Кесте – 5. Түртіп алу әдісі - INSERT
Білемін (Ү)
|
Жаңа ақпарат (+)
|
Мен олай ойламаймын(-)
|
Сұрағым бар (-)
|
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, олардың шығармашылығынан алған, білгендерін түртіп белгілеп отырады.
ІІІ-фаза «Ой толғаныс» - «Қорытындылау» әдісінің тірек сызбасы:
«Ой толғаныс»
«Қорытындылау әдісі»
Ойын нақтылайды
«Ой толғаныс» үйрену процесінің соңғы фазасы болады, бұл кезде алған білімдерін ортаға салып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылайды. Сонымен бүгін біз жаңа технологияның RWCT жобасында жұмыс істеу барысында оқытудың инновациялық үрдісін ғана біліп қоймай, инновациялық бағытты қалыптастыра отырып, инновациялық қызметті жүзеге асыра білдік. Осы әдістерді қолдана отырып ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет шығармашылығмен терең танысып, олардың қайталанбайтын жеке тұлға екенініне көзімізді жеткіздік.Сабақты қорытындылай келе елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2030» бағдарламасында оқу мен білімге ерекше көңіл бөлді – «Бірде бір оқуға қамтылмаған бала болмауы керек, сонда ған біз өркениеттке жетеміз»,-деген. Біз оқыта отырып тәрбиелеп, тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны оқытамыз. Сабақ соңында студенттер «Өздік жұмыстарын» яғни, жасалынған буклет, ребус, сөзжұмбақтарын, мақал-мәтелдерден жарысып, алған білімдерін сарапқа салып, өздерін-өзі бағалайды, барлық топ бірігіп Құрманғазының «Сарыарқа» күйін ойнап, келген қонақтарды қошеметпен шығарып салдық.
СӨЖ тапсырмалары:
Озық инновациялық әдіс-тәсілдердің көрсеткіш модулін атаңдар?
Инновациялық әдіс-тәсілдердің түрлері.
RWCT жобасының модулі.
Қоланылған әдебиеттер:
Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М, Педагогика1989
Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. \\ Ізденіс № 1 2004
Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003
Тақырып - 8. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану
Жоспары:
Интерактивті тақта –дегеніміз не?
Интерактивтік оқыту технологиясы
ACTIVboard - ACTIVstudio программасы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдарын барлық пәндерді оқытуда пайдалану керек. Ақпараттық технологияның жаңа құралдардың бірі -бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Интерактивті тақта» болып табылады.
Интерактивті тақта –дегеніміз не? Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Қазіргі уақытта бастауыш сыныптан бастап білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдар қолданылуда.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды модельдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны /яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бүгінгі күні білім саласында қолданылып жүрген интерактивті тақтаға қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не? Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVote қолдана отырып: «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тесттің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын ролі зор. Роwer Роіnt-тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді екенін білдім. Интерактивті тақтадағы ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ал экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
-Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
-Алған білімді жүйелеу ;
-Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
-Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік
көмек беру.
Сонымен бірге интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін де атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2.Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3.Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4.Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенінің 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек» - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқан екен. Олай болса, Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың формасы. Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліше болып шығады. Бұл орайда жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда бастауыш сынып оқушыларын да ақпараттық– коммуникациялық технологияны қолдана отырып оқыту міндеттеріміз.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет».
СӨЖ тапсырмалары:
Интерактивтті тақта дегенді қалай түсінесіз?
Интерактивттік оқыту технологиясының мағынасын қалай түсінесіз?
Осы Интерактивттік оқыту технологияға байланысты бір сабақ үлгісін көрсет.
Қоланылған әдебиеттер:
Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.
Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.
Қатаев Н. Ақпараттық- технологияны оқу үрдісіне енгізудің дидактикалақ негіздері //Бастауыш мектеп №4, 2010ж.18-22бет
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997
Ақаева С.Бастауыш сыныптарда ойын сабақтарын жүргізу әдісі. //Бастауыш мектепте оқыту №5. 2007ж.2-3б.
Корсун Н.А. Использование новых информационных технологий при обучений в начальной школе.// Бастауыш мектепте оқыту №5. 2007ж. 4-5б.
Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
Абылайхан С.М. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Лекциялар жинағы. Қарағанды 2008ж.
Тақырып 9. Оқу- тәрбие үдерісінде ойын технологияларын пайдаланудың теориялық- әдіснамалық негізі – 4 сағ.
Жоспары:
Ойынның пайда болу кезеңдері
Ғалымдардың ойын туралы ой-тұжырымдары
Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын [1].
Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесi ұзақ жылдар бойы ғылымдардың басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікip бар. Ежелгі уақытта ойынға діни – саяси жағынан мән берілді. Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытына қызмет жасайды деп тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі қатысқан.
Кеңестік кезде халық ойынның сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушылар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.
Ең бастысы, ойынның қарым – қатынас, окыту және өмір тәжірибесін жинақтаудың құралы ретінде аса күрделі әлеуметтік – мәдени құбылыс екендігін ұмытпаған жөн.
Ойынның күрделілігі оның формаларының көптүрлілігімен,өткізу ережесімен және оған қатысу жолдарымен анықталмақ. Ойынның әлеуметтік-мәдени табиғатының өзі-ақ оны білім берудің басқа ешнәрсе ауыстыра алмайтын элементі етіп көрсетеді. Ойын барысында:
• мінез-құлық ережелері және келешек емірге қажет әлеуметтік топтардың (қоғамдық формация түрі) рөлдері меңгеріледі;
• олардың мүмкіндіктері қарастырылады;
• біріккен ұжымдық ic-әрекет дағдылары жинақталады, ойын мақсатына жетуге қажетті балалардың жеке ерекшеліктері қалыптасады;
• мәдени дәстүрлер жинақталады.
Елдiң болашағы тәрбие iciнe тәуелдi. Сондықтан да тәрбие iciнe келеті мiндеттер жүктелгендiгiн ескерiп, жаңа қоғам мүддесiне лайық, жан - жақты жетiлген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгi қоғам иелерiн тәрбиелеп өcipy - мектептiң мiндетi. Ойын - бала өмiрiндегi тәрбиенiң шешушi шарты. Бала өзiн қоршаған ортаны, өмip сүрiп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсiнiп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тiкелей араласып, iс-әрекетке көшiп нақты қарым-қатынас барысында бiледi.
Баланың таным түciнiгi, iс-әрекетi ойыннан басталады, оның негiзi болашақ өмiрiнде жалғасын табады. Қазақтың ұлттық ойындары туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенаев "Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға кеpeктiгiмeн дамып қойған жоқ, ересектердiң күнделiктi тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл кетеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектiң бiр түpi ретiнде де дамыды" деген пайымдау жасады.
Халық мұраларының бiрi - ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бiр жүйеге келтiретiн тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.
Бiздiң, әcipece ұлттық ойындардың тәрбиелiк мүмкiндiктерi мол eкeнінe көзiмiз жеттi. Аға ұрпaқ өз бiлгенiн, өз көкейiне тоқығанын кейiнгiұрпаққа мирас етiп кеткен. Олар - ұлт ойындары. Ойнай бiлген бала сол халықтың мiнез - құлқынан, ой санасынан, тұрмыс - салтынан хабар алады. Ұлт ойындары - халық педагогикасының негiзгi бiр саласы ретiнде оқушыларға жан - жақты бiлiм беруде, олардың өмip тәжiрибелерiн кеңейтуде, дүниенi танып бiлу қабiлеттерiн жетiлдiруде аса қажеттi тәрбие құралдарының бiрi. Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесiнен бастап, мектептегi жеке пәндердi оқыту барысында, үзiлiсте де, бос уақыттарды өткiзiлетiн ертеңгiлiктер мен кештердi дидактикалық, қосымша материал ретiнде пайдалануға болады. Ойынды балалардың жазғы дем алатын орын сауықтыру лагерьлерiнде кеңiнен пайдаланған жөн. Ойын арқылы балаларды өмipгe ең қажет қасиеттерге: өжеттiлiкке, iскерлiкке, жауапкершiлiкке, ептiлiкке тәрбиелеймiз. Сабақта ойын түрлерiн пайдалану сабaқтың түрлерi мен әдiстерiн жетiлдiру жолындағы iзденiстердiң маңызды бiр буыны. Ойын элементтерiн оқу үрдiсiн пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерiнде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын турлерiнiң материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық тәрбиелiк маңызы да арта түседi. Оны тиiмдi пайдалану сабақтық әсерлiгiн, тартымдылығын күшейтедi, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңiлдi, жеңiл келедi. Ойынды iрiктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкiндiктерi мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. "Ой - ойыннан басталады" десек, балалардың ойын жетiлдiрiп, сабаққа қызығушылығын, белсендiлiгiн арттыру үшiн бастауыш сынып мұғалiмiнiң қолданатын басты тәсiлi - ойын.
Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерiнде ойынның бала өміріндегi маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуiр бiр нәpсeгe үйретедi, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретедi.
Ойын - балалар үшiн оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі.
Ал заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский: "Ойынсыз, музыкасыз, ертегiсiз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегi ақыл-ой тәрбиесi болмайды" - деп санайды. Осы пiкiрлерге сүйенсек бастауыш сынып оқушыларының оқуға, бiлiмге деген ынтасы мен мүмкiндiктерiн толық пайдалану, оларды оқу үрдiсiнде үздiксiз дамытып отыру және сабақ барысында алған бiлiмдерiн практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшiн ойын түрлерiн қолданудың, пайдаланудың орны бөлек.
Ұлттық ойындарды тиiмдi қолдану мұғалiмнiң түсiндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берiк меңгеруiне көмектеседi. Өйткенi төмeнгi сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөру ойынғаа ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түpiнeн кейiн олар тез сергiп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерiн дидактикалық материал ретiнде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершiлiк қасиеттерiмен қатар бiлiмге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тiптi нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздерi де ойын түрлерi араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседi. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшiн сабаққа белсендi қатысып, қойылғанан сұрақтарға жауап iздеп, ойлана бастайды.
Тiлдiң дамуына - ұттық ойынның ықпалы зор. Ойын ақыл-ой дамуына әcep етедi, бала ойын үстiнде заттар мен iс-әрекеттердi жалпылауды, сөздiң жалпылама мағынасын қолдануды үйренедi. Сабақты ойын түрiнде жүргiзу шәкiрттердiң бiлiмге ынта - ықыласын арттырады. Ойын арқылы -ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңiл әpi тартымды, түciнiктi болады. Оқытудың түпкi мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни сабақтың түрлерi мен әдiстерiн, мазмұнын жетiлдiруге оны әдiскерлiк танымдық, бiлiмдiлiк, тәрбиелiк жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелiк қызметi мен практикалық бағытын күшейту де осы мiндеттерден туындайды. Сабақта ұлттық ойындарды пайдалану сабақтың әдiстерiн жетiлдiру жолындағы iзденiстердiң маңызды бiр буыны.
Ойын түpiн оқу үрдiсiнде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңiнде, қайталау сабақтарында пайдалану тиiмдi. А.С.Сухомлинский Сөзiмен айтқанда: "Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе iспеттi, ол арқылы баланың рухани сезiмi жасампаз өмipмeн ұштасып, өзiн қоршаған дүние туралы түciнiк алады"
Тәрбиелiк мақсатта қолданылатын ұлттық ойындарды атауға болады: "Жасырынбақ", "Соқыртеке", "Ай керек", "Ақ сандық – көк сандық", "Белбеу соқ", "Көкпар", "Жаңылтпаш", "Қуыршақ", т.б.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы жазушысы Ы.Алтынсарин өзiнiң әдеби және педагогикалық еңбектерiнде қазақтың фольклорын пайдалана бiлген. Ы.Алтынсарин барлық еңбектерiнде жеке адамның жоғары қасиеттерiн қалыптастыруда еңбек, адамгершiлiк, ақыл-ой тәрбиесiнiң ерекше орын алатынын көрсеттi. Кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсариннiң ұлағатты сөздерi, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазiргi қазақ халқының ұлттық мәдениетi мен салт-дәстүрiнiң қайта жаңарту кезiнде кең мағынада насихаттау әрбiр ғылымның, мұғалiмнiң борышы болуы қажет.
Музыка пәнiн оқытуда шәкiрттерге ұлттық тәлiм-тәрбие беруге болады. Музыка сабағында халық ойындарын қолданудың түрлi жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын кездейдi.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданылса, онда мұғалiмнiң мақсаты оқушылардың көңiл күйлерiн cepгiту, шаршағанды ұмыттырып ерiк-жiгерiн дамыту.
Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекiту не сол сабақтан алған бiлiмдi жинақтау мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие процесiн жетiлдiру мақсатында қолданып келедi.
Ұлттық ойындарды өткен сабақтарды қайталау кезiнде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседi, балалардың қиялдарын қозғап, зейiндерiн кеңейте түседi.
Музыка сабағында "мажор", "минор" ұғымдарын баланың зердесiне ұялату оңай нәрсе емес.
Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшiн, ұстаздар қaуымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану керек. Сондай-ақ оқу-тәрбие негiздерiнiң бiрi – ұлттық ойындарымыз.
Ол - сандаған ұрпақтың кepeгiнe жарап, оларды өмipгe әзiрлеу қажетiн өтеген, сыннан өткен сенiмдi тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: ойын - сауық, тұрмыс - салт ойындары дене шынықтыру, спорт ойындары және оймен келетiн ойындар болып бөлiнедi. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетiнiң бiр саласы болып есептеледi.
Халық өзiнiң қоршаған дүниенiң қыры мен сырын егжей - тегжейлi бiлудi баланың санасына ойын арқылы жастайынан сiңiре бiлудi көздеген. Бала отбасы тәрбиесi және өзiн қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тiлiн үйренедi. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тiлiн оқытудың тиiмдi әдiстерiне ерекше мән беруге тиiс. Музыка сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдiстерге жатады. Ойын арқылы оқу процесiн жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкiншiлiк бар. Баланың сөздiк қорын молайтып, сөздi epкін, өз мағынасында қолдануға бiрден - бiр таптырмайтын құрал. Мысалы, бiрiншi сыныпта балаларды жете қимылдату мақсатымен халық ойыны "қуыр, қуыр, қуырмашты" ойтану пайдалы. Оның шарты: Бiрiншi бала бас бармақтан бастап, шынашаққа дейiн бiр рет саусақтардың атын түгел айтып бередi. Сөйтiп бар саусағын жұмып тұрып екiншi балаға, кез - келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тiлiн жаттықтырады, еске сақтау қабiлетiн жетiлдiре түседi. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрiнде өткiзуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздiгiнен ойлауына мүмкiндiк жасайды, оларды дерексiз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседi. Бiрiншi сыныпқа келген балалардың кейбiр әрiптерге барлығының бiрдей тiлi келе бермейдi. Бұл кезеңде нағыз көмекшi халық ойыны болып табылады. Бұл мақсатта ежелгi халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тiл дамытуда, сөздi таза сөйлеп ширақ айтудағы пайдасы көп. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрi, әдет - ғұрпы, тәрбие мектебi бар. Баршамызға белгiлi, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетiлiп, өзi жасаған қимылына ceнiмi артады.
Баланың бойында
Ойлау тапқырлық шыдамдылық ұйымдастырушылық белсенділік қасиеттерді қалыптасады.
Төзiмдiлiк, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін - өзі тежеу сияқты қасиеттердiң қажеттiлiгiн алғаш сезiну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынандай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынyғa болады "Айгөлек", "Арқан тарту", "Белбеу тастау", "Соқыр теке", "Қойыңа қасқыр шапты", "Алшы", "Ат құмa", "Жаяу көкпар", "Көршi – көршi", "Түйе – түйе", "Омпы", "Хан жақсы ма?" "Сақина жинау" т.б. Ойындарды өткiзу арқылы мұғалiм балаларды қазақ халқының дәстүрi мен әдет - ғұрпын жоғалтпай, оны әpi қарай дамытуға, өз ұлтынa деген сүйiспеншiлiкке жастайынан баулып, оны құpмeттeyгe тәрбиелейдi. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткiзу балалардың қозғалыс белсендiлiгiн арттырады, денсаулығын нығайтып, шындайды. Бұл ақыл - ойдың, мидың қабылдау процесiне де әcep етедi.
Ойын - өмірдегі, ic-әpeкеттегі пайдасыз және ,сонымен қатар аса қажетті маңызды құбылыстардың бipi болып табылады.
Кеңестік педагогика және психология ғылымдарын да ойын К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин еңбектерінде қарастырылды.Ойынды шетел зерттеушілері–К.Гросс,Ф.Шиллер, Г.Спенсер, IL&Eibep. З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б. зерттеді.
Осы теориялардың арасында К.Гросстың теориясы көпке белгілі. Ол ойынды баланы болашақ ic-әрекетке даярлау кызметін атқарады, сондай-ақ сол ойында жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді деп қарастырды. Бұл теорияның құндылығы, ойынды дамумен байланыстыруында, ал кемшілігі – ойынға итермелейтін себеп, мотивтерді ашпайды. Ол адам ойынын жануарлар ойыны тарізді түсіндіре отырып, оны биологиялық факторлармен, инстинктпен байланыстырып қателік жібереді.
Ф.Шиллердің ойын жалғастырған Г.Спенсердің теориясы бойынша ойын барысында бала өзіндегі артық күшін сыртқа шығарады.
Ойынның мотивін ашуға талпына отырып, К.Бюлер ойынның негізгі мотиві ретінде қанағаттану (нәтижесіне қарамай-ақ әрекеттің өзінен қанағат алу) теориясын ұсынды.
Г.В.Плеханов ойынды еңбекпен байланыстырды. Плехановтың пайымдауынша, ойын еңбекке еліктеуден пайда болған еңбектің нәтижесі. Ойын - балалардың еңбек. Сондай-ақ еңбек оның мазмұнын анықтайды дәл тұжырым жасайды.Ертедегі ойындардың мазмұнынан соғыс, аңшылық орын алды. Ең әуелі соғыс, содан кейін осы соғысты бейнелейтін ойынның болғаны еш күмәнсіз. Сөйтіп, Плеханов ойынды еңбекке даярлау құралы, тәрбие құралы ретінде қарастырады.Плехановтың осы ойын кеңестік кездегі ғалым Д.Б.Эльконин ойын, ең әуелі үлкендердің іс-әрекеті реттде пайда деп жалғастырады.
Зерттеушілердің пікірінше, балалар ойыны осылай пайда болған.
Фрейдтің теориясы бойынша ойында өмірде нені жүзеге асыру мүмкін болмады, соны бастан өткізуге, көруге болады.
С.А.Шмаковтын пайымдауынша, ойынның табиғаты – бұл оның құндылығы, яғни қуанышты сезімі, сергектік, өмірге белсенді кipicy, қиялы, эмоциясы.
Я.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырылады. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіпотыру қажеттігін , олардың іс- әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді.Оның «Ұлы дидактика» еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек, ал білім олардың есінде жақсы сақталатындай болуы тиіс.Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейі, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептеледі, ол қимыл- қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбекке ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды.Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктнрі мен жағдайларын ескеркге ерекше назр аударған жөн.
«Ой- ойыннан басталады.» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығуы , белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты әдісі ойын болуы керек.
Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те.Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі.Ойын балаларға өмірде кездескен иыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдстырушылық қабілетін қалыптастырады.
Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі бiздiң заманымызға дейiнгi XII - IX ғасырлардағы Қазақстан жерiндегi көшпелi тайпалардың құрылу дәуiрi. Кезiндегi өндiрiс күштерiнiң құралына пайдалануға икемделген тас, ағаш, сүйек т.б. табиғи заттар осы дәуiрдегi қалыптасқан ұлт ойындарына да сол өндiрiс құралдарының материалдары қолданылды. Күнi бүгiнге дейiн мәнiн жоймаған "асық" ойындарына кез -келген сүйек емес, жануарлардың асықтарын икемдедi, "бес тас" ойынына кез - келген тастар емес, ұстағандa қолға сиятындай, домалақ тастар, "қарагие" ойынына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бiрi, тiптi табылмағанда талды пайдаланады. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектiлiгiмен дамып қойған жоқ" ересектердiң күнделiктi тiршiлiктегi қозғалысы мен көңiл көтерiп, демалыс уақытын өткiзудегi қолданылған еңбектiң бiр түpi ретiнде дамыды.
Көшпелi қазақ тайпаларының арасында ұлт мәдениетiнiң бiр саласы ретiнде қалыптасқан ұлт ойындары әлеуметтiк - экономикалық жағдайдың өзгеруiне байланысты өзгерiп дами бердi.
Алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк кезiнде дамыған халық ойындары жасөспiрiмдердiң бiр ортада өмip cүpyiнe және өзара қарым - қатынас жасауға себепкер болғандықтан бұл кезеңдегi қалыптасқан ойындардың көпшiлiгi түнде, ай жарығында далада, ашық алаңдарда ойнайтын ойындар қалыптасып дамыды. Олар ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, ақсерек – көксерек, бұрыш, көршi, т.б.
Ұлт ойындарының келесi бiр даму кезеңi ХҮ ғасыр, яғни Қазақстан жерiнде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуiрi. Бұл қазақ халқының ұлт ойындарының дамуының жаңа бiр сатысы болды.
Қоғамдық құрлысқа деген көзқарасты бейнелейтiн элементтер әcipece асық ойындарында көбiрек көрсетiлген.
Жастар кейiн асықты өңдеп, Қазақстан территориясының барлық жерiнде белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген түрлерi тарады. Асықты тас хнасына қайнатып бояп, ал хна болмаған жағдайда қарағай қабығына бояп алып отырған. Бұндай асық ойындарының бiрi "хан" немесе "хан жақсы ма" деп аталады.
Қазақ халқының тiршiлiгiнде төрт түлiк (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешушi орын алған. Төрт түлiктiң қасиетi ұлт ойындарының дамуына да негiз болды. Келе - келе негiзгi бас кейiпкерлерi осы төрт түлiктен тұpaтын "көк сиыр", "түйе-түйе", "соқыр теке", т.б. ұлт ойындары да дами бастады. Бұл ойындардың барлығы қазақ халқының төрт түлiктi аса бiр сүйiспеншiлiкпен дәрiптеп, жануарлардың бойында да, адам баласының қасиеттерi бар, сондықтан жан - жануарлардың бәрi бiрдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезiндегi көшпелi қазақ халқының этнографиясын зерттеушi ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелердiң бiрi ұлт ойындарының тәрбиелiк маңызы.
Бұл негiзде Ә.Диваев жан - жақты зерттей келiп, "кiм де кiм қазақ халқының арасында болып, күнделiктi тұрмысымен танысса, сол отбасындағы бала тәрбиесiнiң әрқилы жақтарын, ойыншықтардың ойындардың, бала тәрбиелеуде қаншалықыты мәнi бар eкeнiн бiледi",-деп ескертедi.
Ұлттық ойындарды төрт топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа бiр жасқа дейiнгi нәpeстeнi тәрбиелеудегi "Бесiк жыры", "Саусақ санау" және "Tұcay кесу" жырлары жатады. "Бесiк жырында ата - ананың баласына деген iзгi тiлегiн, жақсы ниетiн еңбек сүйгiш те өнерлi болып, тәрбиелеудi аңсаған ойын көруге болады.
Қазақ халқының арасына кең тараған бес саусақтың аттары бар: бас бармақ, cұқ қол, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ. Осы саусақтарын бала тiлiнде ұғынықты да жеңiл айтылу үшiн басқаша айтады: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кiшкене бөбек.
"Саусақ санау" жырларының тәрбиелiк маңызы - тiлi жаңа шығып келе жатқан нәpeстeнi сөйлеуге қызықтырып қана қоймай, он бiрге дейiн санауды үйретiп, сол сандармен қатар заттардың атымен танысып, тiлi дамиды.
Екiншi топқа баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындары жатады.
Үшiншi топқа жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары жатады.
Төртiншi топқа жiгiттердiң ойындары мен ұлттық спорт түрлері топталады.
Қарастырылып отырған ойын компоненттерінің барлығы өзара бip-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды, өйткені, бұл компоненттер ойынның құрылымын анықтайды.
Көптеген зерттеушілер, осы компоненттердің бірқатар құрылымдық элементтерін бөліп көрсеткен, мәселен: ойынның ережесі, міндеттері, ойын жағдаяты, сюжеті, ойын әрекеті, нәтижесі [қараңыз: кесте-1].
Кез-келген ойынның басталуы педагог – тәрбиешінің жетекшілігімен ойынға эмоциялық өң беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл балалардың ойынның міндеттерін түciніп, қабылдауын қамтамасыз етуші, танымдық мотивациясын қалыптастырушы, ойлау ic-әрекетін, қиялын белсендіруші-өзіндік екшелігі бар ойын алдындағы жағдаяттар, ойын алдындағы даярлық болып табылады. Балалардың ойынға белсенді кipicyiн әр педагог әр түрлі қызықты тәсілдерді қолдана отырып қамтамасыз ете алады. Мүмкін, ол, әр түрлі картинкалар,суреттер,тіпті педагогтың шағын әңгімесі арқылы басталуы мүмкін, мысалы: «Біздің жорығымыз ну орманда басталды деп ойлайық».
Кесте-1. Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы
-
Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы
|
Мотивациялық
компонент
|
Бағдарлаушы
мақсаттағы
компонент
|
Мазмұнды – тәсілдік
компонент
|
Құндылық – еріктік
компонент
|
Бағдарлаушылық
компонент
|
|
|
|
|
|
|
Ойын жағдаяты,
|
Ойынның
міндеттері
|
Ойынның ережесі
ойын әректтері
|
Ойын жағдайлары
|
Ойынның нәтижесі
|
Жоғарыда аталған элементтерің барлығы балаларды ойын жағдаятына | ендіруге, қызықтыруға мүмкіндік жасайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін әр компоненттің құрылымдық элементтеріне тоқтала кетейік. Ең әуелі мотивациялық компонент ойын жағдаятын қамтамасыз етеді дедік. Педагог-тәрбиеші балаларды ойынға тартуда «Көз алдыларына елестетіңдер ...», «... болып жатыр», «Біз ... жүрміз» және т.б. тәрізді сөз тіркестерін пайдаланады. Балаларды ойынға тартуда ойынды еткізу үшін алдын-ала ойластырылған орман, мұхит, көлдін жағасы және т.б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте, ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұнындары ойын әрекеттеріне сәйкес қатысатын балалар саны да алдын ала анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші балалармен бipiгe отырып, ойын міндеттерін шешу барысында тиісті жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет. Сонымен, бiз ойынның мотивациялық компонентіне балалардың ойындағы ic-әрекетін және белсенділігін қамтамасыз ететіп ойынға нұсқау бepeтін элементті және ойын жағдаятын жатқыздық.
Бағдарлаушы-құндылық компонентіне жататын ойынның құрылымдық элементіне ойынның міндеттері жатады. Көптеген зерттеушілер ойын, сонымен қатар, оқу міндеттерін бөледі. Оқу міндеттері педагогқа түсінікті, ал балалар үшін жасырын, айқын болмайды. Оқу міндеттерінің осылайша берілуі арқасында оқыту жүзеге асырылады. Сабақ барысындағы ойын міндеттері балаларды қызықтырады. Мысалы: қатені тап, ойлан және т.б. Дидактикалық (оқу) және ойын міндеттерін байланыстыру үшін ойын ережесінің қажеттігі түсінікті жайт. Ол балалардың әрекеттерін ұйымдастырады, ойынға қатысушылардың тең құқыларын қамтамасыз етеді. Яғни, ереже ойын әрекетін реттеуші рөлінде болады. Осы арада мынадай орынды сұрақ туындайды. Ойынға даярлануда қандай ережелер болуы керек? Ол ең әуелі ойындағы әрекет ету ережесі: сен-дәрігерсің, сен-сатушысың және т.б. Ойынның ережесі ойынға қатысушылардың іс-әрекеттерімен сәйкес келуі және ол белгіленген бірізділікпен әрекетті орындауға бағытталуы керек. Ойында келесі, мына бip жайтты да ескеру қажет. Ойында әрекет ережесімен қатар жеке өзара қарым-қатынас ережесінің болғаны да жөн. Ойынның осы ережелерін енгізбейінше, оның басқарылмайтыны, сондай-ақ мақсаттың жүзеге аспайтыны түсінікті жайт. Ойын барысындағы балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың ба - досыңа көмектес; қайырымды бол, құрбы - достарыңның айтқанын мұқият тыңдай біл және т.б. Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу енгізуге болады. Бұл балалардың жалпыға ортақ ережені орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді.Ойын ережесі ойын әрекеті барысында жүзеге асырылады. Ал ойын әрекеті ойын мотивтерімен қалыптacтыpылaды. Біз, жоғарыда ойын әрекетінің - максаты болатынын айтып өттік. . Психологтар әpekeтi сь[рткы (тындау, орындау, тапсырманы шешу жэне т.б.) және ойға катысты (салыстыру, талдау жасау, жэне т.б.) деп бөледі. Бүл эрекет әр турлі болған сайын, ойынның да кызыкты бола тусетінін керсетеді. . Ойын эрекетінің дұрыс жүзеге асуында балаларда қалыптасқан іскерліктердің олар орны ерекше болмак. Сондыктан, кандай болмасын ойынды өткізуде, егер оған кажетті іскерлік балаларда жок болса, оны өткізin кажеті жок.
Бұл балалардың. ойындағы эрекетгеріне койьлатын бірқатар талаптардын за болуын меңзейді, ол талаптар мынадай болуы мумкін: ойын әрекетінің нақты мотивінің болуы, сонымен катар, жоспарлануы, басқарылуы және ол ойынға қатысушылардың санына сәйкес біртіндеп курделендірілуі. Біз ойын ережесі мен ойын әрекетін мазмұндык-тәсілдік компонентке жатқызамыз. Ойын барысында балаларда ойынның, ең маңызды элементі - ойын кезіндегі жағдайлар пайда болады. Ойын жaғдaйлapынa балалардың киялын белсендіру, олардын болмыска эмоциялық қатынастары және ойыннан алған әсерлерінің болуы жатады. Ойын жардайлары ойында жарыс элементтерінің болуын, тартымды болуын, әзіл-қалжынның болуын, ерікті әрекеттердің, таңдаудың болуын қамтамасыз етеді. Ойынның аса міндетті құрылымдык элементінің біріне - оның нәтижесі жатады. Нәтиже айқын аз байкалатын және мерзімнен кейінгі болуы мумкін. Ойын нәтижесінде балалардың болмыска және бір-біріне катынастары айқын көрінеді. Ойында балаларды ьнталандыратын ұжымдық бағаның рөлі ерекше болмак. Осы арада әр педагогқа ойынға түзетулер енгізіп, ойынның жағымды жактарын көрсету, ойынды эмоииялык шарыктатып аяқтауды ескерген жөн. Жоғарыда карастырылған ойынның к.ұрылымдык. элементтерінің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ойын және ойын жағдаяттары тақырыптың мазмұнына, балалардың жастык ерекшеліктері және олардынкызығушылықтарына сәйкес аныкталады.
Сонымен, ойын технологиясының рөлін аша отырып. мынаны атап көрсетеміз, ол педагог-тәрбиеші мен балалардың арасындағы серіктестік деп аталатын өзара карым-катынастын ерекше түрін айкындайды.
СӨЖ тапсырмалары:
Ойын қай уақытта пайда болған? ойын туралы айтылған қандай ғалымдардың тұжырымдарын білесіңдер?
Ойынның құрылымдық элементтерімен өзара байланысы неде Өздерің қосымша қандай ойын түрлерін сабақта қолданар едіңдер?
Қолданылған әдебиеттер:
Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары (монография) Алматы, 1978
Төтенаев Б., Диваев Ә. Халық ойындарының тәрбиелiк маңызы жайында //Қазақстан мектебi, 1984, №5
Усова А.П. Роль игры в воспитаний детей. Москва, Просвещение. 1976
Тақырып 10. Оқу-тәрбие үрдісінде музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану
Жоспары:
Оқу үрдісінде ойынның әр түрлі жағдайларда колданылуы
Ойынның негізгі қызметтері
Музыка сабағында дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие үрдісіне еңгізудің маңызды функцияларын атақратын орны
Дидактика туралы ұғымға анықтамалар
Дидактикалық ойын арқылы жалпы баланың қабілетін дамыту жолдары
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі қоғамдағы білім саласының маңызы мен міндетіне жан-жақты тоқталып, мектеп оқушысынан студентке, қызметкерлерге дейін тынбай үйрену, үздіксіз іздену талабы туындап отырғанын баса айтты. Елбасымыздың бұл сөзі Қазақ елінің болашағына сара жол, жарқын күндердің керек екенін, бүгінгі заман талабы мен бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу әрбір қазақстандықтың, парызы екенін айқындаса керек.
Ел болашағы білімді ұрпақтың қолында десек, өзің таңдаған мамандықтың білгірі болу үшін көп еңбектену, іздену керек.
Абай атамыз айтқандай: « Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» демекші Отанымызға жарамды азамат болу, қоғамда өз орнын таба білу үшін үйрену мен парасаттылықтың керек екендігін сезіндіреді [1].
ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген [2].
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Ойын оқыту әдісі ретінде халықтык педагогикада, бастауыш мектепте және мектептен тыс мекемелерде кеңінен колданылуда.
Оқу үрдісінде ойын әр түрлі жағдайларда колданылады:
• оқу материалының мазмұнын, бөлімін, тақырыпты, кандайда бір түсінікті, үғымды менгеруде;
• сабақ ретінде немесе оның бөлімі (кіріспе, бакылау, бекіту) ретінде;
• серуенді ұйымдастыруда және т.б.
Бүгінгі күні практикада қолданылып жүрген «ойын технологиясы» түсінігі білім беру мекемесіндегі педагогикалык үрдісті әр түрлі педагогикалык ойын формасында ұйымдастырудын әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын көрсетеді. Осы арада ойыннан педагогикалык ойынның айырмашылығын көрсетудің қажеттігі туындайды. Педагогикалык ойынның өзіне тән белгісі -окытудың нақты мақсатының болуы және оку-танымдык бағыттылығымен сипатталуы.
Сабақтың ойын тәсілдері және жағдаяттарының көмегімен ойын формасында өткізілуі, оқу іс-әрекетіне ынталандырушы кұрал ретінде қызмет атқарады,
Сабакта ойын тәсілдері мен жағдаяттарын пайдалану бірнеше негізгі бағыттарда жүзеге асырылады: ,
• оқу (дидактикалық) мақсаты балалардың алдына ойын міндеттері ретінде қойылады;
• оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады;
• оку іс-әрекетіне дидактикалық міндеттерді ойынға ауыстыратын жарыс элеменетері енгізіледі;
• тапсырманың нәтижелі орындалуы ойын нәтижесімен байланыстырылады.
Ойынның негізгі қызметтері. Оқу үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оку элементтерінің үйлесуі, көп жағдайда педагогтың ойынның аткаратын қызметін дұрыс түсінуіне тікелей байланысты болады. Ойынның аткаратын кызметтері дегенді оның пайдалылығы, тиімділігі деп түсінген дүрыс. Соған сәйкес әр ойынның өзінің пайдасы болады. Ойынның ең маңызды деген кызметтерін бөліп көрейік:
Ойынның мәдени-әлеуметтік қызметі. Ойын - баланың әлеуметтенуінің
Ең күшті кұралы болып табылады. Баланың әлеуметтенуі - бұл оның әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылыктарды меңгеруі. Ойын барысында бала үлкендермен және құрбы- құрдастарымен қарым-қатынаста бола отырып, Болашак өміріне кажетті білім, іскерлікті, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Ойынның мәдени-әлеуметтік кызметі осыдан көрінеді.
Ойын адамның өзін- өзіі жетілдіруіне қызмет етеді. Бұл ойынның негізгі қызмтінің бірі. Адам үшін ойын өзін жеке адам ретінде жетілдірудің аса маңызды саласы болып табылады. Осы жағынан алғанда адамға қандай да бір мақсатка жету немесе оның нәтижесі емес, ойынның нак өзі маңызды болып табылмақ. Ойын үрдісі - бұл адам үшін өзін-өзі жетілдіру кеңістігі болады. Практика керсетіп отырғандай, ойында адам өзін де бар немесе мүмкін болатын мәселелерін ашады, Тіпті олардан арыла алады.
Ойынның коммуникативті қызметі. Ойын - коммуникативті іс-әрекет. Өйткені, бала адамдар арасындағы өте күрделі карым-катынаска енеді. Егер ойын адамдардың карым-катынас формасы болса, онда өзара әрекетсіз, өзара Түсінусіз, өзара карым-катынассыз ешқандай ойынның болуы мүмкін емес.
Ойынның диагностикалық қызметі. Диагностика - диагнозды қою, тану -дегенді білдіреді. Ойынның алдын ала болжау касиеті бар десек артык емес,өйткені, біріншіден, индивид ойында барлык жағынан көрінеді; екіншіден, ойын өз-өзінен - «өзін-өзі көрсету маңы болады, оны 2 кестеден байқаймыз:
Кесте 2. Дидактикалық ойынның негізгі қызметтері
Коммуникативті қызметі Диагностикалық қызметі
Ойынтерапиялық Коррекциялық Көңіл-көтеретін
қызметі қызметі қызметі
Ойынның ойынтерапиялық қызметі. Ойынды адамның мінез-құлкында, оқуында. қоршаған ортамен карым-катынасында туындаған әр түрлі қиыншылықтарын жеңуде қолдануға болады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің «терапевтік маңызын бағалай келе, ойын терапиясының тиімділігі бала рөлдік ойындарда алатын жаңа әлеуметтік катынастар практикасымен анықталады деп көрсетті.
Ойынның коррекциялық қызметі. Егер барлық бала ойыннын ережесі мен сюжетін меңгерсе, әрбір ойынға қатысушы өз рөлін ғана емес, сонымен катар, серіктесінің рөлін де жақсы білсе, ойын үрдісі мен мақсаты оларды біріктірсе, онда ойында психологиялык коррекция өз-өзінен табиғи өтеді. Жалпы коррекциялык ойындар топта құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста мәселесі бар және өзін қалыпты сезінуіне бөгет жасайтын қылықтарынан арылуға көмектесуге, мінез-құлкында ауытқу бар балаларға көмек керсетуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |