VI-тарау. Турнирдің қарары Келтірілген қарар бойынша команда міндетті түрде өзінің кейсін Америкалық парламенттік форматына (АПФ) сәйкес дайындау қажет.
Дәйектеме және сараптама. Бұл – парламенттік дебаттың іргетасы. Тұжырымдар мен эмоцияға ғана жүгінетін топтан, тізбектелген, логикалық сараптама жүргізген топ сенімді жеңіске жетеді. Дәйектер нақты, сенімді әрі қарсыластардың құндылықтарымен қақтығысты қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Мазмұны. Парламенттік дебат фактілер мен статистикаға негізделмесе де, шынайы өмірден алынған мысалдар мен дәлелдерді білу. Сіздің позицияңызды нығайту үшін әрдайым көмектеседі. Сізді сараптау міндетінен құтқаратын тірек ретінде дәлелдерді қолданудың қажеті жоқ, дегенмен олар абстрактілі дәйектемені күшейту үшін қызмет ете алады.
Терістеу. Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектеріне тікелей қарсы тұрғаныңызға және сәтті қарсы тұрғаныңызға көзіңізді жеткізіңіз. Тағы да, раундта автоматты түрде жеңуне жеңілу үшін ұмытылып кеткен дәйек жеткіліксіз (егер бұл ең маңызды дәйек болмаса), бірақсіз жеңгіңіз келсе, мықты терістеудің мәні өте зор.
Сөз құрылымы.Төрешілер дәйектері нақты белгіленіп ұсынылған сөзді жоғары бағалайды. Дәйектеменің әртүрлі сызықтары нақты бөлініп тұруы тиіс. Мұны дәйектерге сілтеме жасау арқылы істеуге болады (не басқа да технологияларды қолдануға болады). Ребатлда раундтың ең маңызды тұстарын қысқа әрі мықты қозғап, деталдарға тым беріліп кетпегені жөн.
Сұрақтар. «Сұрақтарды» пайдаланған дебатер раунд бойы артықшылыққа ие болады. Өткір сұрақ қою мен оған тез әрі ұтымды жауап беру арқылы өзіңіздің суырып салма ойлау қабілетіңізді көрсетесіз, бұл қасиетті төрешілер жоғары бағалайды.
Топпен жұмыс. Дебатшылардан топтық жұмыс, бір-бірінің дәйектерін күшейту және раунд бойы философияны біртіндеп дамыту күтіледі. Өз әріптесіңізге қарама-қайшы келмеңіз, одан да ертерек енгізілген дәйекті кеңейтіп, өз әріптесіңізге мақсатқа жетуге көмектесіңіз.
Спикерлік ұпайлар. Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 100 ұпайға дейін «спикерлік ұпай» береді. Өзінің атына қарамастан спикерлік ұпайлар тек спикердің ораторлық қабілетіне ғана байланысты емес. Дәлірек айтқанда, олар стилі мен риторикасына қоса спикер көрсеткен пікірсайыстың жалпы деңгейін, дәлелдеуін, саралауын және қарсы пікірді жоққа шығаруын көрсетеді.