Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет19/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Білім беру технологиялары.УДЕ технологиясының ерекшеліктері


13 - дәріс.
Тақырыбы: ЖОББ мектептегі оқытудың модульдік технологиясы
Мақсаты: Модульдік технология физиканы оқыту кезінде қолданылатын бірден-бір технология ретінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті. Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор екенін тілге тиек еткендей. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- Модульдік оқыту технологиясы екені анық. Сабақтың сапалы, тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді
Модульдік технологияның гипотезасы: Егер оқу-тәжірибе процесі модульдік технология арқылы өткізілсе, онда оқу динамикасы жағымды мінез алады.Егер оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен» қатынаста болса, егер сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі мен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырса, егер әр оқушы әр сабақта тыңдап, жазып, көріп және оқу материалын сатылай меңгерсе, онда модульдік технология жалпы білім сапасын, сабақтың тиімділігін жоғарлатуға, жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Модульдік технологияның мүмкіндігі:
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.
Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.
Жүйелі түрде сабақта технологияның қолдану барысында төмендегідей жетістіктерге жетуге болады, тиімділігін байқауға болады.
Оқушылар еркін сөйлеседі.
Өз ойларын ауызша, жазбаша баяндай алады.
Оқушылардың белсенділігін арттырады.
Оқу мотивациясы артады.
Неғұрлым аз шаршайды.
Оқу қызметін көбінесе жағымды эмоциялар алады, қанағаттанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет