Хор үйірмесінің негізгі міндеті. І. Кіші сынып оқушыларының хоры кішкентайлар хоры, бұған 1 – 2 сынып оқушылары, кейде көбінде 3 сынып оқушыларын қосуға болады. ІІ. Орта сынып оқушыларының хоры, орташалар хоры бұған 3 – 4 сынып, кейде 5 сынып оқушыларын қосуға болады. ІІІ. Жоғарғы сынып оқушыларының хоры, үлкендер хоры бұған 5-6-7 сыныптар, кейде өз қалауларымен 8-9-10 сынып оқушылары әсіресе қыз балалардың қатысуына болады.
Хор – вокалдық ансамбльдердің ішіндегі орындаушылар саны жағынан ең үлкені. Хор шығармаларын сүйемелдеп те, сүйемелдеусіз де орындауға болады. Бұл хор ұжымының ән айту техникасын жетілдіруге және әншілердің есту қабілеті мен шығарманы әр түрлі құбылтып орындауға әсерін тигізеді. Біздің хор ұжымдарымыздың бағдарламалары әр алуан. Тек қана халық әндері емес, сонымен қатар шетел, ұлт республикалары композиторларының шығармаларын да, классикалық шығармаларды зор шеберлікпен орындай алады.
Хормен ән айту өнері негізгі шығармашылық бағытына қарай екіге бөлінеді:
Хормен ән айту өнері негізгі шығармашылық бағытына қарай екіге бөлінеді:
Академиялық хорлар, 2) халық хорлары.
Академиялық хор дегеніміз өз шығармашылығында және орындаушылық өнерінде белгілі бір жоғары музыкалық оқу орындарының ән айту заңдылықтарына сүйенеді. Академиялық ән айту әдісінің негізі – музыкалық дыбысты дөңгелектеп сәл жабық үнмен өте жұмсақ, жағымды дауыспен айтуды талап етеді. Бұл халықаралық вокалды ән айту тәжірибесінде негізгі болып саналады. Сахнада академиялық хорлар дирижермен айтылып, автордың жазған партитурасы қатаң сақталады.
Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсетіп жүрген мақтаулы кәсіби академиялық хор ұжымдары көптеп саналады:
Қазақтың мемлекеттік хор капелласы.
Ресейдің мемлекеттік академиялық орыс хоры. (хордың негізін салушы -1941 ж. А.В.Свешников).
Халық хорлары өз жұмысын жергілікті жердің ұрпақтан- ұрпаққа ауысып келген әншілік дәстүріне сүйене отырып, ұйымдастырды. Сондықтан халық хорларынан орындаушылық үлгісі және өзіне тән әншілер құрамы болады. Академиялық хорларда әйел және ерлер дауысы сан жағынан тең болатын болса, халық хорларында кейде әйелдер дауысы басым болады. Халық хорлары сахнада дирижерсыз орындайды, өйткені хорда тек хор емес, басқа да жанрлар орындалады. Мысалы: би, жеке ән, фольклорлы аспаптарда орындау, көркем сөз т.б. халықтың өнерлері көрсетіледі. Халық хорындағы әншілер үнділігі табиғи, ашық дауыс тембрімен ерекшеленеді. Хордың негізгі дауыстары кеуде регистрінде айтылатын әйелдердің қоңыр дауысы (альт, контральто) және ерлердің баритон, тенор дауыстарынан құралады.
Қорытындылай келе, х о р дегеніміз – бірнеше немесе одан да көп әншілердің бірігіп, үйлескен дыбыстармен ән орындауын айтамыз. Хор – өзінің орындауындағы шығарманы көркем тілмен, мазмұнын бұзбай, сипатын көрнекті етіп, айқын түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар топ екенін түсіндіру
Аспаптық музыкалық топ сияқты хор да вокалды ұйымдасқан, өз бағыты мен мақсаты бар үлкен саздық жанр. Бұл саздық жанр тыңдарман қауымға топтық ән орындаудың шеберлігін, қарапайым әуендерді күрделі етіп көрсете алатын, орындаушылық қабілеттің жоғары санада айшықтайтын саз түрі екені қазіргі таңда әлемге әйгілі.