Т.Б. Тауекелова, Г.О. Абдикерова
95
-
Басқарылатын ұйымның әртүрлі жақтарын
біріктіру, мысалы, миссия, әлеует, құрылым,
корпоративтік мәдениет, менеджмент жүйесі
және т.б;
-
Жедел міндеттерге қол жеткізу емес,
стратегиялық, қоғамдық, корпоративтік және
жеке мүдделерді қамтамасыз ететін мақсаттар;
-
Икемді болу,
кеңістікте және уақытта ту-
ындайтын стратегиялық жағдайлардың көп
екендігін ескеру;
-
Басқару субъектілері мен объектілерінің,
сыртқы ортаның стратегиялық және тактикалық
бәсекелестік артықшылықтарын, бүкіл ұжымның
білімін, іскерлігін, тәжірибесін шоғырландыру;
-
Орташа тәуекелді болуы, бәсекелестердің
стратегиялық артықшылықтарын төмендетпеуі
және өзінің артықшылықтарын асыра бағаламауы
(Фатхутдинов, 2005).
Корпоративті әлеуметтік
жауапкершілік стратегиясы – бұл корпоративтік
ұйым өзінің қызметін (миссиясы, пайымдауы,
мақсаттары) мүдделі тараптар үшін құндылықты
түрде дамытуға қалай әрекет ететіндігі және
осылайша өзінің мақсаттарына қалай жететіндігі
туралы жоспарланған іс-қимыл бағдарламасы
(Emezi, 2014). Қазақстандық бизнесте әлеуметтік
жауапкершілік пен сенімді дамытудың страте-
гиялық бағыттарын қалыптастыруды зерттеу
өзекті ғылыми
міндеттердің бірі болып та-
былады.
Достарыңызбен бөлісу: