Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


И.В. Тюрин әдісімен қара шіріндіні анықтау



бет45/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96
Байланысты:
treatise140794
7lab, Документ (14), Документ (14), 0008d9aa-c924dc23, 9 сынып 2 бжб картограф-1 тоқсан
2.3.3. И.В. Тюрин әдісімен қара шіріндіні анықтау
Талдаудың маңызы. Қара шірінді – топырақ құнарлығының және өсімдіктердің азотпен қамтамасыз етілуін көрсететін маңызды көрсеткіш. Ол агрохимиялық бағалы құрылымның құралуының маңызды факторы болып табылады. Қара шіріндінің болуы топырақтың сіңіру қабілеті, су өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығына әсер етеді. Сонымен қатар, қара шірінді өсімдіктің өсуін жақсартады.
Жұмыс барысы. Топырақтың – құрғақ массасын, диаметрі 3 см сағат шынысын қолдана отырып, қателігі 0,001 г – нан аспайтын аналитикалық таразыда өлшейді. Егер құрамындағы қара шірінді мөлшері 7% асатын болса үлгіні 0,05 – 0,10 г есеппен, 4-7% кезінде 0,1-0,2 г; 2-4% кезінде - 0,25-0,35 г; 2% аз кезінде -0,50-0,70 г есеппен алады.
Топырақты талдауға дайындық оның құрамын тамырлар мен органикалық қалдықтардан тазарта отырып жасалынады. Тесігінің диаметрі 2 мм електен өткізілген құрғақ топырақтың үлгісінен қосымша майдалауға 5 г алып қалады. Оның ішінен тамырлар мен өсімдіктердің қалдықтарын қысқыш арқылы қағаз бетіне жұқа қабатқа шашып теріп алады. Топырақты тесігінің диаметрі 0,25 мм болатын електен өткізіп, електе қалып қалған бөлшектерді фарфорлы табақшада майдалайды.
0.1-0,4 г топырақ үлгісін 50 см3 сынауыққа ауыстырады. Осы сынауыққа және бір уақытта салыстырудың жұмысшы шкаласын жасау үшін тағы да қосымша тұрғыда (штативте) орнатылған 8 сынауыққа 10 см3 хромдық қоспаны (күкірт қышқылында ерітілген калий бихроматы) қосады.
Сұйықтығы бар сынауықтарға шыны таяқшаларын салып араластырады. Содан кейін, тұрғыда орналасқан сынауықтарды қайнап тұрған суы бар ыдысқа орналастырады. Әрбір 20 минут сайын сынауықтың ішіндегі қоспаларды шыны таяқшамен араластырып тұрады. Бір сағаттан соң тұрғыны сынауықтармен ішінде суы бар ыдысқа көшіреді де суытады.
Одан кейін топырағы бар сынауықтарға 40 см3 – тан дистилденген су құяды.
Салыстырмалы ерітінділер шкаласын дайындауға арналған сынауықтарға тотықсыздандырғыш ерітіндісін және 24-кестеде көрсетілген көлемде дистилденген су қосады. Қара шіріндінің массасы ерітіндінің ішіндегі тотықсыздандырғыштың мөлшеріне сай келеді. Тотықсызданғыштың 1 см3 қолданылған көлемі 0,517 мг қара шірінді массасына сай келеді (24-кесте). Содан соң, сынауықтардан шыны таяқшаларын суырып алып, резеңкелі груша арқылы пайда болатын ауаның барбатациясы көмегімен мұқият араластырады. Сынауықтарды топырақ түйіршектерінің шөгіп, толықтай түссіз болғанынша қойып қояды. Егер тұндырудан кейін де тұнба бетіндегі ерітінді мөлдір болмаса, онда сынауықтарды ертеңгі күнге дейін толық түссізденгенше қалдырады.


24-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет