Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Өзін тексеру сұрақтары: 

Төле би дүниетанымындағы билік философиясын талдаңыз 

Төле би мен Тәуке хан арасындағы рухани сабақтастықты
қалай түсіндіресіз 

Төле би және конфликтологияны сараптаңыз 

Қазақ қоғамындағы билер дәуірінің ерекшеліктерін айқындаңыз

Төле би қазақ халқының рухани идеологы ретінде не айтасыз
 
Өзіндік жұмыс сұрақтары: 

Төле бидің ел басқару ісінде қолданған саясатын талдаңыз 

Төле бидің қазақтың әдет-ғұрып заңдарын құрастырудағы
рөлін көрсетіңіз 

Төле бидің даналық сөздерінің қазақ қоғамы үшін
маңыздылығын нақтылаңыз 

Төле бидің Жоңғар хандығын құлату үшін ұстанған
саясатын түсіндіріңіз 

Орыс зерттеушілерінің қазақ заңдары мен әдет-ғұрыптары
жайлы пікірлерін ашып беріңіз 


85 
---------------------------------------------------------------------------------- 
 
4.5. Казыбек би
-
төбедегіні келтірген төрелік
 
Казыбек би Келдібекүлы (1667-1764 жж.) 
Тұран жұртының кілең 
қасқасы мен жайсаңдары 1680 жылы көктемде Тәуке Жәңгірұлын түп бабасы 
Шыңғысхандай қаһарлы, Әмір Темірдей әділетті, Аяз бидей ақыл ды да 
көреген, дұшпанына мейірімсіз, халыққа қамқор, ақиқаттың ақ жолынан 
ауытқымайтын ұлы парасат иесі деп бірауыздан ұйғарып, ақкиізге 
отырғызып, хан көтерген. Алты би ( Төле, Қазыбек, Әйтеке, қарақалпақ 
Сасық би, Мұхаммед би, қырғыз Қоқым би) үлкен үміт артып, Әз Тәуке хан 
деп айтуды ұйғарған. Әз Тәуке қазақтың үш асылын айнымас ақылшы етіп, 
ел билігінің тізгінің бір қолда ұстап, асқан кемеңгерлік, тапқырлық көрсетіп, 
ел үмітін, билер сенімін ақтап шықты. Сол кездегі даналар "Бөлінгенді бөрі 
жейді, жарылғанды жау алады" деп білген. Ата-бабамыздың сара жолынан 
айнымаған, біріне бірі сай әрі адал болған. Сөз — ақылдың өлшемі деп, 
жүйелі сөзге жығылған. Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным көрмей, ел үшін 
ерінбей еңбек еткен. 
Он жетінші ғасырда жоңғар шапқыншылығынан шарасыз қазақтар 
Арқа мен Алтайды, Жетісуды жау қолына қалдырып, босып, жосып, қасиетті 
Қаратау мен Сыр бойына ығысқан, сонда паналаған. "Ат басына күн туып, 
ауыздықпен су ішкен, ер басына күн туып, етігімен су кешкен" қилы заманда, 
қиын- қыстау қысылшаң шақта 1667 жылы (Ахмет Байтұрсыновтың "23 
жоқтауында" 1661 жылы туған. Өлген жылы 1758 делінген. - Құраст.) 
Қазыбектей ел қамын жеген ер дүниеге келіпті. Қазыбек ес біле анасы 
Тоқмейілден ұтымды да тапқыр сөз жаттап өседі. Қазекең о дүниеге көз 
жұмып кеткенше "батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай, 
ақылымен жол тауып отырған”. Осы өнерімен данышпан бабамыз "Қара 
қылды қақ жарған Каз дауысты Қазыбек, алты алаштың ардағы" деген атаққа 
ие болған. Қазекең аяғы жеткенше жүріп, қолы жеткенше сермеп, тілі 
жеткенше бұлбұлша сайрап, мазасыз өмір кешкен. Қылышынан қан тамған 
кеңес дәуірінде де Қазекеңнің ардақты есімін ел азаматтары есінен еш 
шығармаған, қайта, осы кісінің аруағына бас иіп, табынған, сыйынған. 
Қадірмен қария шағында Қарқаралы өңірінде дүние салған. Үлкен 
баласы Бекболат қыс ішінде киіз үй тіктіріп, денесін жер жібігенше сонда 
сақтап, көктем шыға Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи сағанасына апарып, 


86 
басына құлпытас орнатқан. Қазекеңнің Бекболат, Қазымбет, Сырымбет, 
Базаргелді, Ырқы деген бес ұлы, Қамқа атты жалғыз қызы болған. Қаракесек 
ішіндегі Шаншар әулетінен от ауызды, орақ тілді шешендер, қол бастаған 
айбынды батырлар, күйіші, әнші, ақын адамдар, дәулеттілер көп шыққан. 
Шетінен сөз өнерін қуып, ел билеп, өзгелерге үлгі-өнеге шашқан, артына 
өлмес мұра, асыл сөз қалдырған. Шаншардың ел билеген ерлері ғана емес, 
кейінгі бала шағасына дейін "жатып атар" "қу тілділігі" бар. Олар күтпеген 
жердеп оқыс сөйлеп, сөзбен түйреп, сынап-мінеп, күлкіге бөлеуге шебер 
екендігі әмбеге аян. 
Бір кездескенде Қазыбек биден жоңғар қонтайшысы: "Неше үлың бар?" 
— деп сұрағанда, Казекең: "Бір жарым ұлым бар", — деп жауап береді. 
Қонтайшы оған таңырқап: "Бір жарымың қалай? Мен бес ұлы бар деп естуші 
едім", - дейді. Сонда Қазыбек: "Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ. Аты — 
Бекболат. Соны бүтінге санадым. Ал мал мен қатыңға ғана ие болатындарын 
есепке алғаным жоқ", — деген екен. 
Қаз дауысты Казыбек айтты деген өткір сөздер көп-ақ. Олардың әлі 
күнге хатқа түспегендері аз емес. Солардың көпшілігі аңызға айналып 
кеткен, қоспа да қосылған. Біз солардың ішінен іріктен алып, кейбіреуін 
қалың оқырманға ұсынып отырмыз. 
Басы жұмыр пенденің бәрінде де балалықтың бал дәурені өтеді, 
орынды-орынсыз қылықтары да болады. Сондай бір әңгіме мынау. 
Қазыбек жастау кезінде жер шоқтығы Көкшетаудағы Қарауыл елін 
аралап жүргенде, Бейғұл деген бір байдың сұлу қызына көзі түсіп, ғашық боп 
қалады. Сол қызды жар етейін десе, қалың төлеуге малы болмай, қапысын 
тауып, қалайда қолға түсірмек боп, байға жалданып, жылқысын бағады. 
Шілденің бір күнінде жеміс-жидек теруге тоғайға топталып кетіп бара 
жатқан бір топ қызды Қазыбектің көзі шалып қалады. Қараса, солардың 
ортасында нақсүйер қызы да бар екен. Қазыбек те жалма-жан белдеудегі 
біреуге міне салып, құрығын қарнына іле сап, әлгі қыздардың соңына түсіп 
береді. Жеміс жидектін қызығына батқан қыздардың ішінен бір қалт еткенде 
ғашық қызын оңашасын тауып, қапыда қолға түсіреді... Қазыбектің бұл 
жөнсіз қылығына қорланған қыз ашуға булығып, сол бетінде Тәуке ханға 
барып, былай деп өлеңмен шағым айтыпты: 
Біздер жеті қыз едіқ 
Жиделінің бойында
Жидек теріп жүр едік. 
Асау кара үйреткен, 
Талдан құрық сүйреткен 
Біреу келді касыма, 
Қайғы салды басыма, 
Кұрығын салды мойныма, 
Колын салды қойныма. 
Бір білезігім бар еді, 
Бар да болса, тар еді, 
Тар білезігімді кеңейітті, 


87 
Жеңгемменен тең етті, — депті. 
Тәуке хан қолма-қол жендеттерге Қазыбекті әкелуге әмір етеді. 
Казыбекті пенде қылып алдына салып алып келген соң, қызға жаңағы айтқан 
арызын қайталатады да, хан: 
"Бұған не дейсің, қарабетім?" - дегенде, Қазыбектің хан алдында 
қасқиып тұрып берген жауабы мынау екен: 
Жаздыгүні болғанда, 
Айғыр менен бұтқа мас. 
Күздігүні болғанда, 
Кошқар менен теке мас. 
Жиырма бесінде жігіт мас, 
Жиырмасында қыздар мас. 
Сол мастыққа тап болды
Алма мойын, қиғаш кас. 
Алсаңыз, тақсыр, міне, бас, 
Алмасаңыз, алдияр бас, —деген екен. 
Сөзден тосылып, үндемей біраз оғырған хан: "Иілген басты қылыш 
кеспес деуші еді. Бірақ жазасыз кетпесін. Қара сиырға ашамай салып, теріс 
қаратып мінгізіп, мойнына кұрым іліп, ауылды айналдыра жүргізіп, 
таңертеңнен кешке дейін масқаралау керек", — деп жарлық беріпті. Жарлық 
орындалып жатқанда, Қазыбек қорланудың орнына қайратына мініп: 
-Қара сиырға мінгенбіз, мойынға құрым ілгенбіз. Аллам жолды оңғарса, 
беттің арын белбеуге түйгенбіз, ах-аху, еһ-еһу! — деп өлеңдетіп жүре берген 
екен. Әз Тәуке хан бір жұма өткен соң қыз бен жігітті шақырып алып: 
Екеуің бір-біріңе тең екенсіңдер. "Теңін тапса, тегін бер" деген, екеуіңді 
қостым”, — деп ақ батасын беріпті. Осылайша жас Қазыбек үйлі-баранды 
болып, ұзақ бақытты өмір сүрген екен. 
Жастау кездерінде Төле мен Әйтеке Қазыбекті сынамақ боп, бір ерге 
өтірік таласып, алдына жүгініпті. Ер иесі Әйтеке, даулаушы Төле болса 
керек. "Қапталың қайың, қасың тал, Қазыбек қосқан ерімсің? — депті 
Әйтеке. Ал Төле болса, ер өзінікі екендігін,одан ешбір айрылмайтындығын 
айтып тұрып алады. Сонда Қазыбек Төлеге: "Сен қараның ұлы Төлесің, адам 
болайын деп жүрген немесің, қу ағаш үшін жан берме, жан берсең, 
ажалыңнан бұрын өлесің! Сен екі шіркін мені сынамай-ақ қойыңдар. 
Орталарыңда бір кісінің жауырыны жерге тимей-ақ жүрсе қайтеді?" — деген 
екен. Қазекең оза шауып, тон жарып алға түспеген. Әрдайым бас бағып, сөз 
тындап, соңынан сөйлеуге дағдыланған. Айтса — бітіріп, кетсе — үздіріп, 
сөзін өткізе білгендігін көреміз. 
Қазақ пен қалмақ тығырыққа тіреліп, таразыға түскен сын сағатта 
уыздай жас Қазыбек тыңнан жол салып, қиыннан қиыстырып: 
Ерден ердің несі артық, 
Ептестірген сөзі артық. 
Малдан малдың несі артық, 
Бір-ақ асым еті артық. 


88 
Жерден жердің несі артық, 
Бір-ақ уыс шөбі артық. 
Міндетіне алған сөзден 
Шегінген жігіттен 
Аштан өлген аюдың еті артық,
- деп Тайкелтір би мен хан Бертісті тыйып тастап, бүркітше шүйіліп, 
Қонтажыға: "Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат!" — дегенде, хан: "Өй, өзің 
жөнінді айтшы, аты-жөнің кім?" — дегенде: "Руым Қаракесек, әкем Келдібек, 
атым Қазыбек", — деп саңқ етіп берген жауабы, әсіресе оның: "Біз — қазақ 
деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. 
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын 
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан ала жібімізді аттап, басынбаған 
елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп 
тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып 
отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң. біз — қазақ, қарпысқалы 
келгенбіз, сен темір болсаң, біз — көмір, еріткелі келгенбіз, екі еліктің 
баласын теліткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, 
танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы 
келгенбіз. Сен қабылаң болсаң, мен — арыстан, алысқалы келгенбіз, жаңа 
үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгепбіз, тұтқыр сары желімдей 
жабысқалы келгенбіз, берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, жөніңді айт не 
тұрысатын жеріңді айт", — деп жөн айтуы қазақ тарихында алтын әріппен 
жазылған тарихи құжат. Мұны мұражайға жарқыратып жазып қойса да 
болғандай. 
"Төле би дүниеден өтті" деген суық хабарды естігенде, Қазекең "Төле 
өлді дегенше, дүниедегі әділет өлді десеңші. Бүтін билікке Төле жеткен, 
бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?" — деп жер 
таянып, көзше жас алыпты. "Қара қылды қақ жарған әділдік, төрелік" 
дегендер осы болса керек. 
Әз Тәуке "Жеті Жарғыны" қабылдап, көңілі жай тапқан соң, үш биді 
сынамақ боп: 
-Дауға билік айтқанда жасы мен жолы үлкеннің бастауы, жасы 
кішілердің қостауы жөн бе әлде жасы кіші бастап, жасы үлкендер қоштауы 
жөн бе? — десе керек. Сонда Төле: 
-Төбеде тұрған төрт жағын түгел көреді, ал төменде тұрғандар біреуі 
екі жағын, беткейде тұрғаны тіптен бір жағын әрең көреді. Сондықтан жасы 
үлкеннің алдымен сөз алғаны дұрыс, - депті. 
Бірде елшілікке келген көрші елдің бір адамын өлтіру жайында сөз болыпты. 
Үш би оңаша шығып әңгімелесіп тұрғанда, Төле көлге қарап тұрып: 
-Алар ма еді мына көлдің қуын атып? — дейді. Әйтеке: 
-Оғың шығын болмасын суын атып, - дейді. Сонда Қазыбек: 
-Құтыла алмас бәлеге қалып жүрмейік, Құс екен деп перінің қызын 
атып. — деп сөзді бітіріпті. 
"Қаһарлы сөз қамал бұзады" деген, осы сөзден кейін-ақ «Қаз дауысты 
Казыбек» атанып, алағашқы даңқы кең жайылған, аты ауыздан еш түспеген. 


89 
Қазекең тек Әз Тәуке тұсында ғана емес, Сәмеке хан мен Абылай заманында 
да әділет туын желбіретіп өткен. Ата жауы жоңғар, қалмақтармен ғана емес, 
Ресей, Қытай, Бұхар, Хиуа араларындағы шиеленіскен дау-жанжалдарға 
белсене араласқан, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған. 
Әрдайым аразды татуластырып, алысты жақындата білген. "Елдестірмек — 
елшіден, жауластырмақ — жаушыдан" деп, елшілікті де мінсіз атқарған 
тұңғыш дипломат, данагөй Қазыбек Неплюев пен Гладышевтар арқылы 1 
Петр патшамен де қарым-қатынаста болғандығы белгілі. Қазекең үш жүздің 
ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы-қасында болған, хандар 
мен сұлтандардың оң көзі мен оң қолы, сенімді ақылшысы, ханға бергісіз биі 
болған. Әбілқайыр ханды өлтіріп, азуын айға білеген Барақ сұлтанға: 
"Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп 
құтыласың, екінің бірі, егіздің сыңары, Барақ", — деуі, ақыр соңында ол 
еріксіз мойындап: "Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе!" — деуге мәжбүр 
етуі тек айбыны ай жасырған сұсты тура би Қазекеңнің қолынан келетін іс. 
Қаз дауысты Қазыбек — бойына біткен ерекше дарынымен тай бәйгесінен 
озып шығып, ат бәйгесіне қосылған, тұңғыш рет елшілікке атшы болып 
барып, басшы болып қайтқан, бала биден дана би атанған қазақ тарихындағы 
өайталанбас ерекше тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет