Сулейменов Пиримбек Муханбетович


-дәлел: қайта айналыс жолы



Pdf көрінісі
бет36/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

1-дәлел: қайта айналыс жолы. 
Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) – 
атом. Әр нәрсені өсіріп-өндіретін дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ 
өзгереді. 
2-дәлел: жаратылыс жолы. 
Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған жаратылыс жолы. Сондықтан 
біліп жаратушы ие деген бекер сөз (Бұл дәлел Дарвиннің табиғи 
эволюциялық сұрыпталу теориясымен тікелей сәйкес келіп тұрса да, бірақ 
оны Шәкәрім Литерие деген философтың атымен байланыстырады), 
3-дәлел: тұқымдастықтың жолы. 
Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жарылып жатқан соң, жаратушы 
деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар - бәрі теңізден 
туған. 
4-дәлел: дене сезімі. 
Біз әр нәрсені сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаратылыс 
жолымен еріксіз болып жатқанын көріп-біліп тұрмыз. 
Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі 
жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болған соң, бұл 
себептердің керегі не? Сонтықтан біліп жаратушы жоқ дейді. Бұл - Бюнхер 
сөзі. 
5 – дәлел: әртүрлілік

Барлық дүниеге қарасаң, тасы, ағашы, басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, 


142 
су, от сияқты тіпті біріне бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл нәрсе әр 
қалай болса, солай кезі келгендіктен, себебіне қарай жаралып жатыр. Оны 
бұлай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл Ғайсадан үш 
жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі».
Бұл дәләлдердің нақты дәлелдігіне қарамай, Шәкәрім оны қабылдап, 
философиялық материализм жағына шығаруға адам жанына, табиғатына аз 
мән беретін сияқты болып көрінеді. Оның пайымдауынша: «Дене әрқашан 
өзгеріп тұратын болғандықтан, жылдар, уақыттар өту себептері біржола өзге 
дене болып ауысады. Адамның әртүрлі сезімі әр тісті істеуі сол мидың өзіне 
ғана біткен сезу, ескертулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам 
өлген соң, дененің құралдары шашылып, бытырап, басқа бір өсімдік, 
хайуандарға кіріп араласады. Сөйтіп, әркім өзіне арнаулы жаны болмай, 
біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не дене, не жан қайта тірілу 
жоқ». Онда неге жан біржола жоғалуға тиіс? Міне, осы сұрақтарға Шәкәрім 
өмір бойы жауап іздеумен болды. 
Шәкәрім өмір бойы өзін-өзі жетілдірумен өткен адам. Ол әдебиет, 
тарих, философия, жаратылыстану ғылымдарымен де өте көп ықыластана 
шұғылданды. Оккультизм, спиритуалзм, магия мәселелеріне де қызықты. Ал 
философиялық дүниетанымында ежелгі антикалық классиктер: Пифагор, 
Демокрит, Эмпикур, Платон және Аристотель негізгі орын алды. Ол сондай-
ақ XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы француз философы О.Конт, 
ағылшынның позитивист философы Г.Спенсер, Нелийдің идеалист, 
пессимист философы А.Шопенгауердің, т.б басқа еңбектерін өте жақсы 
білді. Бұдан біздің нақтылы айтарымыз, Шәкәрім өзіне дейінгі болған, өзінің 
рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, Грекия, Еуропа 
кәсіби философиясының тарихымен тікелей шұғылданып, оларды тек біліп 
қана қоймай, өз пікірлерін, ойларын ортаға салып айта отырып, өмірде қазақ 
кәсіби философы атанды. Сөйтіп, қазақ философиясының деңгейін әлемдік 
философия қатарына қосуға жақындата түсті. Біздіңше, ұлттық 
философиялық тұғырнамамыздың басталуы, қалыптасуы осы кемеңгер 
ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталады деп батыл 
айта аламыз. Егер Шәкәрімнің «Үш анық» атты философиялық трактатына 
тереңірек үңілсек, байыптап қарасақ, мұнда спиритуализмнің, 
магнетизмнің, телепатияның кейде тікелей, кейде жанамалай, Шәкәрімнің 
ұждан туралы ой-толғауына игі қызмет етіп отырғанын көруге болады. 
Дегенмен, оның діни мистикалық ағымдарға да көңіл бөліп, жылы шырай 
танытқанын да байқап қаламыз. 
Бұл жөнінде философия ғылымының 
докторы, профессор О. Сегізбаев өзінің «Казахская философия XV-XX 
веков» атты ғылыми монографиясында Шәкәрімнің аталған пікірлеріндегі 
философиялық дүниетанымына, көзқарасына ешқандай да күмән келтіруге 
болмайтындығын баса айтып өтеді. Сондай-ақ философия ғылымдарының 
докторы Қ. Бейсеновтің: «Ол үшін әрине, Шәкәрімді айыптаудың еш жөні 
жоқ, өйткені өз көзқарасында үндес тарихында кездескен емес, мүмкін, енді 
кездеспейтін де шығар. Оны философтың саналы түрде мойындауы шарт 
емес. Ал Шәкәрімнің материалистік сарынға істеген сараңдығының көрінісі – 


143 
оның жаратылыстану ғылымдарының қол жеткен табыстарымен етене таныс 
бола тұра, олардың диалектикалық материализмді жақтайтыны туралы 
мүлдем ләм-мим демеуі», - деп жазған пайымдаулары да көңілге қонарлық.
Шәкәрімнің асқан жоғары білімдарлығына, Батыс пен Шығыстың 
мәдениетін жетік білетіндігіне оның өзінен кейін қалдырған рухани мұрасы 
тікелей куә. Шәкәрім қазақтың тұңғыш кәсіби философы ретінде қазақ 
философиясының да деңгейін өз еңбектері арқылы кәсіби философия 
деңгейіне көтере білді. Айталық, Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, 
тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдерінің талай 
ойшылдарының, ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері мен 
шығармаларының аты ғана аталып қоймайды, сонымен бірге мазмұн-мәні 
ашылып, кейде бірсыпыра пікір, ой жаратылып отырады. Бұл да Шәкәрім 
мұрасының айтарлықтай мәнді өзгешеліктерінің бірі. 
Бұған дәлел – «Үш анықта» кездесетін XX ғасырдың екінші 
жартысындағы көптеген Еуропа және Шығыс спиритуалистерінің 
есімдерінің аталуы, аталып қана қоймай, олардың шығармаларын да 
үзінділер келтіріп, өз пікірлерін де үнемі жарастырып отырғаны. Олар: 
Жанна д’Арк, Колен Штобе Аланкар, Морс Лошпатый, Озен Носи, Хасан 
Марзух, америкалық спиритуалистер Однос Морфе, Руберт Ксер, 
ағылшындық профессор Корке және т.б. 
Шәкәрімнің көп шығармалары терең философиялық, тарихи сипатта 
жазылған. Сол философиялық ғылыми мұралары зерттеу нысанына айналып 
отыр.
Шәкәрім мұрасы ұлан-ғайыр. Оның қозғамаған тақырыбы, қалам 
тартпаған жанры жоқ деуге болады: поэзия, эссе, аударма, хроникалық 
шығармалар. Сондықтан Шәкәрім мұрасында эпостық жанрдың бір түрі – 
белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын, сюжетке құрылатын шығармалар, 
поэмалар елеулі орын алған.
Адам мәселесі Шәкәрім философиясының орталық тақырыбы, яғни 
зерттеудің негізгі субъектісі болып табылады. Адам феноменін ол табиғат 
пен тарих мүмкіндіктерінің өзіндік өлшемі, жаратылыс дүниенің сыры 
ретінде қарастырады. Сонымен қатар Шәкәрімнің дүниенің «адами 
сипатына» жасаған анализі оптимистік тұжырымдар мен соны да бірегей 
концепцияға әкелді. Шәкәрім философиясының басты ерекшелігі – жалпы 
жаралыс, адам, қоғам туралы біртұтас көзқарас, яғни тұтас әлемдік сипатты 
(суретті) жасауында деп білеміз. Ойшыл дүниедегі адамның орны мен 
табиғатын сол әлемдік тұтастық тұрғысынан қарастырады. Демек, адам 
туралы ілімнің негізіне Шәкәрім белгілі онтологияны қояды. Ақын 
шығармашылығына ден қойсақ, оның дамудың көзі қозғалыста екендігін, яки 
материя құбылыстарына тән қарама қарсылықтардың бірлігі мен күресінде 
екендігін түсінгендігіне көз жеткіземіз. Бірақ Шәкәрім философиясының 
негізгі ерекшелігі бұл күресте антогонизм жоқ, жалпы үйлесім, гармония, 
келісім сипатында жүреді, сондықтан да Шәкәрімше: «Жаралыс жұмбағының 
ісі өлшеусіз, білдім деген білмедім дегенге есеп». Бұл ойын былайша 
жеткізеді: 
…Әлемде жоғалатын ешбір зат жоқ, 


144 
Өзгеріп түрленеді ойла шырақ… 
…Көктен жаңбыр жауады, жерде бұлақ, 
Қанша ақса да, оларда бар таусылмау…, 
одан әрі қарай: 
Жан деген не, 
Мүлде өле ме, 
Шын жоғалып сөне ме? 
Дене жөндеп, 
Жоғары өрлеп, 
Жаның мен деп келе ме? 
Табиғат құбылады, жаңбыр жауады, тау басын мұз шалады, көктемде 
еріп сай–сайдан, жылға-жылғадан бұлақтар сылдырлай ағады, бұлақтар 
жиналып, өзенге, өзендер жиналып, теңіз, мұхиттарға құяды. Ондағы су 
буланып, конденсация құбылысы негізінде қайтадан жауын-шашын, қар 
болып жерге, тауға түседі. Мұның бәрі – қозғалыс. Дүниедегі 
құбылыстардың қай-қайсысы да шексіз. Мәңгілік, тіпті бүкіл дамудың кілті 
болып табылатын қозғалыстың өзі уақыт пен кеңістік аясында болмақ. Бұл 
жерде Шәкәрім: «Барша әлем тапжылмай тұрып қалса, бола ма уақыт деген 
өлшеу салып», – дейді. Материяның немесе табиғаттың қозғалысы жоқ жерде 
уақыт, кеңістік ұғымы болмақ емес. Адамның өмірі де солай. Өмір бір 
орында тоқтап тұрмайды, өзгереді, дамиды, өледі. Уақыт алға жылжыған 
сайын жас келіп, адам қартаяды, орнына жаңа ұрпақ дүниеге келеді. Осыдан 
барып 
ғұлама 
дүние 
құбылыстарының 
шексіздігі, 
қозғалыстың 
қайталанбайтындығы жайында философиялық тұжырымын негіздейді. 
«Тұрақсыз шыр айналған дүние», «Дүние қу, бір ағын су», «Кетті-
келді, толды, семді, өзгеленді бұл ғалам. Туды-өлді, жанды-сөнді, өршіп өнді 
қайтадан» - деген шумақтарында оның дүниедегі бүкіл жаратылыстың соңы 
бар, тұрақсыз, уақытша, оның ішінде адамның да бұл дүниеде туылып, өсіп, 
қартайып, соңында өлетінін аңғаруға болады. 
Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы, 
Ортасы - өмір, жоқтық қой екі басы. 
Сағымдай екі жоқтық арасында 
Тіршілік деп аталар біраз жасы. 
Жоқтық, барлық, жоғалмақ араласы, 
Үш еріксіз болады мағынасы. 
Найзағайдай жарқ етіп өшпек болса, 
Өмірдің он тиындық жоқ бағасы. 
Мұндағы адамның тууы, өмір сүруі, өлуі еріксіз, адамның өзіне 
бағынбайтын құбылыстар. Оны реттеуші жоғарғы күштің, құдіреттің бар 
екендігін меңзейді. Адам бір жоқтықтан келіп, екінші жоқтыққа кететінін, 
осының ортасы өмір, яғни Құдайдың бізге берген сынақ әлемі, біз тіршілік 
етіп отырған «жалған дүниеде» мәңгі тұрақтамай, бақилық өмірге уақыт 
сағаты келгенде аттанатынымызды аңғаруға болады. Қазақ атам айтқандай, 
«Бұл дүние қарап тұрсаң, шолақ екен, адамдар бір-біріне қонақ екен», одан 
әрі қарай өмірдің лезде, көзді ашып-жұмғанша өтіп кететінін «өмірге есік 


145 
ашсаң таң алдында, сол есік кеш батқанда жабылғандай» деп сипаттайды. 
Міне, осыдан барып дүниенің өтпелі, жалған екендігіне толығымен көз 
жеткіземіз. Сол қамшының сабындай қысқа пәниде адамның өмірі мың 
құбылып, жүз түрленеді. Адам өзінің осы өмірге адам болып келгендігін 
және сол пәк қалпын өмірден өтер алдында сақтай алмай қалатын өкінішін 
Шәкәрім: «Адам болып туып ем, адам боп өту – арманым» деп ағынан 
жарылған. Шәкәрімше жан – денедегі қозғаушы күш. Тән – жанның өмір 
сүрер орны. Жан материялды емес, бірақ тек денеде өмір сүреді. Тән бүлініп 
бұзылуы мүмкін, ал жан өлмейді. Ал бұл денелер және жандар қайдан, неден 
таралып отыр? 
Жаралыс басы – қозғалыс, 
Қозғауға керек қолғабыс. 
Жан де мейлің бір мән де, 
Сол қуатпен бол таныс, 
Әлемді сол мән жаратқан. 
Қозғалмаса көшпейді, 
Көшпеген нәрсе өспейді. 
Өспеген нәрсе өзгермес, 
Түрден ол түрге түспейді, 
Қозғалыс түрлеп таратқан. 
Қозғаған қуат – жан дейміз, 
Жан өсті жаннан сан дейміз. 
Сол жандар әсер берген соң, 
Жаралды сансыз тән дейміз, 
Жанына қарай тән солар. 
Тіршіліктің пайда болуын бір қараған көзге материалистік атомистика 
және эволюционизм рухында бейнеленген болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның 
негізгі түп-төркіні тіршіліктің ғажайып жолмен пайда болуы туралы 
ойлармен тұжырымдайды. Табиғат болмысының негіздерін түсіндіре 
отырып, Шәкәрім өз заманының ғылыми жетістіктерін, XX ғасырдың 
басындағы кванттық механика, физика салаларындағы Галилей, Ньютон, 
Коперниктің, сондай-ақ сол кездегі практикалық мәні бар атомистика, яғни 
әлемнің жаралуы кіші атомдардан деген ғылыми ойларына сүйене отырып, 
бүкіл тіршіліктің, оның ішінде адамның жаралысы да сол атомнан, «нұрдан» 
немесе «сансыз құрттардан», «қазақша аты жоқ болған соң оны атом, мадда 
деп атаймыз», дей келе, оған терең тоқталмаса да алғашқы себеп – 
жаратушының бар екендігіне дәлел ретінде материя сипатын анықтай түседі. 
Материяның бірінші қасиеті ретінде Шәкәрім оның заттар мен 
құбылыстардың субстанциясы болуы қасиетін алады. «Әр дененің көзге 
ілінбейтін кішкентай бөлшектерден қосылып жаралғанын тауып, ол 
кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады. 
Сол бөлінуге келмейтін түпнегіздердің атын еуропаша атом деп атап, арабша 
мадда немесе өсер деп атады». Барлық материалистік теориялардағыдай, 
Шәкәрімде материяның өмір сүру әдісі – қозғалыс. Негізгі айырмашылығы – 
бұл қасиеттің қозғалысқа қозғау беретін «Иені» анықтау, дәлелдеу 


146 
мақсатында айтатындығы. «Материя қозғалысының немесе жүрісінің өлшеуі 
бар». Бұл өте мәнді сипаттама, яғни материяның өлшемі кеңістік пен уақыт 
деп қарауға болатын сияқты, ал «жаратушыны өлшеуге, сипаттауға 
келмейді» -деп нұсқайды Шәкәрім.
Мұны Абай Құнанбайұлы 38 ші қара сөзінде: «Алла тағала - өлшеусіз, 
біздің ақылымыз – өлшеулі, өлшеулімен өлшеусізді өлшеп болмайды», - деп 
ақылмен құдайды танып болмайтынын айтады. Дәл осы Абайдың сарынында 
Шәкәрім философиялық тілде шектілік пен шексіздік жайлы, материяның 
әмбебап сипаттарының бірі – шексіздігі болғанмен, уақыт пен кеңістік те 
шектелетінін айтады. Яғни шексіз – тек мінсіз, танып болмайтын Құдай ғана, 
ал шекті ол бүкіл жаратылыс материялар екенін тұжырымдайды. Атом 
сияқты түпнегізде ерлі-қатындылық сипат бар яғни материалды объектілер 
ішкі реттілікпен құрылымдық жүйеге ие. Реттілік пен тәртіптілік материяның 
заңды көзқарасымен барлық элементтерінің өзара әрекеттесуінен көрінеді. 
Осының арқасында олар жүйеге бірігеді. Шәкәрім неміс ғалымы Кеплердің 
физика мен механикадағы тартылыс және серпіліс заңын тиянақтады. 
Табиғаттағы әрбір қозғалыс екі күш: тартылыс пен серпілістің өзара 
әрекеттесуінен туады деп есептеді. Ал, әрбір дене бөлшек атом табиғатынан 
инертті болғандықтан қандай да болмасын қозғалыс жоғарыдан берілетін 
жаратушының бар екендігін дәлелдейтін құбылысқа айналған. Осының 
негізінде Шәкәрім рухтың қозғалыс көзін іздеді. Бейнесіз рухани субстанция 
қалайша тартылыс пен серпілістің қозғаушы күші болады? Оған жауап 
ретінде адамды «қозғаған қуат – жан дейміз» деп келтіреді. 
Шәкәрім жаратылыс, адам, жан мәселесіне орай негізгі екі шешімді 
мысалға келтіре отырып (діншіл, пәншіл), оларды екі тұрғыдан, екі жақты 
қарастырды. Адамда екі түрлі мақсат бар, - деп жазды, - оның бірі – тән 
мақсаты, бірі – жан мақсаты дейміз. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік 
мақсат көздейтін – тән мақсаты, адамшылық, ар мен адал еңбек іздейтін – 
жан мақсаты. Бастапқысын көксеген адам зұлымдық, қияметпен болса да 
мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғысын көксеген адамның адал 
еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат 
қылуды, тіпті ұнатпайды. Абай 43 ші қара сөзінде «Адам ұғымы екі нәрсе 
бірі – тән, бірі – жан» деп бөліп қарастырғанындай, Шәкәрім еңбектерінің 
барлығында да жан мен тәнді бөліп қарастыра отырып, жанды мәңгілік 
өлмейді ол құдайдан берілген аманат, ал тән осы дүниелік. Ал ақыл осы 
екеуін бір-біріне үйлестіруші, адамда болатын жақсылық пен жамандықты 
ажыратушы құрал, яғни Құдайға жету жолындағы танымы деп 
қарастырылады. 
Басында жан мен дене екі басқа, 
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа. 
Дене сауыт сықылды жанның орны, 
Оған да күту керек бұзылмасқа… 
Фәни дене бояуға-ақ мақтанады, 
Жан төзбейді, сол үшін сақтанады. 
Өлмес жанға өзгермес орын керек, 


147 
…Жан талпынар талайды көрмек үшін, 
Әр сырын дүниенің білмек үшін. 
Дене байғұс салмақ боп баса берер, 
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін . 
Тағы былайша жалғастырады: 
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, 
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр. 
Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен, 
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр. 
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп, 
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп, 
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін 
Зұлымдық пен айланы қылады сеп . 
Аңғарсақ, әрбір тіршілік иесінің өз тәніне лайық жанынан басқа бәріне 
ортақ, бәрін жаратушы, қадағалаушы және бәріне қозғау беруші «құдіретті 
субстанция» – жан жатыр. Шәкәрім түсінігіндегі жан субстанциясының 
негізгі қасиеттерін айтатын болсақ: 
«Жан жаратушы өзгеріп жататыны да рас». 
«Жан – қозғау беруші, тіршілік себепкері». 
Шәкәрім тіршіліктің «төменгі құрылымының» жоғары форма түріне 
өсіп, күрделеніп, дамып отыратындығын, «адам құрамының» сол тіршіліктің 
дамуы барысындағы өзара тығыз бірлестіктегі бөлшегі екендігін жазады. 
Жанға көнсем, жан иесі– 
Тәңіріге де көнгенім… – 
деп Шәкәрім атамыз адамның негізгі қозғаушы күші де, оған қуат беруші де
жан екендігін, ал жанды жаратушы оған қозғау салушы жоғары күш, яғни 
Құдайдың бар екендігін бекіте түседі. Таза ақылдың арқасында адам 
абстрактілікті меңгереді, пайдалыны зияндыдан ажырата біледі. Жанның 
тірегі бар. Ол – ұждан. «Жанның екі өмірде де азығы – ұждан». Ұждан деген 
– ынсап, әділет, мейірім, «жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, 
барған сайын жоғарылайтын нәрсе», – дейді Шәкәрім өз толғанымында. 
Сонымен, Шәкәрім адамның ішкі әлемін аша талдауға қуаныш-реніш, 
тіршілік мәнін тұрмыс машақаты, әділет пен зұлымдық туралы ой түйеді. 
Адам өзінің жаратылысы жағынан қайырымсыз да ақылсыз, жасық та 
қызба, еріншек те болып келеді. Ал жалпы адамгершілік, имандылық 
мұраттардың терең орнығып, адамдар рухани және жан әлемі жағынан байи 
түсуі үшін ерік-жігер, талант пен ақыл-ой, тапқырлық пен батырлық өте 
қажет. Адамға мейірім, ар-ождан, сабырлылық пен байқампаздық керек-ақ. 
Дегенмен осының бәрінен де адамда ынсап болмаса бәрі де бекершілік. Адам 
өмірге тойған емес. Сондай-ақ «Адам құрылымының», жан тәннің, нәпсі мен 
рухтың арақатынасын аша отырып, адамның басқа тіршілік иегерінен 
айырмашылығын, рухани сатыға көтерілгенде адам болмысының 
биологиялық және әлеуметтік формалары арасында туатын қарама-
қайшылықтарды қоғамдық-этникалық тұрғыдағы жай ғана білім мәліметі 
көлемінде емес, тарихи философиялық дәрежедегі зерттеу жұмысы түрінде 


148 
тұжырымдауымен құнды. 
Жалпы, Шәкәрім қай салада жазылған кітаптарды оқымасын, ол адам 
және әлем сырын білмекке ұмтылған. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай 
жаралған? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеген. Және соның бәрін ол 
«ноқтасыз оймен тексердім» дейді. Осы оймен ол Меккеге барғанын да 
айтады. Рас, Құдайға сенген, бірақ «талай дінді тексердім, ешбірі миға 
сыйған жоқ» дейтін де Шәкәрім. Тегіне тереңірек ой жіберіп қарайтын 
болсақ, ақын дүниеге көзқарасы жағынан деизмге ойлысатындай. Өйткені 
«әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, өзгеріп түрленеді, ойла, шырақ» деп ешбір 
қосу алусыз ой қозғайтын да Шәкәрім . «Ақыл сенбей, сенбеңіз, бір іске кез 
келсеңіз» деген Абай қағидасын берік ұстаған Шәкәрім діннің соқыр сенімін 
мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым ойшылдардың 
жазғандарына да талғаусыз табына бермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл 
көзімен қарап оқиды: 
Философ сөзін оқыдым, 
Талайын ойға тоқыдым. 
Кітабын да көргенмін
Әулие мен сопының
Бәрін де сынға салғанмын, 
Керектісін алғанмын... - 
дейді.
Шәкәрім Меккеге барғанда шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен 
бес парыздың бірі- қажылық борышын өтейін және «қажы» деген атақ 
дәреже алайын деген оймен бармаған. Анығы, «Шәкәрім тіршілік, тағдыр 
туралы сауалдарына жауап іздейді. Оқу іздеу аймағын кеңейте түседі. Дін 
тану емес, ел тану, жер көру мақсатында қажыға барып қайтады. Бұл сапар 
оның ой өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық жолы 
емес, ғылым, білім қуған Еуропа халықтарының жолын таңдауы керек деген 
ойға беки түседі». Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай 
кітапханалары бар Париж, Стамбул қалалары болған. Әдейілеп іздеп 
барғанда ақын өзіне керегін сол қалалардан тапқан. Шәкәрім дін мәселесінде 
фанатик емес, ол схоластик, дінді тіпті мойындамаған, діни соқыр сезімнен 
мүлде аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда, «ноқтасыз ойдың», 
сау ақылдың адамы болғанын бұған дейін да айтқанбыз. Ол патриархалдық
пен кертартпалыққа қарсы күресте орыс мәдениетінен шабыт пен күш қуат 
алды, өзге халықтарынын мәдениеті мен тарихына аса зор құрметпен 
қараған. Бұл оның өміртанымындағы өзгеше бір сипат еді: 
Мен ұлтшыл емеспін, 
Жақыным мынау демеспін,- 
деп бұл жөніндегі өз ұғымын тұжырымдайды. Ол бұл арада адамдар 
арасындағы шынайы қарым-қатынаста бастау алатын халықтар достығы мен 
туыстығы идеясы тұрғысынан әбден нақты ой толғам жасаған. Сондықтан да 
оның жан-жүрегімен айтқан сөздері біздің бүгінгі күнімізбен толық үндесіп 
жатқандай. Ақынның осы ғасырдың басында бүкіл адамзат қамын ойлап, жер 
бетінде бейбітшілік сақтау керектігі туралы жыр-толғауын тиісінше 


149 
бағалаған жөн. Көп үшін тілек тілеу Алладан ізгілік пен махаббат аңсап, ел 
санасын жақсартатын рухани нұрды, сәулені сұрау Шәкәрім өлеңдерінің
мағыналы да, мазмұнды бөлек бітімін құрайды. Халқының құрсаулы 
қамыттан көтеріле алмай жатқан езілген еңсесіне демеу боларлық күшті 
жаратушыдан тілеу оның толысқан, рухани кемелденген шағындағы 
тұжырымдарын танытады. Бұл кезеңдегі Шәкәрімнің өлең өрнегінің 
бөлектігі мен ой сұлулығы философиялық ұғымдарды суретті де, бейнелі іші 
мен сырты жымдасқан туындыларға айналдыра білгендігімен құнды. 
Ақынның «Жарға жетсем болғаны» дейтін ой түйініне үңілсек, 
жаратушы образын бейнелеудегі асқақ та биік те ізігілікті зор махаббатты 
сезінесіз. Жаратушыны өз танымы арқылы оқырман жүрегіне жеткізу. 
Сонымен қоса адамның жаратушысына деген ғашықтығы арқылы ізгілікке 
құштарлық сезімі мен дүние тазалығының шыңы махаббат екеніне көз 
жеткізіледі. Мұндай өлеңдерде қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлері, шығыс 
әдебиетінің желісі, Құран Кәрімдегі адам сүю, алла сүю сарындары қатарласа 
үйлесімділік тауып жатыр. Барлық діндердегі адамгершілік, мораль 
тақырыбына терең мән бере отырып, барлық діндердің ортақ құдіреті – 
«Жаратушы – Құдай» мәселесін биік қояды. Бұл тұрғыда ақын дүниежүзілік 
жалпы адамзаттың даму тарихын білгенін көруге болады. Адамның жан-
дүниесі, көңіл күйі, ниет-мақсаты жаратушыны cүюге бағытталса, сонда ғана 
адам шын ләззаттың, шын махаббаттың шуағына шомылады. Шәкәрiм 
танымындағы «жаратушы», «жар», «хақиқат», «шын» деген сөздер «Құдай» 
ұғымын бередi. Оның шығармашылығында осы сөздер жиi қолданылады. 
Көрем десең жарымды, 
Мас бол, жүрек тазала. 
Өртеп жiбер барыңды 
Қарсы ұмтыл қазаға
Жарға ғашық болғаныма 
Таңданатын түк те жоқ, 
Жер жаралмай тұрғанында 
Менде асықтың нұры бар,
– деген өлеңнің алғашқы шумағындағы «мас бол, жүрек тазала» деген 
тiркестегi «мас» сөзi «ойға шому» ұғымын бередi. Шәкәрiмнiң жаратушы 
жайындағы сырлы ойлары поэзия тiлiмен әдемi сурет болып көркемделген. 
Ақын өлеңдерiнде «шын» сөзi жиi қолданылады. Адам бойындағы 
қасиеттердiң «шынын», «шын таза жан», «шын сүю», «шын сыр» сөздерi 
арқылы өрнектеп, оны қоғамның жылдамдығымен астастырып, «шын дiн», 
«шын асық», «шын нұр», «шын хақиқат» деген ұғымдарға ұластырады.
Өзiнiң ерекше жаратылысымен, iшкi көңiл көздерiмен ақын – құдайды 
танып бiлуге ұмтылған «шын асық», жоғары сезiм иесi. Оның танымындағы 
«нұр» сөзінің мәнісі тереңде. Өлең сөздеріне әдемілік пен ізгіліктің, 
жаратушы мен адам арасындағы нәзік байланысты сездіретін «нұр» сөзінің 
қолданысы ақын шығармашылығының рухани көркем деңгейін ашуда 
ерекше өң береді. «Нұр» сөзі Алладан келер мейірімділік, шындық, сұлулық, 
ізгілік ұғымдарының мәнін жинақтап, көркемдік жүк көтеріп тұр.


150 
Сонымен, Шәкәрім шығармашылығындағы адам болмысының 
жаратушымен жарасымдылық табуын уағыздаудың мәні: Адам Аллаға, 
ынсап пен еңбекке ұмтылса ғана жөнделмек. Жаратушыны, алланы, тәңiрдi 
сүю арқылы рухани тазаруға жетуді уағыздау – Шәкәрiм поэзиясының негізгі 
өзегі. Осыны жеткізудегі ақын қаламынан туған тың сөз суреттері мен ой 
образдары оның поэтикалық ерекшелігін айқындайды. Шәкәрімнің 
философиялық, әлеуметтік, этикалық және эстетикалық ойлары XIX 
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы осы бір күрделі кезеңнің 
барлық күшті және осал жақтарын бейнелеген көрсеткіші, сол кездегі 
мәдениеттің, жалпы дүниежүзілік мәдениеттің синтезі болып табылады. 
Шәкәрім шын мәніндегі өзінің ұстазы Абайдың дүниеге деген 
көзқарастарын, ойларын, жалпы дүниетанымын, өміршең философиялық 
ойды ағартушылық бағытта әрі қарай дамытқан қазақ ойшылы болды. 
Шәкәрімнің ойлары, ілімі сол кездегі кең таралған діни догмаға үлкен соққы 
болып тиді. Шәкәрім өмір бойы ақылдың туын жоғары көтеріп өтті. 
Рационалды әдісті жақтады, ғылыми ойды діннің әсерінен бөлек дамытуға, 
қорғауға, философиялық мәселелерді теологиядан бөліп алуға, философия 
мен жаратылыстану арасында тығыз байланыс орнатуға тырысты. Ол бүкіл 
адамзат қауымы жете алатын барар жол мен тәсілдерін іздестірді. Олай 
болса, Шәкәрім шығармашылығы, Қазақстандағы қоғамдық, кәсіби 
философиялық ойдың дамуына, оның қалыптасуына зор үлес қосты деп айта 
аламыз. Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ ағартушылары ойының классикалық 
үлгісін жасаған болса, олардың ізбасарлары ретінде Шәкәрім Абай салған 
жол арқылы қазақ ойын өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен таза кәсіби 
философия дәрежесіне көтере білді. Бүгінде Шәкәрім қалыптастырған төл 
кәсіби философия дәстүрі Шәкәрімнен кейін жалғаса түсіп, өз үндестігін 
тауып отыр. Оның ізбасарлары, яғни Қазақстанның философтары биік 
кәсіби, ғылыми дәрежедегі жоғарыдан көрініп, ұлттық философиямыздың
дәстүрлі ерекшелігін сақтай отырып, әрі қарай дамуына үлкен зерделі
ізденістер жасау әрекетінде. Ал Шәкәрімнен кейінгі қазақ 
философиясын дамытуда үлкен өзіндік орны бар ұлт зиялылары 
Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, 
М.Шоқай сынды айқын саяси ұлттық бағыт алған әлеуметтік ізгі ойларын,
ғылыми зерттеу нысанасына айналдырған ұлт зиялыларының алдында 
тұрған келелі де жауапты міндеттердің бірі деп түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет