S
M
A
R
T
SMART-МАҚСАТ Студенттерде есту, музыкалық есте сақтауды дамыту Музыкалық білім беру жолында хормен орындаушылык өнерін тәрбиелеу Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар дайындау Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білу ВОКАЛДЫ-ХОР МІНДЕТТЕРІ кәсіптік музыкалық өрісін кеңейту, қазақ хор музыкасының, сонымен қатар әр-түрлі жанрлардың, Стильдердің және басқа дәурлерде жазылған шығармаларымен танысу Үйреніп алған Теориялық білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын хормен жұмыс жасау кезінде қолдана алу партитураны талдау
дағдыларын дамыту
(хор шығарманың
стилін,
мінезін,
пішінін дұрыс
анықтай алу және
орындалатын
шығарманың
Орындаушылық
көзқарасын анықтау, Вокалды дағдылар әншілік тыныс (тыныс тәсілдері), дұрыс әншілік дыбыс туындату (дыбыс шабуылы, дыбысты дөңгелету), жоғары қалыпты дыбысты сезе алуын қалыптастыру, резонаторларды қолдануды үйрену, хор ұжымының барлық хор ауқымындағы, музыканың әр-түрлі серпінінде, өлшемінде, мінезінде вокалдық дыбыст шығаруы біркелкі болуын қалыптастыру; дикциялық дағдылар – артикуляциялық аппараттың ширақтылығын дамыту, анық дикцияны дамыту, дауысты дыбыстарды вокалды түрде пішіндіруін дамыту, даусты, дауыссыз дыбыстарды айту тәсілдерін білу, поэтикалық мәтінді мәнерлеп және түсініп айтуды тәрбиелеу. Хордағы дағдылар ансамбль (оның түрлері – ырғақтық, екпіндік, серпінділік, тембрлік, дикциялық), дыбыс үндестігі (таза интонациялау, бастапқы үндестілікті сақтай алу, мажорлық, минорлық гаммаларды интонациялау тәсілдерін білу, интервалдар мен аккордтарды естей алу және оларды айтқанда интонация жағынан дұрыс құрастыру, бірнеше және барлық хор партиялары бірге айтқанда, партиядағы басқа әншілерге қосылып бірдей айту), парақтан оқу, кезекпен тыныс алудың әдістерін қолдана білу және дирижердің қолы бойынша айту. Хормен ән салу – музыка өнерінің маңызды бір саласы. Ол басқа да өнер тәрізді адамның жан толқынысын, көңіл-күйін, эмоциональді-психологиялық қалыпының (кейпінің) сан қилы нақыш-қырларын жеткізе отырып, хор әншілерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру тәлім-тәрбиелік қызмет атқарады. Музыкалық педагогика саласында О.А.Апраксина, Ю.Б.Алиев, А.Б.Пономарев, Б.Рагина, Г.Струве, В.Соколов, Т.Овчинникова, Д.Огороднов және белгілі педагог-әншілер, хормейстрлер хор әншілерін әнді әдемі сала білу, олардың музыкалық және вокальді есту қабілетін, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту бойынша құнды пікірлер айтқан: Хормен ән салудың ұжымдық табиғатын атап көрсете отырып, біздер оның тәлім-тәрбиелік ықпал етуші факторларын есте ұстағанымыз жөн. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтар болсақ: «Хормен ән салу кереметтей пәрменді педагогикалық құрал. Әнде, әсіресе хормен әндетуде адамды жандандыратын, көңіл ашатын ғана емес, әншілерді жылы-шырайлы татулыққа, ынтымақты іске жұмылдыратын жұмыла еңбекке бастайтын қасиеті бар Осы жөнінде Н.Л.Грозденская: «Ән салуға үйрете отырып, біздер тек әнді орындау сапасына ғана емес, әншілердің талғампаздығына ықпал ететін әнді орындау сапасына да көңіл бөлеміз»,- деп атап көрсеткен болатын.