология жағдайында ұйымдастыру барысында жаңа тұрғыдағы белсенді үлестірме материалдарын (БҮМ) құрастырып, оқу процесіне енгіздік. Оның құрамына: дәріс материалының әр тақырыбына арналған екі тілдегі қысқаша мазмұны, бақылау және компьютерлік тестік сұрақтар, үш тілде жазылған глоссарий, СӨЖ және студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының (СОӨЖ) тапсырмалары; беттері көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, Интернет сайттары көрсетілген электрондық оқулықтар және т.б. оқу процесіне қажетті шетелдік және отандық оқыту материалдарын кіргіздік.

Екінші – дидактикалық-құзіреттілік шарты, ол студенттердің өзіндік жұмыстарын жаңа білімді меңгеруге бағыттап дайындау және бақыланатын жаттықтыру түрлерін қолдануды талап етеді. Осы орайда проблемалық тапсырмалар мен электрондық тест жүйесін құрастыру жақсы нәтиже берді. Сонымен қатар студенттердің өндіріс жағдайына бейімделуін өзіндік бір ғылыми мәселе ретінде алып, оны жаңа ақпаратты-қатынастық технология негізделген өзіндік жұмыс құзіреттілік-іс-әрекеттік тәсілі арқылы қарастыруға болатындығына көзіміз жетті. Себебі, кәсіби дайындық бүгінгі автоматтандырылған еңбек нарығының талаптарына сай келуі тиіс. Демек, студенттердің өндірістегі өтетін тәжірибелік жұмыстары мен өндірістік оқыту арасындағы қарама-қайшылықты жою жолын іздестіру пәнаралық байланысты жетілдіруді талап етеді. Өйткені оқу-өндірістік, технологиялық және диплом алдындағы практикалар жаңа технологияға сүйенген пәнаралық білім мен іскерлікті қажет етеді. Осыған орай студенттердің біліктілігі жоғарғы курстың соңғы кезеңіндегі диплом жұмысын жазу барысында көрінеді. Жоғары оқу орындарының мамандықтарына сәйкес курстық және дипломдық жобалау іс жүзінде маңызды деген кәсіби салаға байланысты зерттеу міндеттерін шешуге арналған. Сол себепті студенттердің өзіндік жобалау жұмыстарының тақырыптары қазіргі қоғамның, педагогиканың, психологияның жетілуіне байланысты икемделіп таңдап алынатындығына көңіл бөлдік. Бұл жерде ең алдымен, тақырыпты зерттеу барысында студенттерге педагогикалық ақпараттардың қазіргі өңдеу тәсілдерін қолдануды үйретуді мақсат еттік, сондықтан олар есеп беру мәліметтерін рәсімдей отырып, арнайы пәндерден алған білімдерін өз беттерімен шоғырландырып орындайды. Біздің ойымызша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында олардың пәнаралық байланысқа қатысты білімдері мен іскерліктері қажет болады.

Үшінші – технологиялық-процессуалдық шарт. Бұл жағдайда студентті жаңа ақпаратты технологияға негізделген қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен және жаңа ақпаратты технологиялармен жабдықтау міндеті тұрады. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда процессуалдық элементтеріне мән бердік. Сол арқылы студенттерді ойлауға, талдау жасауға, жағдаймен есептесуге, мақсат, міндеттерді қоюға, пайда болған мәселелерді шешуге үйретеді. Ол үшін ЖОО инновацияға сай материалдық-техникалық базасын (оқытушыларға және студенттерге арналған компьютерлік сыныптар, телебайланыс, электрондық пошта, Интернет торабы т.б.) қалыптастыру, оқу үрдісін АТ пайдалана отырып оқу-әдістемелік кешенімен (электрондық оқулықтар, автоматты оқыту бағдарламалары, электрондық оқыту кешендері және т.б.) қамтамасыз ету қажет. Практикалық мақсатта бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибеде қолданыс тапқан жаңа ақпаратты технологиялардың жетістіктерін ескере отырып «Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» атты интерактивті арнайы курсынын бағдарламалық жобасын «педагог-студент» жүйесінде олардың субъективтік позициясын ескеріп, қажеттілікке, танымдық, ізденушілік, жобалық іс-әрекетке үйреттетіндей мақсатта дайындадық.

«Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курсты толықтыру барысындағы оқытушы мен студенттің бірлескен әрекетін ұйымдастыру әдістері (мазмұнын құрастыру және таңдау, демонстрация жасау материалдарын дайындау, студенттің АКТ арқылы өздігінен орындау жұмысының жеке траекториясын жобалау) студентің дербестік, танымдық жетілуіне, шығармашылық процестерін белсенділеуге мүмкіндік береді. АКТ жағдайындағы студенттің өзіндік жұмысының педагогикалық мәні электрондық ашық қормен жұмыс жасай отырып, студент қабілетіне қарай жетіледі және бұл кешенді үнемі керекті ақпаратпен толықтырып отыруына мүмкіндік алады.

Жобаның мақсаты ақпаратты-қатынастық технология меңгеру барысында студенттердің құзіреттіліктерін жетілдіру. Жоба барысында қолданылатын дидактикалық құралдар: пәнаралық оқыту кешендері; зертханалық-практикалық сабақтар жүйесі; гипермәтінді-анықтама білім базасы; электрондық оқулықтармен жұмыс және т.б. Осыдан біздің байқауымызша,

«Білім берудегі ақпаратты-қатынастық технологиялар» арнайы курс мазмұнды түрде толықтырып отыруға белсенді араласқан студенттің білімге деген мотивациясы жоғарылап, құзіреттілік-іс-әрекеттік қабілетінің артуына себеп болатындығы дәлелденген. Оның дәстүрлі электрондық оқулықтардан айырмашылығы мен ерекшелігі – ол интерактивті ашық қор ретінде құрастырылған, яғни пәндік мәліметтерді үнемі жаңартып, жетілдіріп, көлемін кеңейтіп отыруға, сонымен қатар мазмұндық және құрылымдық негізінің ашықтығы оқу пәндерінің интерактивтік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда әсіресе осы бағдарлық жобаның компоненттері белсенді үлестірме материалдарынан басталады.

Бұның контексінде студенттің құзіреттілігі студенттің өзіндік жұмысын АКТ жағдайында ұйымдастыруда құзіреттілік-іс-әрекеттік категория негізі болып табылатындығымен, студенттің іс-әрекетін субъект ретінде көрсетуімен сипатталады. Мұндай түсінік те студент өз іс-әрекетін субъект ретінде нақты жобалайды, жоспарлайды, ұйымдастырады, бағыттайды. Оған мысал, инженерлік тұрғыдағы арнайы компьютерлік бағдарламаларды және кешенді есеп шығару тәсілдерін білу; әртүрлі пәндер жобасын жобалай білу; интерактивті білім мен оларды қолдана білу қабілеттерінің жеткіліктілігі және т.б. жатады.

Жобалық әрекетке қосылу тәсілі әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындауды қажет етеді. Оған жататын әдіс-тәсілдері: жаңа білімді меңгеру барысындағы оқытушы-тьютор мен студенттің бірлескен құзіреттілік-іс-әрекеттік тәсілдері.



Жоба әрекетінің кезеңдері: оқу-танымдық, оқу-кәсіби, құзіреттілік-іс-әрекеттік. Оның негізіне студенттің танымдық әрекетіне сүйенетін электрондық интерактивті ашық оқыту кешенін білім қорларымен үнемі толықтырып отыру (дәріс материалдарын; сайт және электрондық конспект дайындаумен; ақпаратты іздестіру және оны көрнекілеумен; қосымша ақпаратты қорларды жүйелі түрде алумен) жатады.

Зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттеріне сәйкес тәжірибелік эксперимент жұмысы 2010-2012 жылдар аралығын қамтыды. Педагогикалық эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді. Олар: анықтау, қалыптастыру, қорытынды кезеңдері.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысындағы студенттер саны 88 адамды құрады. Оның ішінде қалыптастыру экспериментінде 47, бақылау тобына 41 студент қатысты. Анықтаушы эксперименттің басында ЖОО студенттердің бірінші күнінен бастап білім, икемдік, дағды деңгейлерінің диагностикалық нәтижесі талданып, эксперимент басында екі топтың да білім көрсеткіштері бірдей болғанын айқындадық.

Тәжірибелік жұмысымыздың мақсаттары мен міндеттерін студенттердің жас және дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып жүзеге асыруды көздедік. Және мәселемізге қатысты шынайы жағдайды анықтау мақсатында төмендегідей сауалнама жүргіздік.



Студенттерге арналған сауалнама сұрақтары:

  1. Білім сапасы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Қандай педагогикалық технологияларды білесіз?

  3. Ақпаратты технология туралы не білесіз?

  4. Ақпаратты қатынастық технологияың жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыруға ықпалы бар деп ойлайсыз ба? Болса, қандай?

  5. Қомпьютерлік сауттылығыныз бар ма?

  6. Білім беру үдерісінде ақпаратты технологияны пайдалану сапасына көңіліңіз тола ма?Толмаса, неліктен?

  7. Сіз оқитын оқу орнында интернет желісінен педагогикалық ақпарат алуға мүмкіндік барма?

  8. Сіз профессорлық-оқытушылық құрамының ақпаратты технологияны сабақта қолдану сапасына қанағаттанасыз ба?

  9. Сізді университеттің материалдық-техникалық базасы мен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі қанағаттандыра ма?

  10. Университетте алған мамандығыңыз қаншалықты деңгейде мәртебелі деп ойлайсыз?

  11. Университетте алған біліміңіз кәсіби қызметіңізде жеткілікті болады деп ойлайсыз ба?

  12. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, біліміңіз бен іскерлігіңізді жетілдіру қажет пе?

Сізді университеттің материалдық-техникалық базасы мен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі қанағаттандыра ма?


6% – ия, қанағаттандырады

8% – жоқ, қанағаттандырмайды



86% – толық көлемде қанағаттандырмайды



Ақпаратты технология туралы не білесіз?


61% – дұрыс көзқарастамын, өйткені ол студенттердің білімін толықтырады

26% – осы технология бойынша орташа білемін



13% – ақпараттық технологияны мүлдем білмеймін



Ақпаратты қатынастық технологияың жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыруға ықпалы бар деп ойлайсыз ба? Болса, қандай?


91% – ия

5% – кейде

3% – ия дегеннен гөрі, жоқ деген дұрыс сияқты

1% – мүлде олай ойламаймын



Мәліметтерді жинақтап, жіктеу нәтижесінде біз олардың өз мәселемізге қатысты ақпаратты қатынастық технология туралы білім деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауды көздедік. Жалпы теориялық әдебиеттерде білімдік деңгейін өлшеуге үш деңгей - жоғары, ортаңғы, төменгі деңгей ұсынылады. Теориялық әдебиеттерге сүйенсек, дамудың жоғары деңгейі, осы барлық көрсеткіштерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ортаңғы деңгей осы өлшем көрсеткіштерінің жартысына немесе жартысынан көбірегіне сәйкес келеді. Төменгі деңгей өлшемнің жалпы санының жартысынан азымен немесе олардың мүлдем болмауымен ерекшеленеді. Ал белгілердің маңыздылық деңгейі әрбір өлшем көрсеткішінен тұрады. Көрсеткіштерді педагогикалық зерттеулерде үш сфераға: танымдық, мінез-құлықтық және мотивациялық деп бөлу қабылданған[. Сол зерттеулерге сүйене отырып біз:



Танымдық сфера – ақпаратты қатынастық технология туралы білімі, ақпаратты сауаттылық, ақпаратты мәдениет ұғымдарының мәнін түсінуі;

Мінез-құлықтық сфера – түрлі ақпаратты құралдарды қолдануды меңгеріп, еркін талдай алуы және оның ерекшеліктерін ажырата білуі, оларға саналы көзқарасының, ол туралы өз пікірін білдіре алуы;

Мотивациялық сфера – ақпаратты қатынастық технология туралы идеяларды білуі және оны тереңдетуге дайындалуы, қазіргі заманның сапаға коятын талаптарын түсінуі, әлемдік өркениетке кірігуге, бәсекеге қабілеттілікке, сапалы маман ретінде қалыптасуға ұмтылысын жатқызамыз.

Зерттеу барысында аталған көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, 3 деңгейінің өлшемдерін анықтадық.



Төмен деңгей ақпаратты технология, ақпаратты құралдар, электронды оқулық, ақпаратты технология түрлері туралы түсінігі бар болғанымен төмен.

Орта деңгей ақпаратты технологияың мәні, ақпаратты құралдар, электронды оқулық, ақпаратты технология түрлері туралы түсінігі бар, бірақ оның мәні мен маңызына жете мән бермейді әрі өз бойында қалыптастыруға құлшынысы жоқ, яғни орташа.

Жоғары деңгей ақпаратты технологияың мәні, ақпаратты құралдар, электронды оқулық, ақпаратты технология түрлері туралы түсінігі толық, мәнін шынайы бағалай алады, ондағы идеяларды өз бойында қалыптастыруға әрі оны жетілдіру бойынша әрекет етуге ұмтылады, яғни жоғары.

2- кесте Алғашқы кезең

Р.н

көрсеткіш

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Саны

Ж.деңг

О.деңг

Т.деңг

саны

Ж.деңг

О.деңг

Т.деңг

1

Ақпаратты қатынастық технологияның ұғымдары туралы түсінігі

23

47%

22%

31%

104

44%

24%

32%

2

Аталған ұғымдардың мәнін түсініп, ара жігін ажырата білуі

23

46%

24%

23%

104

44%

31%

25%

3

Түрлі ақпатраттық құралдарды қолдануды меңгеріп, еркін талдай алуы және оның ерекшеліктерін ажырата білуі, оларға саналы көзқарасының, ол туралы өз пікірін білдіре алуы

23

45%

29%

27%

104

45%

27%

28%

4

Ақпаратты-қатынастық технологияны оқыту үрдісінде қолдану білігі

23

46%

25%

28%

104

44%

26%

30%

5

Жалпы

23

46%

26%

28%

104

44%

27%

29%


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет