Сулейменов Пиримбек Муханбетович


Алаш партиясының программасының жобасы



Pdf көрінісі
бет38/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
Алаш партиясының программасының жобасы 
 
Мемлекет қалпы 
«Россия демократическая, федеративная республика болу.
Үкімет басында учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша 
келісімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты
министрлер арқылы бағу, ол министрлер учредительное собрание мен
Г.Дума алдында жауаптар болу. 
Депутаттар тегіс, тең, төте һәм хуфия сайлаумен болады. Сайлау хақында
қан, дін, еркек әйел талғайсыз болады. 
Законды жалғыз ғана Г. Дума шығаруы һәм. Г. Дума хүкмет үстінен
қарап, іс тексеруі, запрос жасау хақы да Г. Думада болады. Мемлекет
салығы Г. Думада салынбау». 
 
Жергілікті бостандық 
 
«Қазақ жүрген облыстардың барлығы бір байланып, өз тізгіні
өзінде болып Россия республикасының федерациясының бір ағзасы
болуы. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттар мен әзірге бірлесе
болуы, реті келмесе, бірден ақ өз алдына жеке болуы... 
... Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау 
болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына 
бастайды». 
Негізгі құқық 
«Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам 
баласы тең болу. 
Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап 
бастыруға – еркіншілік; хұқымет қызметшілері, иесінен рұқсатсыз, һеш кім 
табалдырығын аттаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын 
қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, 
судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жаба судья хүкімі 
мен жабылуы...» 
Дін ісі 


164 
«Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы. Дін біткенге тең құқық. Дін 
жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық...». 
Сонымен қатар V бөлімде «Билік һәм сот», VI бөлімде «Ел қорғау», 
VII бөлімде «Салық», VIII бөлімде «Жұмысшылар» мәселелері жайлы
айтылып кетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет