Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау


Тапсырманы орындауға мысал



бет34/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Тапсырманы орындауға мысал
ВАРИАНТ. Үлкен қаланың су объектерінің ластану картасы


Картаның мазмұны:
1. Өзендердің гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша ластануы, алты категориялар: ластануы нысапты, ластанған, лас, күшті ластанған, төтенше ластанған; ластану жайында мәліметтер жоқ өзендер.
2. Қаланың әр әкімшілік ауданы бойынша ластанған ақаба сулардың жалпы мөлшері (жылына/мың м3), бес сатылы шкала: 100-ге дейін, 100-ден 1000-ға дейін, 1000-нан 10 000-ға дейін, 10 000-нан 100 000-ға дейін, 100 000-нан жоғары.
3. Ағындардың негізгі көлемдерін шығаратын кәсіпорындар.
4. Су ағындарынан өзен ағынына дейінгі қашықтық, км.
Түсініктемені әзірлеуде келесі әдістернемесе тәсілдер ұсынылған: сызықтық белгілер, картограммалар және белгілер.
Өзендер сызықты жергіліктендірілген, сондықтан олардың ластануын гидрохимиялық көрсеткіштермен беруде сызықтық белгілер қолданылған. Ластану категориясын көрсету үшін аялық бояу немесе штрихтеу, немесе әртүрлі құрылымдағы сызықтарды қолдануға болады.
Сандық сипаттамаларды көрсету үшін картограммалар әдістерін қолдануға болады, бұнда да әртүрлі бояулар немесе штрихтерді әкімшілік аудандары шекарасында қолдануға болады. Бояудың немесе штрихтің қарқындылығы сандық көрсеткіштерге байланысты артады. Әкімшілік аудандарының шекарасын сызықтық контурмен беруге болады (сызықтық белгілер әдісі).
Кәсіпорындарды (ағындарды тастайтындар) масштабтан тыс белгілермен көрсетеді (белгілер әдісі немесе тәсілі). Ал егер бұндай кәсіпорындар көп болса қосымша мәліметтер ретінде картаға нөмірленген ластаушы-кәсіпорындардың тізбесі беріледі. Соңынан, су ағындарынан өзенге дейінгі қашықтықты санмен беруге болады және өзен арнасында қарапайым геометриялық белгі, сызық немесе нүктемен көрсетеді.
Әдебиет:
8, с. 201-204.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет