Суретті үшөлшемді етіп шығаратын



бет2/4
Дата28.03.2023
өлшемі333,42 Kb.
#173203
1   2   3   4
Байланысты:
3 принтер баспа

Мүмкіндіктері


Озық технология арқылы, бүгінде үшөлшемді суреті бар қарапайым футболкалар жасап қана қоймай, ғимараттардың күрделі үшөлшемді проекциялық модельдерін 100 микронға дейінгі нақтылықпен құрастыруға болады. Бұл әсіресе ғылыми институттарға өзекті, өйткені түптұлғасын жасап қана қоймай, жасалып жатқан зерттеулерде оны ұстап көруге де болады. Бұл жаңалыққа зергерлер де қуанды – жаңа заман принтерінің арқасында ең күрделі деген заттарға құйма пішіндерін жасау оңай болатын болды. Ал, археологтарға табылған элементтің қисынды жобасын салып қана қоймай, оның нақты түрін құрастыруға мүмкіндік туды.
Ғалымдарға арман болған «азық-түлік принтері» көп ұзамай шындыққа айналуы мүмкін. Ол ақуыздар мен көмірсулардан нағыз азық-түлікті жасай алады деп күтілуде. Сонымен қатар, озық технология адам мүшелерін жасауға көмектесуі мүмкін. Бұл әсіресе донор тапшылығына ұшыраған адамдарға өзекті. Қазірдің өзінде омыртқааралық дисктер мен бағаналық жасушаларды басып шығару тәжірибеге еніп жатыр. Сол себепті, бұрынғылар фантастика деп ойлаған, ал біз қазірде кейбір кинолардан көріп жүрген таңғаларлық заттар көп ұзамай шындыққа айналып, өмірімізді әлдеқайда жеңілдетуі мүмкін.

Қызықты мәліметтер[


3D принтерлер өзін осы форматта шығаруға қабілетті. Осы аумақта талай жетістікке жеткен өнертапқыштардың бірі Чехиялық Джозеф Пруза 3D принтердің осындай моделін жасаушылардың бірі. Тіпті, оның есімімен ең атақты үшөлшемді принтерлердің бірі «Mendel Prusa» моделін атаған.
2012 жылы «Defense Distributed» бірлестігі 3D принтер көмегімен суық қару түрін ойлап табу жоспарын құрған. Олар осы жұмысты 2013 жылы аяқтап, таныстырды. Әр адам осы жұмыс істейтін суық қаруды (пистолет) 3D принтер көмегімен шығару мүмкіндігіне ие болды. Дегенмен,көп ұзамай АҚШ басшылығы мен Мемлекеттік Демартамент өкілдері бірлестіктің веб-сайтынан құрылғының жасалу жолы көрсетілген беттерді өшіруді талап етті. 2013 жылдың 21 қараша күні 3D принтер көмегімен суық қару түрлерін шығаруға заңды түрде тыйым салынды.
2014 жылы 3D принтерді құрылыс саласында қолдану жоспары құрылды. Қытайлық WinSun компаниясы 2014 жыл бойы үшөлшемді құрылғы мен бетон материалының көмегімен 10 шақты ұй құрылысын және көпқабатты үйлердің құрылыс жұмыстарын іске асырды. Кейінірек, Оңтүстік Калифорния Университетінде тәулік ішінде 250 шаршы метр аудандағы үйді шығара алатын алып 3D принтер сынақтан өткізілді. 2015 жылы «Станкостроение» (Крокус-Экспо) ғылыми көрмесінде Ресейлік ғалымдар құрылысқа арналған өндірістік 3D принтерлердің жаңа молельдерінің жоспарын көрсетті.
Заманауи сандық технологиялардың дамығаны сонша, бұрындары мұндай мүмкіндіктер жайлы бұрынғылар фантастикалық оқиғалар ғана жазатын. Мұндай заттарды күнделікті қарапайым құбылыс деп санағанымызбен, бұлар ұзақ, қажырлы зерттеулер мен тәжірибелердің жемісі. Бұл озық технологияны түсіндірудің қарапайым мысалы: сізге әжеңізден ерекше қобдиша мұрагерлікке қалды, бірақ оны абайсызда сындырып алдыңыз делік. 

Тура мұндай қобдишаны сатып алу мүмкін емес, бірақ сүйікті затыңызбен қоштасқыңыз да келмейді. Алайда, соған ұқсас қаңқа сатып алып және үйіңізде 3d принтер болса, кішкене күш салып сүйікті бұйымыңызды қайта қалпына келтіре аласыз. Бұған үшөлшемді басып шығару арқылы қол жеткізуге болады. Үшөлшемді басып шығару технологиясы күнделікті өмірімізге қарқынды еніп, ажырамас бөлігіне айналып келеді. Кейбір адамдар үшін бұл қосымша табыс көзі немесе шығармашылық идеяларын іске асыруға тамаша мүмкіндік болып отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет