55
11. Кірістерді анықтау
12. Қаржылық жоспар
13. Экономикалық, коммерциялық және әлеуметтік тиімділікті
бағалау
14. Тәуекелдерді талдау және қарсы тұру шаралары
1. Түйіндеме.
Бұл бөлімде бизнес-жоспардың – болжамды жобаның нәтижелері
мен қорытындылары сипатталады, өндіріс пен өнімнің жаңашылдығы туралы
айтылады. Қысқаша нұсқада сату көлемі, түсім, шығындар және пайда туралы
мәліметтер беріледі. Несиені қайтару мерзімі туралы ескерту қажет. Мұндай
қысқаша ақпарат өнімнің, кәсіпорынның қызметіне объективті баға беруге
мүмкіндік береді. Бөлімнің басты мақсаты – болашақ қызметтің тәуекелдері
мен табысын бағалау.
Түйіндеме – бұл инвесторларды сіздің идеяңмен алғашқы таныстыру,
жарнамалық буклет. Онда негізгі қызметтер қамтылып және қызығушылық
тудыруы тиіс. Егер сіздің жобаның қысқаша сипаттамасы, ең басында
адресаттарға ұнамаса, одан әрі сіздің бизнес-жоспарыңызды ешкім көрмеуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: