Мақсаты – экологиялық мазмұнды карталарға түсінік сөздерді әзірлеу.
Тапсырма:
Төмендегі экологиялық карталардың біріне бейнелеу тәсілдерін таңдау. Таңдап алынған тәсілдерге қысқаша негіздеме беру және шартты белгілер жүйесін әзірлеу.
Жұмыс нәтижесі – жақсы графикалық сапамен безендірілген түсінік сөздер мен картографиялық бейнелеу тәсілдері және бейнелеу құралдарын таңдауға негізделген қысқа текст.
Картаның мазмұны:
1. Негізгі ластаушы кәсіпорындардың орналасқан жері, атауы. Кәсіпорындардың тазартқыш имараттармен қамтамасыз етілуі. Кәсіпорындардың қауіптілік класы (сыныбы).
2. Әкімшілік аудандары бойынша шығарындылардың жалпы шамасы, мың т. мөлшерінде және олардың тазаланған дәрежесі (% жалпы мөлшерінен). Шығарынды заттардың түрлері (СО, S02, N02, көмірсулар, қатты және т.б.).
3. Жалпы аймақ бойынша атмосфераның кешендік ластану индексі. Алты сатылы шкала: 0,06 төмен; 0,06-0,07; 0,07-0,08; 0,08-0,09; 0,9-0,10; 0,10 және одан жоғары.
4 ВАРИАНТ. Өзіндік әкімшілік бөлінуі бар үлкен аймақ суларының экологиялық жай-күйін бағалау картасы.
Достарыңызбен бөлісу: |