112
Мақсат қағидасы: жүйені зерттеу үдерісінің қажетті сатысы осы
жүйенің мақсатын (бағытталуы) анықтау болып табылады;
- киындық қағидасы: әр объектіге өзінің және ортаның арасындағы
әр түрлі үлгідегі байланысы бар, бөлшектердің жиынтығы болып
табылуынан қиындығы болуы мүмкін. Осыған байланысты объектінің
зерделеген кезде объект өзінің маңызды қасиетін сақтау деңгейіне дейін
жеңілдетілгенін орындау қажет.
Ұқсастық қағидасы: әр түрлі жүйелер бір қағидалар негізінде
жұмыс істейді. Осыған байланысты бір жүйені зерттеген кезде сол
жүйеге ұқсас басқа да объектілерді зерделеген кезде қолданылуы
мүмкін.
В.Г.Афанасьев ойлау жүйесінің икемділігі мен дағдыларын
қалыптастыру үдерісінде ескеруге абзал болатын, бірнеше өзара
байланысқан жүйелілік тәсілдердің аспектілерін анықтаған [76]:
- жүйелілік-бөлшекті, ол тұтасы қандай бөліктерден құралғанын,
неден жасалғаны сияқты сұрақтарға жауап іздеу сияқты,
- жүйелілік-құрылымдық, жүйенің ішкі нысанын, оның құрамдас
бөліктерінің өзара байланысы мен өзара әрекетесуін ашушы;
- жүйелілік-жұмыс атқарушы, жүйенің жұмысын айқындаушы
(оның бөліктерінің жұмыс атқаруының интегративті қорытындысы)
және жүйенің бөліктерінің жұмысы (көбіне олардың жалпы жүйелілік
жұмысына әсер ету қорытындысы бар);
- жүйелілік-коммуникациялық, биіктігі бойынша және көлденең
бойынша басқа жүйелермен жүйенің, жүйенін бөлшектерінің
өзарасындағы және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін және өзара
байланысын қарастыратын интегративті, жүйелілік факторларын
ашушы;
- жүйелілік-интеграциялық, интегративті, жүйелі факторларды,
тұтастықты қамтамасыз ету факторларын, өзара әрекет ету, жетілдіру
мен дамыту;
- жүйелілік-тарихи, жүйенің құрылуының басталуы және көзі,
қалыптасуы, тенденциясы және оның дамуының болашағын көрсетуші.
Достарыңызбен бөлісу: