Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет17/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Құзыреттілік пен құзырлық ұғымдары.ҚР білім беруіндегі құзыреттілік тәсіл


11 - дәріс.
Тақырыбы: ЖОО-ғы физиканы оқытудың жаңа технологиялары. Классификациясы.
Мақсаты: ЖОО-ның білім беру үрдісіндегі қазіргі технологияларды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі. Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдаланып, физика сабағында жақсы жетістіктерге жету үшін, сапалы білім беруге ықпал ететін жаңа технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша физика пәнінен сабақ жоспарының кезеңдері:
1. Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.
2. Мағынаны тану - үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
3. Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процессінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Өзімнің сабағымда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдана отырып, келесі стратегиялар бойынша өткіздім. Бірінші қызығушылықты ояту кезеңінде оқушыға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, сөзжұмбақ шештіріп, эссе жаздырып өз ойларымен бөлістіріп, сонымен қатар сергіту сәтін өткізуге болады. Екінші мағынаны тану кезеңінде тақырыпты түсіндіру үшін әр түрлі видеоролик, слайд қолданып оқушының жаңа ақпаратты тез қабылдауына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, бұл сатыда проблемалық баяндау әдісін, яғни өз мазмұнына сай және әртүрлі тәсілмен сұрақ қойып, оқушыларды жауапты іздеуге бағыттаймын. Схема, кесте, суреттер, картиналар, портреттер, плакаттар, модельдер, тақта мен борды, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолданып, оқушының жаңа тақырыпты меңгеруіне ықпал етемін. Үшінші ой толғаныс кезеңінде INSERT кестесін немесе түртіп алу кестесін беруге болады. Яғни оқушы келесі кестені толтырып, сабақты қалай түсінгенін бөліседі. Эссе әдісін қолданыпта берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, ойын,дұрыс жеткізіп, сабақта берілген тезистерді аргументтермен бекітіп,оқылған тақырыптың негізгісін көркемдеп жазып және сол арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіндігі жайында ойын ашық білдіре алады. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет