Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет26/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:Оқушылар мен студенттердің өздік жұмысы оқу үдерісінің бөлігі ретінде.ЖОО мен ЖОББ мектептегі өздік жұмыстың ерекшеліктері


19 - дәріс.
Тақырыбы: Дәріс және практикалық сабақтар өткізу әдістемесі
Мақсаты: ЖОО әдістемесін оқыту
Дәріс – мектеп, ЖОО-да сабақ. Дәріс ұғымы кейде «лекция» ұғымының синонимі ретінде қолданылып жүр. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту түрін «сабақ» деп, ал арнаулы кәсіби, жоғары оқу орындарындағы оқыту түрін Дәріс деп атау қалыптаса бастады. Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті.
«Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.
XIX ғ. орта тұсынан бастап бүкіл әлемдегі ғылыми және техникалық білімдердің дамуына байланысты дәрістерді студенттердің жеке және белсенділік қасиеттерін жандандыратын практикалық сабақтармен толықтырудың қажеттігі дами түсті. Танымал орыс хирургі және педагог Н.И.Пирогов егер дәріс оқушы жаңа ғылыми материалдарды игерген немесе ерекше сөз құдіретіне ие болса ғана дәріс оқу керектігін мәлімдеген болатын. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студенттердің өзіндік жұмыстарына үлкен мән берді, сондай-ақ педагогикалық қарым-қатынас үдерісіндегі дәрістің эмоционалдық әсерін де басып көрсетті. 1896 ж. Техникалық және кәсіби білім беру жөніндегі орыс қайраткерлерінің екінші съезі дәріс оқуды қолдады, олар жанды сөзді ғылыми білімді хабарлаудың күшті құралы ретінде таныды.
Ал 30 жж. кейбір жоғары оқу орындарында тәжірибе ретінде дәріс оқу тоқтатылды. Тәжірибе өзін-өзі ақтамады. Студенттердің білім деңгейі күрт төмендеп кетті.
Қазіргі уақытта оқу материалын дәріс түрінде мазмұндаудың жақтастары да, қарсыластары да бар. Олардың шешімдеріне тоқталып көрелік:
1. дәріс өзгелердің көзқарастарын пассив түрде қабылдауға үйретеді жеке ойлауды тежейді;
2. дәріс студенттердің өз бетімен білім алуларына кедергі жасайды;
3. егер оқу құралдары жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда дәріс қажет болады;
4. кейбір студенттер ойлап үлгереді, ал кейбіреулері механикалық түрде дәріс
оқушының сөздерін жазып алып отырады.
Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер даярлығының ғылыми
деңгейін төмендетеді, семестр бойғы жұмыстың жүйелігі мен тепе-теңдігін бұзады. Сондықтан дәріс бұрынғыдай ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың жетекші формасы ретінде жалғасын тауып келеді. Ең бастысы, дәріс оқуда дұрыс әдісті таңдау және оқу материалын дұрыс құрастыру керек.
Оқу үдерісінде дәрісті оқу формаларының басқа түрімен алмастыруға келмейтін жайттар да туындайды:
№1 жаңа курс бойынша оқулықтар жоқ болып жатқан жағдайда дәріс ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылады;
№2 белгілі бір тақырып бойынша жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда көрініс таппаған жағдайда;
№3 оқулықтың жекелеген тақырыптары өз бетімен меңгеруге қиын және дәріс оқушының әдістемелік тұрғыдан қайта даярлауын қажет еткен жағдайда;

№4 курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қайшы тұжырымдар болған кезде;


№5 студенттердің өзіндік көзқарастарын қалыптастыруда дәрісті оқытудың басқа формаларымен ауыстыра алмайсың. Дәрістің эмоционалдық бояуы терең ғылыми мазмұны ойдың, сөздің және тыңдармандар қабылдауының үндестігін арттыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет