Т. М. Блисов Топырақтану Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет5/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,92 Mb.
#31891
1   2   3   4   5

7.5 Қарастырылып отырған аймақтар ылғалмен қамтамасыз етілмеген аймақтарға жатады. Сондықтан бұл аймақтарда негізінен ылғал жию және ылғал сақтау шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар бұл аймақта кебірлер де көп таралған, сондықтан кебірлерге қарсы шаралар қолданылады. Кей уақытта жел эрозиясы да байқалады, бұл жағдайларда оған да қарсы шаралар қолдану керек.

Сонымен қатар суару жүйесі, органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу дұрыс жүргізілуі шарт.

Тау етегіндегі шөлді-дала аймағы топырақтарының құнарлылығын сақтау және арттыру шаралары жоғарыда қарастырылды.

Әдебиет:


  1. , с.164-166. 173-192; 2, с. 311-320; 337-355; 3, 73-81; 102-129; 160-172 б; 9, с.310-333.

Бақылау сұрақтары:

1 Қара-қоңыр, қоңыр, сұршыл-қоңыр, құба топырақтар және тақырлар қандай аймақтарда таралған?

2 Қара-қоңыр, қоңыр, сұршыл-қоңыр, құба топырақтар және тақырларда қандай топырақ түзілу процестері жүреді?

3 Қара-қоңыр топырақтар қандай типшелер, тектер және түршелерге бөлінеді?

4 Қара-қоңыр, қоңыр, сұршыл-қоңыр, құба топырақтар және тақырлардың қандай қасиеттері бар?

5 Қара-қоңыр, қоңыр, сұршыл-қоңыр, құба топырақтар және тақырлар ауыл шаруашылығында қалай пайдалынады?


8 Тақырып Интрааймақтық топырақтар
Мақсаты: Интрааймақтық топырақтардың құрылу жағдайлары мен процестері, құрылысы және қасиеттерін оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

8.1 Кебірлер, құрылысы және қасиеттері

8.2 Сортаңдар, құрылысы және қасиеттері

8.3 Солодьтар (кермекті топырақтар)


8.1 Кебірлер – шайылымды немесе иллювиальды (В) қабатында көп мөлшерде сіңірілген алмаспалы натрий, кейде магний иондары да бар топырақтар. Онда сіңірілген натрий мөлшері жалпы катиондар сиымдылығының 15-20 % тең, ал магний 45% артық.

Қазақстанда кебір топырақтар көлемі 9 млн. 84 мың га. Кебірлердің түзілуі туралы бірнеше ғылыми тұжырымдар бар және олардың барлығы кебірдің түзілуіне натрий иондарының қатысы бар екенін бір ауыздан мақұлдайды. К. Гедройцтың тұжырымдамасы бойынша кебірдің түзілуі натрий иондарының әсерінен топырақтың түйіршектерінің ыдырап, оныңы үстінгі бетінен коллоид бөлшектердің жылжып төмен түсіп, иллювиалды кебірленген қабаттың пайда болуымен байланысты. Жалпы бұл топырақ түзілу процесінің теориясын коллоидтық-химиялық деп атайды. К. Гедройцтың теориясы бойынша кебірлену процесі 2 кезеңде өтеді: а) топырақтың бейтарап тұздармен сортаңдануы немесе тұздануы, яғни сортаң топырақтығ жаралуы, б) соңғының кебірлену құбылысына шалдығуы және ерекше қасиеттері бар кебір кескінінің құрылуы. К. Гедройц сортаң шайылуының үш сатысын ажыратқан: жеңіл еритін тұздар шайылуы; сода тұзының пайда болуы; топырақ түйірлерінің бытырап, кескін бойы төмен жылжуы.

Сонымен қатар кебірлердің түзілу процесі жайындағы ілімге К. Глинка, В. Вильямс, Е. Гильгард, В. Ковда, Н. Панов және б. үлесін қосты.

Қазақстанда көбінесе кебірлердің пайда болуына тұзы көп топырақ түзуші аналық тау жыныстары немесе жер бетіне жақын орналасқан натрий тұздары мол ыза судың ықпалы себеп болады.

Кебірлер тегіс немесе ойпаттау жер бедері бар алқаптарда, аумақты Батыс Сібір жазықтығы, Каспий маңы ойпаты сияқты өңірлерде, өзен көл жайылмасынан жоғарылау орналасқан террасаларда жиі кездеседі.

Кебір топырақтар үстіндегі өсімдік жамылғысы кебірлерге бейімделетін ерекше өсімдіктер тобына жататын жусан, изен, кермек сияқты шөптердің басым болуымен сипатталады.

Кебір топырақтағы микроорганизмдер мөлшері мен түр сандары аймақтық топырақтарға қарағанда біршама кем және топырақтың биологиялық белсенділігі де шамалы. Әсіресе бұл көрсеткіштер кебір қабатта күрт кемиді. Бұл топырақтардың үстінде балдырлар көп және олар топырақ үстіндегі минаралдардың ыдырауына ықпал жасауы мүмкін. Сонымен қатар, бұл топырақтарда омыртқасыз жануарларда шамалы, осыған байланысты топырақты қопсыту, араластыруға қатысушылардың аз екендігі байқалады.

Кебір топырақтар кескінінің құрылысы: А11- В2-С.

А1 – гумусты-элювиальді қабат немесе кебірдің ұстіңгі қабаты, қалыңдығы 2-18 см.

В1 – иллювиальді кебір қабат, қалыңдығы орташа есеппен 7-12 см-ге жетеді.

В2– кебірдің астыңғы қабаты, бұл қабатта жиналған карбонатта ақ дақтар күйінде кездеседі, кейбір тұздардың жиналдған белгілері көрінеді. Бұл қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады.

С – жеңіл еритін тұзы көп аналық жыныс.

Кебірлердің классификациясы (жіктелуі) өте күрделі іс, өйткені олар әр аймақта, аймақ ішінде, түрлі геоморфологиялық (жер бедері) және гидрогеологиялық жайдайларда (грунттық су-ыза су) қалыптасады.

Қазіргі кезде ылғал және соған байланысты тұздану құбылымы қасиетіне, гумус мөлшеріне қарай кебірлер үш түршеге бөлінеді: автоморфты (ыза су 6 м тереңдіктен әрі, оның түзілуіне әсер етпейді) немесе далалық типі, жартылай автоморфты (ыза су 3-6м тереңдікте болса) немесе шалғынды-далалық және гидроморфты (ыза су 3 м тереңдіктен жоғары) немесе шалғындық кебір типіне жатады.

Кебір типшелерге аймақтық топырақтар ішіне орналасуына сәйкес жіктеледі. Мысалы, қара топырақты дала аймағында ол-кебір қара топырақ және т.с.с.

Сонымен қатар кебірлер тектерге, түрлерге оның құрамындағы тұздарға, олардың орналасу тереңдігіне, натрий иондарының мөлшеріне, гумусты-иллювиальды қабатының қалыңдығына, В1- қабатының құрылымына байланысты жіктеледі. Мысалы, тектері – содалы-сульфатты, содалы-хлоридті-сульфатты, сульфатты-хлоридті, хлоридті-сульфатты, сорланған (тұздар 5-30 м-де), жоғарғы қабатта сортаңданған (тұздар 30-50 см-де), тереңде сортаңданған (тұздар 100-150 см-де), тұзы жоқ (тұздар 150 см-ден тереңде) және т.с.; түрлері, А1 қабаты қалыңдығына сәйкес – 0-5 см-қабыршақты, 6-12 см с аяз, 13-18 см орташа, 18 см-ден артық терең және т.с.

Кебір топырақтар қасиеттері: құрылысының қабаттарға анық жіктелуі, топырақ ортасының реакциясы сілтілі болуы, иллювиалды қабатында нарий иондары мол болуы (алмаса сіңген иондар 10-40 %), иллювиалды қабаттың астында тұздардың жиналуы. Кебірдің үстіңгі А1 қабатында гумус мөлшері аймақтық топырақтағы мөлшерден кемірек болып қалыптасады, гумустік затар құрамында кебірлі қабатта, әдетте фульфоқышқылдар гумин қышқылынан артық. Алмаспалы натрий мөлшері кебірлі В1 қабатында 13-15, кейде 30% (сіңіру сиымдылығынан) жетеді. Әдеттегіде кебірлерде жылжымалы фосфор мөлшері жоғары емес.

Кебірлерге нашар су-физикалық және физикалық қасиеттер тән. Массасы кеуіп кетсе кебірлер қатып тығыздалады да, ылғалданса ісініп жабысқақ лайға айналады. Сондықтан олардың су өткізу қабілеті төмен және тиімсіз ылғал қоры жоғарылайды.

Кебір топырақтар ауыл шаруашылық алқаптар үлкен қоры, бірақ оларды игеру үшін түбегейлі жақсарту (мелиорация) керек. Кебірлердің нашар агрономиялық қасиеті-құрамындағы сіңірілген натрийдің көптігінде, сондықтар оның құнарлылығын көтерудің тиімді құралы болып, құрамындағы сіңірілген натрийді ғаныш (гипс) тұзы кальциіне алмастыру, осылай кебірдің су-физикалық және химиялық қасиеттері жақсарады. Жақсартатын затар ретінде гипстен басқа фосфогипсті немесе хлорлы кальцийді қолданады.

Шабынды далалық және далалық кебірлерді, әсіресе суармалы жағдайда пайдалану тиімді. Кебірлерді мәдениелендіруде басқа тәсілдер ұсынылған, мысалы, терең қайыра жыртып, топырақ кескініндегі карбонаттар мен гипс кальциін пайдалану (өзінді жақсарту). Сонымен қатар кебір топырақтарда оған төзімді, оның қасиеттерін жақсартатын өсімдіктер – түйе жоңышқа, қыша т.б. өсіреді (фитомелиорация).



8.2 Сортаңдар – кескінінде өсімдіктерге зиянды жеңіл еритін тұз көп шоғырланған топырақтар. Олардың 0-30 см қабатында 0,6%-дан артық сода, немесе 1%-дан артық хлоридтер, немесе 2%-дан артық сульфаттар болуы мүмкін. Былайша атйқанда тұзы мол топырақтарды сортаңдар дейміз.

Қазақстанныің жазықтық жерінде сортаң топырақтар төмен орналасқан нашар құрғалатын алқаптарда, ашы көлдердің жағалауында, өзендер аңғарында, көне өзен, теңіз террасаларында көне тартылып қалған көлдер орнында кездеседі.

Сортаңдар мол мөлшерде тұздардың жиналуы әсерінен яғни сортаңдану процесі ықпалынан түзіледі. Сортаң топырақ түзілу үшін біріншіден, ландшафта еркін күйінде тұздар пайда болуы, ал екіншіден, олардың топырақта жиналуы байқалуы керек.

Сортаңдар көбінесе ыза деңгейі құрылық бетіне жақын жатқан жерлерде қалыптасады. Ол топырақтағы ылғал жіпсу құбылымы арқылы ащы ызаның жоғары көтерілу құбылысының нәтижесі, сонымен қатар түтіктер арқылы буланған кезде, топырақтың жоғарғы қабатындағы жеңіл еритін тұздар да қоса көтеріліп шоғырланады. Топырақтың сортаң тартуы аналық жыныстардың тұздылығынан да болады, мерзімді басым ыстықта уақытта, жыныстағы ылғал булануынан топырақта 500-1000 т/га-ға дейін жеңіл еритін қосымша тұздар жиналады. Суармалы егіншілікте суды ысырапты жұмсағанда топырақ қайта сортаңданады, өткені қолдан берген су жеңін еритін тұздарды топырақ кескінінде таратады.

Сортаң топырақтың өсімдік жамылғысы кедей болады. Онда тұзға төзімді галофит өсімдіктер (кермек, қара жусан, ши) өсіп, оның бетін 20-40%-ға дейін жабады. Кейде олардың үстінде тұзға төзімді астық тұқымдас шөптер өседі, ал өте тұзы көп сортаң топырақтарда өсімдік жамылғысы болмайды.

Сортаң топырақтар кескінінің құрылысы: А-В-С.

А қабаты жұқа болады, одан кейін жеңіл еритін тұздар жиналған В қабаты орналасады, осы қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына -С ауысады.

Сортаңдар автоморфты және гидроморфты типтеріне бөлінеді. Автоморфты (құрғақ текті) сортаңдар екі типшеге бөлінеді, олар: нағыз және тақырланған сортаңдар. Гидроморфты (ылғал текті) сортаңдар келесі типшелерге бөлінеді: нағыз сортаң, шалғындық сортаң, батпақты сортаң, сор топырақ, жанартаулы-батпақты сортаң, төмпешікті сортаң.

Сортаңдар түрлерге, тік кескінінде тұздардың жиналу сипатына байланысты екі түрге бөлінеді: үстінен сортаңданған (тұздар 0-30 см үстіңгі қабатта жиналған), терең сортаңданған (тұздароның тік кескінінде үстіне бастап терең астыңғы қабаттарына дейін жиналған).Сонымен қатар үстіңгі қабатының морфологиялық белгілеріне байланысты сортаңдар келесі түрлерге бөлінеді: қабыршақты (NaCl тұзы әсерінен қабыршық пайда болады), үлпілдеген (Na2 SO4 тұзы әсерінен үлпілдек кристалдар пайда болған), ылғалданған (CaCl2 және MgCl2 ылғаал тұтқыш тұздары болып, әрқашан ылғалды болады), қара сортаң (Na2CO3 тұзы әсерінен гумус еріп топырақтың тік кескіні қараға боялған).

Сортаң топырақтарды жақсартуға өте көп қаражат керек. Сондықтан оларды қазіргі уақытта Қазақстанда жақсартып игермейді. Кейбір аудандарда оның үстіне біршама өсімдік жамылғысы болса мал жайылымы ретінде пайдаланады.



8.3 Кермекті топырақтар – негізінен орманды дала мен дала аймақтарында, көбінесе Батыс Сібір ойпатында, аздап құрғақ дала мен шөл дала да кездеседі. Кермекті топырақ кескінінде мынадай қабаттар айқындалған: А0, А 1, А 2, А2В, В (В1В2), С.

А0 – орман төсеніші немесе шым, А2 – кермектелген, одан әрі өтпелі А2В қабат жатыр, келесі В – иллювилі-шайылмалы қабат, кейде қабатшаларға бөлінген, иллювилі В2 –нің төменгі жағы, С – топырақ құраушы жыныс.

К. Гедройц көз қарасынша кермектілер кебір топырақ бұзылуынан ондағы алмаспалы натрий сутегіне алмасуынан пайда болған. Сонымен қатар кермекті топырақтардың басты белгісі құрамында 5% калий сілтісіндегі еритін аморфты кремний қышқылының болуы. Жалпы ғалымдардың пікірлері бойынша кермектілер құралуы тек арнайы физикалық-химиялық және химиялық құбылыстарға байланысты емес, бұл процесс – анықталған биологиялық және биохимиялық әрекеттер жиынтығы.

Гумус мөлшері бұл топырақта кең ауытқымалы (1,5-10%) құбылмалы, әсіресе ол дала лимандарындағы шымды кермектілерде көп, гумустық заттар құрамында фульвоқышқылдар үлесі артық, негіздер сіңіру сиымы кермектелген қабатта төмен (10-15), иллювилі қабатта жоғары (30-40 мг/экв 100 г топырақта), сінірілген катиондар ішінде кальций мен магний артық, натриймен сутегі аз. Топырақ ортасының реакциясы А2 – ліктің реакциясы қышқыл немесе сәл қышқыл, ал төменгі қабатта бейтарапты немесе сәл сілтілі.

Қалыптасу жағдайына қара кермектілер үш: шабынды далалық, шабынды (шымды-глейлі) және шабынды-батпақты (шымтезекті) типшелерге бөлінеді.

Шабынды далалық кермектілер ақ қайыңды шұбар орман астында, ойпаң жерлерде, шөптесін астында құралады.

Шабынды-батпақты кермектілер ойпаңдарда , шабынды-батпақты өсімдіктер астында, ыза деңгейі жақын жатқан (1 м) жағдайда дамиды.

Шабынды кермектілер лиман типті ойпаңдарда , шөптесін жамылғысы астында қалыптасады.

Шабынды-батпақты кермектілер арасында торфты-глейлі (А0- 5-10 см, және А0- 5-10 см) түрлері бөлінеді. Сортаңдану дәрежесіне қарай шабынды-батпақты, шабынды-кермекті сортаңды жеңіл еритін жоғары тұздар жататын (3 м қабатта) және сортаңданған (тұздар одан төмен жатады) түрлері бар

Шабынды далаалық кермектілерде әдетте, тұщы және кебірленбегендері артық болады.

Кермектілерді ауыл шаруашылығында пайдалану мен олардың құнарлылығын арттыру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданады. Көбінде жоғарғы жақ ортасы қышқыл болатындықтан, оған қосып бейтараптау үшін әктеу қажет. Бұндай топырақтар суфизикалық қасиеттерінің нашарлығымен ерекшеленеді, оларды жақсартудың агротехникалық шаралары ішіндегі ең тиімдісі – топырақты терең қопсыту және органикалық заттармен байыту болмақ.

Кермекті топырақ ауыл шаруашылық дақылдарын егуде құрылық бедері кедергі жасайды. Сондықтан кермекті жерлерде көбінесе ағаш өсіру пайдалы. Дала лимандарында қалыптасқан шымды-кермекті топырақ жақсы гумустілігімен ажыратылады, олай болса лимандар өнімді шабындыққа пайдалынады.



Әдебиет:

1, с.148-163; 2, с. 320-337; 3, 81-102 б; 9, с.333-353.



Бақылау сұрақтары:

1 Кебірлер, сортаңдар, кермектілер қандай аймақтарда көп таралған?

2 Осы аталған топырақтарда қандай топырақ түзілі процестері жүреді?

3 Кебірлер, сортаңдар, кермектілер қандай типшелер, түрлер және тектерге бөлінеді?

4 Кебірлер, сортаңдар, кермектілердің қасиеттерін атаңыз.

5 Осы аталған топырақтар ауыл шаруашылығында қалай пайдалынады және қандай шаралар қолданылады?


9 Тақырып Су жайылымы және таулы өлкелер топырақтары

Мақсаты: Су жайылымы және таулы облыстар топырақтары, олардың құрылу жағдайлары мен процестері, қасиеттерін оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

9.1 Су жайылымы топырақтары, құрылысы, қасиеттері

9.2 Таулы өлкелер топырақтары
9.1 Су жайылымы топырақтары өзен аңғарында, өзен суы жайылмасында қалыптасады. Су жайылмасы үш бөлікке (Вильямс бойынша) бөлінеді: арнаға ұштас, орталық немесе арнадан алыс (текше маңындағы) өзен бойындағы және террас бойындағыдан тұрады. Арна жағасы жайылмасына тасқын судан ірі мөлшерлі заттар , құм шөгеді, ал орталық және текше маңы жайылмасына (тасқын судың ағыны әлсіреуіне және ұзақ уақыт судың топырақ бетінде тұруына байланысты) ұсақ майда бөлшектер – шаң, тозаң, ылай шөгеді.

Өзен жайылмасында топырақ түзілу процесі туралы ілімнің негізін салып және дамытқан ғалымдар В.Р. Вильямс, С.С. Соболев, В.И. Шарг, Г.В. Добровольский, В.И. Егоров және т.б.

Су жайылымы топырақтары екі топырақ түзуші процестерден қалыптасады: топырақты мерзім-мерзім қар суымен басу немесе жайылмалық және аллювилік (сумен әкелінгендер және ылайланған материалдардың шөгуі). Жайылмалық процесс – бұл мерзімді тасқын судың өзен арнасының бір бөлігін басып кетуі, бұл процесс топырақтың ылғалмен мол қамтамасыз етілуіне, микробиологиялық процестердің қарқындылығына, тұздардың шайылуына оң әсерін тигізіп, өсімдік жамылғысының мол өнім қалыптасуына ықпал жасайды.

Аллювилік процесс – бұл тасқын сумен араласып түрлі заттардың келуі, жайылманың шайылуы мен оның үстіңгі қабатына судан ылайдың, майда затардың, немесе аллювийдің шөгуі құбылыстары. Ол жайылмаға жыл сайын тасқын суда еріген заттарды және құрамында қоректік заттары көп майда түйіршіктерді (ылай, тозаң, шаң бөлшектері) шоғырландырып топырақтың құнарлығының артуына үлкен үлес қосады. Аллювилік және жайылмалық процестер сипатына, еркшелігіне жайылма аумағының өзен арнасынан орналасу қашықтығы ықпалын тигізеді.

Өсімдік дүниесі өте мардымды дамыған. Бұл жерде шалғынды аралас шөпті-астық тққымдас шөптер тобы басым дамыған. Әсіресе орталық жайылмада шөптесін өсімдіктерінің өнімділігі жоғары болып бітік өмеді. Бұл жерде жиналатын пішен өнімдері 30-40 ц/га дейін болады. Жайылманың көтеріңкі жерлерінде өсімдік жамылғысы сирек және өнімділігі төмен, ал текше маңындағы батпақты жерлерде сапасы нашар қоға, қамыс, өлеңшөп сияқты өсімдіктер дамыған. Жайылмада шөптесін өсімдіктермен қатар бұталар мен ағаштар өске тоғайлар да жиі кездеседі.

Жалпы алғанда жайылмада жақсы дамыған шөптесін өсімдіктер басым болғандықтан табиғи жағдайда топырақ құралуы шымдану процесі сапалы жүреді.

Өзен жайылмасы топырақтары негізінде аллювилік шөгінділерде пайда болады. Олар топырақ кескіні қалыптасуына өте зор әсер етеді. Осыған орай бұл топырақтарды келесідей үш топқа бөледі: аллювилі шымды, аллювилі шалғынды, аллювилі батпақты топырақтар.

Аллювилі шымды топырақтар көбінесе арна жағасында құмайт және құмдарда дамиды. Бұл топырақ кескінінің шымдылығы айқын көрінеді. Гумусты қабатының қалыңдығы 3-5 см-ден 10-30 см қалыңдыққа дейін жетеді, кейде одан да қалың болады. Сонымен қатар бұл топырақтарда көбінесе гумус және азот мөлшері аз болады.

Аллювилі шалғынды топырақтар көбінесе орталық жайылманың саздақ аллювиінде қалыптасады, бұл жерде су 1,0-2,0 м терңдікте орналасқан, шымдану процесі дамыған, қоректік элементтерге, органикалық заттарға бай. Топырақ кескінінің құрылысы: АШ – шымды қабат, А1- гумусты, В1 - өтпелі қабат көбінесе қопа (глей) белгілері байқалады, В 2G - өтпелі айқын қопалы қабат және саздақ аллювилік шөгінділер, СG – аналық тау жынысы. Аллювилі-шалғынды топырақтарда гумус қабатының қалыңдығы 50 см-ге дейін болуы мүмкін, қоректік заттары мол, негіздер сиымдылығы 100 г топырақта 25-тен 50 мг-экв-ке дейін.

Аллювилі-батпақ топырақтар жер асты суы жоғары орналасқан су тасқыны болғанда сулар көп уақыт тұрып қалған мол ылғалды суарна текшелері және орталық ойпатты жайылма жерлерінде қалыптасады. Бұл топырақтарға шымтезекті жақсы ыдыраған органикалық заттар немесе лай-гумусты затар, жиі қопа қатпарлар дамуы және гидрогенді затар жиналу тән. Олар шалғынды-батпақты, лайлы-гумусты-қопалы және лайлы-шымтезектілерге бөлінеді.

Шалғынды-батпақты топырақтар құрылымы бойынша, айқын қопалану процесі ерекшеленеді.

Лайлы-гумусты-қопалы топырақтар күшті қопалану процесімен және тұрақты мол ылғалдылығымен еркшеленеді.

Лайлы-шымтезек топырақтар тайгалы-орман және орманды-дала аймақтарында жайылма текшелерінің маңында таралған.

Сырдария өзені бойында аллювилі-шалғынды тоғай, суармалы аллювилі-шалғынды топырақтар таралған.

Жайылма топырақтарының аймақтануы өзендерге байланысты болады. Топырақ аймақтануы ауа-райына, өсімдіктер түріне және өнімділігіне, жер асты суының құрамына байланысты.

Құрамына, реакциясына және басқа да қасиеттеріне байланысты аллювилі шымды және шалғынды топырақтар алты топқа бөлінеді, аллювилі батпақ топырақтар үш топқа бөлінеді. Мысалы : аллювилі-шымды қышқыл, аллювилі-шымды қаныққан, шөлденген және с.с.

Негізгі тектері : кәдімгі, темірленген, карбонатты, кебірленген, лайланған, тығыз және қиыршықты болып табылады.

Түрлерге бөлінуі гумус қабатының қалыңдығына, мөлшеріне және кейбір процестерге (күлгінденген, кебірленген, сортаңданған және т.б.).

Аллювилі топырақтар жоғары табиғи құнарлығымен ерекшеленеді және суға жақын орналасқандықтан егіншілікте өте маңызды болып табылады. Микроорганизмдер мен топырақ фаунасы белсенді келеді.

Ауыл шаруашылығында аллювилі топырақтар шабынды, жайылым есебінде немесе өте талапшаң және құнды дақылдарды өсіру үшін игеріледі.

Жыртылған жайылма топырақтарда көкөніс, техникалық дақылдарды өсіргенде экономикалық тиімділікті арттыру үшін тыңайтқыштарды енгізу керек.

9.2 Қазақстанның жер қоры 272,5 млн. гектарды құрайды, оның 235 млн. гектары немесе 87 % жазықтық, ал 36,5 млн. гектары – 13,4% таулы, тасты, құмды жерлер мен су айдындары. ТМД елдерінде таулы өлке топырақтары ауданы шамамен 650 млн. гектар, немесе барлық аумақтың 28,8% қамтиды.

Таулы өлкелерде топырақтардың қалыптасуы және таралуы орыс ғалымы В.В. Докучаев ашқан тік аймақтық топырақ таралу заңдылығына бағынады.

Климат жағдайы мен өсімдіктер түрлері жердің биіктілігімен өзгереді. Жердің биіктілігіне байланысты топырақ типтерінің алмасуы тік аймақтық топырақ таралу заңдылығы деп атайды.

Тау өлкелерінде топырақ аймақтары жазықтық аумақтағыға ұқсас белдеулер түрінде орналасады. Бірақ, тауларда, ендікте кездесетін кейбір белдеулер жалпы болмауы да мүмкін. Бұндай құбылыс топырақ аймақтарының интерференциясы деп аталады.

Тау өлкелерде ауа-райы ерекше. Жазыққа қарағанда жайын-шашын мол, ауа ылғалдығы жоғары, температура төмен болады, күн радиациясы күшті болып келеді. Тау бедерлері күрделі және кешенді. Соның нәтижесінде топырақ жамылғысы ала-құлалығымен ерекшеленіп тұрады. Таудың күн бетіне қарап орналасуына байланысты су және жылу тәртіптері күрт өзгеруі мүмкін. Оңтүстік жағындағы беткейлер солтүстік беткейлерге қарағанда жылы және құрғақ келеді. Мұндай айырмашылық әртүрлі өсімдіктер дамуына себеп болады, осындай жағдай әртүрлі топырақтардың қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Топырақ түзуші тау жыныстары ретінде әк тасы, құмдар, тақта тастар, магматикалық тау жыныстарының үгілген өнімдері кездеседі. Тянь-Шань, Памир тауларында топырақ түзуші жыныстардың құрамында көп мөлшерде тұздар болады, сондықтан сортаңданған топырақтар қалыптасуы байқалады.

Жердің биіктігіне байланысты биогидротермикалық жағдай өзгеруі әртүрлі топырақтар қалыптасуына әсер етеді.

Қазастанда таулы-дала топырақтары барлық жер ауданының - 0,9%; таулы-орман күңгірт топырақтары – 0,2%; таулы-орман қара топырақтары – 0,1%; таулы орман қышқыл топырақтары – 0,5%; таулы орманды топырақтары – 0,5%; таулы орман шалғынды топырақтары – 0,3%; таулы шалғынды қара топырақтар – 0,5%; таулы шымды топырақтар – 0,1%; таулы-тундра топырақтар – 0,1%; таулы-шалғынды субальптілік топырақтар - 0,1%; таулы шалғынды альпілік топырақтар – 0,3% құрайды.

Тянь-Шань тауының Іле Алатауы Алматы облысы бойынша шөл аймағының оңтүстігінде орналасқан. Батыстан шығысқа 300 км-ге созылған. Оның ең биігі Талғар шыңы 5017 м-болып табылады.

Іле Алатауында 600м биіктіктен бастап құба (боз)-серозем топырақтарды ашық қар-қоңыр топырақтар алмастырады. Бұл топырақтар осындай жазық жердің топырақтарынана кебірленуі жоқтығымен және жалпы фосфор мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді.

Биіктілік 700-800 м болғанда ашық қара-қоңыр топырақтар типшесі күңгірт (қою) қара-қоңыр топырақтар типшесімен алмасады. Гумус мөлшері 3-4%, бұл топырақтарда кебірлер болмайды, бірақ карбонатты тектері ұшырасады.

Биіктік 900-1500 м-ге жеткенде таулы қара топырақтар аумағы басталады, 900-1000 м биіктіктер аралығында оңтүстік қара топырақ типшесі орналсқан. Гумус мөлшері 5,0-5,1%, бұл топырақтар көбінесе кәдімгідей және карбонатты тектері кездеседі.

Одан жоғары (1000-1200 м) орташа гумусты қара топырақ орналасады. Гумус мөлшері 7-8%.

Орта және мол гумусты қара топырақтар ішінде кәдімгідей және сілтісізденген типше таралған.

Бұл аймақта кебірленген топырақтардың болмауы жер астына жауын-шашын суларының жақсы өтуіне байланысты болып келеді.

1500-1800 м биіктікте таулы орманды-далалар басталады. Бұл жерде ағаштардан ақ-қайың, көктерек және бұталар өседі. Осы ағаштардың астында күңгірт-сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтар қалыптасады. Көбінесе ашық далаларында гумусы мол (12%) сілтісізденген қара топырақтар таралаған.

1800-3000 м биіктік аралығында Тянь-Шань шыршалардың астында таулы орман топырақтары қалыптасады, гумус мөлшері жоғары – 9-10%-дан көп, бірақ қара топырақтарға қарағанда оның мөлшері төменге бара күрт азаяды және күлгінді қабат айқын түзілмеген.

2800-3000 м биіктіктен субальпі және альпі шалғындары басталады. Олардың астында таулы-шалғынды субальпі және альпі топырақтары қалыптасады. Гумус мөлшері 15-16%-дан көп.

Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатауда, Қырғыз, Талас, Кетпен жоталарында Іле Алатауындағыдай тік аймақтық айқын байқалмайды. Бұл жоталарда қара топырақтар аймағы болмайды, оның орнында қара топырақты жеке сәл ауданда қалыптасқан дақтарды бақылауға болады. Қырғыз және Талас жоталарында қара топырақты маймағымен орман аймағыда болмауы мүмкін. Мысалы, Қырғыз жоталарында күңгірт қара-қоңыр топырақтар бірден таулы-шалғынды топыраққа ауысып кетуі мүмкін.

Алтай тауларының Тарбағатай, Калбин және Оңтүстік жоталарының топырақтары.

Тау етегінде күңгірт-қара топырақтар орналасқан, кебірленген түрлері кездеседі жазықтағыларға ұқсас.

Олардың үстінде қара топырақтар аймағы басталады, олар екі түрге бөлінеді: орманды далалы және далалы қара топырақтар. Орманды–дала қара топырақтары әлсіз күлгінді, сілтісізденген және нағыз типшелерге ажыратады.

Гумус мөлшері өте жоғары 10-15%.

Таулы-орманды-дала аймағында күңгірт сұр-орман топырақтары кең таралған, гумус мөлшері 12-14%-ға дбейін баруы мүмкін.

Таулы орманды-дала аймағынан жоғары таулы орман басталады. Алтай тауының ағаштар құрылым түрлері Тянь-Шань тауына қарағанда көп. Олардың ішінде Сібір шыршасы, қарағай, майқарағай, балқарағай, сағызқарағай, аққайың, көктерек, жөке ағашы бар.

Таулы орманнан жоғары қабатында гумусы мол-6-8% таулы-күлгінді топырақтар қалыптасады.

Биікті аймақтарында таулы-шалғынды топырақтар таралған, олардың арасында таулы тундра топырақтары кездеседі.

Іле тауының қара-қоңыр және қара топырақтарында суармалы егіншілік тараған.

Боз, қара-қоңыр, қара топырақтарда, күздік бидай, жүгері, қант қызылшасы, темекі т.б. дақылдар егіледі. Сонымен қатар көкөніс және жеміс шаруашылығы дамыған. Бұл жерлерде топырақты су эрозиясынан қорғау шаралары өте маңызды болып табылады.

Жоңғар Алатауының жоғары аңғарларында мал шаруашылығы дамыған.

Алтай тауларының күңгірт қара және қара топырақтарында егіншілік, кейбір жерлерінде суармалы егіншілік тараған.

Әдебиет:

2, с. 364-384; 3, 136-152, 160-172 б; 4, с. 231-239; 14, с. 52-60, 62-146.



Бақылау сұрақтары:

1 Жайылма топырақтарының құралу жағдайларын атаңыз.

2 Қанда жайылма топырақтарының топтарны білесіз?

3 Аллювилі шалғынды топырақтардың генетикалық қабаттарын атаңыз.

4 Жайылма топырақтарын пайдалану жолдарын атаңыз.

5 Таулы өлкелерде топырақтар қандай заңдылықтың негізігде орналасады?

6 Топырақ аймағы интерференциясы дегеніміз не?

7 Іле Алатауы топырақтарының Алтай таулары топырақтарынан қандай ерекшеліктері бар?

8 Тау өлкелеріндегі топырақтарды пайдалану жолдарын атаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1 Почвоведение. Под ред. И.С. Кауричева. – М.: Агропроимиздат, 1989. - 719с.



  1. Почвоведение с основами геологии. Под ред. В.П.Ковриго. – М.: КолосС, 2008. - 439 с.

  2. Топырақтар географиясы. Жалпы редакциясын басқараған Т.Т.Тазабеков. – Алматы, Агроуниверситет, 2000. - 180б.

  3. Почвоведение. Под ред. В.А.Ковды, Б.Г. Розанова. – М.: В.школа, 1988. – 400с.

  4. Практикум по почвоведению. Под ред. Кауричева И.С. - М.: Агропромиздат, 1986.-336 с.

  5. Толстой М.П. Геология с основами минералогии.- М.. Агропромиздат, 1991. – 315с.

Қосымша:

  1. Евстифеев Ю.Г. Почвы Каз.ССР в 16 томах. Вып. 6. Почвы Кустанайской области.– А.–А.: Наука, 1966. - 318 с.

  2. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения.– М.: Владос, 2001. – 384с.

  3. Муха В.Д. и др. Агропочвоведение. – М.: Колос С, 2003. – 528с.

10 Мамонтов В.Г. и др. Общее почвоведение. – М.: КолосС, 2006. – 456с.

11Тазабеков Т., Тазабекова Е. Орысша-қазақша топырақтану түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 200б.

12 Качинский Н.А. Физика почвы. – М.: В.шк, 1970.- 306 с.

13 Плодородие почв Казахстана. Вып 2 – 3 – й .– А.–А.: Наука, 1987. – 123с.

14 Дурасов А., Тазабеков Т. Почвы Казахстана.-Алматы, Кайнар, 1981. – 152 с.

15 Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение. – М. : МарТ,

2006. - 496 с.

16 Маланьин А.Н., Чехова Т.И. Морфология почв, Костанай: КГУ им. А.Байтурсынова, 2002. – 19с.

17 Блисов Т.М.,0 Наумов Н.С. Топырақтар экологиясы, Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2008. – 88б.

18 Бәкіров С. Геология негіздері: Оқу құралы. – Алматы, Санат, 1995. – 240 б.

19 Тұяқбаев Н., Арыстанов К., Әбішев Б. Жалпы геология курсы: Оқу құралы. – Алматы: Білім, 1993. – 248б.

20 Әуезов Ә. Ә. және т. б. Егіншілік: Оқулық. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 344 б.

21 Агрономиялық атаулардың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Целиноград, 1992. -216 б.

22 Орлов Д.С. Химия почвы.- М.: Издательство Московского университета, 1985.- 376 с.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет