Свод правил республики казахстан


ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ МЕН



Pdf көрінісі
бет96/212
Дата16.04.2022
өлшемі3,63 Mb.
#139584
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   212
Байланысты:
СП РК 4.01-106-2018 (1)

8
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ МЕН 
КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1 Бас жоспар және көлемдік жоспарлау шешімдері
8.1.1 Тазарту құрылыстарын салуға арналған алаңдарды таңдау, жоспарлау, салу 
және олардың аумағын абаттандыру ҚР ЕЖ 3.01-101 нұсқауларына және ҚР ҚНжЕ 4.01-
02 жалпы талаптарына сәйкес орындалуы керек.
Су ағындары мен су қоймаларының жағалау учаскелерінде орналасқан тазарту 
құрылыстары мен сорғы станциялары алаңдарының жоспарлы белгілері судың желмен 
айдалуын және желмен толқынның қисаюының биіктігін есепке ала отырып, 3% 
қамтамасыздандырылуымен тасқын сулардың ең жоғары көкжиегінен жоғары 0,5 м-ден 
кем емес қабылдануы керек.
8.1.2 Елді мекендердің су бұру жүйесінің тазарту құрылыстарының, сондай-ақ 
өнеркәсіп алаңдарынан тыс орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарының су бұру тазарту 
құрылыстарының аумағы барлық жағдайларда қоршалуы керек. Қоршаудың түрін 
жергілікті жағдайларды ескере отырып таңдау қажет. Сүзу өрістерін қоршамауға рұқсат 
етіледі. Қажет болған жағдайда жеке құрылыстар үшін ҚР ҚБҚ 2.04-08-2009 сәйкес 
қоршауларды қарастыру қажет.
8.1.3 Тазарту құрылыстарының ғимараттары мен құрылыстарының көлемдік-
жоспарлау және конструктивтік шешімдерін ҚР ҚНжЕ 4.01-02 және осы бөлімнің 
талаптары мен ережелеріне сәйкес жобалау және салу керек. 
8.1.4 Реттелетін конструктивтік сұлбалар тек тұрақты жабдығы жоқ ашық 
сыйымдылықтар түріндегі су бұру құрылыстары үшін ғана рұқсат етіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет