Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет38/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:Кванттық механиканың негізгі жағдайы.Кванттық механика есептері


30 - дәріс.
Тақырыбы: Бақылау және бағалау
Мақсаты: мониторингті оқыту нәтижесін арттыру құралы ретінде оқыту
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
Тақырыптың жоспары:
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар.
3. Тексерудің әдістері.
4. Тексеруден диагностикаға көшу.
5. Білім, дағдыларды ізгілендіру.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау.
7. Баға қою.
8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары.
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады. Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды. Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тапсырмалар беріледі.
Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру
Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының нәтижелеріне қарап баға қойылады.
Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа әрпімен терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлар қолданылады. Шеберханадағы, оқу-өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылардың тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде бақылауы. Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондырғыларды дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу бағаланады.
Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан емтихандар оқу жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.
Емтихан жылы шырайлы жағдайда өту үшін барлық оқушыларға билеттің сұрақтары беріледі. Тек қана практикалық тапсырмалардың, есептердің мазмұны туралы айтылмайды.
4. Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады.
Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностиканық міндеттері:
• оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);
• оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Неге тексеруден гәрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет