Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері туралы түсінік 1.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
2. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері.
3. Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік.
Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен балалардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығыменжаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейгежеткізу үлкен орын алады. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері Қазақстан Республикасыөзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеуінің түп қазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Курстың объектісі – қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың мазмұны мұғалыім тәрбиешінің – МДОТӘ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес жоғары кəсіби білімнің құрамдасы ретінде.
Курстың пəні – МДОТә мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ тәрбиешілердің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік жəне дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: болашақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері:
• «педагогикалық технология», «оқу пəндерін оқыту технологиялары» ұғымдарына берілген анықтамаларға талдаужасау;
• Балабақшадағы пəндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау жасау;
Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес студенттердің білім, білік жəне дағдыларына қойылатын талаптар:
– курстың объектісі, пəні, міндеттері мен зерттеу əдістері жайлы түсініктері болуы тиіс;
– математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға сипаттама жасап, талдай алулары тиіс;
– қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс;
– белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық үдерісті таңдай жəне құра алулары тиіс.
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым балалардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын біртебірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар тәрбиеші іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді. «Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
- оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
- нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я.А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», – делінген.
Я.А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.). Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушының педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
Бақылау сұрақтары: «Қазіргі заманғы педагогикалық технология» пəнінің объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттерін саралаңыз.
«Технология» ұғымын түсіндіріңіз.
«Педагогикалық технология» ұғымына берген педагогғалымдардың түрлі пікірлерін сипаттаңыз.
«Педагогикалық технология» ұғымының мағынасын атаңыз.