Қоректік заттардың құрамы бойынша топырақты топтастыру, мг/100 г топырақ
Топырақтағы фосфор және калийдің жылжымалы түрлерінің құрамы
|
Р2О5
|
К2О
|
Чириков бойынша
|
Мачигин
бойынша
|
Чириков бойынша
|
Мачигин
бойынша
|
Өте төмен
Төмен
Орташа
Орташадан артық
Жоғары
Өте жоғары
|
≤2,0
2,1-5,0
5,1-10,0
10,1-15,0
15,1-20,0
>20,0
|
≤1,0
1,1-1,5
1,6-3,0
3,1-4,5
4,6-6,0
>6,0
|
≤2,0
2,1-4,0
4,1-8,0
8,1-12,0
12,1-18,0
>18,0
|
≤5,0
5,1-10,0
10,1-20,0
20,1-30,0
30,1-40,0
>40,0
|
Органикалық және минералды тыңайтқыштардан өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруі, минералды тыңайтқыштар: азотты, фосфорлы, калийлі, күрделі. Органикалық тыңайтқыштар: көң, садыра, сабан, торф, құс саңғырығы, нәжіс, қорда, шірік тұнба, шаруашылық қалдықтары, жасыл тыңайтқыштар.
Азот тыңайтқыштарындағы элементтер құрамы: NaNO3 – (N – 15-16%, Na – 26%); Ca(NO3)2 – (N – 13-15%); (NH4)2SO4 – (N – 20,5-21%); NH4Cl – (N – 24-25%, Cl – 66,6%); NH4NO3 – (N – 34,6%); СO(NH2)2 – (N – 46%). Фосфор тыңайтқыштарындағы элементтер құрамы: 14-22%‒суперфосфат , 40-43%‒қос суперфосфат, 25-35%‒преципитат. Калий тыңайтқыштарындағы элементтер құрамы:: KCl – (K – 53,7-60%); сильвинит (KCl+NaCl) – K2O – 12-15%, NaCl -75-80%.
Ірі қара малдың құрғақ қиының әрбір тоннасында 20 кг-ға жуық азот-10, фосфор (Р2О5)-10, калий (К2О) және басқа да қосылыстар бар. Шірінді көңде (ылғалдылығы 75%) 0,5% - азот, 0,25 – фосфор, 0,60 – калий бар.
Тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффициенті ,өнімділікті арттыру үшін қолданылатын тыңайтқыштарды қоректік элементпен енгізудің жалпы мөлшерінен өсімдіктердің қанша мөлщеріне қолданатынын көрсетеді. Көбінесе, бұл коэффициент (K,%)- тыңайтқышты және бақылау (тыңайтқышсыз) нұсқаларының тәжірибесінде берілген элементтің өніммен бірге шығарылуының тыңайтқышпен топыраққа енгізілген қоректік заттардың мөлшеріне қатынасы болып табылатын- айырымдық әдіспен анықталады.
К = ∙100,
мұндағы, Ву ‒ тыңайтылған аумақтағы қоректік заттардың өніммен шығарылуы, кг/га; В0 ‒ бақылау аумағындағы (тыңайтылмаған) қоректік заттардың өніммен шығарылуы, кг/га; С ‒ тыңайтқышпен енгізілген, қоректік заттардың мөлшері, кг/га.
Өсімдіктердің тыңайтқыштардан қандай да бір қоректік заттарын қолдану коэффицентін, тыңайтқышсыз енгізу нұсқасының тәжірибесімен (абсолютті бақылау) салыстырғанда тыңайтқыштарды басқа да қоректік заттармен енгізу арқылы анықтау дұрысырақ. Оны нақты айқындау тек изотопты әдіспен ғана жүзеге асырылады.
Тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффициенттері мынадай жағдайда төмендейді: қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерлерінің жоғарылауы, осы элементтің топырақтағы мөлшері жоғарылауы, топырақ қышқылдылығының артуынан, тыңайтқыштарды жергілікті жерге қарағанда біркелкі шашпаудан.
Достарыңызбен бөлісу: |