Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет63/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Қорытынды бағалау критерийлері



95-100

Электродинамикадағы эксперимент және теория. ЖОО және мектептегі электродинамика. Мектептегі мұғалімнің және ЖОО-ғы оқытушының ғылыми-әдістемелік жұмысы. Классикалық электродинамика және заттың электрондық теориясы. АСТ постулаттары мен негізгі қағидаларым бойынша тақырыптарға жан-жақты жауап беріледі, магистрант ұғымдармен еркін жұмыс жасай алады, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата алады. Объект туралы білімдері ғылым мен пәнаралық қатынастар жүйесінде көрсетіледі. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, әдеби тілмен жазылған, қисынды, дәлелденген авторлық ұстанымын көрсетеді.

90-94

Әртүрлі мамандықтағы магистарнттар физиканы оқыту ерекшеліктері.Оқу үдерісіндегі теория, практика және ғылым. Физика және астрономия оқытушысы мен мұғалімі қызметінің негізгі элементтері туралы қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, объект туралы саналы білім жиынтығы көрсетілді, тақырыптың негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Объект туралы білім осы ғылым мен пәнаралық байланыстар жүйесінде оны түсіну аясында көрсетіледі. Жауап ғылым терминдерінде әдеби тілмен жазылған.

85-89

Бөлшектер дуализмі. Кванттық механика сұрақтары. Жарық. Ғылымның дамуындағы жарықтың рөлі. Статистикалық физика мен термодинамиканың түбегейлі теориясы. Арнайы салыстырмалық теориясы туралы қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, тақырыптың негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауап құрылымы нақтыланған, логикалық дәйекті. Жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Жауап ғылым терминдерінде әдеби тілмен жазылған.

80-84

Жобалау технологиясы. ДБҰ технологиясы. ЖОО мен ЖОББ мектептегі физика және астрономия. Физика және астрономия пәндерін оқытуға интерациялық және дифференциалдық тәсілмен әлемнің физикалық бейнесі туралы түсінікті қалыптастыру ерекшеліктеріне қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды көрсете білу. Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде әдеби тілде жазылған.

75-79

Дәріс және практикалық сабақтар өткізу әдістемесі. ЖОО-ғы оқу жұмысын ұйымдастыру формалары туралы толық жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген. Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде жазылған. Алайда, "жетекші сұрақтар" көмегімен магистант түзеткен елеусіз қателер немесе кемшіліктер жіберілген.

70-74

Классикалық электродинамика және заттың электрондық теориясы. АСТ постулаттары мен негізгі қағидалары. Оқу үдерісіндегі АСТ деген сұрақтарға дәйекті жауап жеткіліксіз берілген, бірақ бұл ретте елеулі және елеулі емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсете білген. Жауап қисынды және терминдермен жазылған. Магистрант өз бетінше түзеуге қиын болатын негізгі ұғымдарды анықтауда 2-3 қате жіберілген.

65-69

Классикалық электродинамика және заттың электрондық теориясы. Классикалық механиканың негізгі жағдайы мен заңдары. Оқыту мазмұнындағы классикалық механика тақырыптар бойынша толық және жан-жақты жауап беріледі. Жалпы ойдың логикалық бірізділігі сақталу керек. Тұжырымдарды ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілмесе. Магистрант елеулі және елеулі емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды өз бетінше ажырата алу керек. Магистрант жалпылама білімді нақтылай алады, мысалдарда олардың негізгі ережелерін ғана дәлелдейді. Сөйлеу тілі сауатты болуы керек.

60-64

Статистикалық физика мен термодинамиканың түбегейлі теориясы. Арнайы салыстырмалық теориясы сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Тақырыптың ішіндегі ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері толық жауап беруі. Сөйлеуі сауатты сөйлеуі.

55-59

Физика және астрономия оқытушысы мен мұғалімі қызметінің негізгі элементтеріне қойылған сұрақтарға толық жауап берілу керек. Терминдердің, ұғымдардың анықтамаларындағы, фактілердің, құбылыстардың сипаттамаларында келтіру керек. Сөйлеуі сауатты болу керек. Қосымша сұрақтарға жауап беру керек.

50-54

Магистрант «ЖОО мен ЖОББ мектепте физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы» пәнінің осы әдістемелік ұғымның, теорияның пәннің басқа объектілерімен байланысын анықтай алады. Сөз сауатты болуы. ЖОО мен ЖОББ мектептегі физика және астрономия туралы ұғымын ашып айтады. Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Физика және астрономия пәндерін оқытуға интерациялық және дифференциалдық тәсілмен әлемнің физикалық бейнесі туралы түсінікті қалыптастыру ерекшеліктеріін айта алады. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары магистрант қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

0-49

Классикалық электродинамика және заттың электрондық теориясы туралы сипаттама береді және қосымша сұрақтарға жауап береді.


Балл жүйесінде қойылған қорытынды баға (ҚБ)

Баллдың сандық баламасы (С)

Баллдың әріптік баламасы (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау (Д)

95-100

4,0

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

65-69

2,0

С

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

25-49

0,5



Қанағаттанарлықсыз

0-24

0

F


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет