Суицидального поведения детей методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата18.12.2021
өлшемі393,42 Kb.
#102767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
Суицид Әдістемелік

Қорытынды  

 

Қазақстан  –  дамыған  нарықтық  экономика  құрушы  және  құқықтық 



мемлекет.  

Мұнда  алдыңғы  орынға  бостандық  пен  жауапкершілік  өлшемі  осыған 

дейінгіден  әлдеқайда  жоғары  адамды  қойған.  Қазақстанның  болашағы  негізі 

бүгін қаланып жатқан қазақстандық жастардың даму деңгейіне, оның қоғамға 

кірігуіне  байланысты.  Өмірлік  жолын  өздігімен  құруға  қабілетті,  және  өзінің 

тағдыры мен қоғам тағдыры үшін жауапкершілік алуға дайын тұлға тәрбиелеу 

үшін білім беру ұйымдары оқушыларды әлеуметтендіру процесінің тиімділігін 

арттыруда жетілген жолдарды қарастыруы қажет.  

Суицид  проблемаларын  талдау  бұл  туралы  тұлғаның  мінез-құлық 

ауытқушылығының 

(девианттық), 

оның 


әлеуметтік-психологиялық 

бейімделуінің соңғы формасының көрінуі деген қорытынды жасауға мүмкіндік 

берді.  Әртүрлі  мотивтер  мен  себептер  бойынша  өзін  өлтіру  оқиғалары  үнемі 

тұлғаның  өзінде,  немесе  тұлға  және  қоршаған  орта  арасындағы  шиеленістен 

туындайды,  мұндай  қадамға  адам  шиеленісті  шешудің  басқа  жолын  таба 

алмаған кезде барады.  

Жұмыста  келтірілген  деректерден  өзін  өзі  өлтіру  деңгейіне  объективті, 

сондай-ақ  субъективті  факторлар  ықпал  етеді  деген  қорытынды  жасауға 

болады.  

«Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша ата-аналарға 

ақыл-кеңес»  атты  әдістемелік  ұсыныстарда  ата-аналар  үшін  кәмелеттік  жасқа 

толмағандардың  суицидтік  мінез-құлқының  алдын  алуын  қамтамасыз  ететін, 

балалар  өмірінің  әр  кезеңіндегі  суицидтік  мінез-құлық  себептері  мен 

ерекшеліктері,  негізгі  мотивтері,  түсініктер  анықтамасынан  тұратын 

психологиялық-педагогикалық шаралар кешені ұсынылды.  

Педагогикалық  қоғам,  психологтардың  және  ата-аналардың  бұл 

құбылыстың алдын алуға зор көңіл бөліп отырғаны нәтижелерден көрінеді.  

Мысалы,  2014  жылы  ҚР  Бас  прокуратурасы  тексерісінің  нәтижелері 

бойынша  Қазақстанда  кәмелетке  толмағандар  арасында  суицид  саны 

31% 


азайған.  

Осы  ведомствоның  деректері  бойынша  Атырау,  Қызылорда  облыстары, 

және  Астана  қаласы  мемлекеттік  органдары  суицидтің  алдын  алу  шараларын 

тиімді жүргізген, бұл мәлімет нөлге тең.  

Сонымен,  қазақстандық  мектептегі  тәрбие  жұмысы  жан-жақты  дамыған, 

рухани-адамгершілік  қасиеттері,  таңдау  жасау  жағдайында  өздігімен  шешім 

қабылдауға  дайын,  мықты  әрі  орнықты  психикасы,  ынтымақтастыққа  және 

мәдениетаралық  әркеттесуге  қабілетті,  өзінің  және  елінің  тағдыры  үшін 

жауапкершілік сезімі бар үйлесімді адам қалыптастыруға бағдарлануы тиіс.  

 

 



 

 

 




16 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет