Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет15/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
Өзін тексеру сұрақтары:

М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» сөздікті жазудың 
негізгі мақсатын анықтаңыз

М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінің
әлеуметтік-философиялық мәнін ашып беріңіз 

М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігінің негізгі
мазмұнын көрсетіңіз 


51 

М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің
маңыздылығын дәлелдеңіз

М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі түркі тілінде
жазылған алғашқы еңбек сипаттаңыз 
Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

М. Қашқаридың әділетті қоғам жайлы тұжырымдарын қалай түсінесіз 

М. Қашқаридің саяси-әлеуметтік көзқарасын түсіндіріңіз 

Сөздіктегі моральдық этикалық мәселелерді көрсетіңіз

«Диуани лұғат ат-түрік» сөздігіндегі философиялық ой
тұжырымдарын сараптаңыз

М. Қашқаридың дүниетанымын сипаттаңыз
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


52 
 
2.3 Сопылық идеяның ірі өкілі Қ.А. Яссауидің «Диуани Хикмет» 
еңбегінің діни-тәрбиелік философиялық маңызы 
Қожа Ахмет Яссауи (1093-1166 ж. шамамен) 
қазақ халқының 
байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық 
поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани 
ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. 
Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі ислам мәдениетінің 
ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген 
ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық 
ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең 
Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта 
елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла 
тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. 
Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше 
талантымен көзге түскендер Ахмет Үгінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен 
Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер 
болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен
кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын 
татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті 
Сұлтан Яссауи еді. Ахмет Яссауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз 
әңгімелер тараған. Яғни әл-Фарабидің жазған философиялық дін туралы 
еңбектерінде Яссауидің жазған нақыл сөздерін, ислам діні туралы 
жазғандары кездеседі. 
Оғыз-қыпшақ даласынан шыққан ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби 
мен Қожа Ахмет Яссауи ақынның саналы ғұмыры өткен Сыр өңірінің түлегі. 
Болашақ ұлы ғалым – әл-Фараби болмысындағы таным негіздері оның балаң 
күнінде, туған топырағында қаланғандығына күмән жоқ. Бастау негіздері бір 
болған Яссауи мен Фараби шығармашылығында сабақтастықтардың 
молынан кезігуі заңды. Бұған екі ғұламаның да араб, парсы тілдерін жетік 
білгенін, аталмыш тілдерде дүниеге келген рухани мәдениет туындыларымен 
жете таныс болғанын қосар болсақ, қос ғұлама шығармашылығының 
үндестіктері мен сабақтастықтарын тереңдете зерттеу қажеттігіне көз жете 
түседі. 


53 
Ортағасырлық Шығыстың озық ойлы шығармашылық иелеріне зор 
ықпалын тигізген Фарабидің гуманистік және рационалистік идеяларының 
негізінде сопылық ілім ұстанымдары, ал оның «парасатты адам» идеалының 
қайнарында сопылықтағы кемел адам концепциясы тұрды. Түркі даласының 
даңқты түлегінің поэзиялық мұрасында да сопылық сарын ізі сайрап жатыр. 
Мұның барлығы Фарабидің өзі туған топырақтан түйіп өскен, бала шақтан 
санасына сіңген хикмет ілімінің жемісі болатын. Фараби өлеңдері мен Яссауи 
хикметтері сабақтастық тұрғысынан сараланар болса, бірқатар жайттардың 
беті ашылары сөзсіз. 
Ғұлама өлеңдеріндегі «әлем», «сыр», «шарап», «гауһар», «нұр», 
«ақиқат», «дүние» секілді ұғымдардың дағдылы поэзияда да, күнделікті 
қолданысымызда да бар болғанымен, сопылық поэзияда әлдеқайда терең 
мағынаға ие болып, терминдік қалыпқа түскен, бір-бірімен ажырамас 
байланыстағы тұрақты қолданыстар болып табылатыны айтылды.
Бұл ұғымдар Фараби өлеңдерінде де, Яссауи хикметтерінде де таза 
сопылық мазмұнда қолданылады. Фараби философиясының негізінде 
«хикмет ілімінің» жатқаны белгілі. Түрліше рухта жазылғанымен Фараби 
мен Яссауи жырлары бір сырды, бір мағынаны жеткізуге тырысады. 
Суфизм - исламның ішіндегі мистикалық аскеттік ағым. Арғы төркіні 
"таза, пәк болу" дегеннен шығады. Орта Азия мен Қазақстан жерін 
мекендеген түркі халықтарына араб-парсыдан келген сопылық ілімді 
бастаушылардың бірі Қ.А.Яссауи еді. Яссауи мектебі арқылы сопылық 
ағым келді. "Диуани Хихмет" жазбаша жәдігерлік ретінде рухани қозғалыстың 
козғаушысы болды, оның авторы түркілік сопылықтың арнасын салып берді. 
"Диуани Хихмет" бастан-аяқ ақыл-өсиет, үлгі-өнеге, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет