70
жетудің құралын талап етеді. Жүйенің аспектілері көп болғандықтан, ол
мақсат пен құралдың бірігу тірегі болып табылады. Ол - мәселені шешу
құралы [76].
Жүйе қойылған мақсатқа жету үшін жобаланып, бір-бірімен және
ортамен өзара байланыста және өзара бірлесіп әрекет ететін
элементтердің жиынтығы [78].
Мақсат жүйені құрауға мүмкіндік береді, қойылған мақсатты іске
асыру үшін не істеу керек деген сұраққа жауап сияқты. Яғни, бұл
жағдайда жүйені біз оқыту мақсатына жету құралы ретінде
қарастырамыз. Қойылған мақсатқа сәйкес жүйе құрылымы жасалады,
оның компонеттері ретінде көп жағдайда мыналар пайдаланылады:
субъектілер, мазмұн, әдістер, оқытудың түрлері мен құралдары.
Айтылғандардың суреті 3.1 -суретте көрсетілді.
Ф.И. Перегудов және Ф.П.Тарасенко жүйені былай анықтайды: 1)
мақсатқа жету құралы ретінде, мәселені шешу құралы; 2) ортаға тәуелді
және онымен тұтастық ретінде өзара әрекет ететін бір-бірімен өзара
байланысты элементтер жиынтығы [80].
Жүйенің жіктемесі әртүрлі негіздемелер бойынша жүзеге асырылуы
мүмкін. Жалпы алғанда жүйлере шынайы (объективті, материальдық)
және идеалды (абстрактілі, тұжырымдамалық) болып бөлінеді.
А.И.Пушкарь мен Л.В.Потрашкованың [78] еңбегінде ұсынылған
жүйенің жіктемесіне сәйкес жүйелер:
- шығу төркініне байланысты табиғи (табиғаттың даму өнімі болып
табылатын және адамның араласуынсыз пайда болатын) және жасанды
(адам еңбегі мен ақыл-ойының жемісі) жүйелер болып бөлінеді;
қоршаған ортамен өзара әрекет ету сипатына қарай ашық (ортамен
3.1-сурет. Мақсатқа жету және қойылған міндеттерді шешу құралы
ретінде жүйенің тұжырымдамалық үлгісін құруға арналған сызба
Мақсат
Мі
нд
етте
р
Н
әт
ижеле
р
Компонент 1
Компонент 2
Достарыңызбен бөлісу: