Сабақ жоспары №41-42



Дата18.06.2017
өлшемі227,64 Kb.
#19383
түріСабақ
Сабақ жоспары 41-42

Пән аты: Кен ісі

Өткізілетін уақыты




























Тобы

201

























Курс

2

























Тексерген






























1

Сабақтың тақырыбы:

2.5 тақырып. Жерасты кен қазбалары







2

Сабақтың мақсаты:

1. Студенттерге жерасты кен қазбалары туралы түсінік беру, жаңа терминдермен таныстыру;

2. Дамытушылық тапсырмалары арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3. Студенттерге қызықты тапсырмалар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу,еңбек тәрбиесін дамыту, еңбекке баулу.

3

Сабақ түрі

Аралас

4

Сабақ типі

Алған білімді бекіту, жаңа сабақ

5

Сабақты – ұйымдастыру сабағы

Дәріс ,пікірталас

6

7


Оқыту әдісі

Пәнмен байланысы



Түсіндірмелі - иллюстративті

Тау – кен ісі, жару жұмыстарының технологиясы мен қауіпсіздігі

8

Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі:





Интерактивті тақта, оқулық, үлестірме материалдар




Сабақ жоспары



Атаулары

Уақыт

(мин)


Ұпай саны

1

Ұйымдастыру бөлімі

3




2

Үй тапсырмасын сұрау

15

5

3

Үй тапсырмасын бекіту:

7

7

4

Жаңа тақырып

15




5

Сергіту сәті

5




6

4 сурет 1 сөз (ойын)

7

1сөз 1ұп

7

Әріптер желісі

5

5

8

Қисынды ойлай білейік

13

10

9

Қорытынды

2




10

Үй тапсырмасы

1




11

Бағалау

2




Сабақтың барысы

Жұмыс түрі

Оқытушы қызметі

Оқушы қызметі

Ұпай саны

Нәтиже

1.Ұйымдастыру

бөлімі-3


Оқшылармен амандасады. Түгелдейді. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндеттерін мәлімдейді.

Амандасады. Белгіленеді. Мұғалімді мұқият тыңдайды.





Сабаққа деген қызығушылық, дайындығын және жауапкершілігін арттыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау -15мин

Тік оқпандарды орнату

  1. Тік шахта оқпаны дегеніміз не?

  2. Бір шахта алабында не оқпан өтеді?

  3. Оқпанның пішіні қандай болады?

  4. Шахта оқпаны көтергі жабдықтарына қарай қандай болып келеді?

  5. Атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

  6. Бас оқпан қандай қызмет атқарады?

  7. Желдетіс оқпан қызметі?

  8. Бекітпе дегеніміз не?

  9. Бекітпенің неше түрі бар?

  10. Ағаш бекітпе дегеніміз не?

  11. Темір бекітпе дегеніміз не?

  12. Бекітпенің пішіні қандай?

  13. Өрлеме дегеніміз не?

  14. Өрлеме бұрыштарарына қарай нешеге және қандай түрі бар?

  15. Шахта оқпанының тереңдігі?




Дайындалады. Өткен тақырыпты естеріне түсіреді және жауап береді

5

Ойлау, сойлеу, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.

3. Үй тапсырмасын бекіту. Блиц- тест

7 мин


Блиц-сынақ

Табиғи күйінде немесе қажетті деңгейде өңдеуден кейінгі қолдануға мүмкін тау жыныстары дегеніміз не?

Пайдалы қазбалар;

2. Пайдалы қазбалармен жанасқан немесе олардың құрамына енген тау жыныстары қалай аталады?

Кен;

3. Жер қыртысында белгілі бір көлемге ие пайдалы қазбаның табиғи шоғырлануы дегеніміз не?



Пайдалы қазбалар кенорыны;

4. Табиғи минералды затты тиісті өңдеу арқылы одан металды және пайдалы қазбаларды бөлу арқылы алынатын минералды шикізатты көрсет.

Бос жыныс;

5. Қалыңдығы 15-70 км болатын жердің тасты қабығы қалай аталады?

Литосфера;

6. Литосфера мен мантияны бөліп тұратын қабатты қалай атайды?

Мохоровичич қабаты;

7. Жер қыртысында едәуір созылған және екі немесе одан да көп параллель жазықтармен шектелген плитатәрізді шоғыр дегеніміз не?

Пласт;

8. Өте жұқа, яғни қоры аз (0,4 м дейін) болғандықтан өндірілмейтін жұқа пласттар қалай аталады?



Прослойка;

9. Жабын мен топырақтың нормаль бойынша жатыс элементі ретіндегі арақашықтығы дегеніміз не?

Пласт қалыңдығы;

10. Жер қыртысындағы минералды затпен толықтырылған жарық дегеніміз не?

Желі;


Жеке әр студент тест сұрақтарын шешеді. Өткен сабақтарды естеріне түсіріп.

10

Есте сақтау қабілетін тексеру және дамыту

4. Жаңа тақырып 15мин

Жер асты кен қазбалары

Жер асты кен қазбалары негізі үш кезеңнен тұрады.

Бірінші – жер бетінен қазбалар жүргізіліп кен сілеміне жету, яғни оны ашу; екінші – ашылған кенді, немесе оның бөлігін қазып алуға даярлау; үшінші – сол даярланған кенді қазып, өнім алу.

Қатты кенбайлықтың қандай түрі болсын, жер асты тәсілімен қазылғанда осы үш кезеңге соқпай өтпейді, бұл кезеңдердің әрқайсысында өзіне тән түрлі, кен қазбалары жүргізіледі.

Кен орындары толық барланып, қоры есептеліп анықталған соң пайдалануға, тұтынуға беріледі. Жер асты кен қазу кен сілемін ашу, ашылған кенді қазуға даярланған жерден кен алу тәрізді үш басты кезеңдерден тұрады.

Ашу деп жер бетінен, не болмаса кені қазылып жатқан жерден күрделі кен қазбалар жүргізіліп, кен сілеміне жол салуды айтады.

Ашу қазбаларына тік және көлбеу шахта оқпандары, шыңырау, айналмалы және көлбеу жүрістіктер, штольня, қылует және т.б. күрделі кен қазбалары жатады.

Даярлау деп ашылған кен сілемінен, не оның бөлігінен кен өңдіруге мүмкіндік тудыратындай даярлық кен қазбаларын жүргізуді айтады. Даярлық кен қазбаларына далалық және кеніштік қуақаздары, қияқаздар мен енбелер, материалдық жүрістік, желдетіс және толтырма өрлемелері, кенқұдықтар мен деңгежиектегі түрлі қазбалары, аралық жүрістік, көлбеу еңкіштер, т.б. жатады.

Тазарту жұмыстарына даярланған кен сілемінен жаппай кен өндіру жұмыстары жатады.

Кен қазудың осынау үш кезеңнен атқару кезінде кенорны жан – жақты барланады.

Тік шахта оқпаны – бір шеті жер бетіне шығатын жер асты жұмыстарын атқаруға қажет күрделі қазба. Атқаратын қызметіне қарай бас және көмекші оқпандар болып бөлінеді. Бір шахта алабында ең кемі 2 немесе 5-6 оқпан өтеді. Соның бірі – бас оқпан. Бас оқпан арқылы қазылған кен, не көмір және тау жыныстары көтеріледі, материалдар, машина және басқа да кен жұмыстарына қажет құрал – жабдықтар түсіріледі; желдетіс оқпандары арқылы шахтадан ластанған ауа шығарылып тұрады. Шахтаға таза ауа арнайы желдетіс оқпанымен де беріледі. Шахта оқпанының көлденең қимасы үлкен, тереңдігі 1000 м асып кетеді. Оқпан қимасы төрт бұрышты, сопақтау, көбіне, дөңгелек болып келеді. Ал оның қызмет мерзімі шахтанікімен бірдей, сондықтан да ол металмен өріледі, көбіне темір бетонмен шегенделеді, мұндай жұмысты оқпанды жабдықтау дейді. Кейде шахта оқпанын көтергі жабдықтарына қарай клеттік, скиптік немесе скип – клетті деп атайды.

Штольня деп бір басы жер бетіне шығатын жазық немесе сәл ғана еңкіш жүргізілетін қазбаны айтады. Штольня күрделі кен қазбасына жатады. Атқаратын қызметіне қарай бас, көмекші және желдетіс штольнялар болып бөлінеді.

Тұйық оқпандардың қызметі шахта оқпанындай, тек бұның бір шеті жер бетіне шықпайтын қазба. Тұйық оқпан тік те, көлбеу де өтеді және ол оқпан іспеттес күрделі қазба қатарына жатады.

Қуақаз (штрек) – жер бетіне шықпайтын, кен сілемінің созылым ұзындығымен немесе бос жыныстармен жүргізілген қазба. Қуақазбен қазылған кен квершлагқа дейін тасылады, таза ауа беріліп, ластанған ауа шығарылады, кеншілер жүріп түұратын қатынас жолы. Атқаратын қызметіне және көлденең қима пішімі жөнінен қуақаз бен квершлагтарда айырма жоқ. Қуақаздың ерекшілігі – көлбеу, күрт құлайтын кен сіемінің созылымын қуалай өтілетіндігінде ғана, ал жазық жайпақ кен сілемінде қуақаз кез – кеген бағытта ұңғылана береді. Егер қуақаз күрт құлай, көлбей жатқан кен сілемін қуалай өтсе, оны кеніштік, ал жанама жыныспен созылым бағытымен жүргізілсе – оны далалық, яғни бейкендік қуақаз деп атайды. Қуақаздар атқаратын қызметіне қарай тасылымдық, желдетістік, қабаттық, қабатаралық, панельдік, ысырмалық болып бөлінеді.

Қияқаз (орт) – атқаратын қызметі тұрғысынан қуақазбен бірдей, тек кен сілемін қиын өтетін, сыртқа шықпайтын жазық қазба. Қияқаз кеннің екі жақ бетін қосады.

Қылует (квершлаг) – штольня секілді жүргізілетін, жазық, не болмаса сәл еңкіш бірақ жер бетіне шықпайтын күрделі кен қазбасы. Атқаратын қызметіне қарай қылует тасымалдық, қабаттық, панельдік, учаскелік болып бөлінеді.

Шурф – көлденең қимасы үлкен емес, тереңдігі 50-60 м дейін болатын, жер бетіне шығатын кен барлау жұмыстарына арналған немесе жер асты жұмыстарына арналып жүргізілген тік немесе көлбеу қазба.



Таңдайды. Сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап береді

Жаңа тақырыптың конспектісін дәптерге жазады..






Ойлау қабілетін дамыту. Тыңдайлы және есте сақтайды.

5.Сергіту сәті-5мин

6. 4 сурет 1 сөз ойыны

7 мин


Берілген тапсырманы орындаймыз

Берілген тапсырмаларды мұқият тыңдайды және орындайды.

1

Өз бетімен жұмыс істеуді үйрету, өз ойларын жеткізе білу.

7. Әріптер желісі

5мин


Берілген әріптерден термин сөздер құрап, берілген парақшаға сөдерді жазамыз.

Б К Қ Б Ө Е О Ш Ұ П Қ

Жауабы:

Бос жыныс, Клеть, Қияқаз (орт), Бекітпе, Өрлеме, Еңкіш, Оқппан

Ұңғыма (скважина), Пайдалы қазба, Қуақаз (штрек),


Жауап береді және сұрақ қояды. Сабақ туралы пікір бөліседі. Дәптерлерін көрсетеді.

10

Топтықық жұмыс істеу қабілетін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту.

8. Қисынды ойлай білейік

13 мин


Бұл турда берілген сөздерді дұрыс құрастыру сөзді табу қажет. Жауап толық болса 10 балл, толық болмаған жағдайда 5 балл қойылады.

І команда

рыбқұ, ахташ, енк, маығұң, епбекіт, рекшт, уршф, арженк, шшімө, ерьлс, ажтэ, нолук, итнраг, орхмти, овзортекэл,

Жауабы: 1- каманда:

құбыр, шахта, кен, ұңғыма, бекітпе, штрек, шруф, кенжар, шөміш, рельс, этаж, уклон, гранит, хромит, электровоз.

ІІ- команда

рто, орхм,алгщеврк, азбқа, няольтш,ығаулұрб, ерпрекс, аткс, ысм, онкатс
аллсиркалт, ерарька, ығрбұ, авла, мшал

Жауабы:


Орт, хром, кверщлаг, қазба, штольня, бұрғылау, скрепер, станок, кристалл, карьер, бұрғы, лава, шлам

ІІІ- команда

смкіү, сипк, онакп, ешп, тартнецнок, ренжеин, тиманид, ротарапсе, сылырарж,азг, гтнозрио, еценмт, унчуг, сизаб, лшпа.

Жауабы: күміс, скип, оқпан, пеш, концентрат, инженер, динамит, сепаратор, жарылыс, газ, горизонт, цемент, чугун, базис,шпал.



Топ болып жауап береді, Жауаптарын дәптерге түсіріп жазады.

10

Сөйлеу қабілетін дамытып, есте сақтау қабілетін дамыту және берілген тапсырылмаларын уақытында орындау, жауапкершілігін дамыту

Үй тапсырмасы-1 мин

Дәрісті оқып, терминдерді жаттап келу.

Берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.







Қортынды: 2мин

  • Сабағымыздың тақырыбы?

  • Біз мақсатымызға жеттік пе?

  • Жер асты кен қазбаларына не жатады?




Сабағымыз топ бойынша қортындылаймыз.







Бағалау- 2мин

«5» - 30-35 ұ.

«4» - 25-29 ұ.



«3» - 20-24 ұ


Студенттерді бағалаймыз









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет