Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


 Озық білім беру технологиялары



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін

 
5.1 Озық білім беру технологиялары  
 
Білім  берудегі  технологиялық  әдіс  айтулы  білімнің,  білім  беру 
мазмұны  мен  мақсатының  негізінде  білім  беру  үрдісін  құрылымдауды 
қамтамасыз етеді. Озық білім беруді жүзеге асыру танымдық және басқа 
да  салаларда  жүйелі  тәсіл  мен  жүйелі  ойлау  дағдыларын,  біліктілігін 
және  жүйелі  ұғынуды  дамытуды  қамтамасыз  ететін,  сәйкес 
технологиялар  мен  тәсілдерді  әзірлеуді  және  білім  беру  үрдісін  айқын 
түрде өзгертуді талап етеді.  
В.  Оконьның  пікірі  бойынша,  білім  беру  мазмұнына  деген 
жүйелілік тұғыр келесілерді жорамалдайды[87]: 
1)  жүйелілік  тұғырлар  мен  оны  құрылымдау  технологиясының 
кеңінен қолданылуын;  
2)  қарапайым  жүйелер  мен  құрылымдардың  күрделіге  ауысуын, 
біршама нақтыдан жалпыға және керісінше ауысымдарды;  
3) оқытудың көп пәндері үшін ортақ құрылымдарды шекті деңгейде 
ескеруді.  
Озық  білім беру мазмұнының жүйесі оқу үрдісі барысында жүзеге 
асырылған жағдайда оқыту міндеттері мен мақсаттарының нәтижелілігі 
мен  сапасын  қамтамасыз  ететін,  жүйелілік  тұғыр  негізінде  реттелген, 
өзара байланысты элементтердің жиынтығын көрсетеді.  
Білім  берудің  мазмұны  бейнеленетін  осындай  жүйелердің 
құрылымы  оқу  материалын  зерделеу  үрдісін  жеңілдетіп  және 
айтарлықтай  тездетіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  ең  маңызды  қызметі 
білім беру мазмұнының субъектілерін тәуелсіз түрде құрылымдау болып 
табылатын,  танымдық  саладағы  өзін-өзі  басқару  дағдылары  мен 
икемділігін тиімді түрде дамытады.  
Озық  білім  беру  технологиясы  мен  қызметтік  тұғырды  жүзеге 
асырудағы  теориялық  негіздеменің  бірі  ретінде  ақыл-ой  әрекеттері  мен 
ұғымын  жоспарлы  түрде  қалыптастыру  теориясы  қызмет  етеді.  П.Я. 
Гальперинаның осы теориясына сәйкес [132]:  
Бірінші кезең іс-әрекетті меңгеруге ынталандыруға арналған;  
Екінші  кезеңде  алдағы  әрекеттің  бағдарлық  негізін  озық  деңгейде 
қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл әрекеттерді меңгеру осы қызметті 
тікелей орындауды тұспалдайды;   


103 
 
Үшінші 
кезеңде 
материалдық 
(материалданған) 
қызметті 
қалыптастыру - іс-әрекет мазмұнын меңгеру жүзеге асырылады
Төртінші  кезеңде  үйренуші  қызметтің  барлық  элементтерін  өзінің 
сыртқы  (ауызша  немесе  жазбаша)  сөйлеу  мәнерімен  сипаттайды,  бұл 
осы қызмет түрін қорытындылауға себеп болады;  
Бесінші  кезеңде  іс-әрекет  алдыңғы  кезеңдегідей,  тек  мұнда  ішкі 
сөйлеу мәнерінің қатысуымен жүзеге асырылады;  
Алтыншы  кезеңде  іс-әрекет  түгелдей автоматты  және  кіріктірілген 
түрде  жүргізіледі,  дербес  және  толығымен  меңгерілген  күйде  болады. 
Белгілі  бір  жағдайларда  кейбір  кезеңдер  орындалмауы  мүмкін. 
Қоршаған орта қызметтерінің үрдістері мен құбылыстарының, нысанды 
талдау  тәсілдерін  меңгеру  мен  ақыл-ой  әрекеттерінің  қалыптасу 
деңгейіне  қарай,  субъектіде,  сәйкесінше,  білім  беру  беру  мазмұнын 
меңгеру  мен  зерделеу  үшін  қажетті,  өзінің  бағдарлық  негізін  тәуелсіз 
түрде қалыптастыру қабілеті дамиды.     
Д.В.Чернилевскидің 
тұжырымдамасы 
бойынша, 
оқыту 
технологиясы  –  бұл  оқытушылардың  эмпирикалық  инновациясы  мен 
кәсіби  қызмет  бабында  жоғары  нәтижелерге  жетуге  және  студенттің 
жеке тұлғалық қасиетін дамытуға бағытталғандығын ескере отырып, оқу 
үрдісін  ұйымдастыру  мен  талдаудағы  ғылыми  тұғырларға,  ғылыми 
білімді дидактикалық тұрғыдан қолдануға бағдарланған жүйелілік санат. 
Білім  берудегі  заманауи  технологиялар  білім  беру  үрдісінің  кезекті 
ұдайы  өндірісі  мен  түзетілімдерін,  бағасын,  жүзеге  асырылуын, 
жобалануының жүйелілік тұғырын қамтиды[65].  
В.П.  Беспалько  педагогикалық  технологияны  білім  беру 
барысындағы  мақсатқа  жетудегі  кепілді  құрал  ретінде  қарастырады. 
Сонымен  қатар,  мақсат  диагностикаланған  түрде  қойылуы  керек,  яғни 
белгіленген  уақыт  межесінде  нәтижеге  жетуге  кепілдік  беретін, 
толығымен  айқындалған  дидактикалық  үрдісті  құру  және  оның  жүзеге 
асырылу  деңгейі  жайлы  қорытынды  жасау  мүмкін  болатындай, 
айтарлықтай  нақты  және  айқын  болуы  керек.  Оның  пікірі  бойынша, 
дидактикалық  үрдісті  (педагогикалық  технологияның  негізі  ретінде) 
ұйымдастырудың  негізгі  мақсаты  барынша  аз  уақыт  ішінде  алдын  ала 
қойылған  мақсатқа  сәйкес,  білім  алушының  жеке  тұлғалық  қасиетін 
қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады [81].  
Оқыту  технологиясы,  кез-келген  өзге  де  технологиялар  секілді, 
жобаланады  және  жоспарланған  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  жүзеге 
асырылады. Кез-келген технология белгілі бір сападағы нәтижелерге қол 
жеткізу  үрдісіне  қатысушы  адамдарда  қажетті  біліктіліктің  болуын, 
барлық көрсеткіштердің, сипаттамалардың, талаптардың, сонымен қатар 
үрдістердің сақталуын қарастырады. 
Технологияларды  жүзеге  асыру  басқарылатын  және  қатаң 
бақыланатындай  болуы  керек.  Сондай-ақ,  орын  алған  кез-келген  ақау 
жедел түрде реттелуі керек. Осыған байланысты алынатын аралық және 


104 
 
соңғы нәтижелерді, оқу субъектілерінің жағдайын, оқу үрдісі мен оның 
тиімділігін және т.б  тексеру және бақылау жүйесі енгізіледі.   
Білім беру үрдісін бақылау түсінігі ретінде білім берудің тиімділігі 
мен  сапасын  арттыру,  болжау,  бақылау,  бағалау,  талдау  мақсатында 
білім  беру  жүйесінің  өзге  де  нысандарын  және  оқыту  үрдісінің 
нәтижелері  мен  жағдайын  қадағалау  бойынша  жүйелі  және  мақсатты 
түрде бағытталған қызмет түсіндіріледі.  
Бұл  жағдайда  педагогикалық  жорамал  оқу-тәрбие  жұмыстарының 
ұйымдасқан  формасы  мен  құралдарын,  тәсілдерін,  мазмұнын 
оңтайландыру  мақсатында,  сәйкес  педагогикалық  нысандардың  дамуы 
жайлы  шынайы  озық  ақпараттарды  алуға  бағытталған,  ғылыми 
зерттеулердің арнайы ұйымдасқан кешені ретінде қарастырылады.  
Оқытушының  диагностикалық  қызметінің  мақсаты  педагогикалық 
қызметтің  тиімділігін  арттыру  мен  сапасын  басқару  үшін  шынайы 
ақпаратқа қол жеткізу болып табылады [133].  
Білім  берудің  заманауи  технологиясы  біз  үшін  тәжірибелік, 
теориялық,  танымдық  және  өзге  де  қызметтердің,  сәйкесінше  ойлау 
тәсілдерінің  тиімді  түрлерін  меңгеруде,  сонымен  қатар,  білім  берудің 
жоспарланған 
нәтижелері 
мен 
мақсаттарына 
қол 
жеткізуде 
қолданылатын,  басқарылатын  және  бақыланатын  қызметті,  қажетті 
ақпараттық, 
кадрлық, 
материалды-техникалық 
және 
өзге 
де 
қамсыздандыруларды,  білім  беру  құралдары  мен  формаларын, 
тәсілдерін, мазмұнын, принциптерін қоса алғандағы, оның кешендерінің 
жиынтығы ретінде қарастырылады.  
Озық  білім  берудегі  мақсаттарға  жетуге  және  оларды  жүзеге 
асыруға қабілетті кейбір технологияларды қарастырамыз:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет