Математиканы оқыту әдістері

Дата18.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#139910
Байланысты:
3тік
4-5, 1. Ателер теориясы, культурология, Өмірзақ.A АІ-21, Aknur Omirzak AI-21, Вопросы, зейниллаева ж анимацияx, Шыгару керек, Документ 15 (2), Документ 15 (1), ОМЖ. Фонетика тарауы. 5- сынып, 1245391, Patent, Скелет

Математиканы оқыту әдістері

Дайындағандар:Икрамов І,Зейниллаева Ж,Казбекова М

Еліміз егемендіка алғаннан бері, қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістер болуда, соның ішінде білім берет жүйесіндегі болып жатқан негізгі мәселелер қазіргі мектеп түлектерінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру болып табылуда. Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын. Өткен ғасырда айтылған бұл сөз бүгінгі күнде өз құндылығына жоғалтқан емес,

Математиканы оқытудың негізгі 3 түрлі әдісі бар

проблемалық
эвристикалық
Бағдарламалап оқыту

Проблемалық оқыту

Проблемалық оқытудың мәні-мұғалім проблеманы өзі қойып, өзі шешеді. Мұндағы басты проблема - теореманы дәлелдегенде оны қалай дәлелдеу емес, дәлелдеуді қалай іздестіру, іздестіруге оқушыларды қалай тарту мәселесі. Бұл әдістің негізгі жетістігі дербестікке, шығармашылық еңбекке, фактілерді бағалауға тәрбиелейді, проблемалық баяндау әдісін қолданғанда мұғалім-ақпараттың негізгі көзі болып табылады.

Добавить заголовок слайда — 4

Эвристикалық оқыту әдісі

Эвристикалық әдіс - оқыту процесінде оқушылардың белсенді танымдық қызметін пәрменді ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл әдісті қолданғанда оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемаларды шешіп, шағын жаңалықтар ашады. Эвристикалық әдісті оқу процесінде қолдану үшін кейбір мысалдар келтірейік.

Теорема. Параллелограмның диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.
Берілгені: ABCD-параллелограм, АС және BD оның диагональдары. О- диагональдардың қиылысу нүктесі.
Дәлелдеу керек : AO=OC, BO=OD.
Дәлелдеуі:
- нені дәлелдеу керек?
- кесінділердің теңдігі, әдетте қандай жолмен дәлелденеді?
  • қай үшбұрыштарды қарастыру қолайлы?

  • Осы үшбұрыштарды зерттейік.
    Үшбұрыштардың қандай элементтері тең?
  •  АВО=  CDO екенін көрсететін теорема қалай айтылады.?
  • Бұл үшбұрыштардың теңдігінен не шығады?
  • Дәлелденген теореманы қалай тұжырымдауға болады?

  • Мұнда, берілген сұрақтарға қайтарылған жауаптар тақтаға әрі дәптерге жазылады.
    Әңгімелесудің соңында:
    дәлелдеу бойынша қандай сұрақтар бар?
    осы нәтижені алу үшін дәлелдеу барысын қалай өзгертуге болады?
    деген сияқты сұрақтар берілуі мүмкін.

Бағдарламалап оқыту әдісі - оқу материалын арнайы бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөліктерге бөлшектейтін және әрбір оқушының ісА В С Д О 25 әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын, сондай-ақ оқытылатын материалды меңгеру барысын ұдайы бақылауға көмектесетін дидактикалық жүйені түсінеді. Бағдарламалап оқыту, әсіресе компьютер көмегімен бақылау бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. Қазіргі уақытта компьютердің көмегімен жоғары оқу орындарында студенттердің білімдерін тексереді және емтихандар өткізіледі.
Мектеп тәжірибесінде оқыту бағдарламасының негізгі екі түрі: сызықтық және тармақтық бағдарламалау қарастырылады. Сызықтық бағдарламалаудың айырықша белгісі жаңа материалдың бір үлесінен кейін сұраққа жауап беру (есеп шығару) ұсынылады, нұсқаушы сұрақтар мен түсініктемелер бермейді.

Сызықтық бағдарламалап оқытуда бірнеше жауаптың берілуі мүмкін (оқушы дұрысын көрсетуі тиіс). Алайда дұрыс жауап бірден сұрақтан кейін берілсе, бағдарламалау өз мағынасын жоғалтуы ықтимал. Сондықтан сұрақ пен жауап арасында оқушының өздігінен ізденуге мүмкіндік туғызатын үзіліс жасап, сұрақтың дұрыс жауабын жасырып қояды. Әдетте дұрыс жауаптан кейін ғана келесі үлес беріледі. Оқушы өзін-өзі тексеру үшін бағдарламаланған құралдан дұрыс жауап алуы тиіс. Бұл жауап оқушының білімін одан әрі дамытады, болмаса берілген оқу материалының үлесін одан әрі нақтылай түсуге нұсқау береді, сөйтіп жіберілген қатені жоюға жағдай жасайды. Тармақталған бағдарлама оқу материалын сатылап түсіну үшін және меңгеру қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Оқушы бірінші үлесті оқып үйреніп, сызықтық бағдарламалау сияқты, бақылау сұрақтарына жауап береді немесе ұсынылған жауаптардың біреуін таңдайды. Егер дұрыс әрі 26 толық жауапты таңдаса, онда ол оқу материалының келесі үлесіне көшеді, ал егер ол толымсыз немесе қате жауапты таңдаса, онда оқушының бағдарламаланған құралдың тиісті бетіндегі түсініктемелер «қайтарылады» немесе компьютер қажетті кеңестер береді, яғни тармақталған бағдарлама бұрыс жауаптың қателігіне оқушының көзін жеткізеді.

Назарларыңызға рахмет...

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет