Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
Құрамы 80% көміртекпен 20% сутектен тұратын газтекті заттың молекулалық формуласын анықтаңыздар. Қалыпты жағдайда бұл газдың 1 л 1,34 г тең.
Аммиак селитрасындағы NH4NO3 азоттың пайыздық құрамын анықтаңыздар.
Қос суперфосфаттағы Са(Н2РО4) Р2О5 пайыздық құрамын анықтаңыздар.
Калий селитрасындағы КNO3 К2О пайыздық құрамын анықтаңыздар.
330 кг азот қышқылы арқылы 85 кг аммиак өткізілді. Аммиак селитрасының қанша килограмм – молекуласы алынды?
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016
2.Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004
3. Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005
4. Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011
5.Цитович И.К. Химия с сельскохозяйственным анализом. М.: Колос, 1974. – 527 б.
6.Глинка Н.Л. Общая химия. Издание тридцатое, исправленное. – М., 2006. – 727 б.
7.Практикум по агрохимии / под ред. Б.А. Ягодина. – М.: Агропромиздат, 1987. – 512 б.
2.3. Топырақты агрохимиялық талдау
Топырақ құрамындағы қоректік заттарды талдау – топырақтың құнарлылығын, тыңайтқыштарды қолданудың қажетті шартын, егістік шығымдылығын болжаудың маңызды бөлігі болып табылады. Қорыта айтқанда, бұл еліміздің өнімдік қауіпсіздігімен тікелей байланысты.
2.3.1. Потенциометрлік әдіспен топырақ реакциясын анықтау
Топырақ ерітіндісінің реакциясы өсімдіктер мен топырақта кездесетін микроорганизмдер үшін маңызды рөл атқарады. Дақылдардың көпшілігі бейтарап немесе әлсіз қышқыл реакцияларында жақсы дамиды. Қоршаған орта реакциясы топырақтың биологиялық және химиялық үдерістерінде де өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктердің қоректік заттарды қабылдауы рН-қа байланысты.
Топырақтағы сутегі иондарының күйіне байланысты қышқылдығы активті және потенциалды түрлерге жіктеледі, өз кезегінде потенциалды алмасу және гидролиттік деп екіге бөлінеді. Активті қышқылдық топырақ ерітіндісінде гидроксид иондарымен салыстырғанда сутегі иондарының концентрациясының жоғары болуымен сипатталады. Бұл топырақ ерітіндісінде суда еритін қышқылдардың: көмір, май, қымыздық, лимон, фульвоқышқылдар және гидролиттік сілтілі тұздардың болуымен анықталады.
Топырақтың қышқылдығын су және тұз сүзінділерінің рН мәні арқылы анықтайды. Су сүзіндісінің рН мөлшері активті қышқылдықты, ал тұз сүзіндісі топырақтың потенциалды қышқылдығын көрсетеді. Активті қышқылдық мөлшері өсімдіктер мен оның тұрақты әсеріне ұшырайтын топырақ микроорганизмдері үшін үлкен маңызға ие. Оның мөлшері мен тұрақтылығы, ең алдымен, топырақтың буферлік қасиеттерімен анықталады. Активті қышқылдық потенциалды қышқылдықпен тығыз байланысты. Тұз сүзіндісінің рН-ына байланысты топырақтың реакциясы келесідей жіктеледі: 4 – қышқылдығы өте күшті; 4,1 - 4,5 – қышқылдығы күшті; 4.6 - 5 – қышқылдығы орташа; 5,1 - 5,5 – қышқылдығы әлсіз; 5.6 - 6 – бейтарапқа жақын; 6.5 - 7 – бейтарап.
Әдістің мәні. Топырақ реакциясын (рН) анықтаудың потенциометрлік әдісі – топырақ суспензиясына (су немесе тұз сығындысы) екі түрлі: өлшеу және салыстырмалы электродтарды салған кезде пайда болатын электр қозғаушы күшін (ЭҚК) өлшеуге негізделген. Салыстырмалы электрод ретінде хлорлыкүміс электродтары жиі пайдаланылады, ал өлшеу электроды ретінде шыны және мембраналы электродтар қолданылады. Шыны электродтарының артықшылығы әдістің дәлдігіне ерітіндідегі тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, коллоидтер және ауыр металдар әсер етпейді. Өлшеуді pH мәндерінің кең ауқымында жүзеге асыруға болады.
Сүзіндіні топырақтың сумен немесе 1 М KCl (тұзды) ерітіндісімен 1: 2,5 қатынасында дайындайды.
Жұмыс барысы. Топырақтан талдау үшін дайындалған үлгіден 40 г алып, оны сыйымдылығы 200 см3 конус тәрізді құтыға салады. Үлгіге 100 cм3 дистилденген су (су сүзіндісі) немесе 1 М калий хлориді ерітіндісін (реактив
1) қосады және ерітінді мен топырақты шайқап немесе электромеханикалық араластырғышта 1 минут араластырады. Содан кейін алынған суспензияның рН мәні pH-метрмилливольтметрде анықталады. Ол үшін аспапты бір қалыпқа келтіргеннен кейін шыны электроды мен салыстырмалы электродтың тұзды түйісуін топырақ суспензиясы бар стаканға салады және 1,5 минуттан кейін рН өлшейді.
pН көрсеткішінің баптауы рН мәні 4,01; 6,86; 9,18 болатын буферлік ерітінділерге сәйкес жүзеге асырылады. Осы мақсатта қолданылатын барлық тұздар химиялық таза болуы керек.
Реактивтер: 1) 1,0 М калий хлориді ерітіндісі – 75 г KCl дистилденген суда ерітеді және көлемі 1000 cм3 өшеуіш құтыға салып, дистилденген сумен белгісіне дейін жеткізеді. Алынған ерітіндіде рН 5,6-6 болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |