Өсімдіктердің топырақтан және тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффициенті, %
Дақылдар
|
Топырақтан (орташа және жоғары қоректік заттар болған кезде)*
|
1-ші жылғы минералды тыңайтқыштардан
|
1-ші жылғы органикалық тыңайтқыштардан
|
|
P2O5
|
K2O
|
N
|
P2O5**
|
K2О
|
N
|
P2O5
|
K2O
|
Картоп
Қызылша
|
5
5
|
20
10
|
60-70
50-60
|
20-25
15-20
|
50-70
50-60
|
20-25
20
|
30
20
|
50-60
50
|
*Топырақтағы қоректік заттардың мөлшері аз болған жағдайда пайдалану коэффициенттері 1,5-2 есе өседі.
*Суперфосфаттан Р2О5 -30-60 % енгізілуде қолданылады.
10т картоп түйнектері сабақпен бірге N‒60 кг, P2O5‒20 кг және K2O‒90 кг шығарады.
Қоректік заттарды топырақтан пайдалануды осылай анықтайды. Топырақ құрамының 100 г-да (картограмма бойынша) орта есеппен P2O5‒7 мг, K2O‒10 мг бар. Демек, 1 га-да егістік қабатынының құрамында P2O5‒210кг және K2O‒300 кг болады. Картоп топырақтан шамамен жылжымалы фосфорды-5 %-тей (10 кг P2O5) және калийді-20% (60 кг K2O) сіңіре алады.
Топырақтан азоттың қолданылуын анықтау қиын. Мұны азоттан кейін минимумда орналасқан элементпен азотты шығару бойынша анықтауға болады. Мәселен, күлгін түсті шым топырақ, орташа сазды топырақтың бірінші минимумында азот, екіншісінде – фосфор орналасқан. Топырақтан 10 кг фосфор, картоп өнімділігін - 5 т/га-ға (0,1 т түйнектер пен сабақтардағы P2O5 шығарылымы 0,2 кг құрайды) қамтамасыз ету үшін қолданылады. 5 т/га түйнектер өнімділігі үшін топырақтан 30 кг азот пайдаланылады, себебі 10 т түйнектер сабақтармен 60 кг азот шығарады.
Картоп топырақтан шамамен 20% немесе 30 кг жеңіл гидролизденетін азот пайдалана алады. Картоп бойынша минералды тыңайтқыштардың жылдық мөлшерлерінің бүкіл барысын есептеуді 19- кестеден көруге болады.
Тау етегіндегі табиғи жағдайлар тыңайтқыштарды егістікте, көкөніс дақылдары және бақшаларда, суармалы түр ретінде, сонымен қатар суарылмайтын жерде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл ретте суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі суарылмайтын егіншіліктен 5,2 есе жоғары.
19- кесте
Достарыңызбен бөлісу: |