Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Іле Алатау бөктерінде қызылша мен картоп өсіру кезінде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау тәсілдері



бет33/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   96
Байланысты:
treatise140794

1.14. Іле Алатау бөктерінде қызылша мен картоп өсіру кезінде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау тәсілдері
Жоспарланған егістіктерде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау (қарапайым баланс әдісі). Бұл әдісте топырақтан, тыңайтқыштардан және тамыр қалдықтарынан (әдетте бұршақ дақылдардан) қоректендіру коэффициенттерін ескере отырып, егістіктің негізгі өнімінің бірлігіне (1 т немесе 10 т-ға) арналған қоректендіретін заттар туралы деректерді пайдаланады. Жоспарланған егінді алу үшін топырақтың қоректік заттар жетіспейтін бөлігіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу арқылы толықтырылады.
Қазіргі зерттеушілер топырақтың құнарлығын ескере отырып алатын өнімді, топырақты құнарландыру жолдары туралы жалпы жоспар жасай алады. Бұрын жоспарланған егістік дақылдары нарықтық жағдайларды ескермеді, бірақ әрқашан барынша аз шығындалып көбірек өнім алуға бағытталды.
Жаңа қысқа ротационды ауыспалы егістіктер пайда болды (дәнді-көкөністі, көкөніс-шөпті және басқа да). Тыңайтқыштарды енгізу кезінде дозаны дәл есептеу талап етіледі, техникасын және оның жүргізу реттілігін қатаң сақтай отыра, оларды қабылдайтын өсімдіктердің түрлі кезеңдерде өсуі ескеріледі. Әртүрлі тыңайтқыштардың қолданылуы үшін қажетті бастапқы мәліметтер топырақтағы қоректік заттарды анықтау мазмұны болып табылады.
Іле Алатау бөктеріндегі қара-қоңыр топырақта картоп өсіру үшін қолайлы жағдай жасауға деген тәсілдер маңызды міндет болып саналады, өйткені олар минералды тыңайтқыштардың нормаларын ұтымды мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеліп отырған Іле Алатау бөктеріндегі қара- қоңыр топырағының құрамын: 1,85 – 2,34%-гумус, 0,12-0,16%- жалпы фосфор, 2,31-2,58%- жалпы калий, 0,112-0,140%-жалпы азот құрайды. Аграрлық орталықтың картоп және көкөніс шаруашылығы Институтының тәжірибе аймағында орналасқан учаскесі топырақ құрамында артық және жоғары мөлшерде 33-46 мг/кг жылжымалы фосфор болуымен және жоғары деңгейде 400-500мг/кг алмасатын калийдің мөлшерімен сипатталады.
Өсімдік қоректенуі үшін топырақта осындай қолжетімді элементтер мөлшерінің болуы, өсіріліп отырған дақылдардың жоғары өнімді болуын қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда өңделген топыраққа суару және оған минералдық тыңайтқыштарды енгізу әдістері қолданылды. Картоп және көкөніс шаруашылығы Институтының мәліметтеріне сәйкес қысқа ротационды ауыспалы егістікте көкөніс дақылдарының өнімі (17-кесте), тәжірибенің әр түрлі нұсқаларында тыңайтқыштардың мөлшерінің жоғарлауына байланысты ұлғаюда.
Жоғарыда аталған өнімдерді алу үшін әр түрлі нұсқалар қолданылды. Тәжірибе сызбаларын белгілеу: Бақылау – стерниді тыңайтқыштарсыз жырту. Сабан (С) – сабан өнімі. 40 және 60 т/га–. Қи (Қ). 20– азот, 60– фосфор және 60 кг/га – калий.
Бұл дақылдарды дамыту шарты топырақты қоректік элементтермен жоғары дәрежеде қамтамасыз етуді міндеттейді. Егер дәнді дақылдар өсетін қабатта ауыспалы калий мөлшері топырақ деңгейінің 0-30 см құраса, топырақ артық және жоғары деңгейде осы элементпен қамтамасыз етіледі, ал көкөніс және өңделген дақылдардың топырақтары үшін бұл деңгей элементтің бұданда көп мөлшерде қолданылуымен сипатталады [2].
Іле Алатау бөктеріндегі қара-қоңыр топырақтарда картоп өсірудің оңтайлы жағдайын құру, топырақтың элементтермен қоректенуінің жан-жақты есепке алуын талап етеді. Бірінші кезекте бұл топырақтағы әрбір негізгі элементтің мөлшері, екіншісі –жоспарланған өніммен олардың шығуы. Үшіншісі – бұл топырақ пен тыңайтқыштардан оларды шығару коэффициент есебі.
17-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет