Т. Н. Ер ме ко ва, Ш. Л. Ерхожина, А. Е. Тоқбаева а р рр



Pdf көрінісі
бет78/170
Дата31.03.2022
өлшемі9,57 Mb.
#137352
түріКнига
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   170
§2.
 
Биоалуантүрлілікті сақтауға
 
байланысты құрылған ұйымдар
1.
Мә тін ді оқып, тақырыбы мен стилін, түрін (әңгімелеу, сипаттау, 
талқы лау) анық таң дар.
Дүниежүзінде қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын
200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Олар: 
Табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың ха лықаралық 
одағы, Құстарды қорғау жөніндегі халықара лық кеңес, 
Хайуанаттарды қорғау жөніндегі дүниежүзілік федера ция, 
Альпі аудандарын қорғау жөніндегі халықаралық федерация.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде 1992 жылғы 
ақпанда «Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
өзара әрекеттестік туралы» келісімге қол қойылды. Бұл келі-
сім ге Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз -
стан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, 
Өзбек стан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін 
Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық эко -
логиялық қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау 
ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея 
маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны 
қорғау жөніндегі бөлім құрылған.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әртүрлі 
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ ха лық ара-
лық үкіметтік емес экологиялық «Гринпис» ұйымы жұ мыс 
істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен 
қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады. 
Аралды құтқару жөніндегі комитет, «Табиғат» экологиялық 
одағы, «Невада-Семей», «Каспий табиғаты», «Көкті сақтау», 
Ауқымды экологиялық қор, «Жастар экология мен мәдениет 
үшін» азаматтық қозғалыстары, «Тау» орталығы (Алматы) 
және басқа да қоғамдық экологиялық ұйымдардың белсенді 
қызметтерін атап өтуге болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет