Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет25/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Топырақтың белсенді (активті) және потенциалды сілтіліктерінің арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

  2. Қалыпты карбонаттардан сілтілік қандай реакциялардың нәтижесінде болады?

  3. Топырақтың потенциалды сілтілігі немен байқалатынын түсіндіріңіз.

  4. Топырақтың буферлігі дегеніміз не?

  5. Топырақ буферлігінің мағынасын түсіндіріңіз.



Пайдаланылған әдебиеттер
1 Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016
2.Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004
3. Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005
4. Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011
5.Почвоведение в 2 частях (Часть 1. Почва и почвообразование)/под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. – М.: Высшая школа, 1988. – 400 б.
6.Глинка Н.Л. Общая химия. Издание тридцатое, исправленное. – М., 2006. – 727 б.
7.Джанпеисов Р. Карбонатные малогумусные черноземы Центрального Казахстана / Тр. Ин-та почвоведения. - Алматы: АН Каз ССР, 1959. - Т. 9. - С. 3-57.
8.Практикум по агрохимии / под редакцией Б.А. Ягодина. – М., 1987. – 512 б.
9.Аммосова Я.М., Орлов Д.С., Садовникова Л.К. Охрана почв от химического загрязнения. – М., 1989. – 95.
10.Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана. – М., 1991. – 303 б.


1.10. Топырақ ерітіндісінің тотығу-тотықсыздану жағдайлары
Республика аумағындағы топырақтың көп мөлшері тотығу жағдайлары басым болатын автоморфты топыраққа жатады. Дегенмен, су тасқынында жұмыс істеу шарттары, күріш егістігін суаруда, сортаң топырақтар өте ерекшеленеді және оларды топырақ түзілудің тотықсыздану жағдайындағы топқа жатқызады.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану жүйелері. Топырақта негізі бір емес, бірнеше тотығу-тотықсыздану жүйесі болады (ТТ), бейорганикалық және органикалық, сондай-ақ, топырақта бір уақытта белгілі бір жүйелерді құрайтын әртүрлі қосылыстардың тотыққан және тотықсызданған түрлері болады. Топырақта келесі тотығу-тотықсыздану жүйелері жиі кездеседі:

О2 - О2- ; Fe3+ - Fe2+; Mn4+ - Mn3+ - Mn2+; NO3- - NO2-; H2 – 2H+; SO42- - H2S; CO2 – CH4.


Сондай-ақ топырақта органикалық тотығу-тотықсыздану жүйелері кездеседі.


Топырақтың тотығу-тотықсыздану потенциалы (Еһ) – бұл жеке жүйелердің орташа Еһ мәндері және ол топырақта көп мөлшерде болатын тотыққан және тотықсызданған түрдегі Еһ мәніне жақын болады. Бұл жүйе потенциал анықтаушы жүйелер атауымен аталады.
Топырақтың негізгі тотықтырғышы топырақ ауасындағы және топырақ ерітіндісіндегі молекулалық оттек болып табылады. Атмосферадағы оттек топыраққа ене отырып, топырақ құрамындағы компоненттермен оларды тотықтыра отырып әрекеттеседі. Тотықтырғыштар ретінде, сондай-ақ Fe3+, Mn4+, S6+ әрекет етуі мүмкін, бірақ олар топырақ ерітіндісінде аз кездесетіндіктен, тотығу үдерістеріндегі рөлі де аз болады. Топырақта тотықсыздандырғыш ортаны құру, негізінен, органикалық заттардың анаэробты ыдырау мен микроорганизмдердің тіршілік әрекетінен алынған өнімдердің, сондай-ақ топырақта кездесетін темірдің (II), күкірттің және кейбір басқа металдар қосылыстарының аз мөлшерде (Fe3+, Mn4+, S6+ және т.б.) болуымен байланысты.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының көп бөлігі биохимиялық табиғатқа ие және топырақта жүретін микробиологиялық үдерістермен өте тығыз байланыста болады.
Микроорганизмдер тіршілік әрекетінде топырақ ауасындағы оттекті сіңіреді және минералды қосылыстарды тотықсызданған түрге ауыстырып, топыраққа тотықсызданған өнімдер мен көміртек диоксидін бөледі. Микробиологиялық үдерістердің қарқындылығы тотығу-тотықсыздану үдерістерінің сипаты мен даму деңгейіне тікелей әсер етеді.
Топырақта көп жағдайда потенциал анықтаушы жүйе топырақ ерітіндісінде ерітілген оттек (ол топырақ ауасындағы оттегімен тепе-теңдікте болады) және топырақты микроорганизмдердің тірщілік әрекетіндегі өнімдер болып табылады.
Сонымен қатар, топырақ ерітіндісіндегі оттек мөлшері топырақтағы Eh-тың ықтимал мәндерінің жоғарғы шегін анықтайды (+ 600 - +700 мВ дейін), ал микробиологиялық белсенділік нәтижесінде тотықсызданған қосылыстардың жинақталуы, сутек қосылыстарын қоса алғанда, төменгі шегін анықтайды (+ 100 ÷ -100 мВ дейін және сирек жағдайларда төмен).
Тотығу-тотықсыздану сыйымдылығы және топырақтың буферлігі. Топырақтың тотығу-тотықсыздану күйін сипаттау үшін тотығу-тотықсыздану сыйымдылығы мен топырақ буферлігі деген ұғымдар қолданылады. Бұл көрсеткіштер топырақта басым тотығу-тотықсыздану жүйелерінің мәселелерін шешу үшін және ылғалдандыру мен аэрацияның түрлі жағдайларында топырақ әрекетінің болжамдық сипаттамаларын құрастыру үшін маңызды. Топырақтың тотығу-тотықсыздану сыйымдылығы топырақпен байланысы болуы мүмкін тотықсыздандырғыштың (тотықтырғыштың) максималды мөлшеріне сәйкес келеді. Топырақ үшін тотыққан компоненттің тотықсызданған формаға, ал тотықсызданғаннан тотыққан түрге толық ауысуы қиын болғандықтан, тотығу-тотықсыздану сыйымдылығын бөлшектік анықтау ұсынылды. Бұл жағдайда топырақ әр түрлі концентрацияда немесе қалыпты тотығу потенциалында тотықтырғыштармен (тотықсыздандырғыштармен) байланысқа түседі. Нәтижесінде тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыш- тардың әрекетіне тұрақтылығы бойынша ерекшеленетін топырақ компоненттерінің сандық құрамын және қатынасын жасауға мүмкіндік береді (11-кесте).
11-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет