1.«Көпжақтар» әдісі бойынша тұжырымдамалық кестелер толтыру
Салыстыру шарты
Үшбұрышты призма
Төртбұрышты
пирамида
Текше
Паралле
лепипед
Тетраэдр
Сызбасы
Төбелерінің саны
Жақтарының саны
Қабырғалар саны
«Көпжақтар»-дың 6 жағына сұрақтарды жазып, топтың алдына тастау арқылы сабақты Блум бойынша талдатуға болады. Сабақты толық қорытындылату үшін тапсырма түрінде алуға болады.Қатты қағаздан текшені даярланып, оның әр жақтарына тапсырмалар жазылады.
1-жағы: Мынаны жаз ... (Түсін, түрін, өлшемін немесе басқа қасиеттерін жазу)
2-жағы:Мынаны салыстыр ... (Неге ұқсайды ? Айырмашылығын тап?)
3-жағы:Болжамда... (Нені есіңе түсіреді?)
4-жағы: Талдау жаса... (Қалай жасалынды? Неден жасалынды??)
5-жағы:Қолдану... (Мынадан не жасауға болады? Мұны қалай қолданады?)
6-жағы:Ақиқат немесе жалған екенін анықта (Қолдау жаса немесе қарсы бол)
2 . «Артығын алып таста» әдісі геометрия сабағында оқушылардың мағынаны ажыратуына, фигураның қасиеттерін өз бетінше ұғынуына септігін тигізеді.
Тұрмыста қолданылатын геометриялық фигураларды көрсетемін.Оқушылар бүгінгі тақырыпқа сәйкес емес фигураны «Артығын алып таста» әдісі бойынша табу керек.Ұсынылатын суреттер:
Оқушылар ара ұясының геометриялық фигура болатындығын және төртбұрыштармен оның ортақ қасиеттері жоқ екенін ажыратады.
Ұлттық құндылықтар туралы айтып кері байланыс жасаймын.
3.«Иә-жоқ» әдісін тарау бойынша қайталау сабақтарында оқушының теориялық білімдерін пысықтау үшін қолданамын.
Оқушы кестедегі төртбұрыштардың қасиеттерін сәйкестендіру арқылы өтілген тақырыпты қайталайды,өтілген тақырып пен бүгінгі сабақты байланыстырады.
4.«Құрақ құрау» тәсілі бойынша сәйкестендіру тапсырмаларын орындау . Әр топ үшбұрыштарда берілген тапсырмаларды жауабымен сәйкестендіріп, геометриялық фигураларға /төртбұрыштарға/ жинайды.
5.«Фишбоун» әдісі. Зерттеушілік ұжымдық жұмыс Балық қаңқасының бас сүйегіне зерттелетін тақырыпты жазамын. Тақырыпты зерттеуді тұтас ұжымға тапсырамын. Тақырыпты оқып, оны түсіну үшін, алдымен жасайтын әр бір қадамдарын анықтап шығады. Жасалған қадамдар нақты , себептер мен шешілей жатқан салдарды анықтауа бағытталуы керектігі ескертіледі. Себептер мен салдар балықтың сүйектеріне қарама-қарсы орналастырылады.
Ең соңында зерттеудің дұрыс шешімі балықтың құйрығына жазылады.
Төрбұрыштардың қасиеттері
Паралле-
лограмм
Тіктөрт-
бұрыш
Рромб
Шаршы
Қарама-қарсы қабырғалары параллель
Барлық қабырғалары тең
Қарама-қарсы бұрыштары тең
Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
Барлық бұрыштары тік
Диагональдары тең
Диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады
Іргелес бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең
Диагональдары бұрыштарының биссектрисалары болады
Периметрі P=4а формуласымен есептеледі
Ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең
П ериметрі P= 2(а+в ) формуласымен есептеледі
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.