Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
Өзін тексеру сұрақтары:

Қорқыт философиясындағы өмір мен өлім мәселесін сипаттаңыз 

Қорқыт ата кітабының тарихи философиялық маңызын айқындаңыз 

Қорқыт дүниетанымындағы «ажалмен күресу» идеясын талдаңыз 

Ақын-жыраулар шығармашылығындағы философиялық ой-пікірлерді 
сараптаңыз
Өзіндік жұмыс тақырыптар: 

Ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарастарын түсіндіріңіз 

Ақын-жыраулардың дінге деген ойларын қалай түсіндіресіз 
 

Ақын-жыраулардың философиялық көзқарастарының қалыптасуына 
 
арқау болған жағдайларды көрсетіңіз
 

 
Ақын-жыраулардың діни этикалық концепциясын нақтылаңыз
 


75 
---------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
4.3. Бәйдібек би 

ұрпақ ұлағаты 
 
Бәйдібек би (1356-1419 жж.)
қарт Қартаудың күншығыс тарабында, 
Көк жоннан ылдилай ағатын Балабөген өзенінің биік жағасында ежелден 
сақталған көне мазар, күмбез тұр. Бұл Бәйдібек мазары. Сан ғасырдан сыр 
тартқан бұл мазар заман толқынында қаншама жер-жексен болып, қаншама 
рет еңсесін қайта көтерді. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, бұл мазардың 
әйдік, биік нұсқасы осынау сұрапыл-сұмдық «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл 
сұламаның» тұсында қирап, екі ғасырдан астам төбе үстіндегі төбешікке 
айналып, тамтығы ғана жатқан. Тек ғасырымыздың орташенінде ел ықыласы, 
ұрпақ ілтипатымен еңсесін қайта көтерген. 
Бәйдік кім? Оның қазақ елі тарихында алатын орны қандай? Бұл 
жөнінде бүгінгі ұрпақтың аз да болса мағұлмат алғаны орынды. 
Бәйдібек және оның заманы, замандастары, ол тұстағы оқиғалар 
жайлы күні бүгінге дейін ғылым мен әдебиетіміздегі деректің, дені 
қазақтың көне ру, тайпаларының шежіресі мен ел ішіндегі сақталған әр 
алуан аңыздарына келіп саяды. 
Сол шежіре дерегіне сүйенсек, Бәйдібек бүгіндері қиыр шеті Алтай, 
Шәуешек, көршілес Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесімен 
бірге, республикамыздың Алматы облысының бірқатар аудандарын, 
Жамбыл облысының түгелге дерлік, Шымкент өңірінің Төле би, Түлкібас, 
Сайрам, Алғабас, Бөген аудандарын мекендеген ежелгі Албан, Суан, 
Сарыүйсін, ІІІапырашты, Ысты, Ошақты ру-тайпаларының түпкі атасы 
екенін білеміз. 
Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі 
Сыландыдан Жалманбет, оның балалары Шапырашты, Ошақты, Ысты 
тарағаны айтылады. 
Бәйдібек әулетінің көп тараған саласы — ол кіші әйелі Домалақ ене 
дейтін лақап атымен мәлім Нұриләнің (бір деректерде Бибімәрия, 
Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы: Албан, 
Суан, Дулаттың ұрпақтары. 
Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ 
жұртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші 
жартысында бұл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты 


76 
ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының 
кемеңгер 
ұлы 
ІІІоқан 
Уәлихановтың 
ғылыми 
еңбектері 
мен 
жолжазбаларынан кездестіреміз. 
ІІІежіре деректемесіне қарағанда, Бәйдібек-көне тарихта түркі тілдес 
бауырлас, қанаттасы Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найманмен бірге бес 
бірлестіктің ұлы ұлысын құрған Қөшпенділердің мызғымас бір ұстанымы-
Үйсіннің шөбересі, Ақсақалдың немересі, Қарашаның баласы. 
Ал бұдан 784 жыл бұрын, яғни 1026-шы барыс жылының көктемінде 
Онон өзенінің жағасында өткен құрылтайда Тайшы тайпасының белгілі 
батыры Есугейдің үлкен ұлы Темуджинге әлемге аян Шыңғысхан атын беріп, 
ақ киізге салып хан көтеріп, жер-көктің арасында тежеусіз билік құруға бата 
берген әйгілі алты рудың алты биінің бірі Үйсіннің биі Бөрікпен шешен 
екенін еске алсақ, Үйсін тарихы ежелгі бір дүниеде Алтай тауларынан 
шығыстық шексіз теңізге дейінгі Хинган, Манжүр өлкесінде көшіп-қонған 
Керей, Найман, Коңырат, Жалайырмен сабақтас және олармен бірге ұлы 
«Жібек жолы» үстінде сан-салалы салтанатты керуен түзеп, іргелес Таң 
империясымен мәртебелі сауда қатынасын жасаған ұлы тайпалардың бірі 
болғанын білеміз. Демек, Бәйдібек заманы, оның өмір сүрген мезгілі 
әркімдердің айтып жүргеніндей кешегі Жоңғар шапқыншылығы тұсында 
емес, одан көп заман ілгері, Шыңғысханның арғы атасы Құбұлханның 
тұсында өтті деген жорамалға әкеліп саяды. 
Олай дейтініміз, Батыс елдерін жаулап, дүниенің тең жарымын моңғол 
атының тұяғына таптап өткен Шыңғысхан Алатау баурайы-Құланбасында 
құрылтай өткізген. 
1224-шы жылдың жазында сол кұрылтайға бара жатып ханның үлкен 
ұлы Жошы Қаратаудың Ордақонған деген жерінде Үйсін, Сіргелінің бір топ 
билерімен кездескені, ол кездесуге Бәйдібектің інісі Байтулының баласы 
әйгілі Айшыкел бимен бірге Бәйдібектің екінші әйелі Сыландыдан туған 
ортаншы ұлы Жалманбеттің болғаны жайлы ел ішінде сақталып қалған аңыз 
бар. 
Бұдан Бәйдібек дәуірдің он-он бірінші ғасырлары шамасында, бұдан 
тоғыз жүз жылдай бұрын өмір сүрген ірі тұлға екені көрінеді. Ал оның түпкі 
аталары — Үйсіннің ұрпақтары өзімен қоян-қолтық араласқан Қоңырат, 
Найман тайпаларымен бірге ежелгі бір заманда Қиыр Шығыстан Жетісу, 
Талас, Қаратау атырабына қоныс аударғаны байқалады. 
Біз алыстағы ата заман тарихынан бұдан аз-кемі жоқ екі жүз жетпіс 
жеті жыл бұрын, 1723 жылдың ала көктемінде осынау қиырдағы Алтай, 
Тарбағатай тауларын асып, Жетісудің жайсаң жерін баса-көктеп, қазақ елін 
жойқын жорықпен қырғынға салған жоңғар шанқыншыларын алғаш 
қансыратқан қалын, шайқастар осы Қаратау асуларында, оның 
қойнауларында болғанын білеміз. Бөген, Шаян, Қошқарата, Боралдай 
өзенінің тау шатқалдарынан басталар жоғарғы ағысында "Қалмақ қырылған", 
"Тарақты қамал", "Садыр қамал" атты тау қамалдары мен Шыбықбел, 
Сарыоба, Сарытау, Хорен, Байқалмақ сияқты көптеген тау биігіндегі оба-
қорымдар сол заманда өткен қанды қырғындардан калған белгі.


77 
Елдің елдігін сақтап, қалың казақтың қара шаңырағына қайыспас 
тірегі болған Албан, Суан, Дулаттың тобы бұзылмай, іргесі сөгілмей, ұлы 
дәуірдің шоқысында шоқтығы биік тұруына, бір жағынан, ежелден 
жауынгерлік жорықтарды көп көрген жұрттың «Бөлінген бөрінің жемі» , 
«Бірлік түбі-береке» тағылымын ұстанған ежелгі ата дәстүрінің беріктігі 
болса, екінші жағы, қашанғы өткен дүниеден көшпенді елдің қиналғанда 
панасы, жаз жайлау, қыс қонысы болған Қаратау өлкесінің бай қастер-
қасиеттерінде болса керек. 
Сол көне дүниеден аңыз боп атадан балаға жалғасқан хикаяда: Бәйдібек 
шапқыншы жауға қарсы елді көтеріп бастаған ел қорғаны ретіңде көрінеді. 
Бір жаугершілік заманда, дейді өткендер, — Алатау асып келген қалың ел 
осы Қаратау жанын жайлап бейбіт жатқан Бәйдібектің ауылдарын шауыпты. 
Сан мың жылқысын топтап әкетіпті. Сонда ел жастарын көтеріп "аттан!" 
салған. Атқа мінген Бәйдібек жасақтарының алдын бастап өзінің әйелі Сары 
бәйбішеден туған алты ұлы жүріпті. 
Жасақтар Жон өлкесімен аттанып бара жатқанда... Жон жайлауында 
кішкене кәусар бұлақтың жағасында қараша үйде жалғыз ұлы жас 
Жарықшақпен бірге тұратын кіші әйелі Нұрилә (Домалақ ене) байға тілек 
айтып: -Байеке, жаудан қайырарың мал болса, әуре болма. Кұла... қолда 
қалды. Қалың жылқы алты күнде жауға айдау бермей, өзі оралады, -деп қара 
отау белдеуіне мата белбеумен байлаулы тұрған, жүген-құрық көрмеген 
шуасау айғырды нұсқапты. 
- Бұл айғырды қалайша ұстап тұрсың? - депті бай. 
- Жау батырлары бұлақ басында ат үстінен сусын сұрады. Сұраған сусынын 
әпердім. 
-Не қалайсың, тілегіңді айт,- деді жау батыры. 
- Қалаған бір жылқыны өзім ұстап алайын. 
- Е-е. Ендеше, айтқаның болсын, - депті батыр. 
Нүрилә белбеуін шешіп, айдаудағы қалың жылқыға барып, "моһ-моһ, 
жануарым, кел" дегенде, әлгі құлан асау, қасиетті құла айғыр мекірене 
оқырып, Нүриләнің алдына келіп, мойнын ұсынып тұра қалған екен. 
—Жауды қуып әуре болма, Байеке, - деп жалыныпты Нүрилә. -Айтқан тілді 
алыңыз, мал да, ел де аман болсын десеңіз, осы тілегімді беріңіз, - депті. 
Сонда көкіректе кек қайнап, қызынып алған Бәйдібек: "Жолдан қайтар қатын 
емес Бәйдібектін жасағы",- деп топ басын бастап тарта беріпті. Бәйдібек 
жасақтары шапқыншыларға Күйік асуында жетіпті. Сол манда қырғын соғыс 
болып, Бәйдібектің алты бірдей ұлы қаза тауыпты. Қапалы, қаралы Бәйдібек 
алты ұлын Үшқарасай жазығында Молалы деген жерде жерлеп, кері 
қайтыпты. Әйгілі "Алты сары" дейтін обалы биік соның белгісі. 
Арада алты күн өткенде қараша отау іргесінде байлаулы тұрған құла 
айғыр жер күңіренте кісінеген екен. Сол күні намаздігер шағында шығыс 
жақтан тұтас, қаптап шұбырған жылқы көрініпті. Бұл жаудан қайтқан 
Бәйдібектің жылқысы екен. Қанды жорықта қайтпаған елдің кегін осылай 
Домалақ ененің, кереметі қайтарған деп бітер еді ел хикаясының соңы. 
Бәйдібек есімі, Бәйдібек заманымен бірге жасап ел аузында қастерленіп келе 


78 
жатқан киелі есімнің бірі — Домалақ ене. 
Түркістандық Шайқы Мизамбектің қызы Нүрилә ұлы бабамыз 
Бәйдібекке қалай кездесті, қалай бас қосты? Не қасиет, нендей мұратпен 
ғұмыр кешті? Не себепті Домалақ ене атанды? Бұл тұрғыда ел ішінде кең 
тараған әрқилы аңыз, әңгімелер жетерлік. Соның көбі шындыққа жақын, 
өмірге жанасымды. 
Бәйдібек ол ауыл-аймақтың ғана емес, тұтас бір ұлыстың, ұлан өлкенің 
қадірлі басшысы болғанын айттық. Олай болса, бас аяғы күндік жер, ұлы жол 
үстіндегі қастерлі шаһар Түркістанға баруы, ол кезде бүгінгі ұлы ғимараттан 
бұрынғы, көне мазардағы Иасауи әруағына тағзым етуі әбден мүмкін. 
Меккеге барар ұлы жол сол кезде де осы Түркістан арқылы өткен ғой. Сол 
бір сапарында Бәйдібек Иасауи шырақшыларының бірі, Шайхы Мизамбектің 
үйіне түскен дейді. Сонда қонақжай үйдің жайнап тұрған жас қызы Нүрилә 
ер тұлғалы азамат Бәйдібекке өз қолымен шай беріп қызмет қылған. 
Ілтипатты-ізетшіл үйдің ақылды қызы Бәйдібекке тек қарақаттай жайнаған 
мөлдір көзімен емес, мәнерлі сөзімен, ақылды тапқыр-даналығымен ерекше 
ұнаған дейді. 
Бәйдібек пен Нүриләнің бұл кездесуінің соңы Бәйдібектің Мизамбекке 
үйірлеп жылқы, қоралап қой айдатып, Нүриләнің Бәйдібек, Байтұрлыдай қос 
ұлы көзінің тірісінде өлкенің қос ұстынындай шалқар ғұмыр кешіп жатқан 
атақты Қараша бидің үлкен қара шаңырағы жанына тігілген үшінші отауға 
келін боп түсуіне ұласқан. 
Нүрилә өзі болмысында шағын денелі, бәкене, қимылы жіті, барынша 
кішіпейіл, тапқыр сөзді, майда тілді жан еді. Өзі болжампаз, алдағы күннің 
жайын ойлап айтар сөзі ақиқатқа ұласып жататын, көрегенді қасиеттің иесі 
еді деседі. Сол қасиетін ерге таныған оның үлкен Сарыбәйбіше мен 
Сыландыдан өрбіген келіндері оны көзі тірі кезінде-ақ көрегенді әулие 
ретінде танып, Домалақ ене атаған. 
Домалақ ененің қадір-қасиетін ерте танып, оны ерекше сыйлаған жан 
өзінен азғана үлкендігі бар күндесі Сыланды деседі. Адуынды әйелі 
Сарыбәйбішенің күндестікпен етек күншіл ызғарынан көбіне жас Нүриләні 
қорғайтын да, оңаша сәттерін онымен бірге өткізетін, өзімен абысындай 
сырлас-мұңдасы да осы Сыланды деседі. 
Сыландыдан жанашыр-жақсылықты көп көрген Нұрилә күндердің бір 
күнінде жалғыз Жарықшағы өсіп, ат жалын тартып мінер жаска жеткенде, 
сонау Жондағы Бәйдібек жайлауында Қараша отауында отырып, Сыландыға 
қол жайғызып: "Ағарып алдыма түспесең де, қарайып соңымнан қалмағын", - 
деп батасын берген екен. 
Ықыласы түскенде шарапаты мол жарықтық анамыздың тілегі қабыл 
болған. Сыландыдан туған жалғыз ұл - Жалманбеттен тараған үш тайпа ел - 
Шапырашты, Ысты, Ошақты Жарықшақ ұрпағынан озып кетпесе де, тым 
ұзап алыстап соңында қалған емес. Ара қарайлас өсіп-өніп келеді деп отырар 
еді бұрынғы өткен көргені көп адамдар. 
Сол Домалақ ене, Жон өлкесіндегі жайлауда дүниеден өтер алдында, 
қасына жақындарын шақырып: "Мен өлгесін, батырдың жанына қоямыз деп 


79 
әуре болмаңдар. Ақбоз атан үй іргесіне келіп шөгер. Сол атанға сүйегімді 
артып, соңына ілесе беріңдер. Сол атан қайда шөксе, бұйырғаны сол жердің 
топырағы болар”, - депті. Анығы да солай болған екен. Ғайыптан пайда 
болған ақбоз атан, ақ киізге оралған Домалақ ененің мәйітін қос Бөгеннің 
сағасына жеткізіп, елеусіз бір жазыққа шеккен. Ел-жұрты қасиетті анасын 
сол жердің топырағына тапсырған. Сонау жазықта, айнала көгілдір таулар 
қоршаған ұлан өлкеде, боз мұнар ішінде алыстан бозарып көрінген шағын 
күмбез сол қастерлі ел анасы — Домалақ ене (Нұриләнің) мазары. 
Сол шағын мазардың атар таңды күзетіп таусылмас сыр төгіп тұрғалы 
бері не дәуір, қаншама қилы заман өтті. Әулие ененің қадір-қасиетін 
қастерлеген ұрпақтың ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген 
емес. Мұның баршасында Бәйдібек есіміне, оның ұлы әруағына, өзімен бірге 
ғұмыр кешкен Сыланды, Нұрилә сынды ел анасы-дана әйелдеріне, Бәйдібек 
заманының даңқын жалғастырған оның өрелі ұрпағына деген ел құрметі, 
ыстық ықыласы, мәңгі жасайтын сүйіспендігі жатыр. 
Сан ғасырлар асқарын асып ел жадынан өшпеген, ұрпақпен үндес 
Бәйдібек есімі биік азаматтық, ізгіліктің, көрінісі, ұрпақ ілтипатына бөленген, 
ел қастерлеген ұлы бабамыздың орны, есімі ешқашан өшпек емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет