Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Салыстырмалы ерітінділер шкаласын дайындау үшін қажет су мен еріткіштің көлемдері



бет46/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Салыстырмалы ерітінділер шкаласын дайындау үшін қажет су мен еріткіштің көлемдері



Көрсеткіш

Құты нөмірі (ерітінді)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Судың көлемі, см3

40

38

36

32

30

25

20

15

10

Тотықсыздандыр-ғыш ерітінді көлемі, см3

0

2

4

8

10

15

20

25

30

Қара шірінді массасы, мг

0

1,03

4

8

10

15

20

25

30

Бұдан кейін салыстырмалы ерітінділерін, содан соң зерттелетін ерітінділерді, қалыңдығы 1 – 2 см болатын кюветаға құйып, 590 нм толқын ұзындығында сары-қызыл светафильтрінде колориметр құралында оптиқалық тығыздықтарын өлшейді. Зерттелетін ерітіндіні ФЭК кюветасына түбіндегі тұнбаны араластырып алмай құяды.


Салыстырмалы ерітінділерінің оптикалық тығыздықтарымен қарашірінді мөлшерінің негізінде сәйкестендіру графигін сызады. Ол үшін ордината өсінің бойына салыстымалы ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын абцисс өсінің бойына қарашірінді массасын немесе тотықсыздандырғыш ерітіндісінің көлемінің көрсеткіштердің мәнін салады. Қиылысқан нүктелерді сызықпен қосады.
Нәтижелерді есептеу мен реагенттер. Дайындалған салыстырмалы ерітінділердің құрамындағы қара шірінді массасын табады. Қарашірінді мөлшерін (%) мына формула бойынша есептеледі:

Г = ,


мұнда Қ – қара шірінді, М – график бойынша алынатын қара шірінді массасы, мг; K – қара шіріндіге ауыстыру коэффициенті; 100 - пайызға айырбастау коэффициенті; m– топырақ үлгісінің массасы, мг. Орташа арифметикалық қайталанатын талдаудан рұқсат етілген ауытқулар: топырақта гумустың құрамы 5% болса, онда 20% дейін, ал егер 5% -дан артық болса, ауытқу 10% -ды құрайды.


Ерітінділер мен реагенттерді дайындау: 1) Хром қоспасы - K2Cr2O7 (х.т. немесе а.ү.т.) 40 г ұнтағын (ауытқу 0,1 г аспайтындай өлшенеді), дистилденген суда ерітіледі және сүзгіш қағаз арқылы сыйымдылығы 1000 см3 өлшеуіш құтыға құйып, белгіге дейін дистилденген сумен жеткізіледі. Ерітінді кәрлен ыдысына немесе 3-5 дм3 стаканға құйылады және (1,84 г / см3) 10-15 минут аралығындағы 70-100 см3 шамасындағы шағын бөліктермен 1000 см3 күкірт қышқылы қосылады, олардың әрқайсысы мұқият араластырады. Содан кейін ерітінді құйғыш арқылы шыны бөтелкелерге құйылады және шексіз уақытқа сақталады.
2) тотықсыздандырғыш - 39,2 г Мор тұзы (МемСТ 4208 - 72, х.т. немесе а.ү.т.) немесе 27,8 г жетісулы темір сульфаты (а.ү.т.) 0,1 г-нан астпайтын қателікпен, 700 см3-де 0,5 моль/дм3 күкірт қышқылының ерітіндісінде ерітіледі. Ерітіндіні екі қабат сүзгі арқылы сүзіп, көлемі 1000 см3 құтыға құйып, белгіге дейін дистилденген су құяды, мұқият араластырады.
Әдетте 8-10 дм3 ерітінді дайындайды және қара шыны бөтелкесінде сақталады, мұнда бюретка сифон арқылы бекітіледі. Бөтелкедегі ерітіндіні тотығудан сақтау үшін, натрий сульфатының сілтілі ерітіндісі (40 г сусыз натрий сульфаты немесе жеті сулы 80 г натрий сульфатын 700 см3 дистилденген суда ерітіледі) бар Тищенко бөтелкесіне жалғастырады. Алынған ерітінділерді араластырады.
Тотықсыздандырғыш агент ерітіндісінің концентрациясын әрбір 3 күнде стандартты-титрден (0,1 Н) дайындалған KMnO4 ерітіндісінде тексеріледі. Ол үшін 100 см3 3 конустық құтыға бюреткадан алынған ерітіндіні 10 см3 құйып, 1 см3 күкірт қышқылын (1,84 г / см3) қосады. Құтының ішіндегісін 40-50 см3 көлемінде ыстық дистилденген сумен сұйылтады және бірден 1 минут бойы сәл қызғылт түсі жоғалмағанша, калий перманганатының ерітіндісімен титрленеді.
Есептеу үшін үш анықтаманың орташа мәнін алады. Тотықсыздандырғыштың концентрациясын түзету мына формуламен анықтайды:
К = ,

мұнда V1 - титрлеу үшін кеткен KMnO4 ерітіндісінің көлемі, см3; V - Мор тұзының немесе титрлеу үшін жетісулы темір сульфатының ерітіндісінің көлемі, см3.


3) 0,5 моль/дм3 концентрациялы күкірт қышқылының ерітіндісі – 28 см3 күкірт қышқылын (тығ 1,84 г/см3) дистилденген суда ерітіп, 1000 см3 дейін жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет