82
Былай барсаң, қалмақ бар,
Күшіңді ептеп алмақ бар,
-
деген өлең жолдары қазақтардың ауыр жағдайынан, басар тау, барар
жер таппай қиналған, ширыққан шағынан хабар береді. Тұйықтан шығар жол
іздеген ел басындағы қолында билігі бар азаматтар орыс патшасынан қолдау
күтеді. Кіші жүздің Қайырлы деген бір ақыны сол патшаға бағынған дәуірдің
кұйін жырлап келіп, былай бітіреді:
Айқайдан ыққан ақ бөкен
Қашып қайда құтылар –
Құрулы қақпан жатқан соң?..
Жылқыдан шыққан қашаған
Қашып қайда құтылар –
Мойына бұғау атқан соң?!...»
Осындай қиын шақта Төле би 1733 жылы орыс патшасына хат жазып,
өз ұлысы ғана емес, тұтас ел болып оның қоластына енуге даярлығын
білдіреді. Хат та Қодар би,
Сатай батыр, Хангелді батыр, Бөлек батырмен
қатар, Төле би Бөлек батырды жоңғар қонтайшысына елшілікке жібергенін
жазады. Аталған құжат Төле бидің елдің сыртқы да, ішкі де саясатына батыл,
белсенді араласа бастағанын көрсетеді. Осыдан бастап Төле би сыртқы
саясат саласында өз қызметін өле-өлгенше саябырсытқан емес. 1734жылы
Анна Ивановна Төле бидің хатына жауап қайтарып, онда Ұлы жүз
қазақтарын өз қоластына алғаны туралы жазады. Бірақ бұл хат Орынборда
жатып қалады да, Төле биге жетпейді. 1738 жылы осындай тілекпен патшаға
енді Жолбарыс хан өзі хат жолдайды. Ханның бұл хатының жазылуына Төле
би ықпал етті деп болжауға болады. 1743 жылы Түркістанды Сейіт хан
басқарады. Бұл кезде Төле би бас би дәрежесінде болған.
Жоңғар қонтайшысы Түркістан мен Ташкент қалаларын қазақ
сұлтандарына
кезек-кезек ұсынып, олардың арасында тартыс туғызуға күш
салады. Әдепкіде Түркістанды, Ташкентті билеуге олардың қай-қайсысы да
қызығады. Алайда Төле би билік үшін жоңғар қонтайшысына кіріптар
болуды мақұл көрген Әбілмәнбет ханның ісін құптамайтын сыңай танытады
да, Қоқан ханы Әбділ-Керімнің Ташкентті жоңғардан қайтарып алуына
жағдай жасайды. 1744 жылдың күзінде Әбділ-Керім би Ташкентті алады.
Қонтайшысы таққа отырғызған Айбек қашады, қасындағы ат төбеліндей
жоңғар шеріктері онымен қоса кетеді. Әбділ-Керім би Ташкентке өз адамын
қалдырып, Төле биді де сонда шақырып, бас билікті береді. Бірақ Төле би
қалада емес, көшпелі тұрмыстағы өз ұлысында болғанды дұрыс көреді.
1745 жылдың көктемінде Төле биге жоңғардың Сары Манджа нойаны
қонаққа келеді. Сол жерде Сары Манджа өледі. Сары Манджа өлгеннен кейін
де Төле би өз ұлысында тұра береді. Елшілері арқылы Әбділ-Керім би Төле
биді ұлысымен
өзінің аймағына келуді, болмаған күнде не Орта жүзге, не
Кіші жүзге көшіп кетуін талап етеді. Төле би Әбділ-Керімнің алғашқы
ұсынысын қабыл алады.
Айтылған жайларға қарағанда, сары Манджа нойанды өлтіру Төле би
мен Әбділ-Керім бидің өзара ұйғарымы бойынша жасалған іс деуге болады.
83
Төле би Қоқан билеушісі Әбділ-Керім бимен келісіп, жоңғар
басқыншыларына қарсы осындай қиын күрес жүргізіп жатқанда, Әбілқайыр
хан мен Барақ сұлтан арасындағы тартыс шиелене түседі. Тартыс 1748 жылы
Әбілқайырдың өліміне әкеліп соғады...
Елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың бейбіт, тыныш
жағдайын, тұтастығын қалпына келтіруді, сақтауды көздеген бидің еларалық
сипаттағы
билігімен қатар, ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де
оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-
тілегінің әулиедей тазалығы танылады. Соның бір мысалын қазақтың әдет-
заңын зерттеуші П.Е.Маковецкий атап өтеді. П.Е.Маковецкийдің келтірген
дерегінде Төле би суыққа тоңып өлген бір адамға байланысты билер
жиынында билік айтады. Билік бойынша, боранда, суықта тоңып өлуге
айналған адамға жанындағы немесе оған ұшырасқан
кісі қасқыр ішігі бола
тұра қайрылмай кетер болса, онда ол суықтан өлген адам үшін жарты құн
төлеуге тиіс болады. Егер оның кигені қасқыр ішік емес, жай тон болса, ол
суықтан өлген адам үшін айыпсыз деп танылған.
Бидің шешіміне адамға, адамның өміріне деген құрмет те, адамгершілік
ұлы сезім де, жұртты кісілікке, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мұрат
тұтқан аталық даналығы да бар десек, оның ешқандай да артықшылығы жоқ.
Л.Баллюзек қазақ биінің бір билігіне таңқала отырып,
әділ шешімнің
жаугершілік жағдайындағы қазақтар үшін мейлінше тиімді екендігіне назар
аударады. Аңдап қарағанда, Төле бидің бұл билігінің де мемлекеттік, бүкіл
халықтық мүддеге негізделгені көзге түседі. Оның үстіне, бидің ойы дара,
биліктің мазмұны сара: елдің де, ердің де көкейіне қона кетеді. Дара ой мен
сара мазмұнның түрі де сыңғыр қағып, бірыңғай келісіммен жарасып тұр.
Расында да, «Шідер – қос, арқан – дос, тұсау – бос » деген қанатты сөздер
терең мазмұнымен ғана емес, бірін бірі қуалай, бірімен бірі жарыса үйлескен
әсем ырғағымен де ерекше назар аудартады.
Төле бидің беделінің, ел ішіндегі орнының жоғарғы екендігін байқаған
жоңғар қонтайшысы Лама Доржы оны кеңесу үшін Жоңғарияға шақырады.
Қауіп-қатер сезінгенмен, Төле би шақырған қонтайшысына баруға бекінеді.
Қоңтайшы қазақ биін жылы қабылдайды.
Еліне оралған Төле би Лама
Доржының өз күйінен байқағандарын Абылай ханға жеткізеді. Лама
Доржының қонтайшы тағына үміткер болып, қарсылық жасап, ақыр қазақ
жеріне қашып Дваци, Әмірсана нойандарды Жоңғарияға қайтару туралы
сұранысын қанағаттандырмау туралы хат жолдайды. Хатта Төле би
Давацидің бүкіл Жоңғария аймағына беделді нойан екенін, ол үшін
жоңғарлардың өз арасында қақтығыс болып жатқанын, оны Лама Доржыға
ұстап бермеуден қырғыз бен қазаққа келетін зиян жоқтығын жазады.
Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ үшін болған күресті
демеп, қолдап, ежелгі жауын іштен әлсіретуді дұрыс көріп қана қоймай, бұл
секілді үлкен істі Абылай ханға тапсыруды мақұл көреді. Абылай Төле бидің
бұл ұсынысын толық қабыл алады. Әмірсана,
Банчжур нойандарды жоңғар
қонтайшысына бермеу туралы шешімге келеді. Хан шешімін Бөгенбай,
Жапақ секілді елдің беделді батырлары да қолдайды. Осыған келіскен
84
қазақтар жоңғар қонтайшысының тағына Даваци нойанының отыруына
көмектеседі. Давацимен тіл табыса ламай келген Әмірсана нойанды да
қолдайды.
Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жоңғар нойандарын алма кезек
қолдай отырып, ақырында Жоңғарияның сілесі қатып, қатты қалжырауына
қол жеткізді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген саясатының
ірі нәтижесі еді.
1755 жылы ерте көктемде Цин мемлекетінің Әмірсана бастаған 20 мың
қарулы қолы Жоңғария жеріне келіп кіреді. Бұл Жоңғарияның хандық
ретінде жойылуының басы еді. Елі мен жұртына жүздеген
жылдар бойы
тыныштық бермей, малын да, жанын да аяусыз тонап, талаған жоңғарлардың
енді бас көтермесіне көз жеткізген қарт би 1756 жылы дүниеден қайтады.
Бидің артында даналығына куә болып билік шешімі, дара сөзі мен сара сөзі,
сондай-ақ ел-жұртын басы біріккен іргелі, егеменді ел етсем деген асыл
арманы қалды.
Арманы мен тілегі асыл, билігі мен білігі асыл бидің өзі де асыл
екендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: