КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЛАРДАҒЫ САБАҚ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ:
Сабақтың тақырыбы: Алатаудың бұлбұлы – Кенен ата.
Сабақтың мақсаты: Музыка тілін ұйымдастыруға, тікелей септігін тигізетін әуен, ырғақ, екпін жөнінде мәнін терең және жан – жақты хабардар ету.
Білімділік міндеті: Кенен Әзірбаевпен таныстыру. «Сағындым Кенен атамды» әнін үйрету.
Тәрбиелік міндеті: Музыканың әсерлі мазиұны мен сипаты арқылы сезімдерін дамыту. Ән орындау шеберлігін арттыру.
Дамытушылық міндеті: Өмірдің сан алуан құбылыстарын музыка арқылы жеткізудің түрлі тәсілдерін талдай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекіліктер: Сазгерлер суреттері. Ән сөзі, жыраулар суреттері т/б.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, ана тілі.
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы. Кенен Әзірбаев туралы еркін жазу шығармасын сурап толықтыру.
Жаң сабақты үй тапсырмасымен сабақтастыру.
а) Кенен Әзірбаевпен таныстыру.
ә) «Көкшолақ» әнін тыңдату.
4. Музыка жаттығуын жасату.
5. Алтынбек Қоразбаевпен қысқаша таныстыру.
6. «Сағындым Кенен атамды» әнімен таныстыру.
7. «Сағындым Кенен атамды» әнін қайырмасынан бастап үйрету.
8. Сабақты топтастыру әдісі бойынша қорытындылау.
9. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау .
10. Оқушылармен қоштасу.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Мұғалімнің кіріспесі, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасы Кенен Әзірбаев туралы еркін жазу тапсырмасын сұрап, Кенен Әзірбаевтың туғанына 125 жыл, Қазақстан Республикасы деңгейінде аталып жатқанын айтвп өту, толықтыру.
Кенен Әзірбаевтың суретін көрсетіп, Кітаптан «Тойға бара жатқан Кененнің киген киімі мен мінген атын, әзіл – күлкіге айналдырған жолдастарына ақын - әнші өзінің «Көкшолақ» әнімен орынды жауап қайтарған» - деген үзіндіні оқыту. Кенен Әзірбаев – ақын.
Кенен Әзірбаевтың «Көкшолақ» әнін орындап, тыңдату. Кенен Әзірбаев – композитор.
Әнде не айтылған? – деген сұрақ арқылы қысқаша талдап, суретін көрсету. Кенен Әзірбаев - әнші.
Музыкалық жаттығуды айтқызу. (әндете)
Орнымыздан тұралық,
Би билейік бұралып,
Бір рет оңға, бір рет солға
Бір айналып тұрайық.
Домбыраны алайық,
Ішектерін қағайық.
Пернелерін дөп басып,
Ән мен күйге салайық.
Кенен Әзірбаев тек қана әнші, композитор, ақын емес сонымен қатар сөз өнерін ұрпаққа үйретуші ұстаз. Сонымен Кенен Әзірбев кім?
Сабақтың тақырыбы: Ақыл, нақыл, өсиет.
Сабақтың мақсаты: «Терме» термині, «мақал» ұғымдарымен таныстыру. Терме айтуға баулу, қызығушылығын ояту. Ұлттық ұғымдарын талдауға үйрету.
Білімділік міндеті: Халық ән-күйлері ұғымын дамыту, музыкалық талғамын ашу. Терме айту қабілетін дауыс ырғағын жетілдіру.
Тәрбиелік міндеті: Термені үйрете отырыпхалықтың қасиетті рухымен таныстыру, ой-қиялына әсер ете отырып адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекіліктер: Терменің сөзі. Музыкалық ұғымдар, т/б.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, ана тілі.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастырушылық кезеңі.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Терме ұғымын таныстыру
ә) Термені, мақал ұғымымен таныстыру.
3. Халық термесі «Он үш жаман» - тыңдату.
4. Халық термесі «Өсиет» таныстыру.
5. Вокализін үйретіп музыкалық жаттығу жасату.
6. Өсиет термесін үйрету.
7. Жиренше шешеннің шешендік сөздеріне тоқталу.
8. Сабақты топтастыру әдісі бойынша қорытындылау.
9. Үй тапсырмасын беру.
10. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
11. Оқушылармен қоштасу.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Мұғалімнің кіріспесі, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Терме дегеніміз не?
Терме дегеніміз ақылы мен нақылы бар тақпақ сазды әуен.
Терме-қазақ поэзиясының және вокалды әуен музыкасының жанры.
Терме атауы қазақтың «тер», «теру» сөзінен шыққан. Терме 7, 8 буынды жыр үлгісінде болады. Онда күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар айтылады.
Термені орындайтын адамды термеші деп атайды.
Термені адамгершілік пен зұлымдықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мен жақсы мінезді салыстырып жырлайды.
Терме ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.
Әннің әуені болса, терменің де өзіне тән мақамы (әуені) болады. Ол белгілі бір ырғақпен орындалады.
Терме айтушы термені көбіне домбыраға қосып орындайды.
Халық ән-күйлері сияқты халық термесінің де авторы ұмытылып қалған ұрпақтан-ұрпаққа, ұрпаққа мұра ьолған шығарма.
Халық термесі «Он үш жаман» тыңдату.
Он үш жаман
(халық термесі, үзінді)
Біріншіден, не жаман?
Ұрлап жиған мал жаман
Екіншіден, не жаман?
Еркелеп өскен қыз жаман.
Үшіншіден, не жаман?
Үлгісіз пішкен тон жаман.
Бәрін айтта бірін айт,
Бәрінен де, ей жоқ жаман, жоқ жаман...
Бұл терме қандай қасиеттерден (ұрлық, өтірік, айту т/б) аулақ болуға шақырады?
Халық термесі «Өсиетті» таныстыру.
Өсиет
Ат болатын құлынды,
Желі басынан танисың
Адам болар балаңды,
Жолдасынан танисың
Батыр болар балаңды,
Тұлғасынан танисың.
Жақсы болар балаңды,
Ел қасынан танисың.
Термені талдай отырып үйрету.
Жиренше шешеннің шешендік сөзінен мысал түсіндіре отырып, шешендік сөз мағынасын ашу.
Сабақты топтастыру әдісі бойынша қорытындылау.
Үй тапсырмасы. Терме, мақал ережелерін оқу.
«Өсиет» термесінің 1-2 шумағының жаттап келу.
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Оқушылармен қоштасу.
“Үйрету үлкеннен, үйрену кішіден” – демекші өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, мәдени - әдеби тағылымын, тәлім – тәрбиесін қаншалықты игеріп, үйретіп, үйреніп жүрміз, қазақтың қасиетті қара домбырасын үйірмемізге өзек етіп, домбыра – болашақ, бүгін, кешенің ұрпақтарының тәрбиешісі дегім келіп отыр.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы. 4 -сынып.
Сабақтьң мақсаты:
а) Табиғатқа байланысты өлеңдердің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін менгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
ә) Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
б) Оқушылардың, тіл байлығын, ой - өpiciн дамыту.Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: ақынның өлеңдер жинағы, табиғатқа байланысты суреттер, кесте толтыру, бейне таспадан «МузАрт» тобының орындауында Абайдың табиғат туралы әндерін тыңдату, интерактитті тақтамен жұмыс.
Сабақ түpi: дамыта оқыту.
Әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, түсіндіру, талдау - жинақтау, топтық-ұжымдық жұмыс, пікір айту, дәлелдеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
3 топқа бөлініп берілген
«Өлең - сөздің патшасы»,
«Біреудің кicici өлсе, қаралы ол»,
«Мен жазбаймын өленді ермек үшін» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтуын, талдауын тексеру.
Жаңа сабақ. Табиғат - адам еңбек етіп, өмip сүретін ортасы. Оны әлем ақындарының бәрi де жырлаған.
- Сонымен Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Күз өлеңінің тобы»
Жаз мезгілі Күз мезгілі
Көк - орай шалғын 1. Қайыршы шал - кемпірдей
Әзілдесіп сьңқылдаған 2. Жастар күлмес, жүгірмес
қыз - келіншектер бала шулай
Сайраған кұстар 3. Қайтқан құстар
Жадыраған жаз. 4. Тозған күз көpiнici.
«Қыс» өлеңінің тобы көркемдегіш сөздерді тапқаннан кейін сөздік жұмысын жүргізеді:
ұшпадай - шөкмдей бұлттар
домбығу - үсік шалу
антұрған - қарғыс атқыр
Қондыбай, Қанай - ауыл аттары.
Сергіту сәті. Бұнда Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әр топтан бip оқушы өздерне ұнаған шумақты әндетеді де, сол шумақты ашатындай қимыл (мимикамен) көрсетеді.
Сабақ соңында балалардан тағы да көңіл - күйлерін сұрау.
Сабақты қорытындылау. М.Әуезовтың «Менің романымды терең ұғамын десендер Абайды, Абай поэзиясын оқыңдар» деген қанатты сөзімен қорытындылаймын.
Әр топқа бөлінген бағалаушылар өздерінің қорытынды бағаларын айтады.
Үйге тапсырма беру.
I деңгей. Табиғаттың төрт мезгліне сурет салу.
II деңгей. «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, талдау.
III деңгей. «Табиғат — сенің өз үйің» ойтолғау (эссе) жазу.
Біз қарастырған бұл сабақтардың жоспарлары бастауыш сыныпоқушыларына арналған.
Сабақтың тақырыбы: Абай. «Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың мақсаты: Абайдың музыка өнеріндегі алатын орнын композиторлық ерекшіліктері мен әндерінің өзіндік сипатын түсіндіру. Оқушылардың музыкалық ой-өрісін дамыту. Білімділік:Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларымен және ақын өмірбаянымен оқушыларды таныстыру, табиғат туралы лирикаларын түсіну.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, іздену, білігін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, табиғатпен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, жеріне, еліне, ұлтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекіліктер: Абай суреті, сабаққа қатысты сызбалар, үнтаспа, Абай өміріне, шығармашылыққа байланысты түрлі-түсті суреттер, Абай бұрышы, компьютер.
Қолданылған әдебиеттер: «Музыка» оқулығы 1 сынып, «Әнші болғым келеді» қосымша көмекші құрал.
Техникалық құралдар:үнтаспа.
Сабақтың түрі: дамытушылық, жаңа білім беру..
Әдіс-тәсілдер: іздену, сұрақ- жауап,өз бетімен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Музыка және әдебиет.
Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын сұрау;
Жаңа сабақ;
Жаңа сабақты бекіту;
Қорытынды; Бағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Балалар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен кіреді.
Музыкалық сәлемдесу;
Оқушылар назарын өзіме аудару, сабаққа жұмылдыру.
Оқу-құралдарын алғызу, түгендеу.
Сәлемет пе балалар? Бүгінгі сабақта кім жоқ?Кім кезекші? Оқу құралдарын алып, үй тапсырмасына дайындалыңдар.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
Ой қозғау. А)Қане балалар, суреттен кімді көрдік?(Тақтада Абайдың суреті)
Ә) Сабақтың тақырыбы кімге арналуы мүмкін?
Мағынаны ашу.
А)Сабақтың тақырыбы: Абай. «Желсіз түнде жарық ай»
Ә) Сабақтың мақсатын түсіндіру.
-Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана кемеңгер, ұлы ақынымыз Абайдың табиғат сұлулығы жайында жазған әндері және өмірбаянымен танысамыз. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай атамыз жайлы ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім. Сол мәліметтерді пайдаланып ой шақыру картасын толтырындар.
-
Балалар, осы айтқандарын бойынша қазір Абай туралы бірнеше материалдар көреміз.
Абайдың туған жері, отбасы, білім алған жері туралы слайд көрейік.
-Сендер Абайдың табиғат туралы жазған қандай әндерін, өлеңдерің білесіңдер? Мына көрсетілген жыл мезгілдері бойынша қандай өлеңдерің оқып бере аласыңдар?
(Жыл мезгілдері слайд ).
Бәрекелді балалар тақтаға назар аударыңыздар. Тақтада не көріп тұрмыз? Дұрыс сөзжұмбақ.
-
-
Сұрақтары:
Тарихи дерекнама / шежіре
Ерлердің жоғарғы дауыс/ тенор
Симфония оркестрдің құрамындағы үрмелі аспап/ кларнет
Өзара ұйлесімді екі дауыста орындалатын музыканың түрін / қосдауыс
Волторна қандай аспапқа жатады/ үрмелі
Ахмет Жұбановтың қызы/ Ғазиза Жұбанова
Қазақтың «тер», «теру» сөзінен шыққан/ терме
«Туба» қандай аспапқа жатады/ үрмелі
Грек тілінде «ерекше» деген мағынаны білдіреді/ канон
Музыкант-орындаушы ұжымды басқаратын жетекші /дирижер
Театр өнерінің бір түрі / опера
Өте көлемді аңыз-ертегі сияқты қызықты, домбыраман мақамдатып ұзақ орындалатын шығарма / жыр
Арияның шағын түрі / ариоза
Әйелдердің жіңішке, жоғарғы дауысы / сопрано
«Жайлауда» поэмасының авторы / Қапан Мусин
«Ғасырлар үні» ораториясының музыкасын жазған / Сыдық Мұхамеджанов
Әйелдердің қоңыр, төменгі дауысы / альт
Домбыра және қазақтың халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма / күй
Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы әннің тақырыбы «Желсіз түнде жарық ай» екенін біледі.
Слайд көрсету өлеңді мәнерлеп оқу.
-Байқадыңдар ма, балалар, түн сұлулығы өзеннің ағысы, тоғайдағы ағаштардың сыбдыры қандай әдемі сөздермен бейнеленген. Енді балалар біз осы әнді үйренбес бұрын, оны үнтаспадан тыңдайық. (Оқушылар назарларын қойып тыңдайды)
Әнді талдау.
Өлеңде жылдың қай мезгілі жырланған?
Өзен ағысын ақын қалай бейнелеген?
Ай сәулесін ақын қалай суреттеген?
Ауыл жаныңда не бар?
Керемет балалар!
Балалар енді осы әнді айтуды үйренейік. Әнді үйренбес бұрын дауысты қыздыруға арналған жаттығуларды жасайық
Енді әнді фортепиано сүйемелдеуімен үйренейік. Бірінші мен айтып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар.
Балалар енді оқулықты пайдалана отырып, әдебиет және музыка сабағынан алған білімдеріңді пайдалана отырып, кластер құрайық.
Балалар болсақ кластерді маған жинап беріңдер.
Бекіту: Балалар сонымен біздің өткен тақырыбымыз Абай. «Желсіз түнде жақырық ай» әні.
Балалар сабақты бекіту үшін мына кесті орындайық.
Білемін
|
Жаңа ақпарат
|
Сұрағым бар
|
|
|
|
Қорытында: Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үйге тапсырма: Абай Құнанбаев туралы эссе жазып келу. «Желсіз түнде жарық ай» әнін жатту.
Сабақтың тақырыбы: Операдағы Абай бейнесі.
Сабақтың мақсаттары: Кәсіби қазақ музыкасының іргетасын қалаған А. Жұбанов пен Л. Хамиди шығармашылығының шоқтығының биіктігін оқушы бойына сіңіру;
1. Білімділік: Кәсіби композиторлар шығармаларын тыңдату арқылы музыка әлеміне жетелеу . Музыканы саралау арқылы жанр түрлерін ажырата білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушының бойына музыкалық шығармаларды талдап және баға берік білу дағдысын қалыптастиыру алған әсерлерін, ойларын жүйелі айтуға машықтандыру, тыңдау мәдениетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызыңушылыңын оята отырып, эстетикалық мәдени мұра құндылықтарын сіңіру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру.
Әдістері: Жаңа технология элементтері.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка сауаты оқулықтары.
Көрнекіліктер: Күйтабақ, дидактикалық құрал, слайдтар, үнтаспа, сөзжұмбақ, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе бөлім. Сабақта оқушылардың бойына психологиялық ахуал туғызу. Үнтаспадан «Сарыарқа» күйін тыңдату.
- Балалар, біз қандай музыкалық шығарма тыңдадық? Күй қалай орындалды? Көз алдымызға не елестеді?
ІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің сендермен өтетін жаңа тақырыбымыз « Операдағы Абай бейнесі ».Балалар, негізгі тақырыпқа көшпес бұрын өткенге шолу жасап көрейік.
Жанр
Музыкалық шығармалардың түрлері
,
Опера- күрделі классикалық музыка. Ол 16, 17 ғасырда Италия жерінде дүниеге келген. Ал, орыс даласына 19ғасырда келген. Қазақтың тұңғыш операсы « Қыз Жібекті » жазған Евгений Брусиловский. Сендер опера ұғымымен таныстыңдар, қайтарап есімізге түсіріп жіберейік .
Бұл ұғым есімізде сақталуы үшін мына сөзжұмбақты шешіп, сергіп алайық.
-
Әншілер хоры.
Хорды орындайтын дауыстар.
Музыкалық шығармадағы негізгі әуеннің бүкіл шығарма бойына жүріп отыруы.
Операның қысқаша мазмұны.
М. Төлебаевтың « Біржан-Сара » операсындағы басты кейіпкер.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы « опера » сөзін шығарып, сөзжұмбақ қорытындыланады.
Сендер қандай опералармен таныссыңдар? ( «Қыз Жібек », « Төлеген Тоқтаров»).
Бүгінгі танысатын «Абай» операсы ең үздік музыкалық шығарма. Осы операны кім жазды екен соған тоқталсақ.
Кәсіби қазақ музыкасының іргетасын қалаушы композиторлар:
Ахмет Жұбанов ( 1906-1968 ) Мемлекеттік Ұлттық Аспаптар оркестрінің ұйымдастырушысы . Би күйі « Көктем » пьесаларының, «Абай » сюитасының, «Т. Тоқтаров» , « Абай » операсының авторы.
Латиф Хамиди ( 1906-1983 ). Қазақтың кәсіптік музыка өнерін дамытушы «Қазақ вальсі» , «Бұлбұл» әндерінің авторы. Қазақтың тұңғыш әнұранының авторы. «Абай » операсы.
Оқулықтан А. Жұбанов пен Л. Хамиди туралы берілген деректерді оқулықтан оқу. Міне, Абай операсын жазған композхиторлармен толық таныстық, енді бір сәт серігіп «Орныңды тап» танымдық ойфынын ойнап жіберейік. Үрмелі, ысқышпен, ұрмалы, шертпелі нүктені басу арқылы ойналатын аспаптарға арналған дидактикалық материал тарату арқылы ойынды ойнатамын.
Жақсы балалар, кішкене серігіп қалдық. Енді осы «Абай» операсының мазмұнын қысқышы түсіндіріп өтейін. ( Мазмұндау. )
Балалар, Абай әділеттілікті талап етіп, тартысты жеңіп шыққан екен. Бұл осы сәтте жазылған оқиға екен. Бұл опера кіріспеден, үш көріністен, соңғы бөлімнен тұрады. ( Үнтаспадан « Ажар» ариясын тыңдата отырып, мазмұнын ашу. сауалдама мен сынып н»тижесі
Достарыңызбен бөлісу: |