Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

Бақылау сұрақтары 
1. Жүйелілік ойлауды қалыптастырудың қажеттілігі неге? 
2. Жүйелілік ойлауды қалыптастыруға не мүмкіндік туғызады? 
 


97 
 
 3.Білім алу үдерісінде жүйелілік ойлаудың дағдысы мен шеберлігін 
қалыптастырудың деңгейі мен белгілерін өздігінен жетілдіріңдер. 
4. Жүйелілік ойлаудың өзіндік анықтамасын тұжырымдаңыз. 
 
V. ОЗЫҚ ОҚЫТУ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ ОЗЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
 
Озық  білім  беру  мен  озық  әрекет  ету  сипатына  қатысты  әртүрлі 
ғалымдардың ой-пікірлері 5.1 - кестеде берілген.  
 
5.1 - кесте 
 
Авторлар 
Авторлардың ой-пікірлері 
Авторлар 
ұжымы 
ред.басқ. 
академик 
С.Я.Батышев  
[121] 
Озық  кәсіптік  білім  беру  адамның  белсенді,  әрекетті, 
ізгілікке 
бағдарланған 
ойлауға 
әлеуетті 
табиғи 
қабілеттерін  дамытуға,  онда  белсенді,  өзгермелі, 
әрекетті  тәжірибеде  іске  асыратын  инновациялық,  жаңа 
тұрпаттағы  интеллектіні  қалыптасыруға  бағытталған.  
Бұл жағдайда «озық ету» ұғымы негізгі болып табылады 
және  білім  беру  бағдарламасының  мазмұндық  жағын, 
оқу  үдерісін  ұйымдастыру  формасын,  қолданылатын 
оқыту  технологияларының  ерекшеліктерін  сипаттайды, 
олар  өз  кезегінде  кәсіби  білімнің  көлемі  мен 
құрылымын,  «ертеңгі  күнге»  бағдарланған  тұлғаның 
ойлау сипаты мен рухани даму деңгейін қамтамасыз етуі 
тиіс.    Сонымен  бірге  озық  білім  беру  нақты 
мағынасында ғылымның үлгісі (моделі) болып табылады 
және 
ғылыми-техникалық 
прогрестің 
қарқынын 
бейнелейді.  
Озық  кәсіптік  білім  берудің  басты  мақсаттық  қызметі 
ойлау  және  тәжірибелік  іс-әрекетте  өзін  көрсететін 
тұлғаның  жаңа  тұрпаттағы  интеллектісін  қалыптастыру 
мен дамыту болып табылады.  
Г.Н.Жуков  
[122] 
Озық  кәсіптік  білім  беру  кәсіптік  білім  берудің 
жүйеқұраушы  қасиеті  ретінде  инновациялық  үдерістер 
негізінде  құрылған  және  болашақ  маманды  кәсіби 
дамытуға,  экономиканы  модернизациялау  жағдайында 
оның  кәсіби  іс-әрекетке  даярлығын  қалыптастыруға 
бағытталған 
педагогикалық 
жүйенің 
барлық 
компоненттерінің  өзара  тығыз  байланыста  әрекет 
етуінде көрінеді. Осыған байланысты озық даярлау озық 
кәсіптік  білім  беруді  тәжірибеде  іске  асыру  ретінде 
адамның 
кәсіптік 
іс-әрекетінде 
өзін-өзі 
анықтауқабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытумен  
және 
оны 
жылдам 
өзгеретін 
өндіріс 
пен 
 


98 
 
әлеуметтікортаға  даярлаумен  тығыз  байланысты  болып 
келеді.  Сондықтан  озық  даярлауды  кәсіптік  білім 
берудің  сипаттамасы,  мамандарды  даярлаудағы  оның 
озық ету стратегиясы ретінде қарастыруға болады. 
Н.П. 
Ващекин, 
А.Д. Урсул 
[123] 
Білім беру жүйесі озық білім беруге қатысты бұлжымас 
қозғалыс жоспары тұрғысынан құру мен әрекет ету пара 
парадигмасын  өзгерту  керек,  өйткені  білім  беру 
жүйесінің  жаңа  моделін  жасамай,  қоғамның,  ақыл-
парасат  аймағының,  оған  қажетті  сананың  тұрақты 
дамуы мүмкін емес. Мұнда озық білім беру моделін іске 
асырудың  өлшемі  таным  мен  жалпы  білім  беру 
кеңістігінде  болашақты  көре  білу  (болжау)  деңгейі 
болуы тиіс.  
Б.М. Бим-Бад  
[124] 
Озық білім беру өмірде іске асыруға, нақтылы көрсетуге 
негіз  болатын  әлеуметтік,  білім  беру  және  тұлғалық 
құндылықтар жүйесіне мыналар жатады: 
1)  қазіргі  мен  болашақ  алдындағы  жауапкершілік; 
ақиқатқа, 
қайырымдылыққа, 
әдемілікке, 
Отанға, 
адамдарға, өмірге, әлемге,  табиғатқа,  еңбекке,  ғылымға, 
танып-білуге,  өнерге,  шығармашылыққа,  техникаға, 
құрастыруға және жобалауға деген сүйіспеншілік; 
2)  нақты  әрекет  ететін,  сындарлы  дүниетаным; 
модернизацияланған  ғылыми  және  техникалық  білім, 
жаңа  технологияларды  бағдарлау  қабілеті;  ақпараттық 
сауаттылық; 
3)    қажырлы  табысты  еңбекке  және  еңбек  түрінің 
өзгеруіне  күшті  бейімділік  пен  қабілеттілік;  ұжымдық 
еңбек  пен  танымдық  іс-әрекет  дағдылары;  еңбек 
мәденеитінің жоғары болуы; 
4)  үздіксіз  білім  алуға,  құрдастарымен,  алдыңғы  буын 
және  жас  ұрпақ  өкілдеріменынтымақтастықта  болуға, 
мамандықты  саналы  түрде  таңдауға,  бос  уақытында 
пайдалы  шығармашылықпен  айналысуға  бейімділік  пен 
қабілеттілік;  
     5)өзәрекетінтүзетебілу,  қиындықтарменкедергілерге 
дайын  болу,  қарама-қайшылықты  болмыстарға  қарсы 
тұра білу; 
6) терең және берік өзін-өзі тану; уақыттыбағалау, дұрыс 
ұйымдастыру және үнемді   
пайдаланубілігі; 
басқарудың  техникалық,  өндірістік  және  қоғамдық 
әдістерін  меңгеру;  жауапты  шешімдер  қабылдау  және 
оларды өмірде пайдалану тәжірибесі; 
7)  тәртіптілік  және  ойлау  іс-әрекетінің  эмоциялық 


99 
 
толықтығы, ақыл-ой қабілеттері. 
Б.С. 
Гершунский 
[125] 
Білім беру саласының болашаққа қызмет ететіні белгілі. 
Әртүрлі  тұжырымдамалардың,  саяси  докториналар  мен 
стратегиялық 
өнімдердің 
мазмұны 
білім 
беру 
нысандарының жағдайы  мен жұмыс  істеу  механизмдері 
туралы  тиянақтаушы  мәліметтерді  ғана  емес,  сонымен 
бірге осы нысандарды болашақта дамытудың келешегін 
көрсеткен жағдайда  ғана  ғылыми  тұрғыдан дәйектелген 
және дәлелденген болып есептеледі.   
Болжамдық  зерттеулер  нәтижесінде  алынған  озық 
ақпаратты 
білім 
беру-педагогикалық 
іс-әрекеттің 
мазмұнына,  құрылымына  және  оны  ұйымдастыруға  
алдағы уақытта енгізу мүмкін болатын өзгерістерді көре 
білу  құралы  ретінде  пайдалануға  болады,  мұның  өзі 
мақсатты  түрде  білім  беру  жүйелерінің  қолайлы 
жағдайда  әрекет  етуін  болжауға  және  бүгінгі  күннен 
бастау  білім  беру  саласына  қажетті  түзетулер  енгізуге 
мүмкіндік береді.       
Д.В. 
Чернилевский 
[65] 
Келешегі  мол  білім  беру  жүйесінің  неғұрлым  маңызды 
ерекшелігі  оның  озық  әрекет  ету  сипаты,  болашақтағы 
постиндурстриялық 
өркениет 
мәселелеріне 
бағыттылығы,  адамның  шығармашылық  қабілеттерін 
дамыту.  
    Білім беру мақсаты мен мазмұнын ғылыми негіздеуге 
болжам  тұрғысынан  қарау  ғана  материалдық  және 
әлеуметтік  ортада  пісіп  жетілген  үдерістерді  алдын-ала 
есепке  алуға,ғылымның,  техниканың,  өндірістің  әртүрлі 
салаларындағы өзгерістерді алдын ала көруге мүмкіндік 
береді.      Бұл  жағдайда  озық  білім  беруді  әлеуметтік  іс-
әрекеттің 
әртүрлі 
түрлерінің 
субъектісі 
болып 
табылатын  адамға  келешекте  қойылатын  талаптарды 
алдын-ала  көре  білу  негізінде  мазмұны  құрылған  білім 
беру 
ретіндеанықтайды; 
тар 
мағынасында 
– 
жұмысшыларды технологиялық үдеріске бағдарлау  
 
негізінде даярлау.  
     Маманның   болжамдық    кәсіби    моделін    құру 
қажеттелігі  тиянақтаушы  емес,  болжамдық  сипат 
алуытиіс. 
Бұл 
маңызды 
міндетті 

біліктілік 
сипаттамасындағы, 
оқу 
жоспары 
мен 
бағдарламаларындағы  мамандарды  даярлау  деңгейіне 
қойылатын  талаптардың  озық  ету  сипатына  ие  болуын 
шешуге ықпал етеді. 
П.М. 
Новиков, 
Таным  мен  іс-әрекет  әдіснамасы  білім  беру  үдерісінде 
(кәсібиді  қосқанда)  қалыптасуы  тиіс,  ол  тұлғаның 


100 
 
В.М. Зуев  
[126] 
қалыпты  жағдайдан  үнемі  оза  әрекет  ету  қабілеттерін 
дамытып,  ең  алдымен  тұлғалық  мәнге  ие  болуына 
септігін  тигізуі  керек.  Мұндай  білім  беру  адамның 
танымдық 
белсенділікке 
мәнді 
сұранысын 
қанағаттандырып,  оның  өзін-өзі  жетілдіруге,  өзін-өзі 
маңызды  сезінуге,  әлеуметтік-кәсіби  мобильділікке 
даярлығын қамтамасыз етуі тиіс. 
Э.М. 
Коротков  
[127] 
Білім беру келешек пен болжамдарды есепке алу керек. 
Ол  озу,  озық  ету  түрінде  болуы  тиіс.  Бірақ  бұл  ол 
проблемалық сипат алған жағдайда ғана мүмкін болады. 
Бүгін  тек  тұрақты  және  тексерілген  білімді  ғана  беруге 
болмайды.  Білімнің  құрылымы  мен  мазмұнындағы 
қайшылықтарды,  оны  дамытудың  келешегін  көрсету 
керек. 
Д. Осборн, 
П.Пластрик  
[128] 
«Озық  басқару»  терминін  енгізе  отырып,  авторлар 
«қателіктерді  түзеткеннен  гөрі  алдын-алу  керектігін» 
атап  көрсетеді.  Болашақты  болжай  алатын  Үкімет 
(басқару  органдары)  проблемаларды  болдырмауға 
тырысады,  өйткені  кейін  оларды  шешу  үшін  қосымша 
қызмет  түрлерін  ендіруге  тура  келеді,  сондықтан 
проблеманың  алдын-алып  отыру  керек.  Ол  үшін  олар 
стратегиялық  жоспарлауды,  келешекті  болжауды  және 
басқа  да  құралдарды  пайдаланады.    Уақыт    көкжиегін 
кеңейту  үшін  олар  бюджеттік  жүйені,  есеп  беру  және 
мадақтау жүйесін қайта құрып, негізгі алға жылжытатын 
күштерді сол жаққа қарай жұмылдырады». 
Г.В. 
Атаманчук 
[123] 
Мемлекеттік  басқаруды  «озық  ету  жағдайына»  тән 
сапалар мыналар болып табылады:  
1) басқару шешімдері мен әрекеттерінде нақты  
объективті  жағдайлар  мен  субъективтіфакторалардың 
шынайы  мүмкіндіктерін,  оларды  өзгертудің  қарқыны 
мен үдерістерін терең есепке алу; 
2) 
адамдардың 
өмір 
тіршілігінің 
маңыздыпроблемаларын  шешуде  мемлекеттік  саясатты 
неғұрлым  озық,  әлемдік  тәжірибеде  ұсынылған  және 
заманауи  тарихи  жағдайда  қолданылатын  тәсілдерді, 
формаларды,  механизм  мен  ресурстарды  пайдалануға 
бағдарлау; 
3)  кеңейтілген  қоғамдық  сараптамадан  өткен  басты 
мемлекеттік  шешімдер  бойынша  ғылыми  ойлар  мен 
басқару тәжірибесі арасында тығыз байланыстың болуы,  
заманауи  қоғамдық  сана  деңгейінде  қызметкерлердің 
дайындығын қолдау;  
4)  басқарудың  жаңа  көздері  мен  ресурстарына  ашық 


101 
 
болу  және  қабылдай  алу,  басқару  мәселелерін  шешудің 
ең  озық  механизмдері  мен  тәсілдерін  дер  кезінде  игеру 
қабілеті; 
5)  басқару  элементері  мен  олардың  жүйелілік  өзара 
байланыстарының  икемділігі  мен  бейімділігі,  тұрақты 
түрде  өзін-өзі  жетілдіру,  дамыту  және  басқару 
ықпалынан туындатын жайттарды жақсарту әлеуеті. 
Озық 
ету 
сипатындағы 
мемлекеттік 
басқаруды 
анықтайтын  және  жүйелейтін  фактор  мақсат  болып 
табылады,  ол  басқару  субъектісінің  немесе  нысанының 
(объектісінің)  қалаулы  жағдайының  тамаша  бейнесі 
(логикалық  модель)  бола  отырып,  олардың  объективті 
заңдылықтары 
мен 
ұйымдастыру 
түрлерін, 
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын  танып-білу мен 
есепке алу негізінде құрылады. 
Стратегияға  келетін  болсақ,  ондағы  ең  бастысы-жаңа 
сапаға,  жаңа  деңгейге,  жаңа  жағдайға  бағыттылықтың 
болуы. 
В.А.Попков, 
А.В.Коржуев 
[130] 
Озық білім беру идесы оқытудың мазмұны мен әдістерін 
келешекке  бағдарлау  арқылы  құруды,  болашақтағы 
ғылымның, техниканың дамуына болжам жасауды және 
студенттерді  болашақтағы  кәсіби  іс-әрекетіне  қажетті 
білімді, іс-әрекеттің  
тәсілдері  мен  амалдарын  белсенді  меңгеру  бойынша  іс-
әрекетке жұмылдыруды көздейді. 
 
Біздің  зерттеуіміз  көрсеткендей,    озық  білім  беруді  ұйымдастыру 
мен жүзеге асыруда жүйелілік тұғыр ерекше роль атақарады [131; 105]. 
Жүйелілік  тұғырға  негізделген  озық  оқытуды  біз  білім 
алушылардың жүйелі және басқа да тиімді ойлау тәсілдерін, танымдық, 
теориялық  және  тәжірибелік  іс-әрекетті  іске  асыруға  қажетті  жүйелі 
және  басқа  озық  тұғырларды  меңгеру  біліктері  мен  дағдыларын  қысқа 
мерзімде  (оқу  үдерісін  интенсификациялау  негізінде)  дамыту  үшін 
арнайы ұйымдастырған үдеріс деп білеміз, ол іргелі және жүйелі білімді, 
сонымен  бірге  сәйкес  құзыреттіліктерді    шығынды  аз  жұмсау  арқылы 
озық қалыптастыру қызметін атқарады.    
Озық оқыту субъектілері арқылы алынған нәтижелер оқу үдерісінде 
бірден  қолданылуы  тіис,  өйткені  олар  оның  тиімділігі  мен  сапасын 
көтеруге әсер етеді. 
Өскелең  ұрпақ  пен  мамандарды  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту 
бойынша сабақтастықпен даярлаудың талап етілген сапасын қолжетімді 
тығыз  мерзімде  қамтамасыз  ету  (оқу  үдерісін  интенсификациялау 
арқылы) оқу үдерісі мен оқу мекемесі озық даму жағдайында болғанда 
және  соған  қажетті  әлеуетке  ие  болғанда  ғана  мүмкін  болады.    Озық 


102 
 
оқытуды іске асыру үшін бүгінде бар және келешекте туындауы мүмкін 
көптеген мәселелерді шешу қажет болады, оларды табысты шешу үшін 
жүйелі  көзқарастар  мен  жүйелілік  тұғыр  әдістері  талап  етіледі. 
Нәтижелілік  білім  беру  мен  мемлекеттік  басқару  жүйесіне  жүйелілік 
тұғырды мақсатты түрде және тиімді енгізуге байланысты болады.   
Көп  жағдайда  озық  оқытудағы  жүйелілік  тұғыр  озық  ойлау  стилін 
қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет