Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Өзін тексеру сұрақтары: 

Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеясын көрсетіңіз

Ы. Алтынсариннің тәрбие, педагогика, дін туралы ойларын талдаңыз

Ы. Алтынсариннің моральдық этикалық көзқарасын сараптаңыз 

Ы. Алтынсариннің саяси әлеуметтік көзқарасының
ерекшелігін айтыңыз 

Ы. Алтынсариннің жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу
жайлы идеясын талдаңыз
 Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

Ы. Алтынсариннің дінге көзқарасын айқындаңыз 

Ы. Алтынсариннің дүниетанымының қалыптасуын сипаттаңыз 

Ы. Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан үлесін көрсетіңіз 

Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашып беріңіз 

Ы. Алтынсариннің «Мұсылмандық тұтқасы» еңбегін 
жазудың негізгі мақсатын түсіндіріңіз 
 
 
 
 
 
 
 
 


127 
-------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
5.3 Ақын, философ Абай Құнанбаевтың дүниетанымдық
көзқарасы 
 
А.Құнанбаев (1845-1904 ж.) 
Семей облысы Абыралыда (кейіннен Абай 
ауданы) дүниеге келген. Абай - реалист ақын, философ. Абай қазақ 
әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде 
Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Абайдың дүниетанымдық 
көзқарасына келер болсақ, ол сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін 
қуаттайды. Мысалы, 45-қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, 
қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстаған дүниеден хабар 
алады» дейді. 
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың 
реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Өз заманының 
ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, 
әсіресе, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, И.А. Крыловтың, В.Г. 
Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың 
шығармаларын оқып зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық
ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын
ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ
Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс 
болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б.Спиноза,
Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық
философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай 
мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчествалық 
өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды». Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы 
мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану 
ғылымындағы білімінің кееюіне орыстың материалистік психологиясы,
нақтырақ айтқанда И.М. Сеченов пен К.Д. Ушинский еңбектері маңызды 
қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, 
саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың 
арасында Е.П. Михаэлис, Н.И. Долгополов, т.б. демократтардың идеясында 
тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың


128 
көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғат, таным, ақыл 
жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк 
тұман – алдыңдағы келер заман», т. б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен 
жазылған «Ғақлиялары» ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, 
өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет
шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра.
Бұл «Сөздер» қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, 
тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер, т. б.), адам және
адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абайдың философиялық 
көзқарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік 
белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен 
байланысты және сол дәуірді танытатын нақты тарихи ережелер жүйесін
қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың 
дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы 
таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра 
қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. 
Солай бола тұрса да ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының
алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты 
дегенді теріске шығарады. М. Әуезов айтқандай, «... тіпті, оның ақынның
діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде 
мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта 
орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігін де
адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. ХVІІ-ХІХ 
ғасырлардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың өзі де адамды
абстрактілі түрде, жай ғана биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырып, 
оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегімен түсіндіреді. 
Адам 
мәселесін Абай әртүрлі: философиялық, биологиялық-
психологиялық, эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. 
Абайдың 
адам 
туралы 
негізгі 
тұжырымдары 
Чернышевскийдің 
«Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде 
айтылатын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс 
бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам 
тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам 
ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай жетінші 
сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - 
ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен дейді. Дүниенің 
көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, 
адамдықтың орны болмайды»,-дейді ойшыл-ақын. Ақынның дүниетанымы 
шынайы заттарды тануға және адамдар бақытын о дүниеден емес, жарық 
дүниеден іздеуі керектігіне бағытталды. Ойшыл-ақын әсіресе ғылыми 
ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің 
жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!». Ол діни қағидалардың мәнін аша келіп, 
Алланың «барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік 
келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны 
ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден 


129 
болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла мен 
бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің 
ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп пайымдайтын Құран
қағидасынан тікелей бас тарту болып табылады. Абай дүниетанымы 
бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын дін сияқты 
емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдернде молдаларды, 
мұсылмандық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық 
пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды.
Абай мұрасында таным мен логика мәселелері ерекше орын алады. ХІХ 
ғ-дың 2-жартысында Қазақстанның қоғамдық дамуына байланысты туған 
талаптар ойшыл-ақынды заңды түрде таным мәселелеріне көңіл бөлуге 
мәжбүр етіп, оған өзіндік көзқарасын айқындап берді. Қоғамдық өмірдегі 
ғылым мен білімнің маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік 
жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның 
үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді. Ол объективті әлемді тану 
мүмкіндігін және оның даму заңдылықтары мәселелерін дұрыс шешті. Оның 
ойынша қандай да болмасын білімнің, ақиқаттың қайнар көзі адам өзінің 
сезім мүшелері арқылы танитын объективті шындық. Біздің біліміміздің 
салыстырмалы шама екенін айта келіп, Абай: «... хабарлардың ұнамдысы 
ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен 
көзге түседі. Ол көңілге түсіруші... бес нәрседен өткен соң, оларды 
жайғастырып көңілде суреттемекке», - деп атап көрсетті. Ол таным мәселесін 
шешкенде ерікті адамның жеке басы мен оның белсенді күресіне деген 
сеніміне сүйенеді. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни 
ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық 
қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы, «өз рухын» 
адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып 
отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан, «сана ерікпен бірігуі қажет», 
екінші жағынан, сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек.
Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың 
шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы 
беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап 
көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, 
әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады. 
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп 
есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды 
талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған 
ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам 
табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі 
бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі.
Дегенмен ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай
отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, 
барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді.
Ол 
мұның 
себебі 
материалдық 
әлемнің 
шексіздігі 
мен 
таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, 


130 
келісті керімдігіне және қандай лайықты жарастықты законімен 
жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне 
ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді». Данышпан нұсқаған жолмен
жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның жан сарайы
күннен-күнге тазарып, кемелденудің биік деңгейіне шыға алады. 
Қазақ ағартушыларында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті 
мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл демократ, сазгер -
Абай Құнанбайұлы. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, 
философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Ол «ақынның 
азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен 
ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Құдай - өз заңдары бойынша 
дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай 
дінбасарлары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм 
тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы демократтарының көбінде 
кездесетіндей, «нағыз» дін немесе рационалдырылған дін позициясынан 
сынады. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен 
тануды қарсы қойды. Немесе оның өз сөзімен айтқанда «алла табарака 
уатағаланың шексіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына... хақтығына бірлән 
дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел сипат қырларға керек». 
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой өрісінің тереңдігі, 
халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге 
көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен 
көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге 
болады. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін 
қуаттайды.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан
жануарларды, адамды, алла жаратты деп тұжырым жасайды. «Мен» өлмекке 
тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ 
әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді 
деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. 
Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын 
қуаттың аты – ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен 
диалектикалық тұжырымдарының бейнесін көруге болады. «Қартайдық, 
қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде: 
Жас қартаймақ, жол тумақ, туған өлмек, 
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек, - 
деп, отыз екінші қара сөзінде: 
Дүние – үлкен көл, 
Заман – соққан жел, 
Алдыңғы толқын – ағалар, 
Артқы толқын – інілер, - 
деп, дүниенің өзгерісте, дамуда екендігін болжайды. Мұнымен бірге әр 
нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс деген пікір айтады.
Өлеңдер мен қара сөздеріне зер салып қарасақ, көптеген философиялық 
мәселелерді қарастырып, өзіндік ой пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз.


131 
Шығармаларының басым көпшілігінде өмір, өмірдегі адамның орны, оның 
мақсаты, мұң мұқтажы туралы ой шертілді. Ендеше философияның негізгі 
мәселесі Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады. 
Ақынның эстетикалық және этикалық мәселелер жөніндегі ой пікірлері 
сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белесі болып табылады. Оның «Құлақтан 
кіріп, бойды алар», «Құр айғай бақырған құлаққа ән бе екен» деген 
өлеңдерінде әннің, күйдің адам сезіміне әсер етер қуатты құдіреті, шипалы 
шапағаты көркем суреттеледі. Әсіресе жақсы ән мен тәтті күйдің 
ассоциативтік ой туғызып, адамның өткен өміріндегі ең бір тамаша кездерін 
еске түсіретіндігін шебер көрсетеді. «Жазғытұрым», «Жаз» деген 
өлеңдерінде табиғаттың көркем бейнесін ардақтап, оның адам ойы мен 
сезіміне шипалы әсер еткендігі баяндалады. Абай көркем сөздің 
эстетикалық маңызына ерекше көңіл бөлді. 
«Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы», - деп, өлеңінің «іші алтын, сырты 
күміс» болуын, бөтен сөзбен сөз арасы былғанбауын, әркімді, мақтап қайыр 
тілеуге арналмай, адамгершілікті, инабаттылықты дәріптеу керектігін баса 
айтады. 
Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар 
десек қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос 
қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде: 
Осындай сидаң жігіт елде мол ақ, 
Бәрі де шаруаға келеді олақ. 
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, 
Бар өнері қу борбай сымпас шолақ, - деп, өмірін бос өткізіп жүрген 
жастарды қатты сынайды. Әсіресе пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді 
адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс 
сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне: 
Ары кеткен алдамыш 
Мені ақ алда, сөкпейін. 
Балы тамған жас қамыс, 
Ормасайшы көктейін, - 
деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, 
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды 
кеңес етеді. 
Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сен де – бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та, бар, қалан!- деп, әр адам қоғамда өзінің орнын алуы 
керектігін, ол үшін өнер мен білімге ұмтылуы қажет екендігін айтады. 
Қоғам өмірін түсінуде Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда 
болды. Ол кездегі қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының 
себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді. 
Дегенмен ақын алғашқы кезде әлеуметтік істерге біраз араласып, орта жүз 
руларының басы қосылған Қарамола съезінде 76 баптан тұратын жаңа заң 


132 
ережелерін ұсынды. Қазақ даласында реформалар енгізуге талпынады. 
Алайда ескі феодалдық тәртіпті берік сақтағысы келген бай манаптар және 
отаршыл саясатты қолдаған патша өкіметі бұл реформаларды аяқсыз 
қалдырды. Орыстың алдыңғы қатарлы демократтарымен таныс болып, 
пікірлескен Абай реформалық талпыныстарының жүзеге аспайтынына бірте 
- бірте көзі жетеді. Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың 
арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын 
«Қараша, желтоқсан мен сол бір – екі ай», тағы басқа өлеңдерінде өмірді 
реалистік тұрғыдан суреттейді, қалың бұқараның ауыр тағдырына жаны 
ашиды, құтылар жол іздейді. Ұлы ақын да Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ 
халқының шырғалаңнан құтылар жолы – білім игеру, кәсіпті дамыту, 
аянбай еңбек ету деп біледі. Әсіресе еңбекті дәріптейді. «Еңбек етсең 
ерінбей, тояды қарның тіленбей» немесе «Бақпен асқан патшадан, Мимен 
асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық», 
деген сөздерде қанша философиялық тұжырым, ой жатыр. Аянбай еңбек 
етудің арқасында ғана адам дұрыс тұрмыс құра алады, ағайын туысқа 
шапағаты тиіп, құрметке бөленеді деп тұжырымдайды. Абайша, сену үшін 
алдымен түсіну қажет. Бұл ойлары Пьер Абеляр, Фарабиге жақын. Абай 
адам мәселесін оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысының аясында 
қарастырады.
Осыдан келіп адамның әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық 
мүмкіндігінің шексіздігі туралы идея туады. Ал Адам - өз тағдырының
қожасы және құрушысы. Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің 
құндылығы әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары - Абай 
тұжырымдамасындағы негізгі идеялар. Өз шығармаларында ол адамға 
мейірбандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің 
белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды. 
Адамдардың әртүрлілігі жайлы айта келіп, Абай әр адамның өмірде өз 
орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді. Адамның өз орнын, өзін 
табуына жол сілтеу, бағыт беру – ағартушының, бұқараны тәрбиелеушінің 
бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан келіп «Адам бол!» деген Абай 
этикасының негізгі принципінің мағынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам 
өзінің шығармашылық мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және 
жетілдіруі тиіс. Сонда ғана ол жаратылысынан өзіне белгіленген орынға сай 
келеді. Абай абстрактілі, утопиялық сарынды гуманист. Ол құдай идеясын 
адамнан жоғары сырт күш деп қабылдайды. Өлмес жан туралы, мәңгілік, 
шексіздік жайлы ой қозғағанмен, бұл ұғымдар діни мағынада емес, Фараби 
секілді игі істер мен ойдың әлеумет жолындағы мәңгілікті деген түсінікте 
келтіріледі. Абай әлемдік, «мен» және «менікі» деп метафизикалық түрде 
адамның рухани дүниесі мен тән тіршілігін, биологиялық болмысын қарама- 
қарсы қояды. Әйтсе де, бұл қарама қарсылықты жан мен тән дуализміне 
дейін өрбіте қоймайды. Осылайша, Абай адам мәселесін этикалық, 
қоғамдық – саяси, т.б. аспектілерде ғана қарастырып қоймай, толық 
философиялық дәрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз қажет. Көрнекті 
мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. 


133 
Жұбанов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, І. Жансүгіров, т.б. Абайдың ақындық 
мұрасын арнайы социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. 
«Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов,
Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және 
сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы 
біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да 
қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская 
правда», 30 көкек 1934ж,). 
Ақын шығармалары ХІХ ғасырда да Қазақстанда демократиялық 
қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш 
қайнардан нәр алды: 
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен 
сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 
2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы 
шығармалары; 
3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол 
арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Еуропаның) философиялық ойдың 
жетістіктері. 
М. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, 
жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші 
қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса 
зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне 
ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және 
философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының 
санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген 
қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, 
қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен 
заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын 
мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс 
әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне 
қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының 
байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз 
органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса 
зор. Бiр ұлттың өз дiнiне сенуi, оны құрметтеп түсiнуi сол ұлттың еркiндiгi 
мен ұлттық рухының, дүние тануының қаншалық екенiн өлшесе керек. 
Дегенмен дiнге табынып, құлшылықтан көз жазбай, ғибадат орнынан 
шықпай қою еркiндiк пен рухтың баянды жемiсi бола ма, болмай ма? Бұл 
жағынан дiндi насихаттау немесе оған табынудың өзiндiк өлшемiн жасау 
мәселесi көп адамдарды толғандырса керек. Дiндiк еркiндiгiмiз қалпына 
келген бүгiнгi таңда әлi де баяғы коммунистiк көзқарастан арыла алмай келе 
жатқан адамдар да аз емес. Ендеше не iстеу керек? Бүкiл қоғам болып дiндi 
өз мәнiнде ислам қағидалары бойынша бiржолата сiңiрiп әкету, ендi ғана 
ес жиған елге ауыр тиюi де мүмкiн. Олай болса, жаны мен тәнi үйiрлесiп 
болмаған ұрпақты бiртiндеп тәрбиелеу парызы баршамыздың мойнымыздағы 
ауыр жүк. Менiңше, ең әуелi Абайша дiндiк нанымда болу бұл мәселеге 


134 
толық жауап бередi деп ойлаймын. Абай шығармаларын жалпақ қазақ елi
бiржолата қабылдап кеткен жоқ. Оның да өзiндiк кедергiсi болды. Бiрақ
уақыт бәрiн көрсеттi, Абай ұлы тұлғаға айналды. Абайдың дүниетанымына 
тоқталғанда кешегi Құнанбайдың «аузына сөз салғанымыз» сияқты, ол 
ешқашан дiнсiз немесе орыс болып кеткен жоқ. Олай болса, Абай дiн
мәселесiне қалай қарады? Оның дiндiк нанымы мен танымы қандай
болған? Абай жасаған ХҮIII ғасырдың соңғы жартысы қазақ даласына ислам 
дiнiнiң бiршама кең таралған мезгiлi болып, әкесi Құнанбай Өскенбайұлы 
Мекке, Мединеге барып хажылық атақ алған, аса беделдi аға сұлтан едi. Бұл 
дәуiрде көшпелi қазақ сахарасындағы ақсүйек әулеттерi түгелiмен арнаулы 
ұстаз ұсыныс етiп, балаларына дiн оқуын үйрететiн. Оқу жасына жеткеннен 
бастап Абай да өз үйiнде ауыл молдасынан осы дiн оқуын оқыды. Сегiз 
жасар Абайдың оқуға деген зеректiгiн байқаған көреген әкесi оны Семей 
қаласына апарып, әуелi Ғабдулжаппар деген молданың тәрбиесiне бередi. 
Бұл молданың қарамағында екi жылдай болып, мұсылманша бастауыштық 
бiлiм алады. Бұдан кейiн он жасар Абай бiр басқыш жоғары дәрежедегi оқу 
орны — мешiт жанындағы дiни медресеге түседi. Осы медресе имамы 
Ахмет Ризаның қарауында үш жылдай болады. Бұл медресе жүйеден дiн 
жолын қуған оқу орны болатын. Абай бұл медресе оқуын да үздiк 
меңгерiп, ерекше көзге түстi. Ислам дiнiнiң ереже-заңдарын, иман 
шарттарын кезiндегi көп молдадан әрi терең, әрi көп игерiп жеттi. Жасынан 
ұғымтал жас жеткiншек айналасындағы күллi тiршiлiкке сын көзбен 
қарап, өмiрдiң қатпарлы сырларын бiлумен бiрге бос уақыттарында Низами, 
Науаи, Фирдауси секiлдi Орта Азия және Әзірбайжан халықтарының
шығармаларын оқи жүрiп ой елегiнен өткiздi. Абайдың ендiгi өмiрi өзiнiң
жүрек қалауы бойынша қоғамдық ортада туылып жатқан алуан
әлеуметтiк жұмыстар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас,
қайшылық сынды күрделi дүниенi тануға үңiлдi.
Сөйтiп, оның өмiр тануымен өзiндiк дiндiк идеясы да қалыптаса 
бастады. Мейлi қандай ақын, я жазушы болсын әрқашан өз
шығармасына өз идеясын сiңiрiп, өзiнiң сезiнген, бiлген, қорытқан өмiр 
логикасын, философиясын бiртiндеп дәлелдеп отырады. Құдды сол секiлдi 
Абай Құнанбаев та өз шығармаларында өз танымын, идеясын, көзқарасын 
ашық немесе жасырын түрде ортаға қойып отырды. Абайдың дүниетанымы
дегенде оның дiндiк нанымына көз жiберсек, оның өзiне ғана тән үнiн 
байқау қиын емес. Мейлi әкесi Құнанбай қажының ықпалына ұшырасын, 
мейлi дiн оқытқан молдалардың әсерiн қабылдасын, Абай ең алдымен
ислам дiнiне құрмет ете бiлген әрi өзi де "Жаратушы бiр Аллаһтың"
барлығына жүрегiмен табынып келген. Оның: "Құдай тәбәрәкә уә Тағаланың 
барлығының үлкен дәлелi — неше мың жылдан берi әркiм әртүрлi қып 
сөйлесе де, бәрi де бiр үлкен құдай бар деп келгендiгi, уә һәм неше
мың түрлi дiннiң бәрi де ғаделет, махаббат құдайға лайықты дегендiгi" 
(Абайдың қырық бесiншi сөзi), — деуi мен оны өлеңiнде бейнелеп: 
«Алланың өзi де рас, сөзi де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас». Көп 
кiтап келдi Алладан, оның төртеуі, Алланы танытуға сөз айырмас», —


135 
деуiнiң өзi осы ойымыздың шындығына көз жеткiзедi. Бұл ғана емес, отыз 
шақты өлеңiнде Алланы ауызға алады. Алайда Абайдың Аллаһқа мiнәжат 
етiп, тануы мен табынуы сол тұстағы күллi қазақ баласынан әлдеқайда 
өзгеше әрi озық болған. Бұлай деудегi себебiмiз, Абай бiр жағынан
қарасаңыз дiнге табынады, Аллаһты құлай сүйедi. Ендi бiр қырынан 
қарасаңыз, дiннiң ғылым екенiн ортаға қойып, өз мәнiнде түсiну қажеттiгiн 
айтып, диалектикалық материализм көзқарасымен қарайды. Әсте өлi түрде 
құлшылық ету, жалған құдайшылдық көрсетудей көзқарастан көш құлаш 
аулақ. Сөзiмiздiң басындағы Абайша дiнге табыну дегенiмiздiң өзi осы 
ойымыздың әдiл өркенi. Дiн — адамзат қоғамына белгiлi идеяны сiңдiрудiң 
құралы болғандықтан, Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) өзiнiң данышпандығына 
сүйенiп, Аллаһтың ақ үнiн жеткiзiп, ислам дiнiн таратып, әлемдегi ең 
ықпалды адамға айналды (Американың физик ғалымы Мекхаттың; 
"Адамзат қоғамындағы әйгiлi жүз адам" атты кiтабында Мұхаммед 
пайғамбарды (с.а.с) бiрiншi орынға қойған). Демек, ислам дiнi бiр қарағанда 
бiр Аллаһтан басқаны айтпайтын секiлденгенмен, бiр жағынан, 
шындығында үлкен ғылым. Бұл ғылым өзiнiң табынтушылық құдiретi 
арқылы үгiт-насихат айтады. Адамзатқа ары таза адамгершiлiк, өмiршең 
үмiт, жарқын болашақ бағыштайды. Осы орайда бүгiнгi Исламды 
қаралаушылардың әртүрлi сандырақтарына батыл қарсы тұруымыздың да 
қажеттiлiгiн айта кеткен жөн. Исламмен сусындап, мұсылманшылықтан 
есейген Абайдың дiннен айырыла алмауы әбден орынды едi. Бұған бола 
Абайды кiнәлау басы артық шаруа болар едi. Әрi солай делiнген күннiң 
өзiнде бiз оны жетпiс жылдық бодандық "жемiсi" ретiнде қарар едiк. Өзiнiң 
"жартасқа барып күнде айғай салып, онан жаңғырық қайтып" жүрген 
тайталасты дәуiрiндегi үнiн, ұранын, жан дiлi — өлеңiн дiндiк түстен алып
қашудың орнына қайта оны пайдалана отырып, халыққа айтудың 
қажеттiлiгiн жақсы бiлдi. Онсыз да "орыс, шолақ етек" деп кiнәлай бастаған 
айналасындағылардың ендiгi айтары — "дiнсiз" деген қарғыстан бетер 
жаман сөз болар едi. Ал Абай шын мәнiнде дiннен бүкiлдей бас тартса, 
халық оны және өлеңiн қалай қабылдар едi?! Сол үшiн де Абай: «Әуелi аят, 
хадис сөздiң басы, қосарлы бәйiт, мысал келдi арасы. Қисыны мен қызықты 
болмаса сөз, неге айтсын Пайғамбар меноны Алласы. Немесе: Күнi-түнi 
ойымда бiр-ақ тәңiрi, Өзiне құмар қылған оның әмiрi», дейдi. Сөйте тұра 
тағы да: "Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, 
тұтқан ораза, қылған хаж ешбiр ғибадат орнына бармайды" (Абайдың 
оныншы сөзiнен), — деп дiннiң өзiнiң де белгiлi ғылыми заңдылығы 
болатындығын, ғылымға бағынатындығын, ғылымсыз дiннiң де, дүниенiң 
де қараңдығын уағыздайды. Осы тұрғыдан оның: Кiтапты молда терiс оқыр, 
Дағарадай болып сәлдесi. Малқұмар көңiлi бек соқыр, бүркiттен кем бе жем 
жесi, деп сықақтауы да әбден лайығында. Бiлiм мен ғылымнан жұрдай, 
жалған бүркенiш жасаған молданың құлқы үшiн "Құлқуалланы" қайырған
ащы тiлмен әжуалайды. Осымен қатар ұят пен иманды бiр нәрсе деп
қарап, қазақтың "ұят кiмде болса, иман сонда" дегенiн алға тартады. Әрi 
қандай iс ұятты болады? Ол адамгершiлiкке тән бола ма, ұятсыз болса 


136 
имансыз болғаны, имансыз болса құдайсыз болғаны деген мазмұндармен 
дiн жолына қайшы нәрсенiң адамдардың ортақ мүддесiне зияндығын 
көрегендiкпен салыстыра көрсетедi. Абай "барлығы Жаратушының
жазған жазу, сызған сызығында" дегенге құлай берiлмейдi. Дүниеге 
материалистерше қарайтын кездерi де көп. Адам өз еркiнен тыс тұрған
сыртқы құбылыстарды, дүниенi, затты белгiлi жолдармен танып жете алады 
деп қарайды. Оның бұл ойлары: Алла мықты жаратқан сегiз батыр, баяғыдай 
соғысып әлi жатыр. Кезек-кезек жығысып жатып-тұрып, Кiм жығары 
белгiсiз түбiнде ақыр, деп табиғат құбылысындағы қыс-жаз, күн-түн, тақ-
жұп, жақсылық-жамандықты жұмбаққа айналдыруынан және қара жер 
адамзатқа болған мекен, қазына iшi толған әртүрлi кен. Iшiнде жүз мың 
түрлi асылы бар, солардың ең артығы немене екен? деп темiрдi 
жұмбақтауында көрiнiп, табиғат тылсымдарына үңiлген бiлу құмарлығының 
дiндi бөгет етпейтiндiгiн көрсетедi. "Жиырмасыншы сөзiнде": "Дүние бiр 
қалыпты тұрмайды, адамның қуаты, өмiрi бiр қалыпты тұрмайды", деген 
сөздер айтады. Бұл айтылғандардан Абайдың дiнге жалаң қарамайтындығын, 
қайта оны дүниенiң қозғалысты даму заңдылығымен қабыстыра 
түсiнетiндiгiн көремiз. Осылайша, Абай дiндi ғылымға, адамгершiлiкке, 
ахлақты мiнез-құлыққа сыйдыра отырып, тiрлiк заңына, ақиқи өмiрге 
ұштастырады. Оның дiндi түсiнуi, бiлуi, игеруi қаншалықты терең болса, 
дүниенi, ғылымды, жалпы қоғамның алға басуын зерттеуi де соншалықты 
терең. Сол себептi де ол "құдай, құдай" деп құрғақ жылауға да, "барлығы 
Аллаһтан" деп мүлиюшiлiкке де, "құдай деген құр қалмас" деп "алма пiс, 
аузыма түс" деушiлiкке қарсы. Ол сонымен бiрге дiнде терiстелетiн "өтiрiк, 
өсек, арамдық, надандық, жауыздық" сияқты адамшылыққа жат алуан 
құбылыстарды (былайша айтқанда Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с) 
хадисiнiң iзiмен) шенеп, әшкерелеп, одан аулақ болуға үндейдi. Оның 
орнына достыққа, береке-бiрлiкке, бiлiм-ғылымға насихаттайды. Сөйтiп, 
Абай дiндi түсiндi, оған құрмет еттi, ғылымды маңдай алды орынға қойды, 
адамдар арасындағы алуан қайшылықтың қатпарына үңiлдi, жат 
құбылысты сын тезiне алды. Осы арқылы Абайша дiн тануды 
қалыптастырды. Осы орайда Бейбiт Сапарұлының "Құнанбай қажы" 
кiтабынан 
мынадай 
үзiндiлер 
келтiргенiмiз 
артық 
болмас: 
"Мұсылманшылдық дегенде, Абай бес уақыт намазға жығылып, хажыға 
баруды үзiлдi-кесiлдi мұрат тұтпаған. Ислам табиғатын кей мағынасында, 
рухани еркiндiкпен қабылдаған. Абай әр аптаның жұма күндерi оңашада ұзақ 
уақыт бойына Жаратушы күшке сыйынып, Аллаһ тағалаға құлшылық жасап, 
қасиеттi Құран аяттарын нақышына келтiре үздiксiз оқумен болған..."
Абайдың дiндiк нанымы мен танымы тек Абай сынды ұлы ойшылға ғана тән, 
Абай сынды ақынға тән, Абай сынды философқа тән. Ол Абайдың, Абай 
болғандығынан туған Абайдың дiнтану ғылымы болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет