Б) Дамыта оқыту технологиясы
В)Түсіндіре оза оқыту технологиясы
Г)*Өздігінен даму технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру програмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі–оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа пе-дагогикалық техналогияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 8-бабында "Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп көрсетілген.
Келер ұрпаққа қоғам талбына сай тәрбиемен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педа-гогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру мазмұнын модернизациялаудың теориялық негіздеріне және жеке тұлғаны музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді шешуге қолайлы ерекшеліктерді әрбір педагог-музыкант басшылыққа алуға тиіс алдымен:
- болмыстағы құбылыстардың жалпыламалық байланысы туралы, адам психикасын дербес дамыту туралы, іс-әрекеттің тұлғаны қалыптастырудағы жетекші ролі туралы диалектикалық ілімнің негізгі қағидалары, халықтың рухани мәдениетті жасаудағы рөлі туралы идеялар, білім мен тәрбиені демократихациялау және гуманизациялау идеялары, үкіметтің музыка мектептердің және арнайы музыкалық дарынды мектептерінің жұмысын жетілдіру мәселесіне байланысты құжаттарды басты орында тұруы керек;
- оқушыны өзіндік дербестіліке және тәуелсіздікке ұмтылысы;
- оқушының қоғам құбылыстарын дұрыс қабылдап, ой елегінен өткізуге даяр болуы, мұғалімнің сөзіне сенімді көзқарасы;
- жеке тұлғаның өзінідік санасының қарқындап өсуі;
- жеткіншектің музыка шығармаларына әсерленуі, белсенділігі;
- өнер туындыларының көркемдік идеясын түсінуі.
Жоғарыдағыдай талдаулар бізді мынадай қорытындыларға жетелейді: оқу орындарында жан – жақты дидактикалық мақсатқа сәйкес жүйелі – операциялық түріндегі модульдік бағдарламаны қолданған дұрыс. Модульдік бағдарлама құрамына ең кемі интеграцияланған дидактикалық мақсаттар талабына сай келетін үш модульдің кіргені жөн.
Мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәти-жесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл – педагогтердің қолында. Сондықтан олар педагогика "жаңа технологиялар" терминін енгізіп жатыр. Жаңашыл – педагогтердің негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.
Осы орайда, жаңашыл педагогтердің педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, Знаковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Амонашвилидің ізгілікті тұлғаны оқыту технологиясы, Монтессори технологиясы, Эльконин, Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материялдарының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірбиелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игеруіне тікелей байланысты болады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Бүгінгі танда П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Знаков, Д. Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модульді оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспольконың және басқада көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал Қазақстандық Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таудаев, Қ.Қабдыдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова, Ә.Жүніспек, Қ.Нағымжанова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан - жақты қарастырылады.
Қазіргі уақытта республикамыздағы 230 музыка мектептерінде мыңдаған өнерлі балалар білім алып жатқан орындарда қажырлық пен шыдамдылық көрсетіп, педагогикалық міндетін абыройлы атқарып жүрген ұстаздарымыз да баршылық. Өнер ордаларында мемлекетіміздің үлкен өнер ошағын жалғастырар ұрпақ тағдырын талқылауда ең дұрыс жол таңдау баршамыздың абыройлы міндетіміз болып қалмақ.
Мектепте жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық, ұлттық және әлем халықтарының музыкасына баулиды. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып- білудегі ой-өрісін байытып, дүниетанымын кеңейтеді.
Кез-келген сабақтың мазмұнды өтуі, оның негізгі тірегі оқу бағдарламасы екені белгілі. Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, халқымыздың ұлттық сана-сезімінің өсіп-өркендеуі кезеңінде жаңа оқулықтар жасау қажеттілігі туындады. Қазақсатан Республикасының білім және Ғылым министірлігі бекіткен бағдарламаның негізінде болашақ ұрпақтарға білім беретін жаңа тұрпатты оқулықтар даярлана бастады. Олар: Музыка оқулықтары жалпы білім беретін мектепке арналған. 1,2,3,4,5,6 сыныптар, «Атамұра» баспасы бойынша 1998-2007 жылдар аралығында шыққан. Білім жүйесі негізінде даярланған оқулықтар көп жылғы ғылыми ізденістердің, бақылаудың, практикалық тәжірбиенің нәтижесінде дүниеге келген. Оқу-әдістемелік кешенді даярлау барысында педагогикалық принциптер – ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, түсініктілік пен балалардың жас шамасына лайықтылығы, қарапайымнан күрделіге біртіндеп барушылық принциптері басшылыққа алынған. Оқу-әдістемелік кешенге енген күйлердің балалардың ой-өрісін дамытушылдық сипаты да ескерілген. Бағдарламада берілген музыкалық материал толығымен оқулыққа енгізілген. Оқу-әдістемелік кешен осы жастағы баланың психо-физиологиялық ерекшелігіне орай неғұрлым түсінікті де қарапайым, бала ұғымына жақын тілмен жазылған.
Әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, оларды қазақ мектебінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отыра жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану тәрізді маңызды жұмытар түзілуде.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық процестер тоғысқан күрделі даму кезеңін бастан өткізіп отырған Қазақстан Республикасы зиялы қоғамның талап-тілектеріне толығымен жауап беретін жауапкершілік сезімі жоғары, шығармашылық белсенділігі мен адамгершілік болмысы бірдей үндескен, бойындағы дара мүмкіндіктерін, интеллектуалдық қабілеттерін өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін өзекті етуде. Сондықтан қазіргі заман мектептерінің басты міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, әлемдік өркениет пен ұлттық мәдениеттің үздік үлгілері арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Құралдағы айтылған ойлар, келтірілген тұжырымдамаларды зерделеп, практикаға енгізу мұғалімдерден, әдіскерлерден, педагогикалық оқу орындарының оқытушыларынан үлкен шығармашылық еңбекті талап етеді. Ең бастысы оқытудың жаңа технологияларын әр мұғалімнің түсінуі, жүрегімен қабылдауы, арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықтан өту қажеттігін сезінуі керек.
ХХІ ғасырға бағытталған мектеп, оқу орындары бар, демек болашақ бар, үміт бар.
Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде дамуы елімізде ауқымды интеллектуалдық таңдаулы топты қалыптастырмайынша мүмкін емес. Жаңа ғасыр әртүрлі жоғары технологиялық өндірістің барынша дамуымен сипатталмақ. Тек интеллектуалдардың білімділігімен даярлығы ғана болашаққа тәуелсіз Қазақстанның «жарқын бейнесін» анықтамақшы.
Мемлекеттік мекемелердің қаржы-өндірістік салалардың дарынды жастарды барынша қолдаудағы бағыт – бағдары, елдің экономикалық дамуының, барлық Қазақстандықтардың тұрмысын кепілдігі болып табылмақ.
Оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологияларын қолдану білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы.
Қорыта келгенде, оқытудың жалпы мақсатын қоя тұрып, жалпы құрылған мақсатты нақтыландырып, оқушылардың білім деңгейін алдын – ала бағалап, оқу әрекеттерінің жиынтығын нәтижені бағалауды енгізіп, оқу үрдісіне модульдік сипатқа ену арқылы құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әртүрлі жеке блоктар жасау арқылы «Музыка сабағын жоспарлау және модельдеу» пәнін оқытудың модульдік технология бойынша, интерактивтік жүйемен, инновациялық әртүрлі әдістермен сабақ жүргізу тиімді деп ойлаймын.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Э. Б. Абдуллин, Е. В. Николаева. Теория музыкального образования: учебник для студ. Высш. Пед. Учеб. Заведений. – М., 2004.
Музыкальное образование в Казахстане. Учебное пособие для студентов высших и средних учебных заведений. Вып. І./сост. Р.Р. Джердималиева, А.А.Момбек, З.Р.Ахметова. – Алматы, 2007. – 272с.
Музыкальное образование в Казахстане. Учебное пособие для студентов высших и средних учебных заведений. Вып. ІІ./сост. Р.Р. Джердималиева, А.А.Момбек, З.Р.Ахметова. – Алматы, 2006. – 296с.
Музыкалық білім беру педагогикасы: ізденістер және дамыту бағыттары: Ғылыми мақалалар жинағы /Құрастырып, жалпы редакциясын басқарған Әлия Момбек. – Алматы, 2007. – 238б.
Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий. М.,2005.- 368с.
Образовательная технология ХХІ деятельность; ценность, успех. М., 2004. с 96.
Тәжібаева С.Ғ. Мектепте тәжірбие жұмысын ұйымдастырыу технологиясы. Әдістемелік құрал. Алматы. 2003. – 204б.
Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений. Алматы, 2001, 295 с.
Беспалько В.П. Слогаемые педагогические технологий. М., Педагогика. 1989.
Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. \\ Ізденіс №1. 2004.
Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.
Ю. Алиев. Настольная книга школьного учителя – музыканта. М., 2000.
Д. Кабалевский. Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы / Программа по музыке 1 – 3 класс. М. «Просвещение», 1991 г.
Музыкалық әдістемелер. 1-6 сынып бойынша Атамұра баспасы. Алматы. - 2007.
Р. Қ. Дүйсембінова. Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған, 2006.
Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. С. Мирсеитова мен Ә.Іргебаева редакциялаған. Қазақстан Оқу Ассоциациясы. – Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 264б.
М.Х. Балтабаев. К вопросу о применении методологии традиционной художественной культуры в процессе преподования музыки а школе / Вопросы музыкальной педагогики, теории и испольнительства // КазГПУ им. Абая. – Алматы, 1992.
П. Юцявичение «Теория и практика модульного обучения». Каунас 1998.
Байсалов Д.У. «Научно- методические основы создания и использования модульного обучения в методической подготовке студентов математиков в педвузе » Рукопись докт. Дисерт. 1998
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. – 132б.
Коджаспиров Г.М. Педагогический словарь. – М: «Академия», 2000. – 176с.
Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд....автореф.: 02.07.04. – Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004. – 30б.
Сейтешева А.П. Білім берудегі инновациялық іс-әрекет // Білім, №2, 2002, 27-29б.
Найн А.Я. Педагогические инновации и научный эксперимент //Педагогика, 1996. №5.
Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика кек теория и практика нововедений. А, 2001, 295с.
Краевский В.В. Методолгия педагогического исследования. – Самара, 1994.
Медушевский В.В. Углублять концепцию музыкального образования//Сов. Музыка. – 1991. - №9
Методология и методы педагогических исследования// Сластенин В.А. и др. Педагогика. – 3-ое изд. – М., 2000.
Сластенин В.А., Тамаркин В.Э. Методологическая культура учителя// Сов. Педаголгика. – 1990. - №12.
Гмурман В.Е. Объект, предмет и стуктура педагогики// Методологические проблемы педагогики. – М., 1977.
Загвиязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. М., 1982.
Ражников В.Г. Психолого-педагогическая модель музыкальной культуры. – М., 1983.
Терентьева Н.А. теоретическое основы высшего музыкально-педагогического образования. – Спб., 1996
Музыкально – дидактические игры // Дошкольное воспитание № 5, 1989.
Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий. М.,2005. с 368.
Учебники по музыке для 1 – 6 классов. Алматы «Атамура», 1998 – 2007 гг.
Арчажникова Л.Г. Профессии – учитель музыки/ книга для учителя. – М.: Просвещение, 1984.
Баренбойм Л.А. Музыкальная педагогика и испольнительство. – Л., 1974.
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз.........................................................................................................
|
3
|
пәннің мақсаттары мен міндеттері.........................................................
|
6
|
Глоссарий......................................................................................................
Тақырып 1. Музыка сабағын жоспарлауда модульдік технологияны қолдану...............................................................................
|
8
19
|
Тақырып 2. Модульдік оқыту технологиясының пайда
болу тарихы.................................................................................................. 26
Тақырып 3. Музыкалық тәжірбиеде мектеп оқушыларының шығармашылыған дамытудың тиімді жолдары.................................. 36
Тақырып 4. Инновациялық технология негізінде мұғалімдерінің педагогикалық жүйесі..................................................................................51
Тақырып 5. Музыкада педагогикалық инновация ұғымын қолданудың әдіс-тәсілдері............................................................................56
Тақырып 6. Музыка сабағында педагогикалық инновацияның қолдану әдістері..............................................................................................64
Тақырып 7. RWCT әдістерін музыка сабағында қолдану...................67
Тақырып - 8. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану........78
Тақырып 9. Оқу- тәрбие үдерісінде ойын технологияларын пайдаланудың теориялық- әдіснамалық негізі......................................83
Тақырып 10. Оқу-тәрбие үрдісінде музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану......................................................................................96
Тақырып 11. Ойын технологиясы арқылы музыканы оқыту...........114
Тақырып 12. Қазақ халқының музыкалық ойындарын сабақта қолдану..........................................................................................................119
Музыка пәнінен 1 – 6 сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар............................................................................................................138
Күнтізбелік жоспарлардағы сабақ үлгілерінің түрлері.......................165
Тест тапсырмалары....................................................................................207
Қорытынды..................................................................................................221
Қолданылған әдебиеттер............................................................................226
Султанова Нургуль Камильевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент-профессор.
1969 жылдың 12 тамызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
1992-1997 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыка» мамандығы бойынша музыка пәнінің мұғалімі және қосымша мамандандыру хорды дирижерлау біліктілігі берілген.
Педагогикалық еңбек жолын 1988-2002 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Шынқожа атындағы орта мектебінде мамандық бойынша қызмет жасап, он екінші санатқа дейін көтерілген.
2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының ассисент-оқытушы ретінде бастап, 2004 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушы міндетін атқара жүріп кандидаттық диссертациямен айналысқан.
2007 жылы 02 маусымда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 15.50.05. біріккен диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде 13.00.01. – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны табысты қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған.
2007-2011 жылдар аралығында Семей мемелекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының п.ғ.к., кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.
2011 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен педагогика мамндығы бойынша ДОЦЕНТ (ассоциированный профессор) ғылыми атағына ие болған.
Ғылыми еңбектері: 1 монография, 6 оқу құралдарының, 10 оқу - әдістемелік құралдардың, 4 арнайы курстардың, 90 - ға жуық ғылыми мақаланың авторы.
Қазіргі уақытта Султанова Нургуль Камилевна Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология-педагогика факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент-профессор. «Назқоңыр» халықтық ансамбльдің мүшесі, әртүрлі ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатыса отырып, өзінің ғылыми-педагогикалық деңгейін көтеруде. Ұжым арасында құрметті ұстаз ретінде сыйлы, коммуникативті, ұйымдастыру қабілеті зор.
прошу Вас пожалуйста 23. 10. 2013 дата печати
тираж 500
Достарыңызбен бөлісу: |