Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет15/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Құжаттар тізімі.Құжаттар құрылымы


9 -дәріс.
Тақырыбы: ЖОО мен ЖОББ мектепте физика және астрономия курсының мазмұны мен құрылымы
Мақсаты: ЖОО мен мектепте физика және астрономияны оқудағы салыстыру тәсілі
Физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалры адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; Табиғатқа ғылыми – көзқарасты бекіту; Адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Ол үшін мынадай міндеттер орындалуы қажет: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру.
Оқушылардың ғылыми ойлауын танымдық және шығармашылық қабілетін ғылыми мәліметтерді түсінуін, ғылыми білімді өз бетінше игеруді қалыптастыру;
Технологияландырылған әлемде бағдар ала білуге;
Ғылыми және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу ;
«Физика және астрономия» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында анықталған. «Оқушылардың міндетті дайындық» деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, 7 – 9 сыныптар аралағында астрономиялық курсын оқыту ерекшеліктеріне тоқталайық.
а) Бағдарлама бойынша
7 сыныпта астрономия тақырыбы
« Астрономия аспан денелер туралы ғылым» -2 сағат
« Қозғалыс тарауында – планеталар қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылыс туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары. Коперниктің гелиоцентрлік жүйелер – 3 сағат.
Масса және күш тарауында «Басқа планеталардағы ауырлық күші» - 1 сағат
8 – сыныпта:
«Ай, Шолпан, Марстағы термодинамикалық жағдайлар» - 1 сағат.
«Күн – жұлдыз» - 1 сағат
9 – сыныпта – 5 сағат « Астрономия негіздері» оқытылады.
Осындай сағат көлемінде оқушыларға астрономиядан бірізділік принципіне сүйенген жүйелі білім беруіміз қажет. 10,11 сыныптардағы астрономия мәселелерін оқуды оқушы орта мектеп курсынан алған білімдеріне яғни 7 – 9 сыныптарда оқушы негізгі базалық білімді игеруі тиіс.
Санаулы уақыт көлемінде оқушы білімін біртұтас жүйелі күйде қалыптастыру үшін оқулықтан тыс тестілер, танымдық сұрақтар, жұлдыздық картамен жұмыс сияқты оқушы қызығушылығын арттыратын әдістемелік, дидактикалық қосымшалардың қажеттілігі сөзсіз.
II. Негізгі мектепте жаратылыстану пәндеріне бөлінген апталық сағат саны 1,5 – 2 еседей қысқарса, ал физика мен астрономия логикалық түрде толық аяқталған біртұтас курс болғандықтан, одан берілетін білім мазмұны керісінше 1,5 – 2 есе артып отыр. Мұндай жағдайда оқу үрдісін бұрынғысынша ұсақ тақырыптарға бөліп, экстенсивті жолмен ұйымдастыру оң нәтиже бермейді. Сондықтан тығырықтан шығу үшін оқу материалын жүйелеуге, ірі блоктарға біріктіріп, ірілендіруге жол ашатын жаңа технологиялық амалдарға көшу қажет. Осыған байланысты оқу үрдісін ұйымдастырудың төмендегі технологияларын қолдану ұсынылады. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ)
Оқытудың модульдік – кредиттік технологиясы. ДБІ – технологиясының әдіснамалық ұстанымдары мен тиімділігі:
Оқу үрдісінде, соның ішінде әр сабақта жүйелі жалпылауда қолдану (системное обобщение)
Оқу материалы арасындағы логикалық байланыстарды ашу,
Оқу материалының ең мәнді қырларын көрсету.
Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды күшейту.
Оқу үрдісін қарқындандыру және уақыттан ұту.
Астрономия курсынан дүниетанымдық және жалпы білім берерлік маңызы өте жоғары. Сондықтан қазіргі «Физика және астрономия» пәні интегралды курс болып есептелінеді. Анализ жасап көрсек, бұл екеуінің арасындағы байланысты ашып көрсетуге және астрономияны оқып үйренудегі қажетті физикалық білімдерді анықтауға болады.
Аспан объектісі
Сипаттары
Құбылыс
тар мен процесстер
Зерттеу әдісі, құралы
1.Күн жүйесі:
1. Күн гравитациялық центр.
2.Планета(ғаламшар)
3.Серіктеп
4.Астероид
5.Комета
6.Метеор,болид,метеорий, метеороид.
7.Планетаралық орта.
II.Галактика.
1.Жұлдыз:
А)Күн – жұлдыз
Ә)алып,ергежейлі,қара құрдым
Б)цефеидтер
2)Жұлдыз шоғыры
3)азды тұмандық
Атмосферасы,планетаның айналуы,периоды,радиациялық белдеу,
алып планеталардың
сақиналары,жылдамдығы,спектр,фаза,
ғаламшар мен жұлдыздардың физикалық сипаттамалары.(магниттік өріс,масса,радиус,жарықтары,тығыздығы,температурасы),химиялық құрылымы,түсі,күн дағы,жарқыл,күн белестері,циклі. Күн және ай тұтылу,жарық қысымы,Жердің басқа планеталардың сығылуы,галактика, Метег/а, ғаламшардың,Жердің,Күннің эволюциясы, белсенділігі (Күн,галактика ядролары). Бақылау(визуалды, фотосурет,радио-астрономиялық,спектрлік анализ,телескоп, спектроскоп, стектрограф).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет