Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Әр түрлі топырақтардан жылжымалы фосфор (Р) және калий (К)



бет22/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Әр түрлі топырақтардан жылжымалы фосфор (Р) және калий (К)
қосылыстарын алуға арналған сүзінділер



Топырақтар

Элемент

Бөліп алатын ерітінді

Топырақ : ерітінді қатынасы

Топырақтың ерітіндімен өзара әрекеттесу уақыты

Әдістің авторы

1

2

3

4

5

6

Карбонатты емес
(қышқыл сортаң және күлгін түсті шым топырақтар үшін)

Р, К

0,2 М НСl

1:5 минералды топырақ үшін
1:50 органикалық топырақтар үшін

15 минут

Кирсанов

Карбонатты емес (қызыл, сары топырақтар үшін)

Р, К

0.05 M
H2SO4

1:25

3 минут

Ониани

Карбонатты емес (орманның сұр және далалық пен орманды-дала аймақтарының қара топырақтары үшін)

Р, К

0.5 M
CH3COOH

1:25

19-21 сағ.

Чириков

Карбонатты (сұрғылт, құба, қара топырақтар, сұр топырақтар, қоңыр топырақтар үшін)

Р, К

1%
(NH4)CH3COO,
pH 9

1:20

18-20 сағ.

Мачигин

Карбонатты емес (құрамында 4% -дан астам СаСО3 болатын сортаң және күлгін түсті шым топырақтар үшін)

Р, К

Буферлі ерітінді
0,1 н. Аммоний лактаты мен 0,4 н.
CH3COOН, pH 3,7

1:20

4 сағ.

Эгнер-
Римм-Доминго

Карбонатты емес
(сортаң және күлгін түсті шым топырақтар үшін)

Р, К

Буферлі ерітінді
0,04 н.
Кальций лактатыжәне0,5 М
HCl, pH 3,5-3,7

1:50

19-24 сағ.

Эгнер-
Римм

Карбонатты емес (қызыл, сары топырақтар үшін)

Р

1%-ды лимон қышқылының ерітіндісі

1:10

22-24 сағ.

Аррениус



Физикалық-химиялық немесе алмаспалы сіңіру қабілеті. Топырақтың қатты фазасының топырақ ерітіндісімен өзара әрекеттесуі кезінде химиялық бекінумен және молекулалық адсорбциямен бірге физикалық-химиялық немесе алмаспалы сіңіру де маңызды рөл алады. Катиондардың қатты фазасының сіңірілуі кезінде ол неғұрлым айқын көрінеді.
Катиондардың физикалық-химиялық немесе алмаспалы сіңірілуі– бұл теріс зарядты алып жүретін топырақтың минералды да, органикалық та майда дисперсті коллоидты бөлшектерінің ерітіндіден әр түрлі катиондарды сіңіру қабілеті. Бұл ретте бір катиондарды жұту ерітіндіге топырақтың қатты фазасымен бұрын жұтылған басқаларының (Са2+, Mg2+және т.б.) эквивалентті мөлшерін ығыстырумен қатар жүреді. Демек, егер кальциймен қаныққан топырақты (қара топырақты) хлорлы калиймен өңдесе, онда ерітіндіден калий катиондары топырақпен сіңіріледі және бір уақытта оның қатты фазасынан ерітіндіге кальций катиондарының эквивалентті мөлшеріне бөлінеді, КСl орнына СаСl2 пайда болады:

(топырақ) Са + 2КСl→ (топырақ)2К + СаСl2


Осы жағдайда катиондардың алмасуы жүретіндіктен, осындай типті сіңірілуі алмаспалы деп атайды, ал топырақтың алмаспалы сіңірілу реакцияларына қабілетін алмаспалы сіңіру қабілеті деп атайды. Физикалық және химиялық себептермен байланысты, алмаспалы сіңірілу реакцияларының екі жақты сипатының салдарынан сіңірілу қабілетінің осы түрін физикалық-химиялық немесе коллоидты-химиялық, сіңіру қабілеті деп те атайды.


Жекелеген тұздар арасындағы реакциялар нәтижесінде химиялық сіңіру кезінде ерімейтін қосылыстар түзіледі, ерітіндінің құрамы мен жалпы концентрациясы өзгереді, ал алмаспалы сіңіру кезінде ерітіндінің концентрациясы өзгермейді, бірақ оның құрамы өзгереді (ерітіндіде бір катиондардың саны азаяды, басқаларының саны артады, ал аниондар концентрациясы өзгеріссіз қалады).
Катиондардың физикалық-химиялық немесе алмастыратын сіңірілуі топырақ үдерістерінде елеулі рөл атқарады, топырақтың маңызды физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін – оның құрылымдық жағдайын, реакциясын, буферлігін анықтайды, сырттан келетін заттармен топырақтардың өзара әрекеттесуі кезінде ерекше мәні бар. Топырақтың реакциясы топырақ ерітіндісінде сутекті және гидроксильді иондардың болуымен және ара қатынасымен байланысты. Топырақ реакциясы бірқатар факторлардың жиынтық әсеріне тәуелді: топырақтың минералды бөлігінің химиялық және минералогиялық құрамына, еркін тұздардың болуына, органикалық заттың мөлшері мен сапасына, топырақ ауасының құрамына, топырақ ылғалдылығына, ағзалардың тіршілік әрекетіне. Топырақ реакциясының маңызды реттегіші ондағы тұздар болып табылады. Бейтарап, қышқыл, сілтілік тұздарды ылғалдандыру кезінде қатты фазадан ерітіндіге және кепкен кезде кері ауыса отырып, топырақ ерітіндісі реакциясының сипатына және сырттан келіп түсетін заттармен өзара әрекеттесуіне сәйкес ықпал етеді.
Әрбір топырақ табиғи жағдайда алмаспалы-сіңірілетін катиондардың белгілі бір мөлшерін қамтиды: Ca2+, Mg2+, Н+, Na+, K+, NH4+,Al3+, Fe3+, және тағы басқалары. Көптеген топырақтарда олардың ішінде Са2+ басым келеді, екінші орынды Mg2+алады, кейбір топырақтарда жұтылған күйде Н+ және әдетте аз ғана мөлшерде Na+, K+, NH4+ болады.
Топыраққа еритін тұзды (мысалы, NaNO3, KCl) енгізген кезде оның катиондары ерітіндіге ығысатын, топырақпен бұрын сіңірілген катиондардың эквивалентті санына алмаса отырып, ерітіндіден топырақ бөлшектерімен сіңіріледі:

(топырақ)Са + 2NaNO3 → (топырақ)2Na + Са(NO3)2;


(топырақ)Н + КСl→ (топырақ)К + НСl


Алмаспалы сіңіру қабілетіне ие жоғары дисперсті топырақ бөлшектерінің барлық жиынтығын К.К. Гедройц топырақтың сіңіру кешені (ТСК) деп атады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет