Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп

бет2/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les

Ол – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің нәтижесінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатарАхмет Байтұрсынов – өз халқының саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тігіп тікелей араласқан ірі публицист, қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім- ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісіне және дамып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, көп ізденді, «Әліпби», «Тіл құрал» атты кітаптарын қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы мақалалар жазуы, 1926 жылы Бакуде болған түркологтардың Бүкілодақтық I сьезіне қатынасып, бірнеше комиссия жұмысын басқаруы, Қазақстан оқу- ағарту комиссариатындағы жұмысы – осының бәрі оның қоғамдық, мәдени, ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан түрлі қомақтылығын аңғартады.

Белгілі түрколог академик А.Н.Кононовтың Ахмет Байтұрсыновты көрнекті түркологтарлың қатарында еске алып, оның қазақ алфавитін жүйелеу, оқу құралдарын жасау, фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен тек емес. (3,242)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет