1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын «Оқу құралы» жазғаннан кейін көп ұзамай енді. Осыдан кейін мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.
I-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қосқан үлесі.
I-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қосқан үлесі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазір ғылымның жеке бір саласы. Ғылымның осы саласында көш басында Ахмет Байтұрсынов туған. Басқаша айтсақ, қазақ тілін қалай қалай оқыту туралы ғылымда тұңғыш рет сөз қозғаған, ол туралы алғаш ғылыми еңбек, мақалалар жазған ғалым да – Ахмет Байтұрсынов. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің ірге тасын қалаушы, негізін салушы деп айтуға толық болады. Ғалымның әдіскерлігі, әдістеме ілімінің негізін қалауға қосқан үлесі турасында жалпылама болса да жазыла бастады.
Алайда, Ахмет Байтұрсыновтың әдіскерлігі туралы тұңғыш ағартушылардың бірі – ғалым Р. Сыздықова 1990 жылы жарық көрген «Ахмет Байтұрсынов» атты кітабында «Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының ірге тасын қалаушы болып саналады. Ол қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы (11,36). Сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншыны» жазған (11,37) - деп алғаш айтқан-ды. Ахмет Байтұрсыновтың «Баяншы» атты еңбегі бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі. Осы кітаптың алғы сөзінде оқытуға қатысты негізгі дидактикалық принципті айтқан. Ол – тіл оқытуда оқушының шамасы келетін нәрсеге үйретіп, оның оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру. Бұл дидактикалық қағиданы ғалым әдістеме жазуда негізгі ой қазығы еткен, әліппе, оқулық жазуда осы принципті басынан аяңына дейін ұстанған. Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі 14 жыл мұғалімдік тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан. Оған осы еңбекке жазған алғы сөзі дәлел.
Ғалымның «Баяншы» атты әдістемелік еңбегі екі бөлімнен тұрады. I – бөлім «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері» деп аталады. Әдістеменің II – бөлімі «Дыбыспен жаттығу» деп атады.